Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Руханият (страница 21)

Руханият

ОҚУЛЫҚТАРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҰМЫСТАРЫ

«Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының (НЗМ тәжірибесі бойынша жаңартылған білім беру мазмұнына өткен мектептердің үлесі (2016 жылы – 1-сынып, 2017 жылы – 2, 5, 7-сыныптар…)) индикаторын орындау мақсатында 2017-2018 оқу жылында 2, 5, 7 сыныптардың оқушыларын барлық оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендерімен толығымен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 4,4 млрд. теңге қаралды. Облыс бойынша ...

Толығырақ »

ТУРИЗМДІ ДАМЫТУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ

Жол мұраты – жету. Ал діттеген жеріңе шаршамай, қиындықсыз баруға жол бойындағы сервистік қызметтер мен инфрақұрылымдық нысандардың талапқа сай болуы зор маңызға ие. Бұл жөнінде «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізіндегі жол құрылысының барысымен танысқан Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті. «Елдің өркендеп, кемелденгенін білгің келсе, жолына қара» деген сөз бекер айтылмаған. Барыс-келіс пен алыс-берісте жол қатынастары айрықша ...

Толығырақ »

«ЭКСПО»-ДАН ОРАЛДЫ

Таяуда ғана елордасы – Астанаға аттанған оңтүстікқазақстандық 150 ерікті «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесіне келуші қонақтарға бір айдан астам уақыт бойы қызмет көрсетіп, бүгін Оңтүстікке оралды. Жас полиглоттар 35 күн бойы айтулы халықаралық шараға қатысып, шетелдік меймандарға көрменің жеке аймақ павильондарын таныстырып, мәртебелі шараға белсене атсалысып қайтты. Күнгейлік жас толқынның еңбегін елеген ұйымдастырушылар тарапы үш тілді жетік меңгерген жастарға зор ...

Толығырақ »

АУЫЛЫН СҮЙМЕГЕН АЛАШЫН СҮЙЕ АЛМАЙДЫ

Қазақстан өзiнiң ширек ғасырлық тарихында ғасырларға бергiсiз даму жолынан өттi. Небәрi жиырма бес жылда халқының ынтымағы жарасқан, экономикасы өркендеген, бүкiл әлемге бейбiтшiл ел ретiнде танылған iргелi мемлекетке айналды. Осыдан 20 жыл бұрын қабылданған «Қазақстан — 2030» стратегиясын уақытынан бұрын орындап, ендi «Қазақстан — 2050» мақсаттарына қарай қадам басты. Ендiгi мақсатымыз айқын, ол – әлемдегi бәсекеге қабiлеттi 30 мемлекеттiң қатарына қосылу. ...

Толығырақ »

ТУРИСТЕР САНЫ АРТҚАН

2017 жылдың алғашқы жарты жылдығында Оңтүстік Қазақстан облысына 52 850 шетелдік және отандық туристер (былтыр 33 мың турист келген) саяхаттауға келген. Оның 3600-і (2016 ж. І жарты жылдығында 2883 шетелдік турист келген) шетелдік қонақтар. Бұл өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 50%-ға көп. Бұл туралы ОҚО кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының өкілдері хабарлады. Шетелдік туристерді ежелгі Түркістан, Отырар аудандарының тарихи ...

Толығырақ »

ОТБАСЫНДАҒЫ ТАТУЛЫҚТЫ ТУ ЕТУ

Оңтүстік Қазақстанда ҚР Бас Прокуратурасының бастамасымен өткен «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» пилоттық жобасы іске асырылуына орай, қорытынды Гала-концерт өтті. Оған елімізде танымал эстрада жұлдыздары – Роза Рымбаева, Нағима Есқалиева, Алтынай Жорабаева, Шахизада және Сәкен Майғазиев пен өзге де өнер майталмандары қатысып, Шымкент жұртшылығына көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жүзеге асыру бағытында елімізде тұңғыш ...

Толығырақ »

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДА ҮЗДІК АТАНДЫ

Шілде айының соңында Ел ордасы – Астанада ХІІІ Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі аясында өткен «Бес құрлық»  балалар фильмдерінің фестивалінде «САҚ» киностудиясының «Қазақ Елі» толықметражды анимациялық фильмі «Ең үздік сценарий» номинациясын жеңіп алды. Аталған байқау Канн, Берлин, Венеция сынды «А» классты фестивальдермен  тең дәрежеде продюсерлік қауымдастықтың Халықаралық одағында (FIAPF)  тіркелген, Орта Азиядағы орасан зор  кинофорум болып табылады. Салтанатты шарада «Қазақ елі» анимациялық ...

Толығырақ »

ГРАНТ ҰТЫП АЛДЫ

Қазақстанда алғаш рет қолға алынған «Жастар корпусын дамыту» жобасына Кентау қаласынан 18 жоба іріктеліп алынып, 1 млн. теңге грант ұтып алды. Жас проект жобасының А және С тобына өткен жастар 9 болса,  В тобына өткен жастар 9 азаматты құрады. А тобының қатысушыларына өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту және жобаларды басқару бағдарламасына қатысу, сондай-ақ өзінің кіші жобасын грант есебінен іске асыру, ...

Толығырақ »

ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУ ОРТАЛЫҒЫ

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу орталығы ашылды. Орталық ҚР Бас прокуратурасының «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» пилоттық жобасы аясында жүзеге асып отыр. Бастаманы қолға алудағы мақсат – отбасы, ошаққасында болатын жанжалдарға тосқауыл қою, шаңырақ ынтымағын сақтау. Орталықта ерінен зәбір көріп, зорлық-зомбылық тауқыметін тартқандар мен ішімдік пен есірткіге салынып кеткендерге психологиялық қолдау көрсетілетін болады. Орталықтың салтанатты ашылуына облыс әкімінің орынбасары Ербол ...

Толығырақ »

Сахнаның патшасы

Шана қыстауынан – Жұмат Шанин ауылына дейін Баянауыл ауданындағы Күркелі ауылдық округіне қарасты Желтау ауылы – бауырласқан тауларынан ерекше лепті сыбызғы самал есіп тұратын жұмақ мекен. Қатар жатса да, бірінің суының – ащы, бірінің тұщылығымен жұмбақ жасырған Қос Шалқары мөлдіреп, Қойтас жаққа сәл-пәл аяқ бассаң, аспанға шаншылған Әулиетас қиялыңды бұлттардың ар жағына алып кетеді. Осынау ерекше мекенде Жұмат Шаниндей заңғар тұлғаның ...

Толығырақ »

Қосым туған Күркелі

Күркеліге аяқ басқан адам таусылмас қалың кітаптың бетін ашқандай күй кешеді… Сол  ауылда тусам да, неше барсам да, тұңғыш көріп тұрғандай күй кешем! Бұл жолы да солай болды! «Отарқалықтардың» бұл сапарына «Голос Экибастуза» газетінің тілшісі Алма Күлниязова мен жас ақын Ерболат Әміренов ерді. Атқосшы етіп әдейі жердің жөнін білетін, 30 жылдан аса көлік тізгінінде жүрген Қабиболла Ғабдысаттаровты таңдадық. … Сарғыштау даланы ...

Толығырақ »

«Көздерінде от ойнар, Сөздерінде жалын бар»

Күркеліні жігерлі жастар ауылы деуге болады. Мұнда еңбекқор һәм отаншыл жастар ауыл халқының рухын көтеретін шараларға үнемі бастамашы болып жүргенін байқаймыз. Айта кетерлігі, ауылда ұйымдастырылатын спорттық шараларға қаладан арнайы барып қатысатындар аз емес. 7 шілде күні мұнда осы ауылдың тумасы — қазақтың тұңғыш режиссері Ж.Шаниннің 125 жылдығына арналған мәдени-спорттық шаралар кешенді түрде ұйымдастырылды. Ертемен ауылдың үлкен-кішісі кіреберістегі Жұмат Шанинге арналған ...

Толығырақ »

ҚАЗАҚ ЖҰРТЫ: МӘМБЕТТІК ПЕН МӘҢГҮРТТІК

Мәселенің мән-жайы түсінікті болуы үшін «мәмбет», «мәңгүрт» сөздерінің шығу төркіні мен қолдану аясын саралап қарайық. Мәмбет – адамның есімі. Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың құрметіне қойылған есім болғандықтан халық арасында ерекше қастерленеді. Арабтың «хәмд» мақтау деген сөзінен шыққан. «Мұхәммәд», «әхмәд» сөздері мақтаулы, мадақтаулы деген мағынаны білдіреді. Қазақ ішіндегі Махамбет, Мәмбетәлі, Ахмет есімдері де осы сөзбен төркіндес. Мәмбет есімімен тарихта қалған ірі тұлғалар ...

Толығырақ »

ЭКСПО-ДА ОҚО ФОТОКӨРМЕСІ ӨТТІ

ЭКСПО – 2017 халықаралық көрмесінде Оңтүстік Қазақстан облысының фото-көрмесі өтті.  Көрмеге қойылған 25 фото суретте  Қ.А.Яссауи және Арыстан баб, Қарашаш ана кесенелері, көне Отырар мен Сауран қалалары, Ақмешіт үңгірі, «Алаш» этно ауылы, этно-орталық бейнеленген. Экспозицияға күнгейдің тамаша табиғатының фотосуреттері де еніп отыр. Фото-көрмеге ЭКСПО комиссарлары, комиссарлардың орынбасарлары, көрмелердің халықаралық бюросының делегаттары мен павильон директорлары, дипломатиялық өкілдік басшылары, халықаралық ірі компаниялардың ...

Толығырақ »

ҮШ КЕЗЕҢДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

Түркістан қаласын әлемдік деңгейдегі тарихи-мәдени орталық ретінде дамыту үшін әзірленген  «Көне Түркістан» концепциясы 3 кезеңде жүзеге асырылатын болады.  Көне шаһардың 99,6 гектар жер аумағын қамтитын концепцияның басты бағыттарының бірі – туристік индустрияны дамыту болып белгіленіп отыр.  Бүгін бұл туралы аймақтық коммуникациялар орталығында өткен брифингте Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсірбаев мәлім етті. Қала басшысының айтуынша,  Түркістанға биылғы жылдың 6 айында 678 ...

Толығырақ »

ОҢАЙ ЖОЛЫН ОЙЛАП ТАПТЫ

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі ұйымдастырған «Хакатон» хакерлік марафонының жеңімпаздары анықталды.  Шымкенттік өнертапқыш Қуаныш Рысқұлов латын қаріпіне көшу кезінде кездесетін қиындықты жеңетін әдісін ұсынып, 1 млн теңгені қанжығасына байлады. Естеріңізге сала кетейік, ІТ мамандары арасында өткен конкурс облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен осыдан бір ай бұрын жарияланған болатын. «Хакатон» марафоны Елбасы саясатын қолдау мақсатында қолға алынған жоба. Шараға  студенттер, оқушылар, жас өнертапқыштар мен ...

Толығырақ »

МҰСТАФА ӨЗТҮРІКТІҢ АНАСЫНЫҢ ЖАНАЙҚАЙЫ

2004 жыл. Күндізгі 13.00-дегі жаңалыққа сюжетімді жасап шықсам, ұялы телефоныма бір нөмір қайта-қайта қоңырау шалыпты. Енді компьютердің алдына отыра бергенім сол еді, тағы да жаңағы бөтен нөмір звондады. – Тыңдап тұрмын! – Сәлеметсіз бе, Бибігүл қарындасым? Мұстафа Өзтүрікті білетін боларсыз? – Әрине, аға. – Мен сол кісінің шәкірті Исатай Қабековпін. Сізбен қалай кездесуге болады? Мұстафа ұстазымның анасы Рәзия апай туралы ...

Толығырақ »

ТҮЛКІБАС – ТУРИЗМ ТӨРІ

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында биылғы жылы туризм саласын дамыту мақсатында 3 жоба қолға алынды. Оның алғашқысы – Түлкібас ауданы  Керейт ауылындағы жалпы құны 1 млрд. 200 млн. теңгелік отбасылық демалыс кешені болатын. Таяуда ғана пайдалануға берілген кешеннің  бір мезетте 1000 адамды қабылдауға мүмкіндігі бар. Ал, екінші жоба – тау бөктерінде орналасқан емдеу-сауықтыру орталығы. Жақын арада ел игілігіне берілетін кешеннің ...

Толығырақ »

ОТАРЛАУ ОЗБЫРЛЫҒЫ

Басқыншылардың қорқау тәсілі – басып алған жер-судың ежелгі атын лезде өзгертіп, ел-жұрттың есінен шығарып жіберу. Сондай мысалдың бірі – Медео. Алматыны Верный дегеннен әрең өзгерткенде, Медеу шатқалын көпке дейін түзете алмай-ақ қойдық. Марқұм Тельман Жанұзақов “Правда” газетінің меншікті тілшісі бола салысымен ең үлкен газеттің бетінде осы оспа­дарсыздықты әшкереледі. Сөйтіп, Медеу қал­пына келтірілді. Бұл рет­те Тельман Қасым бауы­рының батыл­дығына пара-пар келе­тін ...

Толығырақ »

ӘДІЛЕТТІ БОЛАЙЫҚШЫ…

Біраз жыл бұрын Семейде жастардың республикалық айтысы өтті. Біз қазылар алқасындамыз. Оңтүстік өңірден бір жас ақын ерекше көзіме түсті. Финалда сол бала менің семейлік ақын ініммен айтысты. Біздің бала жөнсіз кетті. «Кеше келіпсің, маған неге келіп амандаспадың?» деді, қонақ бала «алыстан алты жасар бала келсе…» деп жауап беріп еді, біздікі «шаңыраққа қара» деді. Қонақ ақын «бақа да батпағында батыр» деді. ...

Толығырақ »

ЕЛБАСЫ ДІНІШЕВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

Нұрсұлтан Назарбаев пен Әлібек Дінішев Қазақстанның мәдениеті мен өнерін дамытудың қазіргі мәселелері, сондай-ақ рухани жаңғыру үдерісіндегі шығармашылық зиялы қауым өкілдерінің рөлі жөнінде пікір алмасты. Мемлекет басшысы халық әртісінің Отан алдындағы, мәдениет саласындағы еңбегін жоғары бағалап, оның елімізде ғана емес, шет елдерде де танымал екенін атап өтті. Қазақстан Президенті мәдениетті дамытуды мемлекеттік деңгейде қолдаудың маңыздылығына назар аударып, соңғы жылдары осы салада қол ...

Толығырақ »

ОҚО ЖУРНАЛИСТЕРІ ТҮРКИЯ ЕЛІНДЕ

Оңтүстіктің бір топ журналистері Түркия елінде іс-сапарда жүр. Ондағы мақсат – бауырлас мемлекеттің БАҚ құралдарының тыныс-тіршілігімен танысып, тәжірибе алмасу. Делегаттарды алдымен Қазақстан Республикасының Түркиядағы бас консулы Еркебұлан Сәпиев қабылдап,  журналистер сапарына сәттілік тіледі.  Бүгінгі елшілерге тапсырылған жұмыстың бірі – Қазақстанға  инвестиция тарту екені белгілі.  Бас консул Е.Сапиев бұл тұрғыда түрік инвесторлардың негізінен Оңтүстік Қазақстан облысына ерекше қызығып баратындығын тілге тиек ...

Толығырақ »

ТАУ БАУРАЙЫНДА БАС ҚОСТЫ

Бәйдібек ауданы, Алмалы ауыл округі, «Болашақ» лагеріне облысымыздағы түрлі ұлт өкілдері жастарының қатысуымен, айтыскер ақындарды, қолөнер шеберлері мен талантты жастарды қолдауға және оларды ынталандыруға бағытталған «Оңтүстік өнерлі өрендері» атты облыстық жастар лагері ұйымдастырылды. Лагерь бағдарламасының аясында 15 аудан-қалалардан келген өнерлі жастар қолөнер және сурет салу, айтыскер ақындар мен жазба ақындар және дәстүрлі ән бағыттары бойынша топтық семинарларға қатысып, сала бойынша ...

Толығырақ »

Шыңғысхан қайда жерленген, немесе наймандар жасаған үлкен қателік

Ұлы тұлғалардың өмірі мен өлімі жөнінде қашанда аңыз еріп жүрері белгілі Қазақтың білігілі жазушысы марқұм Қалихан Ысқақ «Айқын» (2012 жыл. Желтоқсан) газетіне берген бір сұхбатында: «Шыңғысханның жерленген жері жөнінде сан-саққа жүгіртетін әңгіме көп. Әрине оған нүкте қою мүмкін емес. Өйткені Ұлы Қағанның мүрдесін тауып, «мынау Шыңғысханның моласы» деп ешкім айта алған жоқ. Айта алмайды да. Тек «ана жерде, мына жерде» ...

Толығырақ »

Ж.ТҮЙМЕБАЕВ: ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫ — РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАРҚЫН ЖОЛЫ

Оңтүстік Қазақстан облысында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласынан туындаған қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі өңірлік комиссияның отырысы өтті. Жиынға облыс әкімі Ж.Түймебаев, зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері, белсенді жастар қатысты. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің конференц залында өткен жиында алғашқы сөзді облыс әкімі Ж.Түймебаев бастап, Елбасының бұл мақаласы – ...

Толығырақ »