Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Түлкібас » ТҮЛКІБАСТЫҚТАР ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІНДЕ ЖҮЛДЕЛІ ЕКІНІШІ ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ

ТҮЛКІБАСТЫҚТАР ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІНДЕ ЖҮЛДЕЛІ ЕКІНІШІ ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ

Түркістан облысының құрылуына 5 жыл толуына және «23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне» арналған Түркістан облысының мемлекеттік қызметшілері арасында өткізілген спартакиада өз мәресіне жетті.
Спартакиадаға Түркістан облысы әкімінің аппараты, облыстық басқармалар, аудан, қала әкімдіктері (мәслихат аппараттарымен бірге) мен аумақтық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері қатысып шағын футбол, волейбол, үстел теннисі, жүзу, тоғызқұмалақ, бильярд, қазақ күресі спорт түрлерінен жалпы 43 команда бақ сынасты.
Нәтижесінде, жалпы командалық есепте жүлделі орынды, соның ішінде:
 І орынды Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті;
 ІІ орынды Түлкібас ауданы әкімдігі;
 ІІІ орынды Түркістан облысы бойынша Қазынашылық департаменті иеленді.
Спартакиада соңында спорттық шаралардың жеңімпаздарына арнайы дипломдар мен кубоктар және медальдар табысталды.
Атап айтсақ;
Түлкібас ауданының командасы:
Жүзу спортынан жекелей және командалық сайыста жүлделі І-орын;
Волейболдан жүлделі ІІ-орын;
Қазақша күрестен командалық жүлделі ІІ-орынды иеленіп, 96 ұпаймен аудан, қала әкімдіктері арасында топ жарып, облыстағы жалпы мемлекеттік органдар арасында ІІ-орынды еншіледі.
Жалпы, Спартакиаданы өткізудің мақсаты — салауатты өмір салтын мемлекеттік қызметшілер арасында насихаттау, спорттық қарым-қатынас пен достықты нығайту болып табылады.
Спорт сайысында Түлкібас ауданының намысын қорғап, спартакиадаға қатысқан барша мемлекеттік қызметшілерге алғысымызды білдіреміз!

Пікір жазу