«Қыз өссе, елдің көркі» деуші еді тәртіптілер. Елдің көркі бола алмадым (тәртіп атаулы маған жазбаса керек), болғым да келмеді. «Аманатынан айырылған қыздың жаман аты шықпай тұрмайтыны» жаныма батты. Ерте бастан-ақ жоғалтқанымның орнын толтыра алмай, опық жеп қалдым. Неге олай болғанын өзім де білмеймін. Бәлкім, тексіздігім сыр берген шығар. Анам байғұс мені күлге аунап таппаса да, нағыз әкемнің атын атай алмай кетті. Өйткені, жалған жанашырлары көп болды, олардың бірінің ғана әрекеті дөп келді. Ауылдың айғырларына еңбегі сіңген жезөкше анам мен аузы сасыған көптеген алқаштардың туындысы болу оңай ма – осылайша дүниеге мен келдім. Әйтеуір, Құлаева болмасам да, Сұлаева екенімді анық білемін.
Міне, содан кейін анамның жаман жолын қуып, өкшелерім жез болды, ойнап-күлетін кез болды. Талайды көрдім, талайды бастан өткердім. Бала кезімде есік қағушылардан үйіміз босамайтын – мені құрттап кеткен шоколадпен алдап қоятын. Баламын ғой, сол шоколадты өліп-талып жейтінмін. Шоколадты әкелгендер анамды ана бөлмеде әурелеп жататын – көрген көзде жазық бар ма? Кейіннен өмірдің ағысы, жүректің қағысы тек осындай болу керек шығар деп бойжеттім. Іштім, жедім, жүрдім, сүйдім. Анамды бағындырған айғырлар мені де бағындырды. Бір адамды емес, жүздеген жігіттерді сүйіп өттім. Бәрін риза қылдым (өкпелері жоқ шығар), мені риза қылғандары табылмады. Бір өкініштісі, біздің кезімізде сауна деген болмайтын. Тегін арақ пен шыбын үймелеген кәуапқа мәз болатынмын. Алданып, тәнімді де сата бастадым, кеудемдегі әнімді де сата бастадым. Байқасам, құрбыларымнан озып бара жатқандаймын, біртіндеп тозып бара жатқандаймын. Оның үстіне, өзім туып-өскен Тақтаарал ауданына атым тез-ақ жайылып кетті. Күтпеген жерден, «Кімсің? Айнармын!» боп шыға келдім.
Жоқ, жүрегім айныған жоқ, ондай «рахат» өмірге тез-ақ үйреніп кеттім. Бірақ, арзан алып қойып жүргенімді тым кеш түсіндім. Айналама зер салсам, несібемнен айырылып жүргендей сезім бойымды билеп жүрді. «Өзіңнен кейінгіні көріп, қартаясың» дегендей-ақ, ізімнен ерген сіңлілерім демде бір-бір джип мініп, облыс орталығынан ойып тұрып бір-бір пәтерге қол жеткізді. Менің жүрісім анау – әр алқаштан сөз естіп, балағат-былапытын бойыма еріксіз сіңіріп, көп ұзамай, аборт жасату. Содан «өлетін бала молаға қарай жүгіреді, өсетін бала қалаға қарай жүгіреді» деп, қайдасың Шымқала деп осында жетіп келдім. Талайды суардым, талайды мәз қылдым, бірақ мені мәз қыла алмады ешқайсысы да. Оның арасында бір емес, бес мәрте тұрмыс құрдым. Бірде-бір бұрынғы байым бұл жүрісімді білмеді. Ақырғым менен бес жас кіші бір мақау еді, қанша көзіне шөп-шөңге салып жүрсем де, байқамайды – рахат! Так что, мені сорлы дегеннің өзі сорлы. Джип мінбесем де, мінгендей болып жүрмін – текемнің, өй, тойыс, ешкімнің менде жұмысы болмасын!..
Міне, осылай күндер жылжып өте берді. Бір журналистен бір бала көтерген едім, журналист болғым келді. Тағы бір бәлеқордан бірдеңе біткен еді – бәлеқор болдым. Сөйтіп жүріп, өсек пен төсек төңірегінде ой тербейтін «Киізқазық-ойбай» деген сарғыш газетімді сарғайып жүріп толғатып дүниеге келтірдім. Туған әкесін өз қолымен ұрып өлтіріп қойған бір «данышпан» бар – әйтеуір, өзінше қамқор болып жүр маған. Оған не керегін әлі біле қойған жоқпын – өйткені, икемдесем, оны әйел баласы емес, ер азаматтар ғана қызықтыратын сияқты. Көгілдір-ау, шамасы…
Сонымен не керек, жаман жағымнан таныла беріп шаршадым, жақсы жағымнан да танылайын деп жаланың жасыл жапырағын жеп жүрмін. Сөйтсем, «ауру қалса да, әдет қалмайтынын» ескермеппін. Жасым келіп, әрім кетіп бара жатса да, «төсекте басымыз» қосылған қазақ екеніміз есіме жиі түсіп тұрады. Қайда қашып құтыларымды білмей жүрмін. Бәлкім, бір күні жөнделермін?! Қалай ойлайсыздар?
Айнар СҰЛАЕВА
(жалғасы бар).