Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Руханият (страница 12)

Руханият

СУРЕТШІ БЕКЕНОВТІҢ ЖЕКЕ КӨРМЕСІ

Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі,  Əлем халықтар өнері қауымдастығына еңбек сіңірген суретші Мұхтар Бекеновтің «АRT QUEST» жеке сурет көрмесі ашылды. М.Əуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің №8 оқу ғимаратында шымылдығы түрілген шығармашылық туындылар топтамасы көрмесінің ашылуына ОҚО Мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімі, облыстық Мəдениет жəне халық шығармашылығы орталығының басшылары мен қызметкерлері,  республикалық, халықаралық сурет, кескіндеме саласында танымал қылқалам иелері жəне аталған оқу ...

Толығырақ »

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі және «Нұр Отан» партиясы Түркістан қалалық филиалы «Рухани жаңғыру – ұлт болашағы» тақырыбында музей ұжымымен бірлескен кездесу өткізді. Айтулы шара Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында туған жер қасиетін арттыру, оның ішінде құнды жəдігерлерді сақтау мен тарихы жөнінде кеңінен насихаттау, кемел келешек пен оған жетер қадамдар жөнінде ой-бөлісіп, нақтылауға арналды. Іс-шарада қорық-музей директоры Ахметжанов ...

Толығырақ »

ҚАЗЫҒҰРТТАН БЕС ХАБАР

1. «Алғыс айту» күніне орай аудандық мәдениет сарайында «Мың алғыс саған, Қазақ елі!» атты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шарада аудан әкімі Т.Телғараев, аудандық мәслихаттың хатшысы Ө.Көпеев жиналған көпшілікті «Алғыс айту» күнімен құттықтап, бір топ азаматтарды марапаттап, құрмет көрсетті. Мерекеде өзбек, татар, иран ұлтының өкілдері қазақ халқына деген ризашылықтарын білдірді. Аудандық мәдениет сарайының өнерпаздары мен әншілер Н.Қожатов, Г.Ерменбай өз өнерлерін ортаға салды. 2. Қазығұрттықтар ...

Толығырақ »

ҚАЗАҚ ЕЛІНЕ МЫҢ АЛҒЫС!

Қай кезеңде болмасын кеңпейілдігі және қонақжайлығымен танылған Тәуелсіз Қазақ елі Елбасымыздың Жарлығымен бастау алған Алғыс айту күнін кезекті рет кең көлемде атап өтті. Бір шаңырақтың астында ғибратты ғұмыр кешіп отырған сан ұлттар мен ұлыстардың бірлігі мен берекесін паш етіп, көпке үлгі болған шара бүгін ауданымызда «Қазақ халқына мың алғыс» тақырыбымен айшықталды. Еліміздің кеңдігі мен татулығын айғақтай түскен Алғыс айту күніне ...

Толығырақ »

АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ

  Алғыс айту күні қазақ жерін мекен ететін халықтардың нәубетті жылдарымен тығыз байланысты. Бұл мереке биыл елімізде үшінші рет аталынып өтуде. Алғыс айту күнін мерекелеудің жаңа дәстүрі «Мәңгілік Ел» бірлігін ортақ тарих және тарихи сана негізінде нығайту мен дамытудың қазақстандық құндылықтарын бейнелейді. Біздің халқымыз қиын-қыстау заманды басынан өткізді. Бұрын-соңды болмаған соғыс, ашаршылық секілді азапты күндерді көрді. Соған қарамастан тілі басқа, ...

Толығырақ »

БОЛАШАҚ БІЛСІН!..

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» ұжымы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын басшылыққа ала отырып, «2018 жылғы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» қызметкерлерінің 2050 жылғы әріптестеріне жазған «аманат хат» капсуласын салтанатты түрде орнату рәсімін өткізді. Капсуланы орнату рәсімі Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласына 20 жыл толуына орай, сондай-ақ «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің 40 жылдығына орай қолға алынған. ...

Толығырақ »

ЖАС ЖІГЕР ЖӘНЕ ЖАЛЫН

Оңтүстік Қазақстан облысында жастар жаңа бір серпін байқатты. Бір топ ерікті қыз-жігіттер қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Бұл жолы шара алдыңғыларынан ерек болды. Өйткені, мұнда жастарды шақырып, арнайы акцияға ат қойып, демеуші іздеп, мемлекеттік мекемеден көмек сұраған жоқ. Облыстық «Жастар ресурстық орталығының» жанынан құрылған еріктілер мектебінің белсенді жастары «Біз қайырымдылықпен, түрлі игі істермен, сондай-ақ ілім-білім іздеумен, бір-бірімізге қолдау көрсетіп, белсенді болумен айналысамыз. Егер ...

Толығырақ »

Назарбаев латын негізіндегі қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасын бекітті

«Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, № 50-51-52, 326-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: аталған Жарлықпен бекітілген латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі осы Жарлыққа ...

Толығырақ »

АТА МЕН ӘЖЕ – ҚАЗАҚЫ ТӘРБИЕНІҢ БАСТАУ БҰЛАҒЫ

Отбасы тәрбиесіндегі әдет-ғұрып пен салт-дәстүр ата дәстүр түрінде атадан балаға, әкеден немереге беріліп, бүгінгі күнге де жетті. Адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы, сыйластық, жарастық ортасы да отбасы. Қазақ халқы, мейлі ол қыз бала, мейлі ұл бала болсын, олардың бойына 12-13 жастан бастап отбасы тәрбиесін сіңіре бастайды. Мұнда отбасының адам баласы үшін өсіп-өркендейтін алтын ұясы, қуаныш ошағы екендігі қарапайым тілмен әдіптеле ...

Толығырақ »

АУҒАН СОҒЫСЫ – ҚАНДАЙ СОҒЫС?

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 29 жыл толуына орай Отырар аудандық орталық кітапханасында өткен Ауған соғысы ардагерлерімен «Ауған асуында от кешкендер» атты дөңгелек үстел басында аудандық қорғаныс істер бөлімі мен мәдениет қызметкерлері, жастар, БАҚ өкілдері бас қосты. Алқалы жиын басталар алдын Ауған соғысы туралы деректі фильм көрсетіліп, Отырар аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының орынбасары капитан Шахан Рүстемұлы ел тарихындағы осы бір кезең жөнінде ...

Толығырақ »

«ТҰҒЫРЫ БИІК ӨНЕРІМ» ЖОБАСЫ БАСТАУ АЛДЫ

Рухани құндылықтарымыздың алтын көмбесіне айналған Оңтүстік өлкесінде Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында өскелең ұрпақтың санасында рухани үдерісті жаңғырту мақсатында облыстық орыс драма театрында Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның «ТҰҒЫРЫ БИІК ӨНЕРІМ» атты жобасының бастау алу салтанатты концерті өтті. Рухани жаңғыруды сипаттау, патриоттық сананы ынталандыру, ұлттық құндылықтарды жаңғырту және Отанға деген құрмет пен сүйіспеншілік сезімін ояту, ұлттық мәдениет, фольклор, ...

Толығырақ »

ЖАС АҚЫН АЛҒАН БАС ЖҮЛДЕ

Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрлігі, Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің ұйымдастыруымен Астана қаласында өткен «Ұлы Даланың Ұланымын» республикалық жас ақындар айтысында Оңтүстіктің Қазақстан облысының жас ақыны Нұрғали Əнапия бас жүлдеге ие болды. Астана қаласының жəне Қазақ Ұлттық Өнер университетінің 20 жылдығына орай өткізілген дүбірлі додаға еліміздің түкпір-түкпірінен 14 ақын қатысып, шалқыған шабытпен бекзат өнер – айтыстың абыройын асқақтатып, өлең сөзбен ...

Толығырақ »

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ АДАМДАРДЫҢ БАСТЫ ҚАҒИДАТЫ

Қадірлі достар! Кеше «Ratel» сайтында жарияланған менің атыма байланысты негізсіз айыптаған материалға орай өз ойымды білдіруді жөн санаймын. Біріншіден, облыстық ішкі саясат басқармасы баспасөз қызметіне тікелей бағынышты мекеме емес. Бұл мемлекеттік құрылым жүйесіне орай тиісті басшылармен басқарылады. Сондай-ақ, бұл мекеменің аясындағы ешқандай комиссияға да мүше емеспін. Менде, яғни баспасөз хатшысында мемлекеттік сатып алу жүйесіне ықпал ететіндей құзырет пен құқық жоқ. ...

Толығырақ »

NAR TV – НАР-ҚАЗАҚТЫҢ ҚОЛЫНДА!

1981 жылғы Дəурен Дүйсебаев (Даурен Болыс) Nar Tv арнасының директоры болып тағайындалды. Еңбек жолын облыстық жастар ісі жəне ішкі саясат басқармасында əдіскер ретінде бастаған Дәурен-ініміз, «Барыс» газетінде тілші, жауапты хатшы, «Оңтүстік Қазақстан» газетінде тілші, ОҚО табиғи ресурстар жəне табиғат пайдалануды реттеу басқармасында бас маман, ОҚО қаржы басқармасында бас маман, ОҚО əкімі аппаратының баспасөз қызметінде бас маман, бөлім бастығының м.а., ОҚО жастар ...

Толығырақ »

АСТАНА – ӨЗ ЕЛІМ, ТҮЛКІБАС – АТАМЕКЕНІМ…

Өткен аптаның қасиетті жұмасы күні аудандық Мәдениет үйінде Елбасымыз Н.Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” мақаласы аясында “Туған жер”, абат қала Астананың 20 жылдығына орай “Астана — өз елім”, Түлкібас ауданының 90 жылдығына орай “Түлкібас ата мекенім” атты көрме ұйымдастырылды. Онда Майлыкент ауылдық округі аумағында тұратын қол өнер шеберлерінің туындыларын осында жиналғандар тамашалап көрді. Әділ қазылар алқасы өз бағаларын берді. Одан ...

Толығырақ »

ҰЛТ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУДЫҢ ҚАЙНАР КӨЗІ

Жолдау және мәдениет Қазақстанда мәдениет саясаты Қазақстанның 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясы және Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мәдени саясатының ұзақ мерзімді тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылуда. Алдымен еліміз жайлы жалпы айтатын болсақ, әлемдік қауымдастықта жауапты әрі сенімді серіктес ретінде танылған Қазақ елі мемлекеттер арасындағы ықпалдастықтың дамуына, жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға, мәдениетаралық және конфессияаралық байланыстарды орнықтыруға барынша ...

Толығырақ »

ТӨРТ ҚАҚПАЛЫ ТҮРКІСТАН (Аңыздан ақиқатқа дейін)

2004-2014 жж. аралығында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы мен қолдауы нәтижесінде іске асырылған «Мәдени мұра» бағдарламасы ұлттық құндылықтар мен ел тарихына өлшеусіз үлес қосқан іс-шара болғандығы белгілі. Міне, сол бағдарламаның екінші кезеңінде елдің мәдени мұрасын зерделеуге, сақтауға, қалпына келтіруге және тиімді пайдалануға бағытталған шаралар кешенін іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 желтоқсандағы № 1203 Қаулысымен 2007-2009 жж. ...

Толығырақ »

ДВЕ ГОЛОВЫ ХОРОШО, А ТРЕТЬЮ – В ПОМОЙКУ!..

«СКАЗКА – ЛОЖЬ, ДА В НЕЙ НАМЕК…» (А.С.Пушкин) Жила-была дамочка, вся из себя такая честная-пречестная – без носика, зато с амбициями. И был у нее трехголовый шеф, который неустанно повторял: «Жди! Ожидай терпеливо, они поплывут – трупы». И она ждала. А между ожиданиями честно-пречестно слетала в края заморские, на берега турецкие, да не за свой счет. Видимо, прикормил ее кто-то. ...

Толығырақ »

«ТҮРКІСТАН – ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ МӘДЕНИ АСТАНАСЫ» ЖЫЛЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУЫ ӨТТІ

Түбі бір түркі жұртының түпқазығы, рухани астанасы – Түркістан қаласында «Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының салтанатты жабылуына арналған Гала-концерт өтті. «Түбі бір түркілер» хореографиялық-пластикалық қомпозициясымен бастау алған конценрттік бағдарламада облыс әкімі Ж.Түймебаев сөз алып, барша жиылған жұртшылықты бүгінгі айтулы күнмен құттықтады. «Түркі әлемінің бүгінгі замандағы кемеңгер көшбасшысы атанған Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «ТҮРКСОЙ» түркі әлемінің ЮНЕСКО-сына айналуы тиіс» ...

Толығырақ »

«БІРЖАН – САРА» ПРЕМЬЕРАСЫ

Оңтүстік Қазақстан облыстық опера және балет театры Мұқан Төлебаевтың «Біржан – Сара» премьерасын қойды. Әлемдік классикалық музыка қорына енген «Біржан – Сара» операсын сахналау, облыстық опера және балет театры үшін тарихи оқиға, жаңа белес болып отыр. Премьераның ашылу салтанатына Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы қатысып, қойылымды көрермендермен бірге тамашалады. «Біржан – Сара» – көп актілі лирикалық драмалық опера ...

Толығырақ »

ЖАҢҒЫРУ ТҮРКІСТАННАН БАСТАЛУ ҚАЖЕТ

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков Түркістан қаласына жасаған сапары барысында Елбасы айтқан ұлттық сананың жаңғыруы осы рухани қаладан басталу қажеттігін айтты. Жұмыс сапары аясында Ұласбек Сәдібекұлы бастаған арнайы топ ең алдымен №15 М.Жұмабаев атындағы мектеп-гимназиясының жаңартылған білім беру мазмұны бойынша апробациядан өтуін пысықтады. Мұнан соң, Түркістан гуманитарлық-техникалық колледжінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жаңа спорт кешенінің ашылу рәсіміне қатысты. ...

Толығырақ »

ҚАРИЯҒА «КОЗЕЛ» ДЕГЕН ӘДЕПСІЗГЕ!

Әдептен неге сонша тайқып жүрсің – Қарт адамға «козел» деп айтып жүрсің?.. Бойыңды әдепсіздік билеп алған, Бет-моншағың төгілмей қайтып жүрсің?   Бар шығар ойнап өскен көшең сенің? Бар шығар әкең менен шешең сенің? Әкеңнің әкесіндей ақсақалға «Козел» дейтін кетті ме есең сенің?   Бір күні самайыңды ақ басады, Қалың бетті әжім мен қақ басады. Сенен асқан әдепсіз қыздар өсіп, Өзіңді ...

Толығырақ »

ТАРИХИ ОРЫНДАР ҚАЙТА ЖАҢҒЫРМАҚ

Оңтүстік Қазақстан облысындағы аудан, қалалардың дамуы бүкіл облыс бойынша бір концепция арқылы даму керек. Жалпы Оңтүстік Қазақстан облысы – республикадағы орта ғасырлық қалалардың болуы жағынан, көлемі жағынан, жалғыз аймақ болып табылады. Бұл туралы облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Оңтүстік Қазақстан облысы қала құрылысы кеңесінің отырысында айтты. Алдағы жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының тарихы қайта жаңғырмақ. Руxани жаңғыру бағытына сәйкес туризмді дамыту және ...

Толығырақ »

ОҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ТҮЛКІБАСТА БОЛДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков жұмыс сапарымен Түлкібас ауданында болды. Сапары барысында әкім орынбасары Тұрар Рысқұлов ауылындағы тарихи-өлкетану мұражайы мен мұрағаттың жұмысымен және 700 бала білім алып жатқан Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінің тыныс-тіршілігімен танысып, колледж оқытушыларымен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында әңгіме өрбіді. Сондай-ақ, ол Ақбиік ...

Толығырақ »

ЖАЗУШЫ-ДРАМАТУРГ ДУЛАТ ИСАБЕКОВ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жазушы-драматург Дулат Исабековтың 75 жылдық мерейтойына арналған «Ұлтын сүйген дара тұлға» атты шығармашылық кешіне келген қонақтармен кездесті. Олардың қатарында мерейтой иесі ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, Халықаралық ПЕН клубы және Платиналы «Тарлан» сыйлықтарының лауреаты, жазушы-драматург Дулат Исабеков, жазушы, «Құрмет» орденінің иегері Бексұлтан Нұржекеевтер бар. Кездесуде сөз алған өңір басшысы мерейтой иесін құттықтап, ...

Толығырақ »