Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары (страница 81)

Қазақстан жаңалықтары

ХАЛЫҚҚА КЕҢІНЕН ТҮСІНДІРУ ҚАЖЕТ

Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында «Өрлеу» жобасын іске асыру үшін 7,3 млрд. тенге бөлініп отыр.  Бұл қаражатқа 126 мың адамға шартты ақшалай көмек көрсетіліп, 27,3 мың адамды жұмыспен қамту жоспарланған.  Әзірдің өзінде облыстың барлық аудан, қалаларында 1630 отбасыға 445,0 млн. теңгеге шартты ақшалай көмек беріліп, еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің 95,2 пайызы жұмыспен қамтылған. Бұл туралы облыс әкімі Ж: Түймебаевтың төрағалығымен өткен ...

Толығырақ »

ТУРИСТЕР САНЫ АРТҚАН

2017 жылдың алғашқы жарты жылдығында Оңтүстік Қазақстан облысына 52 850 шетелдік және отандық туристер (былтыр 33 мың турист келген) саяхаттауға келген. Оның 3600-і (2016 ж. І жарты жылдығында 2883 шетелдік турист келген) шетелдік қонақтар. Бұл өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 50%-ға көп. Бұл туралы ОҚО кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының өкілдері хабарлады. Шетелдік туристерді ежелгі Түркістан, Отырар аудандарының тарихи ...

Толығырақ »

116 НЫСАН БЕРІЛЕДІ

Оңтүстік Қазақстан облысында жыл соңына дейін 209 нысанның 116-ын пайдалануға тапсыру жоспарланып отыр. Соның ішінде 1 қыркүйек күні 20 мектеп ел игілігіне берілмек. Аталған 209 инвестициялық жобаның іске асырылуына 64,9 млрд. теңге бағытталған. Бүгін бұл туралы облыс әкімі Ж.Түймебаевтың қатысуымен өткен селкторлық отырыста облыстық құрылыс басқармасының басшысы Құттыбек Жамашев мәлім етті. Құрылысы жоспарланған 209 нысанның 93-і 2018 жылға өтпелі. Атап ...

Толығырақ »

ҚОНАҚЖАЙЛЫЛЫҒЫМЫЗ ҚУАНТТЫ

Таяуда Германияда бокстан халықаралық чемпионат өтеді. Осыған байланысты, Шымкенттегі «Биік» спорт кешенінің базасында қыздар арасында жасөспірімдердің Қазақстан-Үндістан ұлттық құрама командасының бірлескен оқу-жаттығуы өтті. Дайындық жұмыстарын көруге барған облыс әкімінің кеңесшісі, профессор Саттар Мәжитов үнді, ағылшын тілдерінде тілдесіп, спортшы қыздардың жағдайы туралы сұрап білді. Үндістандық спортшылармен болған шағын сұқбаттың нәтижесі – бүгінде боксшылардың жағдайы жан-жақты жасалуда. Оларға, тіпті, аталған спорт кешені ...

Толығырақ »

ЕКІ ЗАУЫТТЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫН БАСТАМАҚ

Қытайлық кәсіпкерлер Оңтүстік Қазақстан облысында биоэтанол өндіру зауыты мен фосфор өндірісінің қалдықтарын қайта өңдеуден өткізетін өндіріс ошағын іске қоспақшы. Көрші елдің инвесторлары биоэтанол өндірісіне Отырар ауданын, ал фосфор қалдықтарын өңдеуде Созақ өңірін қолайлы көріп отыр. Бүгін бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі мен Қытай фторселикондық өндірісі ассоциациясының директоры Сианжун Цао мырза бастаған делегацияның кездесуінде мәлім болды. Өңір басшысы шетелдік инвесторларға ...

Толығырақ »

«СЕРПІНГЕ» ҮМІТКЕРЛЕР СЕГІЗ МЫҢҒА ЖЕТТІ

  Биыл Оңтүстік Қазақстан облысынан Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарына 404 мүшесі бар 103 отбасы қоныс аударған. Өңірден көшіп барған азаматтардың жермен қамтылып, ауылшаруашылық жұмыстармен айналысуына және жұмыспен, тұрғын үймен қамтамасыз етілуінде ешқандай кедергілер жоқ. Сондай-ақ облысымызда «Серпін – 2050» бағдарламасы аясында тегін оқу гранттарына үміткерлердің саны 8 мыңға жетіп отыр.  Бұл туралы Ақмола облысында Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен ...

Толығырақ »

ШЕТЕЛДІК ТƏЖІРИБЕНІ ҚОЛДАНУ ҚАЖЕТ

Шымкент қаласы еліміздегі үшінші мегаполиске айналуы үшін сәулетті құрылыс пен инфрақұрылымдық жарақтандырылуы әлемдегі өркениетті қалаларға тән дамуы тиіс. Бұл ретте қалаға кіреберіс қақпалар мен жолайрықтарды, айналма және ішкі орам жолдардың сапалы жасалуына аса мән берген жөн.  Сондай-ақ құрылыстың басталуын тым ұзартып жіберетін жобалау-сметалық құжаттамалар заманауи үлгіде әзірленуі керек. Бүгін бұл туралы Шымкент қаласындағы  құрылыс нысандарының барысы талқыланған жиында Оңтүстік Қазақстан ...

Толығырақ »

БАСПАНА КЕЗЕГІН АЗАЙТУ КЕРЕК

Шымкент қаласының маңынан өндіріс орындарын көптеп ашу қажет. Бұл өз кезегінде халықты жұмыспен қамтып, шаһардағы сабылысты азайтуға сеп болады. Сондай-ақ қалада көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысын  жүргізіп, газбен қамтамасыз ету мәселесіне мән берілуі тиіс.  Бүгін бұл туралы Шымкенттегі бірнеше әлеуметтік нысандағы құрылыс жұмыстарының барысымен танысқан Оңтүстік Қазақстан облысының  әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті. Аймақ басшысы ең алдымен Бозарық шағын ауданындағы 900 ...

Толығырақ »

ОРДАБАСЫДА ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» пилоттық жобасы аясында Ордабасы ауданында әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу орталығы ашылды. Бастаманы қолға алудағы мақсат — отбасы, ошаққасында болатын жанжалдарға тосқауыл қою, шаңырақ ынтымағын сақтау. Орталықта ерінен зәбір көріп, зорлық-зомбылық тауқыметін тартқандар мен ішімдік пен есірткіге салынып кеткендерге психологиялық қолдау көрсетілетін болады. Орталықтың салтанатты ашылуына аудан әкімі А.Мамытбеков, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының аға көмекшісі С.Тұрсынбекова, ...

Толығырақ »

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» ЖАЛПЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ

Оңтүстік Қазақстанда ҚР Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясы басталды. Аталған шара биылғы оқу жылында «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету» ұранымен өтеді. Осы жылдың тамыз және қыркүйек айларында ұйымдастырылатын шараның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ішінен оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде көмек ...

Толығырақ »

«ӨРЛЕУ» ЖОБАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДА

Оңтүстік Қазақстан облысында жарты жыл ішінде 75 мыңға жуық адам «Өрлеу» жобасы аясында мемлекет қолдауына ие болып, республикада көш бастады.  Енді 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазіргі ұсынылатын үш түрлі әлеуметтік төлемдердің орнына атаулы әлеуметтік көмектің жаңа сипаты енгізілетін болады. Ол үшін халықты «Өрлеу» жобасына жаппай жұмылдырып, жұмыспен қамтуды қолға алған жөн. Бүгін бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысына жасаған сапары ...

Толығырақ »

ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ТАБЫСҚА БАСТАЙДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеновамен кездесті.  Басқосуда тараптар саладағы атқарылып жатқан жұмыстар жайына тоқталды. Атап айтқанда Тамара Қасымқызы өңірдегі «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы мен «Өрлеу» жобасы сынды маңызды бағдарламалардың орындалу барысына көңілі толатынын мәлімдеді. Министр ханым, сондай-ақ, облыстағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін ...

Толығырақ »

100-ДЕН ЖОҒАРЫ БАЛ ЖИНАДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысында  ҰБТ-дан 100-ден  жоғары балл  жинаған оқушылар саны  4113-ке жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 675 оқушыға артық.  Ал, 100-ден 120 балға дейін жинағандар саны – 3004,  121 мен 140 бал аралығында жинағандар – 1109 оқушыны құрады.  Бұл туралы бүгін Ұлттық бірыңғай тестілеу мен қабылдау емтихандарының қорытындылары талқыланған ҚР Үкіметінің кезекті селекторлық отырысында белгілі болды. Жиынға облыс әкімі Ж.Түймебаев ...

Толығырақ »

ОТБАСЫНДАҒЫ ТАТУЛЫҚТЫ ТУ ЕТУ

Оңтүстік Қазақстанда ҚР Бас Прокуратурасының бастамасымен өткен «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» пилоттық жобасы іске асырылуына орай, қорытынды Гала-концерт өтті. Оған елімізде танымал эстрада жұлдыздары – Роза Рымбаева, Нағима Есқалиева, Алтынай Жорабаева, Шахизада және Сәкен Майғазиев пен өзге де өнер майталмандары қатысып, Шымкент жұртшылығына көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жүзеге асыру бағытында елімізде тұңғыш ...

Толығырақ »

18 КӨПІР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Оңтүстік Қазақстанда жыл соңына дейін 18 көпір тиісті жөндеуден өтіп, ел игілігіне беріледі. Атап айтқанда, бүгінгі таңда 13 жол өткелі күрделі жөндеу көріп жатса, 5 көпір орташа жөндеу жұмыстарынан өтуде. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мамандарының мәліметінше, аталған нысандар толығымен пайдалануға берілгенде бұл жағдай, өңірдегі жөндеуді қажет ететін көпірлер санының 101-ге дейін азаюына мүмкіндік береді. Сонымен бірге, жөндеуді ...

Толығырақ »

ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ 180,6 МЛРД. ТЕҢГЕГЕ ЖЕТТІ

Биылғы жылдың алты айында Оңтүстік Қазақстан облысына тартылған инвестиция көлемі 180,6 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 33%-ке өскен. Сондай-ақ индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы бойынша кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында облысымызда жалпы құны 208 млрд.теңгені құрайтын 162 жоба іске қосылып отыр. Бұл өз кезегінде 13,5 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. Бұдан бөлек, өңірде биылғы жылы 37,1 млрд. теңгенi ...

Толығырақ »

ХІІ ҒАСЫРҒА ЖАТАТЫН БАЛБАЛТАС

Созақ ауданындағы Келіншектау етегінде орналасқан Абай елді мекенінде XII ғасырға тән екі балбал тас табылды. Көне тас ескерткішті жергілікті тұрғындар Қаратау жазығындағы Арпа өзені бойынан байқаған. Ер мен әйелдің сұлбасы қашалып бейнеленген тас, орта ғасырдағы тарихтан сыр шертеді. Абай елді мекенінен 3 шақырым қашықтықта орналасқан Арпа өзенен ерекше тасты байқаған ауыл азаматтары жерден қазып алған. Көне ескерткіш шығысқа қарап орнатылған. ...

Толығырақ »

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДА ҮЗДІК АТАНДЫ

Шілде айының соңында Ел ордасы – Астанада ХІІІ Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі аясында өткен «Бес құрлық»  балалар фильмдерінің фестивалінде «САҚ» киностудиясының «Қазақ Елі» толықметражды анимациялық фильмі «Ең үздік сценарий» номинациясын жеңіп алды. Аталған байқау Канн, Берлин, Венеция сынды «А» классты фестивальдермен  тең дәрежеде продюсерлік қауымдастықтың Халықаралық одағында (FIAPF)  тіркелген, Орта Азиядағы орасан зор  кинофорум болып табылады. Салтанатты шарада «Қазақ елі» анимациялық ...

Толығырақ »

ГРАНТ ҰТЫП АЛДЫ

Қазақстанда алғаш рет қолға алынған «Жастар корпусын дамыту» жобасына Кентау қаласынан 18 жоба іріктеліп алынып, 1 млн. теңге грант ұтып алды. Жас проект жобасының А және С тобына өткен жастар 9 болса,  В тобына өткен жастар 9 азаматты құрады. А тобының қатысушыларына өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту және жобаларды басқару бағдарламасына қатысу, сондай-ақ өзінің кіші жобасын грант есебінен іске асыру, ...

Толығырақ »

ТЫҢ ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНА БАСТАДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданында жергілікті әкімдік пен облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының ұйымдастыруымен «Мақтарал ауданының жағдайында мақта баптаудың инновациялық әдістерін қолдану» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Жиынға аудан әкімі Ғалым Исмаилов, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Тұрбеков, Шардара, Ордабасы аудандары мен Түркістан қаласы әкімдерінің салалық орынбасарлары және ауыл шаруашылығы бөлімдерінің басшылары, сондай-ақ Алматы мен Жамбыл облыстарынан келген ғалымдар, жергілікті шаруалар қатысып, ...

Толығырақ »

АЛТЫ АЙДА 147 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ САЛЫҚ ТҮСКЕН

Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Алтынсары Үмбетәлиев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында мәлім етті. Осы жылдың І жарты жылдығында атқарылған жұмыстардың қорытындысын баяндаған департемент басшысы мемлекеттік бюджет жоспары 106 пайызға орындалғанын атап өтті. Яғни,  жоспар бойынша қазынаға 139 млрд. теңге түсуі тиіс болса, бюджетке нақты 147 млрд. теңге түскен. Осылайша, мемлекет қазынасына түскен салық ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТІҢ ОЙЫНШЫҚТАРЫ

Шымкент қаласындағы «Наурыз Пластик» сауда белгісінің өнімдері енді шетел нарығында саудаланбақ. Жергілікті нарықта бірнеше жыл бұрын пайда болған бұл кәсіпорын өнімдері соңғы уақытта кең сұранысқа ие болған. Бүгінде зауыт ойыншық көліктің 10 түрі мен құрастырғыштың 5 түрін шығарады. Өнімнің әр бөлшегі жеке-жеке дайындалып, соңынан құрастыруға жіберіледі. «Қазақстанда жасалған» тауар белгісі бар ойыншықтар Шымкент қаласының базарлары мен облысымыздың барлық аудандарында сатылуда. ...

Толығырақ »

ОҚО-ДАҒЫ МИНИСТРЛІК КҮНДЕРІ

Оңтүстік Қазақстан облысында алғаш рет Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің күндері өтуде. 26 шілде мен 2 тамыз аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі басшыларынан тікелей кеңес ала алады. Осы күндер ішінде министрліктің басшылық құрамы облыстағы барлық аудан, қалаларда болып,  жергілікті тұрғындардың мәселесін шешу және еңбек заңнамасындағы қазақстандықтардың құқығы мен мемлекет тарапынан ...

Толығырақ »

КОДЕКСТЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР – 02

Үстіміздегі жылдың 11-шілдесінде Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойылды. Заңнамалық түзетулер 25 шілдеден бастап заңды күшіне енеді. Азаматтық істер бойынша шығарылған сот шешімдеріне шағымдану тәртібіне бірқатар өзгерістер енгізілді. Азаматтық процестік кодекстің жаңа редакциясындағы 435-бабына сәйкес алдағы уақытта Бас Прокурор іске қатысушылардың өтініштері ...

Толығырақ »

КОДЕКСТЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР – 01

11 шілдеде Елбасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды. Заңнамаға көптеген өзгерістер енгізілген. Бұл өзгерістер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексіне де қатысты. Басты жаңалықтардың бірі – әкімшілік істер бойынша заңды күшіне енген сот актілерінің Жоғарғы Сотта қаралу тәртібі өзгерді. Енді соттың қаулылары ...

Толығырақ »