Педагогикалық тәжірибесі мол, іскер маман Гүлнұр Сүлейменова ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «eQyzmet» арқылы «бөлім басшысы (Р-4) Түркістан облысының білім басқармасының «Ордабасы ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі (1014164.5119276961) мемлекеттік лауазымына орналасуға өткізілген конкурсында жеңіске жеткеніне келесі дүйсенбіде тура бір ай толады. Túrkistan oblysynyń Білім Басқармасының жеңімпазды лауазымды орынға тағайындау туралы бұйрығы әлі жоқ! Неге? Бұл созбалаңда қандай гәп жатыр? Бұл ...
Толығырақ »Архив меток: Асхат
ТҮРКІСТАН ТӨРІНДЕГІ ТУТАЛАҚАЙ!
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінен оның басшысы және Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ержан Қарымсақов қол қойған Ордабасы ауданының білім бөлімінің басшысы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына жарияланған конкурс қорытындысына қатысты Гулнур Батырбайқызы Сулейменоваға үшбу хат келді. Қысқасы, мемлекеттік мекеме осыдан бір ай бұрын шығарған өз шешімін оп-оңай бұза салды. Кім біледі, Гүлнұрдың «биографиясы» ...
Толығырақ »ТУРАЛЫҒЫ ЖОҚ ТҮРКІСТАН!
Қазақта: «Шымшық сойса да, қасап сойсын» деген тәмсіл бар. Бір күн балаларға сабақ бермеген Ғалымжан Орын біраздан бері Түркістан облыстық Білім басқармасының басшысы қызметін атқарып жүр. Қалай атқарып жүргенін осы саладағы көбейген дау-дамайдың өршуінен аңғаруға болатындай (ол жайында дайындаған саралауымыз бар, кейін жария ете жатармыз). Ал, бұл азаматтың еңбек жолын зерделесек: Қазығұрт ауданының Салық инспекциясы, Заңды тұлғаларға салық салу бөлімінің ...
Толығырақ »САЙРАМДА АЙЫНА 20 МИЛЛИОН ЖӨРГЕК ШЫҒАРАТЫН ФАБРИКА ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰР
Түркістан облысы Сайрам ауданының Ақсукент ауылында орналасқан отандық жөргек шығаратын фабрика өндіріс көлемін едәуір ұлғайтты. «Capable Group» мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі іске қосқан кәсіпорын бүгінде айына 20 миллион дана жөргек шығарып отыр. Өндіріс орны алғаш рет 2021 жылы жұмысын бастаған. Кейін жапон және италиялық технологиялар негізінде жаңа желілер іске қосылып, кәсіпорын қуаты бірнеше есе артты. Қазір мұнда 360 адам еңбек ...
Толығырақ »САЙРАМНЫҢ ТӘТТІ ӨНІМІ ҚЫТАЙҒА ЭКСПОРТТАЛАДЫ
Түркістан облысы Сайрам ауданындағы «Наурыз-5» кәсіпорны алғаш рет Қытайға өнім экспорттауға дайындалуда. «Korkem» брендімен танылған отандық өндіруші табиғи шырындар мен тосаптарды шетел нарығына шығармақ. Кәсіпорын басшысы Джурат Игембаевтың айтуынша, қытайлық серіктестермен жасалған алғашқы келісімшарт аясында төлем қаражаты түсіп үлгерген. Енді алдағы күндері өнімдер Қытайға жөнелтіледі. Шетелдік мамандар әсіресе өнімнің табиғилығы мен дәмдік сапасына жоғары баға берген. Ақсукент ауылында орналасқан өндіріс ...
Толығырақ »«AMANAT» алаңында көтерілген мәселе: Түркістанда балалар кітапханасының жаңа ғимараты ашылды
Халықаралық балаларды қорғау күні Ыбырай Алтынсарин атындағы Түркістан облыстық балалар кітапханасының жаңа ғимараты ашылды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі «АMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл кітапхана биыл 65 жылдық мерейтойын атап өтіп жатыр. Шымкент қаласынан көшірілгеннен кейін бұл мекеменің ұзақ уақыт бойы жеке ғимараты болмағандықтан, оның кітап қоры «Farab» ғылыми кітапханасында сақталған еді. Бұл мәселе алғаш ...
Толығырақ »Шымкентте «Ауыл» партиясының ұйымдастыруымен «Балалық шақ мекені» атты ауқымды республикалық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпақтың құқықтарын қорғау мен олардың игілігін қамтамасыз ету мәселесін әрдайым ерекше бақылауда ұстап келеді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі «Ауыл» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Президент бұл бағытта: «Өскелең ұрпақтың тағдырына бейжай қарамау – мемлекеттің ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті. Әрбір бала – біздің еліміздің болашағы. Сондықтан олардың қауіпсіз, бақытты әрі толыққанды дамуы үшін барлық ...
Толығырақ »ДЕНСАУЛЫҚ — ЗОР БАЙЛЫҚ!
Денсаулығыңызға көңіл бөлсеңіз, өміріңізді ұзартқыңыз келсе, көңілді ғұмыр кешуді армандасаңыз, онда ерте күнді кеш қылмай Төлеби ауданындығы Біркөлікте орналасқан «БҮРКІТ ҰЯСЫ» саумалы сауықтыру орталығына келіп, ем қабылдаңыз! Тау бөктеріндегі салқын таза ауа, мөлдір бұлақтың суы, емдік саумалы бойыңызды ширатып, денеңізді сергітіп, көңіл-күйіңізді керемет көтеріп қайтасыз! Сенбесеңіз, келіп, ем қабылдап қайтыңыз!.. © Didarbek.kz
Толығырақ »ОРТАЛЫҚ АЗИЯ КӘСІПОДАҚТАРЫНЫҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ НЫҒАЯ ТҮСТІ
Шымкентте Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан кәсіподақ ұйымдарының өкілдері бас қосқан кеңейтілген халықаралық кездесу өтті. Жиында еңбек адамдарының құқықтарын қорғау, әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қамтамасыз ету және аймақтық ынтымақтастықты дамыту мәселелері кеңінен талқыланды. Кездесудің басты мақсаты – халықаралық еңбек стандарттарына сәйкес жұмысшылардың құқықтарын қорғауда үш ел кәсіподақтарының өзара байланысын күшейту және тәжірибе алмасу. Басқосуға Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығының, Өзбекстан кәсіподақтары федерациясы Ташкент облыстық ...
Толығырақ »БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ!
Шымкент қаласындағы «Сайрам» медициналық колледжінде отбасы құндылықтарын дәріптеуге бағытталған тағылымы мол, мазмұнды кездесу өтті. «AMANAT» партиясы Қаратау аудандық филиалы және аудандық Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен өткен «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясындағы іс-шараға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Әйелдер қанаты жетекшісінің орынбасары, «Отбасы мәселелері және халықты әлеуметтік қорғау» жөніндегі кеңес төрайымы Жандосова Баян Айтбекқызы, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысы ...
Толығырақ »Шымкентте өткен «DamDastour» халықаралық фестивалі Наурыздың жарқын оқиғасына айналды
Шымкент қаласында Наурыз мерекесі аясында ұйымдастырылған «DamDastour» халықаралық гастрономиялық фестивалі өз мәресіне жетіп, мегаполистің мәдени өміріндегі айтулы оқиғалардың біріне айналды. Қала орталығындағы Әл-Фараби алаңы бірнеше күн бойы әлемнің түрлі елдерінің асханасы тоғысқан бірегей халықаралық гастрономиялық кеңістік қызметін атқарды. Фестивальдің басты ерекшелігі – оның халықаралық форматта өтуі. Іс-шараға әлемнің әр түкпірінен келген танымал аспаздар қатысып, өз елдерінің ұлттық тағамдарын ұсынып қана ...
Толығырақ »ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ҚҰРМЕТІНЕ
Кеше Премьер-министр Олжас Бектенов, Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев, Парламент Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай, Үкімет мүшелері, орталық мемлекеттік органдардың жетекшілері, облыс, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері, сондай-ақ Конституциялық комиссия мен Жалпыұлттық коалиция мүшелері қатысқан алқалы жиын өтті. Жиын басында Құрмет қарауылы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын салтанатты түрде ортаға алып шығып, ...
Толығырақ »САУРАН АУДАНЫНДАҒЫ СУ МӘСЕЛЕСІ КҮН ТӘРТІБІНДЕ
Сауран ауданында тұрғындардың күнделікті тұрмысына тікелей әсер ететін өзекті мәселелер кеңінен талқыланды. «Басқармалар үйінде» аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте су жүйесінің жай-күйі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының дамуы, сондай-ақ 2025 жылғы атқарылған жұмыстардың қорытындысы мен 2026 жылға арналған нақты жоспарлар назарға алынды. Жиынның күн тәртібіндегі алғашқы мәселе «Сауран Су» МКК-ның қызметіне арналды. Кәсіпорын басшысы Мақсат Жарменов өткен жылы ...
Толығырақ »Конституция преамбуласын жаңарту тек редакциялық түзету емес
Конституциялық реформаның аясында Ата Заңның преамбуласын жаңғырту, оның мазмұнын заман талабына сай қайта өзектендіру мәселесін Парламент Мәжілісінің депутаты Үнзила Шапақ көтерді. Бұл ұсынысын ол Конституциялық комиссияның отырысында білдіріп, өз ойымен бөлісті. Депутаттың пікірінше, Конституция преамбуласын жаңарту тек редакциялық түзету емес. Мұндай өзгеріс – ұлттық мемлекеттілікті нығайтатын, елдің идеялық бағдарын айқындайтын маңызды қадам. – Мемлекет басшысы да преамбулада ұлттық құндылықтарды негізге ...
Толығырақ »Қазақстанның Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтуде. Жиында көтерілген бастамалар елдің саяси жүйесін институционалдық тұрғыдан нығайтуға бағытталған маңызды қадамдар ретінде бағаланды. Комиссия мүшесі Ержан Жиенбаев атап өткендей, Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында Мемлекет басшысы бірнеше жыл бойы жүйелі түрде қалыптастырылған саяси құрылымның логикалық әрі үйлесімді түйінін айқындайтын тарихи ұсыныстарын ортаға салды. Бұл бастамалар басқару жүйесінің тұрақтылығын арттыруға және билік архитектурасын ...
Толығырақ »Конституциялық реформа қоғамның барлық саласында кең талқылауға ие болды
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті. Жиында айтылған пікірлер конституциялық реформаның тек жекелеген салалық өзгерістермен шектелмей, ел дамуының жаңа кезеңіне бағытталған кешенді трансформация екенін айқын көрсетті. Комиссия мүшесі Эльвира Азимова атап өткендей, конституциялық реформа қоғамның барлық саласында кең талқылауға ие болды. Саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар, кәсіпкерлік құрылымдар, сондай-ақ заңгерлер мен сарапшылар тарапынан көптеген ұсыныстар түсті. Бұл – ...
Толығырақ »КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА: ЖАҢА ҚҰРЫЛТАЙҒА ЖОЛ
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті. Жиында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин конституциялық реформаға қатысты Жұмыс тобы әзірлеген негізгі тәсілдер мен ұсыныстарды таныстырды.Апта басында, 20 қаңтарда Қызылордада өткен Ұлттық құрылтай отырысында Мемлекет басшысы елдің алдағы саяси даму бағытын айқындап бергені белгілі. Сол жиында Президент ұсынған бастамалар Парламенттік реформа аясымен шектелмей, Негізгі заңның өзге де маңызды бөлімдерін қамтитыны атап өтілді. ...
Толығырақ »САУРАН АУДАНЫ ӘКІМІ ЖАЙДАРМАН ФИНАЛИСТЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров «Жайдарман» ойынының финалдық кезеңіне жолдама алған командалар құрамымен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі. Еркін форматта ұйымдастырылған жүздесуде аудан басшысы жастармен ашық әңгіме өрбітіп, олардың өнерге, қоғамға деген көзқарасы мен белсенділігін ерекше ықыласпен тыңдады. Кездесу барысында Мақсат Таңғатаров «Жайдарман» тек ойын-сауық алаңы ғана емес, жастардың ой-санасын қалыптастыратын, шешендік қабілетін арттыратын, қоғамдағы өзекті мәселелерді астарлы ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ТАҒЫ БІР ЕЛДІ МЕКЕН ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОСЫЛДЫ
Бәйдібек ауданы, Боралдай ауылдық округіне қарасты Ақжар елді мекеніне табиғи газ берілді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі. Бұл – аудан тұрғындары үшін көптен күткен қуанышты жаңалықтардың бірі. Көгілдір отынның ауылға келуі халықтың тұрмыс сапасын арттырып қана қоймай, әлеуметтік жағдайды жақсартуға, экологиялық ахуалды оңалтуға да ықпал етпек. Осыған орай ұйымдастырылған салтанатты шараға арнайы қатысқан аудан әкімінің міндетін атқарушы Нұрпеис Ақбаев ауыл ...
Толығырақ »ЖЕРЕБЕ ТАСТАЛДЫ – ЖАҢАРУ БАСТАЛДЫ!
Сонымен, Қызылорда қаласында Ұлттық құрылтайдың соңғы, бесінші отырысы өз жұмысын аяқтады. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы саяси өмірімізде орын алатын көптеген оң өзгерістер туралы айтты. Нағыз «Жаңа Қазақстан» жағдайында өмір сүретінімізге көзіміз жетті. Біріншіден, екі палаты Парламенттің орнына бір палаталы Құрылтай жасақталатын болды. Екіншіден, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың жұмыстары тоқтатылып, екеуінің міндеттерін жаңадан құрылатын Қазақстанның Халық Кеңесі атқарады ...
Толығырақ »БӘЙДІБЕКТЕГІ ЖҰЛДЫЗ ЕЛДІ МЕКЕНІ ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОСЫЛДЫ
Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Ағыбет ауылдық округіне қарасты Жұлдыз елді мекеніне табиғи газ берілді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі. Ауыл тұрғындары үшін бұл күн көптен күткен қуанышты сәтке айналды. Себебі көгілдір отынның келуі – тұрмыс сапасын арттырып, әлеуметтік жағдайды жақсартатын маңызды қадамдардың бірі. Салтанатты шараға аудан әкімінің міндетін атқарушы Нұрпеис Ақбаев қатысып, жергілікті халықтың қуанышымен бөлісті. Ол өз сөзінде елді ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: 6 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛЫП, ЖАҢА ӨНДІРІС АЙМАҒЫ ҚҰРЫЛАДЫ
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасы аясында Сауран ауданында инвестиция тарту, жаңа жобаларды жүзеге асыру арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендету және өңірдің өндірістік әлеуетін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар қолға алынған, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі. Осы мақсатта Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров «EURO SANDWICH PANEL» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен Қытай Халық Республикасының CHONGQING JINJIAHANG CONSTRUCTION ENGINEERING CO., LTD компаниясының өкілдерімен ресми ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ИСЛАМ ИНСТИТУТЫ АШЫЛДЫ
Түркістан қаласында қазақстандық имамдардың білімін жетілдіруге бағытталған Ислам институтының ашылу салтанаты өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі. Ел руханияты үшін маңызы зор бұл айтулы шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Өтпенов, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары қатысып, көпшілікті жаңа білім ордасының ашылуымен құттықтады. Салтанатты жиында сөз сөйлеген облыс әкімі Нұралхан ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: АҒЫН СУ АРНАЛАРЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ КҮНДЕЛІКТІ БАҚЫЛАУДА
Аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелердің бірі – ағын су арналарының қазіргі жағдайын зерделеу мақсатында жауапты сала басшыларымен бірге су өткізу қабілетін арттыру бағытында тазарту жұмыстары жүргізілген каналдарды аралап, орындалған жұмыстардың сапасына зерделеу жүргізді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі. Аудан басшысының жұмыс сапары барысында механикалық тазалаудан өткен су арналарының нақты жағдайы қаралып, атқарылған жұмыстардың тиімділігі бағаланды. ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 2 СУ ҚОЙМА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Түркістан облысы әкімі аппаратының апталық мәжілісінде өңірді ағын сумен тұрақты қамтамасыз ету, су тапшылығының алдын алу және су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізу мәселелері кеңінен қаралды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі. Мәжіліске облыс әкімі Нұралхан Көшеров төрағалық етіп, жауапты басқармалар мен аудан, қала әкімдеріне нақты міндеттер жүктеді. Аймақ басшысы су мәселесі ауыл шаруашылығы мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей әсер ететін стратегиялық ...
Толығырақ »