Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Түлкібас » ӨНЕРЛІ ӨРЕНДЕР ТОП ЖАРДЫ

ӨНЕРЛІ ӨРЕНДЕР ТОП ЖАРДЫ

Өткен аптада Түркістан облыстық мәдениет және туризм басқармасының ұйымдастыруымен облыстың 5 жылдығына әрі 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай “Балтаңдай” балалар өнер фестивалі өтті. Өнер байқауы үш бағытта облысымыздың барлық аудан, қалаларынан іріктеліп, алынған жас талант иелері өнерлерін көрсетіп, бақ сынады. Фестиваль аясындағы “Менің туған жерім” атты суретшілер байқауында ауданымыздың намысын қорғап қатысқан өнерлі қызымыз Жұмабек Адина бас жүлдені қанжығасына байлады. Жас таланттарды анықтау, дарынды балаларға қолдау көрсету, республикалық халықаралық байқауларға қатысуын қамтамасыз ету мақсатында Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы өткізген өнер додасында мәдениет майталмандары мен кәсіби орындаушылар қазылық етті.
Шара барысында жетекшілеріне шеберлік сағаттары өтіліп, барлық бүлдіршіндерге мерекеге орай тәттілер таратылды. Жерлесіміздің жеңісі құтты болсын дей отырып алдағы уақытта да жеңісті күндерден көріне беруіне тілектеспіз!

Пікір жазу