Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Төтенше (страница 15)

Төтенше

САРЫАҒАШ АУДАНЫНЫҢ ШТАБЫ ҚҰРЫЛДЫ

Мақтаарал ауданында орын алған төтенше жағдайға байланысты, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Сарыағаш ауданы Еңбекші ауылдық округі, Т.Жайлыбаев елді мекеніне жауапты болып бекітілді. Ауданға бекітілген аумақтағы жағдайды толық бақылауда ұстау мақсатында Сарыағаш ауданының штабы құрылып, елді мекеннің кіріс – шығыс жолдарына арнайы бекеттер қойылды. Сарыағаш ауданы әкімдігі мен аудандық полиция бөлімінің 100 қызметкері жұмылдырылып, көшелерде патрульдік полиция қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылды. Сонымен ...

Толығырақ »

СЕЛДЕН 620 ҮЙ ЖАПА ШЕККЕН

Түркістан облысында селден 620 үй жапа шеккен, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Қазіргі таңда Түркістан облысы Мақтаарал ауданының 4 елдімекені: Жаңа — Тұрмыс (46 үй), Жеңіс (130 үй), Фирдоуси (250 үй) және Өргебас (194 үй) су астында қалған. Жалпы қызыл судан 620 үй жапа шеккен. Тұрғындарды көшіру үшін 22 эвакуациялық орын даярланған. Бүгінгі күнге бұл ...

Толығырақ »

ДАРИҒА НАЗАРБАЕВА ҚАЙДА КЕТТІ?

Сонымен, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дариға Назарбаеваның депутаттық өкілеттігін тоқтатты. Естіген жұрттың бір бөлігіне бұл жаңалық қуаныш сыйласа, бірі – абдырап қалды, тағы бірі – өкініштерін жасыра алмады. Ендігі қадам – Дариға Назарбаеваны ҚР Парламенті Сенатының төрайымы қызметінен босату. Көп ұзамай, бұл мәселе де шешімін табайын деп тұрған сияқты. Сонда Дариға Назарбаева қайда кетті деген ...

Толығырақ »

ЖАҢА ЧЕЛЛЕНДЖ! ҚОЛДАЙСЫЗДАР МА?

Мен – қазақпын, Қазақстан Республикасының азаматымын. Осы жерде дүниеге келдім, осы жерде өлемін. Сондықтан мемлекеттік тіл – менің тілім! Мен Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдерімен мемлекеттік тілде сөйлеуге міндеттімін. Елдегі барлық ақпаратты, жаңалықты, хабарламаны мен алдымен мемлекеттік тілде жариялаймын. Ғасырлар бойы осы тілде сөйлеп, бұл тілді бізге аманаттап кеткен ата-бабаларымыздың әруақтарын құрметтеп, өз тілімді өзге тілдерден бұрын сайратамын. Мен – ...

Толығырақ »

ШЫНДЫҚҚА ЖАНАСПАЙДЫ!

Жетісай ауданын су басады деген қауіптің жоқ екендігін тағыда қайталап айтамыз. Коллекторға жақын орналасқан елді-мекендердің аздап су деңгейі көтерілген. Қазір жағдай тұрақты. Аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев коллектор бойына жақын орналасқан » Қоғалы», » Жылы Су» елді мекендерінде болып тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сосын, Мақтаарал ауданына тиісті видеоларды Жетісай ауданы мен шатастырмауларыңызды және Жетісайды су басып жатыр деп әлеуметтік желілерге таратпауларыңызды ...

Толығырақ »

ТАҒЫ ДА 3200 ТҰРҒЫН ҚАУІПСІЗ АЙМАҚҚА ШЫҒАРЫЛДЫ

Қазіргі таңда Мақтаарал ауданында орын алған жағдайға байланысты 2243 азамат қауіпсіз аймаққа көшірілді. Сондай-ақ, суданқауіп төнген Нұрлыжол мен Фредауси ауылдарынан 415 үйдің 3200-ден астам тұрғыны қауіпсіз аймаққа шығарылған. Бүгін бұл туралы Мақтаарал ауданының орталығы — Мырзакент кентінде орналасқан облыстық штаб жетекшісінің орынбасары Сәкен Қалқаманов онлайн режимде өткізген баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҒДАЙ ТОЛЫҚ БАҚЫЛАУДА

Бүгін Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдайға байланысты шұғыл баспасөз мәслихаты өтті. Онда «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары және арнайы облыстық штаб басшысының орынбасарлары Бейсенбай Тәжібаев, облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Арман Абдуллаев мәлімдеме жасады, деп жазады облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. «Өзбекстан Республикасындағы Сардоба суқоймасының жарылуына байланысты Мақтаарал ауданына келетін су ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: АПАТТАН КЕЛГЕН ШЫҒЫН КӨЛЕМІ ЕСЕПТЕЛУДЕ

Мақтарал ауданында орын алған жағдайға байланысты 2243 азамат қауіпсіз аймаққа эвакуацияланды. Бұл туралы төтенше жағдайға байланысты өткізілген онлайн брифинг кезінде Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Н.Жүнісов мәлімдеді, деп жазады облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Сондай-ақ, судан қауіп төнген Нұрлы жол мен Фердоуси ауылдарынан 415 үйдің 3200-ден астам тұрғыны да қауіпсіз аймаққа шығарылды. Жалпы осы сәтке дейін 5400 тұрғын қауіпсіз ...

Толығырақ »

ҚАМҚОРЛЫҚ ПАЛАУЫ БЕРІЛДІ

Мақтаарал ауданында орын алған төтенше жағдайға байланысты облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Келес ауданының әкімдігі Фердауси және Жантақсай елдімекендеріне жауапты болып бекітілді. Аталған елді мекен тұрғындарының 400- ден аса азаматтары Мақтаарал ауданындағы №44 Ә.Науаии мектебіне эвакуацияланып, уақытша тұрғын орыны дайындалды. Төтенше жағдайдың алғашқы күніндегі ауыз ашарға 50 келі палау дайындалып, аталған мектептің спорт залына карантин режимін сақтай отырып, әр столға 4 ...

Толығырақ »

ҚАСҚАСУДА ҚАУІП ЖОҚ!

Көктем мезгілінде жауын – шашын салдарынан өңіріміздегі өзендер арнасынан асып, әртүрлі су тасқындарының орын алып жататыны белгілі. Әсіресе таулы аймақтардағы өзендер, тасып жатады. Жуырда әлеуметтік желілерде «Қасқасуда су тасқыны болып жатыр» деген ақпарат таралған болатын. Осыған орай, Төлеби ауданы әкімдігі тарапынан келесідей мәлімдеме жасалып отыр. «29.04.2020 жылы Төлеби ауданының Керегетас және Жоғарғы Қасқасу елді мекендерінде қатты жауын -шашынға байланысты сел ...

Толығырақ »

ӘРІПТЕСТЕРГЕ АЛҒЫСЫМДЫ БІЛДІРЕМІН…

Құрметті Достар! Түркістан Облысының жүрегі саналатын Мырзашөл өңіріндегі жағдайға байланысты облыс әкімінен бастап барлық тиісті сала басшылары Мақтааралдамыз. Облыстық Қоғамдық Даму Басқармасы төтенше жағдайға байланысты арнайы құрылған штабтың БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫНА жауап береді. Бүгін 3 онлайн брифинг, 6 ақпараттық хабарлама, 8 видео ролик таратылып, ақпараттар легін тоқтатпауға күш салдық. Осынау қиын кезеңде халыққа шынайы ақпарат беру мақсатында жүрген барша БАҚ өкілдерінен тұратын Әріптестерге ...

Толығырақ »

ЖЕДЕЛ ЖЕТТІК ЖАҢАЖОЛҒА, ЖЕҢІСКЕ…

Бүгін түнде жолға шығып, таң ата Мақтаарал ауданына жеттік. Өздеріңіз білетіндей кеше, яғни 1 мамыр күні Өзбекстан Республикасындағы «Сордаба» су қоймасы бұзылып, Мақтаарал ауданындағы «ЦГК» каналына 300 миллион текше метр су келіп құйылған болатын. Осының салдарынан каналдағы су арнасынан шығып, Мақтаарал ауданы Жаңажол ауылдық округі, Жеңіс, Нұрлыжол, Фердауси және Еңбекші ауылдық округі, Жаңатұрмыс ауылдарын су басу қаупі 2 мамыр түнгі ...

Толығырақ »

«BIZ BIRGEMIZ» АКЦИЯСЫ – ТӨЛЕБИДЕ!

Төлеби ауданы Алатау ауылдық округінде «BIZ BIRGEMIZ» республикалық акциясы жалғасын табуда, деп жазады Төлеби аудандық Nur Otan партиясының филиалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі. Алатау ауылдық бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен, ауылдық округтің тумасы, жеке кәсіпкер Бегалыұлы Даулет есімді азаматтың демеушілігімен әлеуметтік аз қамтылған 100 отбасына азық-түлікпен көмек көрсетілді. Кәсіпкерлер қиын кезеңде халқымыздың жанынан табылып, игі бастамалардың бас қасында жүріп, қол ұшын ...

Толығырақ »

277 556 АДАМҒА ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ТАҒАЙЫНДАЛҒАН

2020 жылғы 2 мамыр, сағат 9-дағы мәлімет бойынша Шымкент қаласынан төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік төлемді алу үшін арнайы портал, сайттардан 534 493 адамнан өтініш түскен. Оның ішінде 277 556 адамға әлеуметтік төлем тағайындалған болса, 252 806 азаматтың өтініші бойынша оларға әлеуметтік төлем тағайындалмайтындығы анықталып, кері қайтарылған. Жалпы әлеуметтік төлем алатын 277 556 азаматтың ішінде 264 774 өтініштер бойынша, ал, 12 ...

Толығырақ »

ПОЛИЦЕЙЛЕР СУ ТАСҚЫНЫНА БАЙЛАНЫСТЫ КӨШІРУГЕ ҚАТЫСТЫ

Түркістан облысының 450 полицейі Мақтаарал ауданының тұрғындарын су басу қаупіне байланысты көшіруге қатысты, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Естеріңізге сала кетейік, 01 мамыр күні Сардоба су қоймасы бөгетін су шайып кетуіне байланысты Өзбекстан Республикасының Сырдария облысындағы елді-мекенді су басты. Көрші мемлекеттің облыс басшылығының шешімімен су қоймасында су мөлшерін азайту мақсатында орталық тармақ арнасы арқылы суды ағызу ...

Толығырақ »

КЕЛЕС МАҚТААРАЛМЕН БІРГЕ

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында орын алған төтенше жағдайға байланысты, облыс әкімі Ө.Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, Келес ауданы Фердауси және Жантақсай елді мекендеріне жауапты болып бекітілді, деп жазады Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпарат агенттігі. Елдімекенің кіріс — шығыс жолдарына арнайы бекеттер қойылып, жағдай бақылауға алынды. Осы жұмыстарға Келес ауданды әкімдігі және полиция бөлімінің 70 қызметкері және техникадан 4 ...

Толығырақ »

COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫМЕН АУЫРҒАН НАУҚАС ЖОҚ

Мақтаарал ауруханаларында COVID-19 инфекциясымен ауырған науқас жоқ, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі. Бүгінгі күнде Мақтаарал ауданындағы су тасқыны барша жұртты алаңдатып отыр. Қазіргі таңда аталған аймақта 4 елді мекеннен 5400 адам эвакуацияланды. Тұрғындардың біразы туыс- туғанына кетсе, үш мыңға жуығы Мақтаарал ауданы, Атакент кентіндегі 10 мектепке бөліп орналастырылды. Азық- түлік, ыстық тамақпен толық ...

Толығырақ »

АЙТЫЛМАСА, СӨЗ АТАСЫ ӨЛЕДІ!

2019 жылдың тамызынан бері Сәкен Қалқаманов – Түркістан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келеді. Өте жақсы атқарып келеді. Керемет десе де, боларлықтай. Бірақ, біздің тілімізде емес. Сонда қалың қазақ тұратын өңірдің басшыларының бірі халық тілінде сөйлемей ме? Жоқ, ол халықтың да, балықтың да тілін өте жақсы біледі. Сөйлегісі келсе, сөйлеп те қояды. Бұл жерде бір нәрсені ғана түсінбей отырмыз – ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЖАСАҒАН МӘЛІМДЕМЕСІ

2020 жылды 1-мамыр күні Өзбекстан Республикасындағы «Сордаба» су қоймасы бұзылып, Мақтаарал ауданындағы «ЦГК» каналына 300 миллион текше метр су келіп құйылған. Соның салдарынан Мақтаарал ауданында жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай қалыптасып отыр. Өзбекстан республикасының Су шаруашылығы министрі Хамраевтың берген ресми мәліметіне сәйкес, қазіргі таңда «Сордаба» қоймасынан су жіберу жұмыстары толық тоқтатылған. Дегенмен түнімен аққан сарқырама су «ЦГК» каналына жиналды. Аталған каналдың ...

Толығырақ »

ШҰҒЫЛ АҚПАРАТ!

2 мамыр, сағат таңғы 4.30 кезінде Мақтаарал ауданының шекарасында өткізу қуаты секундына 120 м3 болатын «Центральный голодностепный Коллектор (ЦГК)» арнасында су ағыны орын алып, Жеңіс, Жаңа Тұрмыс ауылдарында су деңгейі көтерілді. Облыстық маңызы бар Мырзакент –Жеңіс -Жаңа Тұрмыс авомобиль жолын су алып кетуі салдарынан көліктер жүре алмауда. Қазіргі таңда апатты-құтқару жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ Мырзакент, Фердоуси, Атакент кентіне қарасты Жантақсай елдімекендері ...

Толығырақ »

БІР ТУДЫҢ АСТЫНДАМЫЗ!

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесіне орай Ізгілік елшісі жобасы аясында, Шымкент қаласы Абай аудандық соты мен Шымкентте қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және Алия перделер жеке ателье демеушілігімен, «Жастар қуаты» еріктілер тобы мен «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі бірлесе «Біргеміз» акциясы аясында шетелдік студенттерге азық-түліктер мен бетперделер таратты. Төтенше жағдайға байланысты ақылы түрде білім алып жатқан шәкірттердің жалдамалы ...

Толығырақ »

ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

Қаратау ауданына қарасты Сайрам тұрғын алабындағы облыстық маңызы бар көпірдің құрылысымен аудан әкімі А. Әліқұлов арнайы танысты. «Әлем Транс Жол» ЖШС тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарды бақылап, құрылыстың сапасына назар аударды. Шымкент қаласы мен Төле би ауданын қосып жатқан өткелмен тәулігіне 7-8 мың көлік қатынайды. Сондықтанда аудан әкімі мердігерге көпірді уақытылы әрі сапалы етіп тапсыруды ескертті. © DIDARBEK.kz

Толығырақ »

4 МАМЫРДАН БАСТАП…

Шаһарда бүгіннен бастап кейбір кәсіпкерлік нысандарын қалпына келтірудің екінші кезеңіне тіркеу басталды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов баспасөз-брифингінде мәлімдеді. — Қаламызда бүгіннен бастап, бірінші кезеңде бірқатар нысандар қызметін қайта бастап, қалыпты жұмыс режиміне өтті. Атап айтсақ, химиялық тазалау, кір жуу, кілем тазарту, тұрмыстық, медициналық және өндірістік жабдықтарды жөндеу орталықтары, тұрмыстық және кеңсе жабдықтарын сататын дүкендер, автожуу, май ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: 5 НАУҚАС ІНДЕТТЕН АЙЫҚТЫ

Түркістан облысында коронавирус инфекциясынан жазылып шыққан азаматтардың қатары күн санап артуда. 1 мамырдағы ақпарат бойынша Түркістан облысында 5 азамат коронавирус инфекциясынан жазылып, облыста бүгінге дейін инфекциядан жазылғандар саны 43-ке жетті. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Жетісай ауданы, Асық ата кентінің 1971 жылғы, 1980 жылғы, 1970 жылғы, 1990 жылғы азаматтары және Жетісай қаласының ...

Толығырақ »

РЕСЕЙДЕ ОҚЫП ЖҮРГЕН СТУДЕНТТЕР ЕЛГЕ ОРАЛУДА

Елімізде төтенше жаңдай жарияланғаннан соң көптеген отандастарымыз түрлі жағдаймен алыс-жақын шетелде болды. Осы орайда мемлекетіміз азаматтарын елге аман –есен жекізу бойынша көптеген шаралапр қолға алып, нәтижелі жұмыстар жүргізуде. Бүгінде Ресей Федерациясында білім алып жүрген Түркістан облысының студенттері елге оралуда. Тексеруден өткен жастарды азық-түлікпен және көлікпен қамтамасыз етуде Түркістан облысы әкімдігі мұрындық болуда. Осы игі бастама арқасында соңғы аптада 30-ға жуық ...

Толығырақ »