Шымкенттегі Ғани Мұратбаев атындағы балалар темір жолы сонау 1979 – Халықаралық бөбектер жылы іске қосылды. Алда келе жатқан 2019 жылы тура 40 жыл толады екен. Өкінішке орай, Тәуелсіздік жылдары Асанбай Асқаровтың көзіндей болып қалып кеткен осынау ғажап нысан жетім баланың күйін кешіп келді. Оның болашағы не болар екен деген сауал шымкенттіктердің ғана емес, бүкіл қазақстандықтардың сары уайымына айналды. Тіптен, оны ...
Толығырақ »Қызықтаймс
ЖЕР ТЕЛІМІН МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРҒАН…
Шымкент қаласының әкімдігі Қошқар ата өзені бойын абаттандыруға үлес қосқан 28 азаматқа алғыс білдіреді. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Ғабит Мәуленқұлов мәлімдеді. – Қошқар ата өзенінің бойын абаттандыру жұмысының бірінші кезеңі бойынша өзеннің екі жағалауынан 10 метр жерді абаттандыру жоспарланған болатын. Дегенмен, бұл жұмысқа өзен бойындағы 96 жер учаскесі кедергі келтірді. Оның 20-сы – үй, 14 – жеңіл құрылыс нысаны, 33 ...
Толығырақ »ОН ҮШ – СИҚЫРЛЫ САН…
Иә, еліміздің 13-өңірінде жайғасқан ауыл шаруашылығына орта буын мамандар дайындайтын іргелі он оқу орнының бірі – Шымкент аграрлық колледжінің он үшінші директоры болып білікті маман, ұлағатты ұстаз, заңгер, педагогика ғылымдарының магистрі, «Нұр Отан» партиясының «Өркениет» бастауыш ұйымының төрайымы Гауһар Алпысбайқызы Бекбергенованың тағайындалғанына аса көп уақыт бола қойған жоқ. Десек те, осы қысқа мерзім ішінде атқарған сан алуан шаруалары шаш етектен екеніне көз жеткіздік. Бардық, ...
Толығырақ »ТІРКЕУСІЗ ТҰРУ ТОҚТАСЫН!
24 сәуірде «Қауіпсіз аула» және «Көрші назары» жобалары аясында Шымкентте «Тіркеу» жедел профилактикалық іс-шарасы бастау алады. Полиция қызметкерлері тіркелмей тұрып жатқан азаматтарды анықтайды. Сондықтан құжаттарыңызды тексеріп, тұрғылықты мекенжайларыңыз бойынша тіркеліп үлгеріңіздер. Қолға алған осы жедел профилактикалық іс-шара 28 сәуірге дейін созылатынын естеріңізге саламыз. PS. Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінен: 492-бап. Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру ...
Толығырақ »ТУРИЗМ КЛАСТЕРІ ДАМИ ТҮСЕДІ
Шымкентте туризм кластерін дамыту жайы талқыланды. Өткен жылдың өткен 10 айында Шымкент қаласына ел аумағынан, сондай-ақ, шет елдерден 18 мыңнан астам адам демалуға келіпті. Мамандар өз кезегінде, бұл көрсеткіш әлі де болса өз межесінен төмен екендігін айтады. Яғни, Шымкент қаласы әлі күнге туристік бағытты жандандыруда тиісті рөлге ие бола алмай келеді. «Шымкент» қонақ үйінің мәжіліс залында «Қазақстан – 2050» Жалпыұлттық ...
Толығырақ »ҚЫТАЙ ИНВЕСТОРЫНЫҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫ
«Tие Жиан» «CRCC» компаниясы «Шымкент Сити» жобасына қызығушылық танытты. «Шымкент Сити» жаңа іскерлік және тұрғын үй кешені мен қала ішіндегі жүк тасымалдау саласына ҚХР «Tие Жиан» (China Railway Construction Corporation Limited Representative Office in Kazakhstan) компаниясы қызығушылық танытуда. Шымкент қаласы әкімдігінде өткен кездесуде ҚХР «Tие Жиан» компаниясының Қазақстандағы өкілі Ся Цзямин осылай деп мәлімдеді. Екі жақты кездесу барысында қытайлық инвестор Шымкент қаласы әкімдігінің фронт-офис орталығында инвесторларға қызмет көрсетудегі ыңғайлы жағдай жасалғандығын атап ...
Толығырақ »ЖАҢА ҒИМАРАТҚА КӨШІРІЛДІ
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қаласында орналасқан №7 халыққа қызмет көрсету орталығы көлемі 450 шаршы метрді құрайтын заманауи фронт-офисте жұмыс істей бастады. Бөлімнің жаңа, әрі ыңғайлы нысанға көшірілгеніне, әсіресе, Әл-Фараби ауданының тұрғындары дән риза. Кең ғимаратта мемлекеттік қызметтерді тиімді және сапалы көрсету үшін барлық жағдай қарастырылған. Мұнда 20 жұмыс орны бар. Тұрғындарға ыңғайлы болуы үшін «Connection Point» өз-өзіне қызмет ...
Толығырақ »КЕШЕ – «КӨНЕ», ЕРТЕҢ – ЖАҢА!..
Шымкенттің ескі қалашығы жаңару дəуіріне қадам баспақ. Қалалық әкімдік көне қалашықтың орнын сақтап қалуды ғана емес, қайта жаңартуды көздейді. Бұл туралы Шымкенттің бас сәулетшісі Нұрлан Архабаев мәлімдеді. Шаһар әкімдігінің көне қалашыққа қатысты жасаған арнайы жоспары бар. Жуырда қала әкімі бастаған топ Шымкенттің ескі бөлігін аралап шықты. – Жұмысшы топ Цитадельде болдық, Қошқар ата өзені бойымен Жангелдин көшесіне дейін жүріп шықтық, ...
Толығырақ »ИНВЕСТОРЛАР ШЫМКЕНТТІҢ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУЫНА МҮДДЕЛІ
Шымкенттегі «Rixos Khadisha Shymkent» қонақ үйінде қала әкімдігінің ұйымдастыруымен «Шымкент – Қазақстандағы үшінші мегаполис» атты инвестициялық кездесу өтті. Кездесуде шаһардың инвестициялық мүмкіндіктері сөз болып, үшінші қаланың 2020 жылдарға арналған даму тұжырымдамасындағы заманауи жобалар таныстырылды. Бір қуанарлығы, Елбасы Н.Назарбаев Шымкентке келген сайын қаланың шырайланып келе жатқанын, көркем көрінісін әрқашан назарынан тыс қалдырмайтындығын үнемі айтып келеді. Елбасы тапсырмасына орай Шымкент болашақта өзгеше бағытпен дамып, қала ...
Толығырақ »КӨНЕ ҚАЛАНЫҢ ҚАЗБА ЖҰМЫСТАРЫ – 02
Біз барғанда, төбенің басында он шақты адам қызу жұмыс үстінде екен. Мұнда Ә.Марғұлан атындағы археология институтының және М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің ғылыми қызметкерлері 1 қыркүйектен бері қазба жұмысын жүргізіп жатыр. Бірі топырақ бетін жәймендеп аршып жатса, енді бірі қазылған топырақты арбамен әрірек апарып, төгіп жатыр. Ал әнебір жерде шағын үстел, орындыққа жайғасқан бір үлкен кісі қағаз бетіне бірнәрсе түсіріп отыр. Екінші ...
Толығырақ »КӨНЕ ҚАЛАНЫҢ ҚАЗБА ЖҰМЫСТАРЫ – 01
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының шыққанына жарты жылдан асса, осы алты айдың ішінде елімізде ауқымды жобалар қолға алынып, жүзеге асуда. Көптеген тың бастамалар, ұлағатты істер Оңтүстіктен бастау алатыны белгілі. Облыс орталығы Шымкент қаласының күніне орай шаһарда күн сайын маңызды жиындар, қызықты шаралар өтуде. Солардың бірі, бірегей археологиялық нысан «Шымкент» көне қалашығында қарқын алған қазба жұмыстары. Біз сол ...
Толығырақ »ЖЕРҰЙЫҚ ІЗДЕСЕҢ, ШЫМКЕНТКЕ КЕЛ! – 03
Жалпы, Оңтүстік туризмі Шымкенттен басталады. Қала Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік орталығы болғандықтан, аумақтың түкпір-түкпіріне апаратын барлық туристік бағыттар шаһардан бастау алады. Қалада мамандандырылған 20 арнайы фирмалар мен мекемелер туристік қызмет көрсетумен айналысады. Туристік бағыттар тарихи орындар мен экзотикалық аудандарға барып, аң-құс, балық аулау, тау туризмі және мәдени-архитектуралық ескерткіштерді таныстыру секілді салаларды қамтиды. Шымкентке жақын аймақта орналасқан, табиғаты ғажайып Ақмешіт, Біркөлік ...
Толығырақ »ЖЕРҰЙЫҚ ІЗДЕСЕҢ, ШЫМКЕНТКЕ КЕЛ! – 02
Шымкентте Қазақстандағы ең үлкен әрі теңдесі жоқ дендросаябақ бар. 1979 жылы іргесі қаланған саябақта бүгінде 600-ге жуық өсімдік түрі өседі және шағын көлінде аққу, қаздар жүзіп жүреді. Туристерді бұдан кейін зообақ күтеді. Онда мыңдаған аң-құс тіршілік етеді. Қала аумағында саяхат жасап жүрген меймандар бір сәтке жаңа «Жайлаукөл» демалыс саябағына аялдай алады. Осында орналасқан Орталық Азиядағы ең биік «Altyn eye» ...
Толығырақ »ЖЕРҰЙЫҚ ІЗДЕСЕҢ, ШЫМКЕНТКЕ КЕЛ! – 01
Туризм әлемдік экономиканың ажырамас бөлігіне айналғаны қашан. Дүниежүзілік туристік ұйымның мәліметіне сүйенсек, қазіргі әлемдік туризм өнеркәсібінен түскен табыс мұнай экспорты мен мұнай өнімдері және автокөлік табысынан кейінгі 3-орында тұр екен. Бұл саланы дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарын көптеп ашып, ұлттық табысын молайтып отырған елдер көп. Осы орайда елімізде, оның ішінде Оңтүстікте де қарқынды дамып отыр деп айта алмаймыз. Десек те, ...
Толығырақ »ДЕНДРОСАЯБАҚ ТУРИСТЕРДІ ШАҚЫРАДЫ!
Дендросаябақта 4-5 жылдан бері тоқтап тұрған жылқымен серуендеу қызметі өз жұмысын қайта бастады. Әзірге мұнда 3 жылқы бар. Алдағы уақытта Қамбар ата төлінің саны тағы бірнеше есеге артады деп күтілуде. Көктем келіп, күн жылынғалы дендросаябақта адам қарасы көбейе түсті. Таза ауамен тыныстауға, той алдындағы қыдыруға, аққуларды көруге, велосипед тебуге, жаттығу жасауға онсыз да осында келетін жұрт енді атпен серуендеуге арнайы ...
Толығырақ »ҚАБАНБАЙ БАТЫРДЫҢ ҚАРУЫ
Түркістан қаласы – қазақ халқының басына күн туған «тар жол тайғақ кешулерде» қаншама нәубеттер мен жанкешті жаугершіліктерді, жан пида жорықтарды басынан кешкен, қасиетті бабаларымыз бас қосып келелі кеңестер өткізген, тарихи орын. Қазақ тарихындағы хандар мен батырлардың, билер мен датқалардың, елім деп еңіреген ерлердің ішінде Түркістан қаласына ат басын тіремей кеткендері кемде-кем. Қайсар жүрек Қабанбай батырдың да табаны тиген өлкеде оның ...
Толығырақ »8-НАУРЫЗДА 8 АРУҒА БҰЙЫРҒАН СЫЙ!
«Алтын алқа» баспасы мен http://didarbek.kz/ порталы еліміздің барша сұлуларын Ана күнімен, әйел күнімен, әже күнімен, бойжеткен күнімен құттықтайды! Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, таусылмас жігер, мәңгі жастық пен сарқылмас сұлулық тілейді! Осынау көктем мерекесіне орай, елімізге ерен еңбегімен танылған және танылып келе жатқан сегіз аруымызға компьютер арқылы, кездейсоқ таңдау жасап, төмендегі ұялы телефондарына 1000 (бір мың) бірліктен сыйға тартады: +7 ...
Толығырақ »ЖЕРЕБЕМІЗ ТАСТАЛДЫ – БАЙҚАУЫМЫЗ БАСТАЛДЫ!
Оңтүстік Қазақстан облысында «Ońtústik ónimi» байқауы басталды. Байқаудың мақсаты — Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері атты» Жолдауындағы индустрияландыру, жаңа технологияларды енгізу бағыттары аясында Оңтүстіктің төл өнімдерін көрсетіп, насихаттау. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Бақыт Ахымбетов мәлім етті. Оның айтуынша, байқауға кез келген әлеуметтік желі ...
Толығырақ »БАЙТҰРСЫНОВ «ҚҰЛАП», ӘЛІМБЕТОВ «ЖЫЛАП» ЖАТЫР МА?
Шымкент қаласындағы Алаштың арысы Ахмет Байтұрсынұлы мен батыр Абылай Әлімбетов атындағы көше қиылысында көшенің атауы жазылған тақтайша жерде жатыр. Қаладағы адам аяғы мен көлік ағыны үзілмейтін негізгі көшенің бойындағы елге еңбегі сіңіп, қазақтың атын танытқан азаматтардың есімі бар тақтайшаны көтеруге ешкімнің құлқы жоқ па, әлде уақыты жоқ па? Кезінде қазаққа бағыт сілтеген Байтұрсыновтың аты жазылып, бүгінде сол маңнан өткенге жол ...
Толығырақ »ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІН БӘРІНЕН МҰҚИЯТ ТЫҢДАҒАН КІМ?
Шымкент қаласының әкімі Нұрлан Сауранбаевтың есебін тыңдауға келген тұрғындардың есебі жоқ екенін байқадық. Дегенмен, қызыға тыңдағандар да, «ұйықтап» отырғандар да, тіпті, ұялы телефонынан бір жарым сағат бойы бас көтермегендер де болды. Бірақ, бәрінен де есепке «қызығушылық» танытып, «аса мұқият» тыңдаған бір адам болды. Сол кім екенін атап бере алатын жан бар ма? Ә.Ә.
Толығырақ »СОРЛЫ ЕМЕС… ЕМЕСПIН — ЕЛЕУСIЗДЕУ ЕЛЕСПIН!..
«Қыз өссе, елдің көркі» деуші еді тәртіптілер. Елдің көркі бола алмадым (тәртіп атаулы маған жазбаса керек), болғым да келмеді. «Аманатынан айырылған қыздың жаман аты шықпай тұрмайтыны» жаныма батты. Ерте бастан-ақ жоғалтқанымның орнын толтыра алмай, опық жеп қалдым. Неге олай болғанын өзім де білмеймін. Бәлкім, тексіздігім сыр берген шығар. Анам байғұс мені күлге аунап таппаса да, нағыз әкемнің атын атай алмай ...
Толығырақ »ҚАРИЯҒА «КОЗЕЛ» ДЕГЕН ӘДЕПСІЗГЕ!
Әдептен неге сонша тайқып жүрсің – Қарт адамға «козел» деп айтып жүрсің?.. Бойыңды әдепсіздік билеп алған, Бет-моншағың төгілмей қайтып жүрсің? Бар шығар ойнап өскен көшең сенің? Бар шығар әкең менен шешең сенің? Әкеңнің әкесіндей ақсақалға «Козел» дейтін кетті ме есең сенің? Бір күні самайыңды ақ басады, Қалың бетті әжім мен қақ басады. Сенен асқан әдепсіз қыздар өсіп, Өзіңді ...
Толығырақ »ЕЛУ ЖЫЛДАН СОҢ АШЫЛҒАН ХАТ
Түркістан қаласындағы №9 Некрасов атындағы мектеп-гимназиясының ғасырға жуық тарихы бар. Көне заманнан сыр шертетін осы білім ұясының шәкірттері мен ұстаздары 1967 жылы ХХІ ғасыр тұрғындарына арнап хат жазып, оны мектеп ауласындағы соғыс құрбандары ескерткішінің іргетасына арнайы қорапқа салып қалдырған. Аталған хаттың елу жылдан соң ашылуы аманат етілген. Осы аманат хатты ашу бүгінгі ұрпақтың еншісіне бұйырыпты. Мектеп ұжымы мен ата-аналар комитетінің ...
Толығырақ »ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КИНО ФЕСТИВАЛІ
Оңтүстік Қазақстан облысында «Қазақстан балалары шексіз әлемде!» республикалық шығармашылық кино фестивалі басталды. ҚР Білім және Ғылым министрлігінің бастамасымен Оңтүстікте алғаш рет ұйымдастырылған шараға министрліктің қосымша білім беруді дамыту орталығының өкілдері мен облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібеков, еліміздің барлық аймақтарынан келген мектеп оқушылары және ұстаздар қатысты. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасының «Тәрбие және Білім» тармағындағы «Дарындылар елі» жобасы бойынша іске ...
Толығырақ »Өнерді қуған Хамит!
Оңтүстік – дəстүрі көпке өнеге, мəдениеті өркендеген облыс. Күнгейдің топырағынан қаншама өнер адамдары, қоғам қайраткерлері, спортшылар, танымал тұлғалар шыққаны баршаға аян. Осы ізбен келе жатқан жастар да көптеп кездеседі. Бойдағы қабілетін, ерекше өнерін көпке көрсете алмай жүргендер де кездеседі… Алайда, өлкеміздегі танылмаған таланттар қатарындағы ең озаты, белсенді жастың бірі деп Хамит Муталиевті айта аламыз. Өнер жолын таңдаған кейіпкеріміз жастайынан түрлі салада өзін ...
Толығырақ »