Түркістан облысына қарасты Ордабасыда сазан балығын өсіру қолға алынды. Ондағы Бөржар ауылдық округі, Жамбыл ауылында жеке кәсіпкер «Сайып ата» шаруа қожалығының төрағасы Амантай Мәулен 6 гектар жерге су айдынын жасап, 2 мың дана сазан балығын суға жіберген. Өз қаржысы арқылы кәсібін бастап отырған азамат болашақта бұл мекеннің үлкен демалыс аймағына айналатынын айтады. Шаруасы жайменен ілгері басып келе жатқан қожалықта бес ...
Толығырақ »Авторские архивы: Әсет ӘССАНДИ
ТҮРКІСТАНДАҒЫ 2 МИЛЛИОННАН АСТАМ ТҰРҒЫННЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ПАСПОРТЫ ЖАСАҚТАЛДЫ
Түркістан облысындағы 69 медициналық ұйым бүгінгі күні 100 пайыз медициналық ақпараттық жүйемен қамтылған. Ал осы аталған медициналық ұйымның жартысы ішінара қағазсыз құжат айналымына ауыстырылған. Жыл соңына дейін қалған 10 медициналық мекеме ақпараттық жүйемен толықтай қамтылатын болады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында облыс әкімі Ж.Түймебаев мәлім етті. Облыс басшысының айтуынша, интернет желісімен аудан деңгейіне дейінгі елді мекендер 100 пайыз қамтылған болса, ...
Толығырақ »ТАМШЫЛАТЫП СУҒАРУ КӨЛЕМІ АРТЫП КЕЛЕДІ
Республикадағы салынған жылыжайлардың 77 пайызы, тамшылатып суғару әдісінің 73 пайызы Түркістан облысына тиесілі. Өңірде жылыжай көлемін арттыру үшін қосымша 86,7 гектар жылыжай салынып, облыстағы жалпы көлемі 1287,7 гектарға жетті. Бүгін бұл туралы Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Тұрбеков мәлім етті. Сонымен қатар, тамшылатып суғару әдісі жаңадан 6 223 гектар аумаққа ендіріліп, жалпы көлемі ...
Толығырақ »БИЫЛ ОТЫРАРДЫҢ 54 МЫҢНАН АСТАМ ТҰРҒЫНЫ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Биыл Отырар ауданындағы 22 елді мекенге көгілдір отын тартылады. Нәтижесінде 2 мың отбасы, яғни аудан халқының шамамен 80 пайызы табиғи газбен қамтылатын болады. Келесі жылы тағы 7 ауыл от жағып, күл шығарудан арылады. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев ауданға жасаған сапары кезінде мәлімдеді. Аудан тұрғындарымен кездескен аймақ басшысы газдандыру мәселесіне байланысты атқарылып жатқан жұмыстардың барысын баяндап өтті. Қазіргі ...
Толығырақ »Тарихы терең Отырар
Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Отырар ауданында жұмыс сапарымен болып, «Отырар төбе» қалашығында арнайы мамандармен бас қосты. Түркістан қаласының дамуы бойынша келген сәулетшілер мен археолог, тарихшылар сынды өз саласының білгірлері жиналған Отырар қалашығындағы басқосуда аймақ басшысы кезінде көне шаһардың агломерациясы мықты болғанын айтты. «Отырар қалашығына келе жатқанда бірнеше төбелер бар. Олардың бәріне зерттеу жүргізілуі керек. Кезінде Отырар үлкен қала болса, ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІНЕ XV ҒАСЫРДА САЛЫНҒАН КАРТА КӨШІРМЕСІ СЫЙҒА ТАРТЫЛДЫ
Түркістан қаласын дамыту жөніндегі алқалы жиында ерекше оқиға болды. Тарих ғылымдарының докторы, профессор Ханкелді Әбжанов Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевқа Ұлы Жібек Жолының картасын салтанатты түрде тапсырды. Бұл құжат XV ғасырда салынған. Картаның тарихы туралы Х.Әбжанов «Осыдан 4-5 жыл бұрын Алматыдағы ғылым академиясында тарихқа қатысты үлкен жиын өтті. Оған Қытайдағы Бейжің университетінің профессоры Линь Мэйцунь де қатысты. Біздің тарихымызды тыңдап, ...
Толығырақ »ОРНЫ БӨЛЕК ОТЫРАР
Түркістан облысының Отырар ауданында Астана қаласының 20 жылдығына орай 3 әлеуметтік нысан ел игілігіне берілді. Онда 140 орындық «Алпамыс» бөбекжай балабақшасы мен мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында салынған 100 орындық «Біләл ата» бөбекжай және заманауи үлгіде бой көтерген мәдениет ошағы тапсырылды. Аталған нысандардың ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Ж.Түймебаев бұл игі істер Елбасы саясатының арқасында жүзеге асып отырғанын атап өтті. ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАНДЫ ДАМЫТУ ЖОСПАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ
Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласындағы облыстық Тарихи-мәдени этнографиялық орталықта архитекторлар мен археологтар, тарихшылар мен суретшілер бас қосты. Өз салаларында елімізге белгілі 40-қа жуық азамат қатысқан дөңгелек үстел барысында Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, професор Байтанаев Бауыржан, Интеллект-эксперт» әлеуметтік-экономикалық зерттеулер орталығының директоры, тарих ғылымдарының докторы, професор, академик Мажитов Саттар, Түркістан облысының «Сәулеттік бюросы» мемлекеттік мекемесінің директоры, архитектор Бақытжан ...
Толығырақ »Түркістандық әнші Молдовадағы халықаралық байқауда үшінші орын иеленді
Молдова Республикасының Гагаузия автономиясында «Аймақ даусы-2018» («Bucak sesleri-2018»)Халықаралық этникалық -эстрадалық ән байқауында Қазақстан Республикасының атынан қатысқан Түркістан облысының дәстүрлі әншісі Наркенже Серікбаева үшінші орын иегері атанды. Биыл алтынша рет шымылдығын түрген ән додасына Қазақстан және Украина елдері тұңғыш рет қатысты. Екі кезеңнен тұратын байқаудың бірінші шартында әр әнші өз тілінде ән шырқаса, екінші сынақ – өзге тілде достық әндерін орындау ...
Толығырақ »РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ҰЛЫ ДАЛА РУХЫ» ФЕСТИВАЛІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН БАСТАЛДЫ
Ағымдағы жылдың 4 шілде күні Астана қаласында шымылдығы түрілген «Ұлы дала рухы» фестивалінің негізгі мақсаты — жастар арасында ұлттық спорт түрлерінің дамуына тың серпін беру. Төрт аймақты қамтитын жобаға еліміздің барлық өңірлерінен спортшылар қатысады. Сайыпқырандар көкпар, бәйге, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық атудан сынға түсетін болады. Аталған жобаның идея авторы ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы. ...
Толығырақ »«ЖІБЕК ЖОЛЫНЫҢ СУПЕР ЖЕЛІСІ» ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖОСПАРЛАНУДА
Түркістан обысының әкімі Ж.Түймебаевтың Нобель сыйлығының Лауреаты Рае Квон Чунг мырза және Оңтүстік Кореялық ғалым Ю Дже Чеон мырзамен кездесуі барысында Түркістан қаласының дамуына және қаланың қалдықтарын қайта өңдеу бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыруға баса назар аудару ұсынылған болатын. Қазіргі таңда «Оңтүстік» АИО алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін «жасыл экономикаға» көшу аясында көшбасшы елдердің тәжірибесі бойынша зерттеулер жүргізіп, өңірдің ...
Толығырақ »«САМҒАУ-2018» КИНОФЕСТИВАЛІНІҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Түркістан облысының «Жастар ресурстық орталығы» өңіріміздегі жас режиссерларға қолдау көрсету мақсатында жыл сайын дәстүрлі түрде «САМҒАУ-2018» қысқаметражды бейнефильмдер байқауын ұйымдастырып келеді. Байқауға аймақтың кез-келген 14 пен 29 жас арлығындағы тұрғыны еркін тақырыпта 5 минуттан — 15 минут аралығында бейнефильм түсіріп, қатыса алады. Биылғы байқау Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналды. Байқауға қатысу үшін 40-тан астам фильм ұсынылып, оның ішінен 20 ...
Толығырақ »ҚАРАТАУ АУДАНЫНЫҢ ЖАҢА ӘКІМІ
Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі болып Исамидин Қантөреев қызметіне кірісті. Бүгін Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс 34-сессиясында Қаратау ауданының әкімі тағайындалды. Сессия отырысында депутаттар Қаратау ауданының әкімі лауазымына Қантөреев Исамидин Мұхитдинұлының тағайындалуына келісім берді. Исамидин Мұхитдинұлы 1984 жылы туылған. Білімі – жоғары заңгер, экономист. Қызмет жолын 2005 жылы ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі «Өндірістік және жедел кәсіпорын» ЖШС-де экономист болудан бастаған. 2008-2009 жылдары ҚР Мемлекеттік ...
Толығырақ »Түркістан қаласында тұрғын үйлер Яссауи кесенесінің биіктігінен аспайтын болады
Бұл туралы облыс әкімі Ж.Түймебаев Түркістан қаласын түркі әлемінің рухани-мәдени орталығы ретінде дамыту бойынша өткен жиында айтты, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Басқосуда сөз бастаған аймақ басшысы 1500 жылдан астам тарихы бар Түркістанның өткенінен аз-кем сыр шертті. Қазақ хандығының астанасы болған бұл мекен бүкіл түркі әлемінің де рухани-мәдени астанасы бола білгенін жеткізді. Сонымен қатар, аталған тарихи шаһарды Елбасының ...
Толығырақ »ПАРЛАМЕНТ ДЕПУТАТЫ ОТЫРАР АУДАНЫН АРАЛАДЫ
Отырар ауданына барған мәжіліс депутаты Елбасымыздың сындарлы саясатына қолдау білдіріп, орталықтарға ғана емес, шалғай ауылдардың да дамуына үлесін қосып жүрген азаматтарға шынайы алғысын білдірді. Отырарлық тұрғындары жаңалықтарының бірі — аудан орталығында салынып жатқан көпқабатты қызметтік үйлер, тұңғыш рет газ құбырларын тарту жұмыстары болатын. Ауданға білікті мамандарды тарту, сыртта жүрген тәжірибелі де, жас мамандарды шақыру мақсатында тұрғын үймен қамтамасыз ету басты ...
Толығырақ »Түркістандық әнші Наркенже Серікбаева Молдава Республикасындағы халықаралық байқауға қатысуда
Молдава Республикасының Гагаузия автономиясында «Аймақ даусы-2018» («Bucak sesleri-2018»)Халықаралық этникалық -эстрадалық ән байқауы өтуде. Биыл алтынша рет шымылдығын түрген ән додасына Қазақстан және Украина елдері тұңғыш рет қатысты. Екі кезеңнен тұратын байқаудың бірінші шартында әр әнші өз тілінде ән шырқаса, екінші сынақ – өзге тілде достық әндерін орындау. Осы орайда, Қазақстан Республикасының атынан қатысқан Түркістан облысының дәстүрлі әншісі Наркенже Серікбаева Мұқағали ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАНДЫҚ ҮЗДІК ОҚУШЫЛАР ӨЛКЕ ТАРИХЫМЕН ТАНЫСЫП ЖҮР
Түркістан облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында мектеп оқушылары үшін «Туған жерге тағзым» керуен-шеруі бастау алған-ды. Маусымның 25-нен басталған шараның мақсаты — жас өскіннің туған жердің табиғатын аралап, киелі мекендерін көріп, өздеріне рухани азық алу болатын. Қатарынан екінші жыл өткізіліп келе жатқан шерудің мақсат-мұраты орындалғандай. Облыс бойынша қамтылуға тиіс көп балалы отбасынан шыққан 500 оқушының жартысынан ...
Толығырақ »Биыл проактивті қызметтер саны артады
Биыл жыл соңына дейін 12 өмірлік жағдай бойынша 19 мемлекеттік қызмет SMS арқылы ұсынылып, проактивті қызметтер саны арта түседі. Бұл туралы бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов мәлімдеді. Сондай-ақ ол мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы проблемалық мәселелерді көтерді. Халықаралық сарапшылардың қатысуымен өткен «Қазақстанда «Электрондық үкімет» пен мемлекеттік қызметтердің дамуы» атты дөңгелек үстел барысында А. Оспанов цифрландыру аясында ...
Толығырақ »ТӨЛЕБИДЕ ЭЛЕКТР ЖҮЙЕЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛУДА
Төлеби ауданында электр жүйелерін жаңарту жұмыстары жүріп жатыр. 2018 жылға арналған инвестициялық бағдарламаның аясында 75,61 шақырым желілерді жаңартып, темір-бетонды бағанаға алмастыру және 6 жаңа трансформаторды орнату жоспарланған, деп жазады Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі. Бүгінде аталған ауданда ұзындығы – 31,2 шақырым желі жаңартылып, темір-бетонды бағаналарға алмастырылған. Сонымен қатар, төрт трансформатор құрылғысы жаңартылды. Бұл жұмыстар Төлеби ауданды əкімдігімен «Оңтүстік Жарық Транзит» ...
Толығырақ »КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ МЕН МІНДЕТІ
Шымкент қаласындағы Александр Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында бастауыш кәсіптік одақ ұйымдарының қажеттілігі, олардың беделін арттыру, кәсіподақтардың мақсаты мен міндеттерін кітапхана қызметкерлері арасында талқылау мақсатында жиын өтті. Жиынға Түркістан облысы өңірлік кәсіподақтар орталығының директор орынбасары Қапбар Есенов, облыстық салалық мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіптік одағының төрағасы Бастарбек Пірімбетов, облыстық жасөспірімдер кітапханасы және Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасының қызметкерлері, ...
Толығырақ »ЕЛБАСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ МЕН ХАЛҚЫНА АЛҒЫСЫН БІЛДІРДІ
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевқа алғыс хатын жолдады, — деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. «Өңірлердің Астанаға тартуы» жобасы аясында Түркістан облысының елордаға жасаған ерекше сыйы ел Президентінің айрықша көңілінен шығып, Астананы көркейтуге қосқан үлесі үшін Түркістан облысының әкімі мен өңір тұрғындарына шынайы ризашылығын білдірген. Таяуда Астананың 20 жылдығына орай, бірқатар облыстардың атсалысуымен елордада ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БЮДЖЕТТІК КІРІСІ ОЙДАҒЫДАЙ
2018 жылғы 1-ші жартыжылдың қорытындысы бойынша Түркістан облысының мемлекеттік бюджеттің кірістер жоспары 104,5 пайызға орындалған. 4 млрд. теңге қаржы артық түсіп, өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда түсімдер 8,3 млрд. теңгеге өскен. Бүгін бұл туралы селекторлық режимде өткен ҚР Үкімет отырысында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев мәлімдеді. Аймақ басшысы өңір бюджетінің шығыстар бөлігі 99,9 пайызға атқарылып, 296,3 млрд. теңгенің игерілгенін жеткізді. «2018 ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖАҢАДАН ҚҰРЫЛҒАН ТӨРТ АУДАННЫҢ ШЕКАРАСЫ БЕКІТІЛДІ
Бүгінгі алтыншы шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезектен тыс жиырма жетінші сессиясында Түркістан облысының таяуда бөлініп, қайта құрылған Жетісай, Мақтаарал, Келес, Сарыағаш аудандарының шекаралары бекітілді. Сессия жұмысына қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Елбасымыздың қолдауымен екі ауданның бөлінуі халқы тығыз орналасқан аумақ үшін маңызды екеніне тоқталды. Бұдан бөлек, аймақ басшысы облыс орталығы — Түркістан қаласына көшу бойынша қызу жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтып, қыркүйек ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ ЖАҢА БАСШЫ
ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен Тілегенов Әлібек Балықбайұлы Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып тағайындалды. Бүгін ротация тәртібімен тағайындалған жаңа лауазым иесін облыс әкімі Ж.Түймебаев қабылдап, алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Ә.Тілегенов 1961 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын «Ауыл шаруашылығы экономика және ұйымдастыру», ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Ұлттық Жоғары мектебін «Мемлекеттік басқару» біліктілігі бойынша, Қызылорда ...
Толығырақ »МАҚТААРАЛДА ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА 8 МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Мақтаарал ауданында жаңа оқу жылында 8 білім ұясы ел игілігіне берілетін болады. Бұдан бөлек биыл 8 мектептің іргетасы қаланбақ. Сондай-ақ, ауданда 5 модулді медициналық тректің құрылысы аяқталуға жақын. Бұл туралы аудан әкімдігінде өткен жиында өңір басшысы Жамантай Бейсенбаев мәлім етті,-деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметі. Жиын барысында аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Сансызбай Сейдалиев баяндама жасады. Оның ...
Толығырақ »