Қазақстанда жасалған жылыту қазандықтар. Еліміз бойынша саусақпен санарлық бұл ерекше өндіріс ошақтарының бірін Сайрам ауданының кәсіпкерлері қолға алып отыр. Ақсукенттегі «АРТ сапалы құрылыс» ЖШС-гі қуаттылығы 100 мың шаршы метрге жететін қазандықтар шығаруда.
Бұл кәсіпорындағы қазандықтар газ, дизель және көмірмен жұмыс істейді. Жылыту қондырғы тек ғана жылу ғана емес жылы су мен буды да береді. Бу қазандықтарына мұнай өндіру компаниялары қызығушылық танытып отыр. Өндіріс ошағында 60 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Қ.Дүйсенбінің материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды.
Нұрлан Нұрышов – «АРТ сапалы құрылыс» ЖШС директоры: Алдында біз метал өнімдерін шығарудан бастағанбыз. 2010-шы жылдан бастап жылу қазандықтарын шығара бастадық. Өзіміздің кіші үлкен мекемелерге қоя бастадық. Қазіргі таңда шағын аудандарға қойып жатырмыз. Түркістан, Тараз қалаларына, сонымен қатар Отырар ауданындағы шағын аудандарға қазандықтарымызды қойдық.
Кәсіпорында жылыту қазандықтардан бөлек қосымша сервис орнату қызметін көрсетеді. Бүкіл жабдықтар арнайы контейнерге орналастырылады. Серіктестік директоры кәсіпорынды кеңейту мақсатында Шымкент қаласындағы индустриялды аймақта қазандық шығаратын тағы бір зауыттың ірге тасын қалаған. Жалпы Сайрам ауданында кәсіпкерлік саласы қарқынды дамуда.
Қарлыға Сванбаева – Сайрам аудандық кәсіпкерлік бөлімінің сектор меңгерушісі: 80 пайыз өңдеу өнеркәсібінен 1пайыз карьер 19 электр газ салаларынан. Машина жасау саласы минералдық өнімдер мен құрлыс индустриясы жақсы дамыған. Өздеріңізге белгілі Бела мебель жиқаз жасаудан алда тұр. Экспорт өнімдерінен өсім бар.
Сайрамда 17 мыңдай шағын және орта кәсіпкерлік субьектісі тіркелген. Бүгінгі таңда оның 15 600 жұмыс істеп тұрған кәсіпорын. Олардың 800 бірлігі заңды тұлға, 7 800 жеке кәсіпкер. Қалғаны егін және мал шаруашылығымен айналысатын қожалықтар. Бизнестің жол картасы аясында биылдың өзінде 14 жоба қаржыландырылған.