Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » САЛМАҚТЫ, САБЫРЛЫ БОЛАЙЫҚ!

САЛМАҚТЫ, САБЫРЛЫ БОЛАЙЫҚ!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты телевизиялық үндеу жолдады. Президент пандемияға қарсы күрес барысында барша қазақстандықтарды мазалаған проблемаларды айтып, олардың шешілуі жолында тиісті орындарға нақты тапсырмалар берді. Үндеуді толық тыңдап, Президентімізге жалпы билікке деген сенімім арта түсті.

Президентіміз алдағы екі апта біздің болашақ қадамдарымыз үшін шешуші кезең болмақ,- деп баршаны карантин ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

-«Әр қазақ – менің жалғызым» дегендей, Әр азаматымыздың қазасы менің жүрегіме қатты батады, деген мемлекет басшысы 13 шілдені – Ұлттық аза тұту күні деп жариялады. Бұл шешім қара жамылған әр шаңыраққа жылу сыйлады.

Бірақ, індетке қарсы күрес әлі де жалғаса береді. Сондықтан да әлемді алаңдатқан індетпен бір жеңнен қол шығарып, ұйымшылдық танытқанда ғана жеңіп шығарымыз анық.

Мен барша шымкенттіктерді Президентімізді қолдап, пандемиямен күресте ауызбіршілік танытуға шақырамын.

Сақ болайық! Сақтанайық!

 

Сәкен Мәжінбеков,
М. Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі» проректоры

 

Пікір жазу