Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Архив меток: Асхат (страница 15)

Архив меток: Асхат

ТӘРБИЕЛІ ЖАСТАР – ЕЛ БОЛАШАҒЫ

Бүгін әкімдік ғимаратында аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өткізілді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Қазығұрт Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Атаулы комиссияға аудан әкімінің орынбасары Серік Тұрсынқұлов төрағалық етіп, өзге комиссия мүшелері, тиісті бөлім және мекеме қызметкерлері қатысты. Комиссия отырысының күн тәртібінде өзекті 1 мәселе қаралды: 1. Кәмелетке толмағандар арасындағы ...

Толығырақ »

ТӨЛЕБИЛІК ЖАСТАР — «ЖАСТАР ЛИГАСЫ» АТТЫ РОБОТОТЕХНИКА БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту, оларды инженерлік машықтандыру, робототехникаға қызығушылық танытатын, зерттеу қабілеті жоғары дарынды оқушыларды анықтау және қолдау мақсатында облыстық «Жастар лигасы» атты робототехника байқауы өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Төлеби Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Лицей ғимараты күні бойы дарынды балалар мен жетекшілердің көмегімен басқарылатын ғажайып роботтар ...

Толығырақ »

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ТАЗАЛЫҒЫН САҚТАЙЫҚ!

Төлеби ауданы әкімдігі, “Жастар ресурстық орталығы” КММ-сі және “JAKE TAU” тур агентігімен бірлесе ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында 100-ге жуық жастың қатысуымен сенбілік жұмыстары жүргізілді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Төлеби Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Сенбілік барысында Төлеби ауданы, Қасқасу ауылдық округіндегі таулы аймақта орналасқан демалыс орындары маңында, өзен жағалауларының бойында қоқыстарды тазалап, жабайы өскен, қураған ағаштар ...

Толығырақ »

АУДАН ӘКІМІНІҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС ӨТТІ

Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтіп, жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, дербес бөлімдердің басшылары, ауылдық округтердің әкімдері, мекеме жетекшілері қатысты, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Күн тәртібіндегі аудандық медениет, тілдерді дамыту, спорт және дене шынықтыру бөлімінің атқарған жұмыстары мен жоспары туралы бөлім басшысы Нуриддин Асанбаев баяндама жасады. ...

Толығырақ »

КӘМЕЛЕТ ЖАСЫНА ТОЛМАҒАНДАР БОЙЫНША ТҮНГІ РЕЙДТІК ІС-ШАРА

Абай ауданы әкімі аппараты, Прокуратура қызметкерлері, учаскелік полиция инспекторлары, Жастар ресурсы орталығының қызметкерлерімен бірлесе кәмелет жасына толмағандар бойынша түнгі рейдтік іс-шара жүргізуде, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Абай Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жалпы іс-шара барысында 8 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 3 кафе иелеріне, яғни заңсыз кәмелет жасына толмаған жасөспірімдерді жұмысқа қабылдағаны үшін. Қалған 5 жасөспірімнің ата ...

Толығырақ »

ПОЛИЦЕЙЛЕР ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫНАН МАРИХУАНА ТӘРКІЛЕДІ

Түркістан облысының полицейлері «Қарасора-2024» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу аясында, Созақ ауданы аумағында есірткі заттарын заңсыз сақтау фактісін анықтады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан Облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Созақ аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері Таукент қаласы көшелерінің бірінде есірткі сақтады деген күдікпен жергілікті тұрғынды тоқтатты. Жедел уәкілдер тексеру кезінде ер адамның спорттық киімінің қалтасынан өсімдік тектес есірткі ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ЕСКЕРТЕДІ!

Шымкент қаласы полиция департаментінің жеке құрамы күнделікті қоғамдық тәртіп сақтауда қызмет атқаруда. Қазіргі таңда қала тыныштығын бұзу заңсыз приотехникалық бұйымдарды қолдану, яғни от шашуларды қолдану көбейді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Шымкент Қаласының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Осы бағыт бойынша қалалық полиция қызметкерлері күнделікті іс-шаралар өткізуде. Сондай-ақ жеке тұлғалардың тыныштығын және қоғамдық тәртіпті бұзып, заңсыз пиротехникалық бұйымдарды қолдану – ...

Толығырақ »

АРЫС ЕЛІ ҚАБЫРҒАСЫ ҚАЙЫСЫП, ОРНЫ ТОЛМАС ҚАЗАҒА ДУШАР БОЛДЫ

Ортаға сыйлы абыройлы азамат, кәсіби журналист, ҚР Журналистер одағының мүшесі, баспасөз саласының ардагері, Арыс қаласының құрметті азаматы Мүсілімов Зүпар Арыстанұлы дүниеден озды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Арыс Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 1951 жылы Арыс қаласында дүниеге келген Зүпар Арыстанұлы 1978 ж. Шымкент педогогикалық институтын бітірген соң, жалынды жастық жігер, шығармашылық құлшыныспен Арыс байланыс торабында радио, телефон монтеры болып ...

Толығырақ »

ЖЕТІСАЙЛЫҚ ИМАМДАР ЭКОАКЦИЯҒА БЕЛСЕНЕ АТСАЛЫСУДА

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Жетісай ауданы аумағындағы қала, кент және барлық ауылдық округтерде жаппай сенбілік ұйымдастырылып, тазалық жұмыстарын жүргізу ісі кеңінен қолға алынуда, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аудан тұрғындары арасында көшелер мен елді мекендердегі тазалықты сақтау жұмыстарына жұмылдыру ісіне аудандық «Нұғман» орталық мешітінің имамдары ...

Толығырақ »

ОРДАБАСЫ-ПЕТРОКУБ: ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛЕДІ

Шымкентте өтетін “Ордабасы” — “Петрокуб” футбол матчында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 10 шілдеде Қажымұқан Мұнайтпасұлы атындағы Орталық стадионда жергілікті және Молдава командалары арасында УЕФА Чемпиондар Лигасының бірінші іріктеу кезеңінің матчы өтеді. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбектің төрағалығымен өткен жиында қауіпсіздік шаралары пысықталды. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін ойынға дейін ...

Толығырақ »

ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Aудан орталығында Ұлттық домбыра күні мерекесі аталып өтті. «Ту тұғыры» алаңында Созақтан шыққан 18 тұлғаның есімдері жазылған «Күй құдіреті» монументіне гүл шоқтары қойылып, күй өнері ұлықталды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Созақ Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Тағылымды шараға қатысқан аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков шараға жиналған Құрметті қонақтар мен барша тұрғындарды Ұлттық домбыра күні мерекесімен құттықтады. — Әрбір отбасының төрінен ...

Толығырақ »

ҚР МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ АУДАНДЫ АРАЛАДЫ

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Темір Қырықбаев ауданға арнайы жұмыс сапары барысында ауданға қарасты Жартытөбе ауылдық округіндегі орналасқан темір өнімдерін дәнекерлеп, өз өнімін ұсынатын дәнекерлеу цехының жұмысымен танысты. Бүгінгі таңда өндіріс орны тәулігіне 50 дана өнім шығарады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ауданда қарқынды түрде іске асырылып жатқан ауқымды бағдарлама – «Ауыл аманаты» жобасы. ...

Толығырақ »

ҚУРАҒАН АҒАШТАР ҚЫРҚЫЛУДА

Арыс қаласы тазалығымен көз тартып, тотыдай таранып тұрса – бұл «Жасыл Арыс» КММ-нің қызметкерлерінің еңбегінің жемісі, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Арыс Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жыл – он екі ай шаһардың орталық даңғылдарынан бастап, көше-көшелерін сыпырып, тал отырғызып, әктеп қураған бұталарды қырқып, көгалдарды реттеп, таңның атысы, кештің батысы күйбеңі бітпейтін мекеме жұмысшыларын байқамау мүмкін емес. Бүгінде мекеме ...

Толығырақ »

АУДАН БАСШЫСЫ КӨКМАРДАН АУЫЛЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ

Aудан әкімі Кайрат Жолдыбайұлы ауыл округтеріне жұмыс сапары барысында Шытты елді мекеніндегі фельдшерлік-акушерлік тіректің құрылыс жұмыстарымен танысты, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Отырар Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан медциналық нысан облыстық бюджеттің қаражаты есебінен бой көтеруде. Бұл нысан бұған дейін ауыл тұрғындарымен кездесу барысында көтерілген мәселенің бірі болатын. Бүгінде тұрғындардың ...

Толығырақ »

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ 5 ҚАБАТТЫ 20 ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫН ТЕКСЕРДІ

Түркістан облысында көпқабатты тұрғын үйлер салу қарқынды жүріп жатыр, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Соның бірі – «Отырар» шағын ауданында орналасқан 5 қабатты 20 тұрғын үйдің құрылысы. Бүгін облыс әкімі Дархан Сатыбалды нысандарға барып, жұмыс барысын тексерді. Құрылысына жауапты мердігер компаниялардың басшыларымен тілдесіп, бірқатар міндеттер жүктеді. – Тұрғын үйлерге тиісті қаражаты бөлінген. Мемлекет ...

Толығырақ »

СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ ШЫМКЕНТ ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Сапар барысында Сенат Төрағасы қаланың белсенді жастарымен кездесті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жиын барысында реформаларды іске асыруда және Шымкенттің дамуында жас буынға жүктелетін міндеттер талқыланды. Сенат Спикері өз сөзінде жас қазақстандықтарды қолдауға арналған шараларға, осы саладағы мемлекеттік бағдарламаларға және нақты бағыттар бойынша атқарылып жатқан жобаларға да тоқталды. «Президентіміздің бастамасымен Қазақстанда жастардың білім ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДАҒЫ АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНАДЫ

Түркістан облысында өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту, жаңа өндіріс орындарын көбейтуге басымдық берілген, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Осы бағытта жан-жақты жұмыс жүруде. Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өңірдегі индустриалды аймақтар мен «Turan» арнайы экономикалық аймағын инфрақұрылыммен қамту, жаңа кәсіпорындар ашу мәселелері талқыланған мәжіліс өтті. Облыс әкімі жауапты басқармалар мен аудан, ...

Толығырақ »

ҚАЗЫҒҰРТТА БОЛАТ ШАРЛАР ӨНДІРІЛЕТІН БОЛАДЫ

Қазығұрт ауданы Түркістан өңіріне аграрлы бағытты ұстанған аудан ретінде танылып кеткен, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Қазығұрт Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Дегенмен, соңғы жылдары Қазығұртта кәсіпкерлік бағыты да қарқынды дамып келеді. Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан көмектер мен қолдауларды ұтымды пайдаланып жүрген қазығұрттық кәсіпкерлер әртүрлі бағытта өнімдер шығарып жатыр. Соның бірі, ұнтақтайтын болат шарлар өндірісін бастағалы отырған “Билол” жеке ...

Толығырақ »

БІЛІМ ОШАҚТАРЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ

Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев күрдеулі жөндеуден өтіп жатқан бірқатар мектептерді аралап, құрылыс барысын бақылады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Төлеби Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аудан басшысы аудан орталығынан шалғай жатқан тау баурайындағы 136 оқушы білім алатын Қостөбе шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп ғимаратының құрылыс жұмыстарымен танысты. Мердігер мекеме “Радуга СН” ЖШС-нің басшысымен кездесіп, есік, терезе, жылу ...

Толығырақ »

АУДАНДА СЕРВИСТІК МОДЕЛЬДІҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ ЖӨНІНДЕ ЖИЫН ӨТТІ

Мемлекет басшысының жыл сайынғы «Қазақстан Жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты» атты Қазақстан халқына жолдауы барысында, Астана қаласындағы Еуропадағы қауіпсіздіктің және ынтымақтастық ұйымы бағдарламалар офисінің қолдауымен, бүкіл Республика аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында сервистік тәсілдерді енгізу тетіктерін масштабтау міндетін қойды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мақсаты: халық санасында полицей қызметкерлері жазалаушы орган емес, керісінше ...

Толығырақ »

ПОЛИЦИЯ ТҮНГІ УАҚЫТТА ҮЙДЕН ТЫС ЖЕРДЕ БОЛҒАН 140-ТАН АСТАМ ЖАСӨСПІРІМДІ АНЫҚТАДЫ

Облыста жүргізіліп жатқан «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында, Түркістан облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері алғашқы тәулікте 200-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан Облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жұмыс барысында полицейлер балаларды тәрбиелеу жөніндегі талаптарды тиісінше орындамағаны үшін 15 жасөспірімнің ата-анасына қатысты әкімшілік хаттама толтырды. Сондай-ақ кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында ...

Толығырақ »

БАБАТА ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ 50 ОРЫНДЫҚ БАЛАБАҚШАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Жартытөбе ауылдық округіне қарасты Бабата елді мекенінен жеке инвестор арқылы 50 орындық балабақшаның құрылысы басталды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Созақ Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Осы ретте аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Бабата елді мекеніне барып, тұрғындардың талап-тілектері негізінде іске асып жатқан нысанның жай-күйімен танысты. Тұрғындармен тілдесіп, ашық әңгімелесті. Елді мекенде қосымша атқарылатын жұмыстарға жеке-жеке тоқталып, жауаптыларға әрбір істі жіті ...

Толығырақ »

АУДАН ӘКІМІ АРМАН АБДУЛЛАЕВ: «ҰСЫНЫЛУДА ЕМЕС ОРЫНДАЛУЫ ҚАЖЕТ»

Aудан әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен кеңейтілген лездемелік мәжіліс өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мәжілістің күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Бірінші мәселе аудан тұрғындарын таза ауыз сумен қамтылуы туралы ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы А.Құрбанов сонымен қатар, «Нұра су құбыры» РМК Оңтүстік ауыз су филиалы Сарыағаш ТСЖ өндірістік бөлімінің басшысы Б.Қалдыбаевтар баяндама жасады. ...

Толығырақ »

АУДАН ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН ҚАБЫЛДАДЫ

Отырар ауданының әкімі Кайрат Жолдыбайұлы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Отырар Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жеке қабылдауда әлеуметтік көмек, тұрғын үй кезектілігіне тұру, тұрғын үй алу, жұмысқа орналасу мәселелері көтерілді. Қабылдау барысында азаматтардың өтініштерін тыңдаған аудан басшысы әр мәселеге жеке тоқтап, заң аясында шешу жолдарын түсіндірді. Сондай-ақ, біршама мәселелерге байланысты жауапты сала басшыларына нақты ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА 1 МЛРД 615 МЛН. АҚШ ДОЛЛАРЫ КӨЛЕМІНДЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖӨНІНДЕГІ МЕМОРАНДУМДАРҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Астанада «Шанхай ынтымақтастық ұйымы» Cаммиті аясында Қазақстан-Қытай бірлескен іскерлік кеңесі өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Биыл 7-ші рет өтіп жатқан кеңеске Қытайдың өнеркәсіп саласындағы алпауыт компаниялары қатысты. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР басшысы Си Цзиньпиннің өзара іскерлік байланысы екі ел арасындағы экономикалық байланысты нығайта түсуде. Бүгінде Қазақстан-Қытай іскерлік Кеңесі Қазақстан Республикасы мен ...

Толығырақ »