Басты бет » Ауыл жаңалықтары » МАҚТААРАЛҒА 20 ТОННА АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖЕТКІЗІЛДІ

МАҚТААРАЛҒА 20 ТОННА АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖЕТКІЗІЛДІ

Су тасқынынан шардап шеккен Мақтаарал ауданына «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қоры атынан 20 тонна азық-түлік келіп жетті. Аталған қайырымдылық көшін қор мүшесі, Алматы қаласы мәслихатының депутаты, белгілі кәсіпкер Қайрат Құдайбергеннің өзі бастап келіпті. 20 тонналық көмектің ішінде азық-түліктен бөлек, 18 түрлі жеке бас гигиенасына қажетті заттар мен балаларға арналған тәттілер де бар, деп жазады облыстық әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.

«Осындай қиын жағдайды естіп, біліп отырып, әрекет жасамау азаматтығымызға сын деп есептеймін. Мақтаарал халқына Алла сабыр мен төзімділік берсін! Бұл қиындықты да қазақ халқы ауызбіршілік пен ынтымақтың арқасында еңсеретініне сенімдімін. Бүгінгі көмекке өз үлестерін қосқан барша қайырымды жандарға шынайы алғысымызды білдіреміз», — деді Қайрат Құдайберген.

«Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қорынан келген 20 тонна жүк түгелімен Атакент кентінде орналасқан арнайы қоймаға түсірілді. Қордың Мақтаарал ауданына деген көмегі мұнымен шектеліп қалған жоқ. Қайрат Құдайберген қор атынан «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорына 200 млн теңге аударылғанын да қуана жеткізді.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*