Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Төтенше (страница 24)

Төтенше

ТАЗА АУЫЗ СУ ТАРТЫЛДЫ

Түркістан облысы Сайрам ауданы Құтарыс ауыл округіне қарасты Қызылжар елдімекенінде орталықтандырылған ауыз су құбырының құрылыс жұмыстары аяқталды. Нәтижесінде 148 отбасы таза ауыз суға қол жеткізіп отыр. Бұған дейін құдық суын пайдаланып келген ауылдағы құрылыс жұмыстары өткен жылдың шілде айында басталып, биылғы сәуір айында аяқталған. Құрылысқа жауапты мердігер мекеме- «СИН» ЖШС-гі. Орталықтандырылған ауыз су жүйесіне бастапқыда 130 абонентті қосу жоспарланғанымен, қазір нақты ...

Толығырақ »

БИЫЛ ЕГІС КӨЛЕМІ 800 МЫҢ ГЕКТАРДАН АСАДЫ

Түркістан облысында биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 825,4 мың гектарға жеткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов мәлімдеді, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Оның айтуынша, өңірде егістікті әртараптандыруға сәйкес, көкөніс-бақша дақылдарының егіс көлемі — 122 мың га, мал азықтық дақылдар — 213 мың га, майлы дақылдар көлемі — ...

Толығырақ »

4 ЖАҒДАЙ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Ауру жұқтырған азаматтар 1964 ж., 1984 ж., 1985 ж., 1991 жылғы Шымкент қаласының тұрғындары. Науқастар 17-сәуір күні коронавирус инфекциясы анықталған 1966 жылғы адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ...

Толығырақ »

НОУТБУКТАР ТАРТУ ЕТІЛДІ

Шымкенттік медицина қызметкерлерінің балаларына ноутбуктар тарту етілді. Қашықтан оқу жүйесіне көшкен дәрігерлердің балаларына сыйлықтарды «ASAA» жастар қоғамдық бірлестігінің еріктілері жеткізіп берді. Қайырымдылық шара коронавирус инфекциясы пандемиясына қарсы күресте аянбай еңбек етіп жүрген медициналық қызметкерлері мен олардың балаларын қолдауға бағытталған. Шараға Әлеуметтік даму қоры мен Назарбаев Университеті демеушілік жасады. Аталған қор Ұлттық волонтерлер желісімен бірлесіп, үйінде компьютері жоқ медициналық қызметкерлердің балаларына көмек ...

Толығырақ »

САЙРАМ: ЖЕҢІЛ АВТОКӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ ТОҚТАТЫЛМАҚ

Сайрам ауданы, Манкент ауылының орталық көшесінде жеңіл автокөліктің жүруіне шектеу қойылады. Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков төтенше жағдайға байланысты шектеулердің орындалуын бақылау барысындағы рейдтік іс-шарасын Манкент ауыл округінде жалғастырды.  Бұл туралы Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Сапар барысында ондағы жағдай тұрақтылығына көз жеткізіп, ауыл округінің әкімі Ш.Убайдуллаевқа орталық көшені жабуға тапсырма берді. Қазіргі таңда бұл аумақта ...

Толығырақ »

400 АДАМ ЖАЗЫЛЫП ШЫҚТЫ

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны күннен-күнге артуда. Жазылғандар саны да қуантып келеді. Дәл қазіргі мәлімет бойынша 400 адам жазылып шықты: Нұр-Сұлтан қаласы – 177 Алматы қаласы – 84 Шымкент қаласы – 11 Ақмола облысы – 17 Ақтөбе облысы – 7 Алматы облысы – 8 Атырау облысы – 21 Жамбыл облысы – 6 Батыс Қазақстан облысы – 2 Қарағанды облысы – 12 ...

Толығырақ »

БҰЛ ІНДЕТТІ ЖЕҢУ ҮШІН ТАЛАПТАР МЕН МІНДЕТТЕРДІ МҮЛТІКСІЗ ОРЫНДАУЫМЫЗ КЕРЕК

Күллi әлемдi әбiгерге салған коронавирус iндетi бiздiң елiмiзде де күн сайын өршiп барады. Дерттi болғандардың ұзын саны мыңнан асып жығылды. Облысымызда да жүзге жуық азамат аталған дертке шалдықты. Көршiлес Жетiсай, Мақтаарал, Арыс аудандарынан осы ауру белгiлерi анықталды. Олардың бойындағы дерттiң белгiлерi ерте анықталып, аурудан айығып жатқандары көңiлге демеу. Алайда сақтық шараларын бiр сәтке де босаңсытуға болмайды. Пайым, түсiнiкпен алар болсақ, әр ...

Толығырақ »

ЖЫЛЫЖАЙҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛМЕК

Алдағы бірер жылда Шымкент маңайында жылыжай шаруашылығы дамиды. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтеновтің жергілікті шаруалармен жүздесуінде айтылды. Жабық жылыжай кешендердің көлемін арттыру мақсатында «Оңтүстік» көліктік логистикалық аймағынан 136 гектар жер қарастырылыпты. Оның 100 гектары өнеркәсіптік кешен болады. Қалғанын инфрақұрылым қамтиды. Жоба жүзеге асса мыңдаған жаңа жұмыс орны ашылып, жұрт жыл он екі ай көкөніспен қамтылатын болады, дейді қалалық ауыл ...

Толығырақ »

КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов мәлім етті. Мақсұт Пернебайұлының айтуынша, коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына жол бермеу және эпидемиологиялық жағдайдың асқынуының алдын алу мақсатында Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 18 сәуірдегі №11 «Карантиндік шараларды күшейту туралы» қаулысы шықты. Бұл Шымкент қаласы бойынша төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік комиссияның 17.04.2020 ...

Толығырақ »

УАҚЫТША ТОҚТАТЫЛАДЫ

Бұл туралы Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы қоғамдық көлік бөлімінің басшысы Наурыз Сүгірәлиев мәлімдеді. — Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін, тұрғындардың өмірін және денсаулығын қорғау мақсатында, 2020 жылғы 18 сәуірдегі Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің №11 Қаулысына сәйкес, 2020 жылы 19 сәуірден 1 мамырға дейін қалалық қоғамдық көліктің жұмысы уақытша тоқтатылады, — деді Н. Сүгірәлиев. ...

Толығырақ »

БЕТПЕРДЕЛЕР ТАРАТЫЛДЫ

Шымкент қаласына коронавирусқа байланысты «Birgemiz» қоғамдық қорынан келген 1 миллион бетперде халықтың әлсіз топтарына кіретін отбасыларға тегін таратылуда. Бүгін «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы өкілдері Әл-Фараби ауданындағы Сәуле, Қошқарата, Текесу елді мекендері және Терешкова көшесін аралап, аз қамтылған отбасыларға тегін медициналық бетперделер таратты. Сонымен қатар, Еңбекші ауданындағы Көксай 2, Көксай 3, Жастар 1, Жастар 2 тұрғын алаптары мен Теміржол ...

Толығырақ »

Қ-Ж.ТОҚАЕВҚА РАҚМЕТ!

Бізді сын сағатта қолдаған Қ.Тоқаевқа рақмет! Дүниежүзін әбігерге салған ауыр індетке байланысты ел аумағында төтенше жағдай жаряланды. Қаншама компаниядар мен өндіріс орындары жұмысын доғарды. Мемлекеттер шекарасын жауып, барыс-келіс, қозғалыс тоқтатылды. Қазақстан да қауіпсіздікті бірінші орынға қойып, кешенді шараларды қолға алды. Карантин енгізіліп, дәрігерлер мен полицейлер, әскерилер күшейтілген жұмыс режиміне ауысты. Ел Үкіметі мен жергілікті әкімдік барлық іс-шараларды жүйелі үйлестіріп, тұрғындардың ...

Толығырақ »

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ЖАСАЛУДА

«Бала күтіміне байланысты демалыста жүргендерді бөлек санатқа бөлмейміз. Олар да барлық азаматтар сияқты әлеуметтік төлемге өтініш бере алады». Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтқан болатын. Елдегі орын алып жатқан бүгінгі жағдайға байланысты бала күтіміндегі аналар да 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемге өтініш білдіруде. Соның бірі шымкенттік — Ақбота Сағындықова. — Мен бала күтімімен ...

Толығырақ »

МЕРЕЙІМІЗДІ ТАСЫТТЫ

Коронавирус індетіне байланысты елімізде жарияланған төтенше жағдайға орай табысынан айырылған тұрғынның бірі -.Ержан Сәрсенбайұлы. Шымкент қаласының тұрғыны әлеуметтік желі арқылы көрсетілген көмек үшін алғысын білдірді. — Мен Шымкент қаласының тұрғынымын. Еліміздегі төтенше жағдайға орай табысымнан айырылып қалдым. Осындай қиын сәтте әр тұрғынның жағдайын ойлаған Мемлекет басшысының саясатына риза болдым. Өзім сауда орындарының бірінде жұмыс істейтінмін. 42 500 теңгеге өтініш бердім. ...

Толығырақ »

БҮГІНГІНІҢ БАТЫРЫ – БАҚТЫБАЙ

37 жасар полиция майоры Бақтыбай Байбөриев Қазақстанда төтенше жағдай жарияланғалы Шымкент қаласында тұрғындардың қауіпсіздігі үшін аянбай қызмет етіп, алдыңғы қатарда жүр. ​ Абдулабад тұрғын алабында орнатылған блок-бекетте күнделікті жұмыс істейтін полицейдің міндеті – жұқпалы індеттің алдын алу, азаматтар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, рұқсат берілген көліктер мен азаматтарды жіті тексеру. Сын сағатта уақытпен санаспай күшейтілген режимде жұмыс істеп жүрген барлық мамандардың ...

Толығырақ »

ЖАС ОТБАСЫЛАРҒА ҚОЛДАУ БОЛДЫ

— Екі баланың тәрбиесімен үйде отырған жас анамын. Күйеуім осы кезге дейін өзн-өзі жұмыспен қамтып, отбасын асырап келген еді. Төтенше жағдайға байланысты қалада карантин жарияланып, күйеуімнің жұмысы тоқтап қалды. Өзім Атамекен Палатасының «Бизнес Бастау» бағдарламасымен оқып, енді кәсібімді бастаған болатынмын. Ол да уақытша тоқтады. Мемлекеттен берілетін 42 500 теңге көмек отбасымызға тағайындалғанын естігенде қуандық. Телефоныма хабарлама келген соң, үш күннің ...

Толығырақ »

ЖАҒДАЙЫМЫЗДЫ ЖАҚСАРТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН

— Пандемияға байланысты елімізе болып жатқан жағдай кезінде мемлекетіміздің көмекке мұқтаж жандарды назардан қалдырмай, қол ұшын беріп жатқанына алғыс айтқым келеді. Бала күтімімен демалыста отырмын. Үш баланың анасымын. Күйеуім өзін-өзі жұмыспен қамтып, отбасын асырап жүрген азамат. Төтенше жағдай кезіндегі әлеуметтік төлем — 42 500 теңге төлем шотыма түсті. Қазіргі кезде жұмыс орындары уақытша тоқтап, қалада карантин жарияланған кезде бұл қаражаттың ...

Толығырақ »

ТІГІНШІ АЛҒЫС АЙТТЫ

Шымкентте табысынан айырылып, кәсібін тоқтатқандарға мемлекет тарапынан ең төменгі мөлшерде қолдау көрсетілуде. Тігіншілікпен жеке кәсібін дөңгелетіп келген қала тұрғыны Айгүл Акимова да әлеуметтік қолдауға ие болды. Он саусағынан өнер тамған ісмердің шағын шеберханасы елдегі төтенше жағдайға байланысты жұмысын тоқтатқан болатын. Бұған дейін «Бизнес-бастау» жобасына қатысып, қаржылық көмектің нәтижесінде тігін шеберханасын ашқан жерлесіміз үкімет тағайындаған әлеуметтік көмекті зор ықыласпен қабыл алғанын ...

Толығырақ »

БҮГІНГІНІҢ БАТЫРЫ

Биылғы ақпанда Шымкент қалалық №11 емханаға 4-санатты фельдшер болып қабылданған Нұрдәулет Тұрғанбек бүгінде Шымкент қаласының сыртында орналасқан Еңбекші блок-бекетінде індеттің алдын алу бағытында тынымсыз жұмыс істеп жүрген медицина мамандарының бірі. ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың короновирус індетіне байланысты ел аумағында 16 наурыздан төтенше жағдай режимін енгізуі Нұрдәулеттің жұмысына деген жауапкершілігін екі есе арттырды. 21 жасар жас маман әлемді жайлаған мына вирусты ауыздықтаудың ...

Толығырақ »

11 ЖАҒДАЙ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Ауру жұқтырған азаматтар 1956 ж., 2004 ж., 1978 ж., 1981 ж., 1977 ж., 1992 ж., 1967 ж., 1946 ж., 1969 ж., 1968 ж., 1979 ж., Шымкент қаласының тұрғындары. Олар коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. Ауру жұқтырған 11 азамат екі отбасының мүшелері. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы ...

Толығырақ »

ҚАЛА ӘКІМІ БАЯНДАДЫ

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласының әкімімен телефон арқылы сөйлесті. Талқылаудың негізгі тақырыбы – коронавируспен күрес, қазіргі санитарлық-эпидемиологялық жағдай және аймақтардағы карантиндік шаралардың орындалуы жайы айтылды. Мемлекет басшысының азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету, шағын және орта бизнестің кезең-кезеңмен іске қосу, көктемгі дала жұмыстары мен жұмыспен қамтудың жол картасын іске асыру туралы тапсырмаларының орындалуы сөз болды. Аталған мәселе бойынша Шымкент қаласының ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫС КАРАНТИН РЕЖИМІНЕ КӨШЕДІ

Түркістан облысында COVID-19инфекциясын жұқтырғандар саны 50-ден асты. Азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау, халық арасында коронавирустық инфекцияның кеңінен таралуының алдын алу мақсатында, 2020 жылғы 18-ші сәуір күні түнгі сағат 24.00-ден бастап, облыс аумағында карантин режимі енгізіледі. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Бұл ретте төтенше жағдай кезінде қандай шектеулер мен шаралар жүзеге асатыны туралы ...

Толығырақ »

САҚТЫҚТА ҚОРЛЫҚ ЖОҚ

Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдайға байланысты Республикамыздың балалары жоспардан тыс демалыста. Балалардың қараусыз қалуы қайғылы оқиғаға әкеліп соқтыруы мүмкін. Осы жылдың 3 сәуірінде Нұр- Сұлтан қаласында баланың терезеден құлап кету қайғылы оқиғасы орын алды. Сондықтан Түркістан, Арыс, Ленгер, Сарыағаш, Кентау, жетісай, т.б., секілді көпқабатты үйлер орналасқан қалаларда төтенше жағдайлар бөлімдерінің мамандары ата — аналарға: балалармен жазатайым оқиғалардың ықтималдығын болдырмау үшін ...

Толығырақ »

БЕТПАҚТАР ҚАЙДАН ШЫҒАДЫ?

Бала кезімізден: «Әйел – ана, әйел – бақыт, әйел – гүл» деп тәлім-тәрбие алған едік. Қарындасың да – әйел, қызың да – әйел. «Әйел бір қолымен бесік тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді», – деуші еді үлкендер. Сөйтсек… Бірде Қорқыт ата оғыз қағанының өзіне тікелей қарата айтып, ел-жұртына мынадай өсиет қалдырыпты: «Әйелдің өзі түрлі болады. Оның бірі – ниеті қураған әйел, ...

Толығырақ »

ӨЛІМІ АУЫР ТИГЕН ӘКІМДЕР

Бұл азаматтар мәңгі ел есінде қалды – жайлы-жайсаң мінездерімен, іскерліктерімен, елге деген сүйіспеншіліктерімен, асқан абыройларымен. Олар елді сүйді, ел оларды сүйді. Сондықтан өмірден өткен бірқатар абзалдарымызды еске алып қойсақ деген ниеттеміз. Жатқан жерлері жайлы, топырақтары торқа болсын!.. 1. Жақсылық АРЗЫМБЕТОВ Төлеби ауданының 1947 жылғы тумасы, 1994 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған ел ағасы Сарыағаш ауданының әкімі қызметінде ...

Толығырақ »