Апта бұрын Түркістан қаласындағы тұрғын үйдің бірі тілсіз жаудан өртке оранғанын және дер кезінде төтенше жағдайлар қызметкерлері ауыздықтағаны жөнінде БАҚ құралдарында жазылған болатын. ⠀ Осындай өрттің арасында қалған отбасының қызы мен екі немересін аман алып қалған Ғазиз Серікбайұлын шаһар басшысы Рашид Аюпов қабылдауына шақырып, алғыс хат тапсырды. ⠀ «Сізді «Бүгінгі күннің батыры» деп атаудың жөн екенін көріп отырмын. Өрт — ...
Толығырақ »Ауыл жаңалықтары
ОРДАБАСЫ: АУДАН ӘКІМІ 6 АЙДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Түркістан облысы, Ордабасы ауданының әкімі Ә.Өсербаев 2019 жылдың 6 ай қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатын өткізді. Баспасөз мәслихатында аудан басшысы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін негізгі салалар бойынша көрсеткіштерді атап өтті. Осы ретте, Ордабасы ауданының әлеуметтiк-экономикалық жағдайы серпiндi дамып келе жатқан аудандардың бiрi ретінде 2019 жылдың 6 айында жалпы өңiрлiк өнiмi 28,3 млрд теңгенi құрап, өткен жылмен салыстырғанда 17,4 пайызға артқан. ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ КЕРУЕНІ НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНА АТТАНДЫ
ҚР Конституция күніне орай, ағымдағы жылдың 31 тамыз және 1 қырқүйек күндері аралығында Нұр-Сұлтан қаласында тұрақты дәстүрге айналған Түркістан облысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Осыған байланысты бүгін түркістандық өнімдердің керуені жолға шықты. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. Жәрмеңкеге 40-қа жуық тауар өндіруші 275 тонна ауыл шаруашылығы өнімдерін халыққа ұсынады. Атап айтқанда, ...
Толығырақ »АРЫС: ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ МЕН ШАРДАРА АУДАНЫНА ҚАРАСТЫ 3-СЕКТОРДЫҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ТОЛЫҚ АЯҚТАЛДЫ
Бүгін Арыс қаласындағы Жамбыл облысы мен Шардара ауданына тиесілі 3-сектордағы құрылыс жұмыстарының аяқталуына орай салтанатты шара өтті. Бұл туралы Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. Жиында Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Қосман Айтмұхаметов Арыс қаласын қайта қалпына келтіруге атсалысқан құрылысшылар мен белсенді азаматтарға алғысын білдірді. Сонымен қатар, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев қалада орын ...
Толығырақ »АРЫС: 1-СЕКТОРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫНА АТСАЛЫСҚАН БЕЛСЕНДІЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ
Арыс: 1-сектордың құрылысына атсалысқан белсенділер марапатталды, деп жазады Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі. Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары 17 секторға бөлініп, облыс пен аудандарға тапсырылған болатын. Соның бірі Атырау облысы мен Жетісай ауданына қарасты №1-сектор. Қазіргі таңда аталған аумақта құрылыс әрі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын.Осыған орай, бүгін Арыс қаласындағы құрылыс жұмыстарына белсене араласқан құрылысшылар, еріктілер, ...
Толығырақ »САРЫАҒАШ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің өкімімен Түркістан облысы Сарыағаш ауданының әкімі болып ОТАРШИЕВ Мұхит Баймұханбетұлы тағайындалды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. Мұхит Баймұханбетұлы 1981 жылы 26 қыркүйекте Алматы қаласында туған, білімі жоғары, біліктілігі заңгер, экономист. Еңбек жолын 2002 жылы Алматы қалалық ішкі істер департаментінің Жедел қызмет басқармасының жедел уәкілі болып бастаған. 2005 — ...
Толығырақ »ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің өкімімен Түркістан облысы Отырар ауданының әкімі болып ЖҮНІСОВ Әбдіғали Айтжанұлы тағайындалды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. Әбдіғали Айтжанұлы 1959 жылы 15 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы Қызылқұм (қазіргі Отырар) ауданы Шәуілдір ауылында туған, білімі жоғары, біліктілігі «Орман және парк шаруашылығының инженері» және «Ауылшаруашылығының инженер-механигі». Еңбек жолын 1976 жылы Оңтүстік ...
Толығырақ »ТАЙҚАЗАННЫҢ ҚҰЙЫЛҒАНЫНА 620 ЖЫЛ
Кентау қаласындағы Қарнақ ауылында Тайқазанның құйылғанына 620 жыл толуына арналған жиын өтті. Аталған шараға Тайқазан тарихын зерттеушілер мен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұжымы және Тайқазанды құйған шебер Әбділ Әзиз Шарафаддин Тебризидің ұрпақтары қатысты. Жиын аясында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі арнайы көрме ұйымдастырды. Көрмеге Тайқазанның тарихынан сыр шертетін суреттер қойылды. Сондай-ақ Тебризи ұрпақтары тарихи жәдігерлерді жасап шыққан бабаларының рухына ...
Толығырақ »Кентаулық полицейлер шаһардағы тәртіпсіздіктің алдын алу мақсатында түнгі рейдтік шараларды күшейтті
Кентау қаласының полицейлері демалыс күндері көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстардың жолын кесу, сонымен қатар тәртіпсіздікті болдырмау мақсатында түрлі жедел іс-шараларды ұйымдастырып келеді. Бұл туралы Түркістан облысы ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды. Аталмыш шаралар барысында полиция қызметкерлерінің арнайы күштері жұмылдырылып, ойын-сауық орталықтары, түнгі клубтар, дәмханалар, қалың жұртшылық түнгі уақытта көп жиналатын орындар тыңғылықты ...
Толығырақ »БИЫЛҒЫ ОҚУ ЖЫЛЫНАН БАСТАП ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ЖАСТАР ТӘРБИЕСІМЕН ҚОСЫМША АЙНАЛЫСАТЫН ӘКЕЛЕР ЖӘНЕ АНАЛАР ҰЙЫМЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН БОЛАДЫ
Бүгін Жетісай ауданы Құрманбек Жандарбеков атындағы драма театр ғимаратында жыл сайынғы педагогикалық қызметкерлердің ««Қоғамдық сананы жаңғырту жағдайында білім берудегі дәстүрлер мен иновациялар»» тақырыбымен тамыз кеңесі өтті. Кеңесті Жетісай ауданы білім бөлімінің басшысы Тұрсын Мырзалиев жүргізіп отырды. Кеңеске Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының бас маманы Қайрат Әбдірахымұлы Арап, Жетісай ауданының әкімі Бейсенбаев Жамантай Қанайұлы, аудандық мәслихаттың хатшысы, депутаттар, аудан әкімінің ...
Толығырақ »Жаңа оқу жылына орай полицейлер «Жүректен жүрекке» акциясын өткізуде
Төлеби ауданында дәстүр бойынша республикалық «Мектепке жол» акциясы түрлі мекеме қызметкерлері және кәсіпкерлердің қолдауымен өткізілуде. Бұл туралы Түркістан облысы ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды. «Жүректен жүрекке» деген атаумен ұйымдастырылған қайырымдылық шарасында көп балалы аналар мен аз қамтылған отбасының балаларына кеңсе тауарларымен қоса сөмке, киім-кешектер және басқа да қажетті затар тегін үлестірілуде. Мұндай көмекті аудандық полиция бөлімінің полицейлері де ...
Толығырақ »Созақтық сақшылардың қайырлы істері
Жыл сайынғы өткізілетін «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясын Түркістан облысының полицейлері де қалыс қалмай жылдан жылға ұйымдастырып келеді. 2019-2020 оқу жылында көмекке мұқтаж отбасынан шыққан балаларды әлеуметтік көмекпен қамту мақсатында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы сақшылар тарапынан ағымдағы жылдың тамызынан бастау алды. Бұл туралы Түркістан облысы ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды. Бұл акцияның мақсаты – аз қамтамасыз етілген және ...
Толығырақ »«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТҮЛКІБАС АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ
Бүгін «Nur Otan» партиясы Түлкібас аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде кезекті қоғамдық қабылдау өткізілді. Қоғамдық қабылдауға Нұранов Асланбек Тұрабекұлы — «Nur Otan» партиясы Түлкібас аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары; Сарсембаев Мұратжан Сәлікбайұлы – Аудандық мәслихаттың депутаты; Қуанышбеков Бахытжан Шераханұлы — «Nur Otan» партиясы Түлкібас аудандық филиалының кеңесшісі; Беріков Мейірбек – Аудан прокурының аға прокуроры; Айдарбеков Асқар – Аудандық мәслихаттың депутаты; ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА БЕТОН ЗАУЫТЫ АЙЫНА 30 МИЛЛИОН ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ӨНДІРУДЕ
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында айына 30 миллион теңгенің дайын өнімін шығаратын кәсіпорын жұмыс істеуде. 2009 жылы Шымкент қаласында негізі қаланған «Ғибрат Құрылыс» ЖШС биыл Мақтааралда қайта тіркеуден өткен. Шолпан Дүйсенбина басшылық ететін кәсіпорын Мақтааралда ПУИД-2 жобасы аясында жалпы жобалық құны 115 миллион теңгенің тапсырысын қабылдап, ағын су жүйелерін салу мен оларға қажетті өнімдер шығару, каналдарды тазартудан бөлек, газ желілеріне және ...
Толығырақ »СПОРТ ДЕГЕН БІР СИҚЫР
Бұқаралық спорт – бұл ұлт саулығы, үлкен спорт, ел абыройы. Елімізде тамыз айының үшінші жексенбісі әр жыл сайын бүкілхалықтық «спорт күні» ретінде тойланады. Салауатты өмір салтын насихаттауға арналған спорттық мереке бүгін ауданымызда да кең көлемде аталып өтілді. Спорт саласы мамандарының кәсіби мерекесіне Отырар ауданы әкімінің міндетін атқарушы Әбдіғали Жүнісов пен аудандық мәслихат хатшысы Мырзахан Манапов арнайы қатысып, аудан спортшыларын төл ...
Толығырақ »САЙРАМ: КАНАЛДАР ТАЗАРТЫЛЫП ЖАТЫР
Сайрам ауданында каналдар тазартылып, су арналарының көздерін ашу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz». Сайрам ауданы бойынша ауылшаруашылығы суармалы жерлерінің көлемі 18500 Га құрайды. Олар толық игерілуде. Ағын су суармалы жерлерге коммуналдық меншіктегі 47 канал және жеке меншіктегі 5 канал арқылы жеткізіледі. Алайда су арналарын жылдар бойы қамыс басып, жағалауларының тарылуы олардың су өткізу ...
Толығырақ »«ЖАС КӘСІПКЕР» – ІСКЕР ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА ОҚУ ЖОБАСЫМЕН ТАНЫСТЫРУ ЖАЛҒАСУДА
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жас кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауға бағытталған «Жас кәсіпкер» пилоттық білім беру жобасын іске қосты. Осы тұрғыда кәсіппен айналысып, табысты болуды қалайтын жастарды қолдап, оларға мүмкіндік беру мақсатында Көксу ауылдық округінің тұрғындары және жастарымен «Жас кәсіпкер» бағдарламасын насихаттау бойынша кездесу өткізілді. Қазақстанда 2019 жыл – «Жастар жылы» деп ресми жарияланғаны белгілі. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіп бастап, өзінің бағытын ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН-КЕЛЕС: ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНА ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ
«Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиалы тарапынан бақылауға алынған Келес ауданы аумағынан өтетін Республикалық маңызы бар А-15 автомобиль жолының 144-175 шақырым аралығында орташа жөндеу жұмыстарының жүруіне байланысты ауыр жүк көліктеріне айналма жол ретінде берілген облыстық маңызы бар КХ-72 «Абай –Шардара» автомобиль жолының бүлінген жерлерін қалпына келтіру жайлы «ҚазАвтоЖол» Ұлттық Компаниясы» Акционерлік қоғамы Түркістан облыстық филиалы басшысына ескерту хат жоданып, ескертулер ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАНДАҒЫ 15 СЕКТОР ТҰРҒЫНДАРЫНА АРНАП АС БЕРІЛДІ
Түркістан қаласын дамыту жоспарына сәйкес облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен қала аумағы 16 секторға бөлініп, оларға жауапты ретінде облыстың аудан, қалалары мен облыс әкімдігіне қарасты басқармалар бекітілген болатын. Жетісай ауданы мен облыстық қоғамдық даму басқармасы қаладағы 15 сектор жұмыстарына жауапты ретінде танылған. Бүгін 15 сектор штабы орналасқан Бірлік елдімекенінде Жетісай ауданы мен Қоғамдық даму басқармасы қала тұрғындарына арнап дастархан жайып, ...
Толығырақ »ТҮЛКІБАС: «БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ МЕН ЛАУАЗЫМДЫ ҚЫЗМЕТТЕР» ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Бүгін Түлкібас ауданында «Бос жұмыс орындары мен лауазымды қызметтер» жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкенің ашылуында Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары Е.Күзембаев, жұмыс іздеп келген аудан тұрғындарына жәрмеңкенің шарттарын түсіндірді. Бұл туралы Түлкібас аудандық білім бөліміне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. Жәрмеңкенің мақсаты аудан аумағында орналасқан мекемелердегі бос орындарды жариялап, сол бос орындарға жұмысқа орналасам деуші азаматтарға қолдау көрсету. Жәрмеңкеге 54 жұмыс беруші мекемелерден ...
Толығырақ »«ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ГАЗЕТІ АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ Д.ҚЫДЫРӘЛІ АРЫС ҚАЛАСЫНДА
Қазіргі таңда Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Осы орайда, бүгін Арыс қаласындағы төтенше жағдайға байланысты тарих ғылымдарының докторы, Халықаралық түркі академиясының Президенті және «Егемен Қазақстан» республикалық газеті акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Қыдырәлі Дархан Қуандықұлы қаламызға арнайы іс-сапармен келіп, бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралап, қаланы қалпына келтіру жұмыстарымен танысты. Бұл туралы Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ...
Толығырақ »ӘКІМНІҢ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ
Түркістан облысы, Ордабасы аудандық Жастар сарайында Қажымұқан ауыл округінің әкімі Саттархан Өтебаевтың 2019 жылдың 6 айда атқарылған жұмысы бойынша есебі және 2019 жылғы алда тұрған міндеттері туралы баяндамасы тыңдалды. Есептік жиынға аудан әкімі Әліпбек Өсербаев, бөлім басшылары, аудан тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты. Саттархан Батырханұлының мәлімдеуінше, қаржының игерілуі – 2019 жылы Қажымұқан ауыл округі аппаратына бюджеттен 156 миллон 345 мың теңге ...
Толығырақ »КЕНТАУДА «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ
Республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы дәстүрлі түрде өз жалғасын тауып келеді. Акцияның басты мақсаты балаларды орта біліммен толық қамтылуына жағдай туғызу. Акцияға Кентау қаласы әкімінің орынбасары Расұл Самат Әбдімүтәліұлы, Нұр Отан партиясының Кентау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Асылбеков Сағынбек Жақсыбекұлы және қалалық білім бөлімінің басшысы Ауелбеков Әділ Арысбайұлы қатысып балаларға деген ізгі тілектерін білдірді. Бұл акция тамыз айынан бастап ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАННЫҢ АБАТТАНУЫНА КЕЛЕСТІКТЕР АТСАЛЫСУДА
Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, Түркістан қаласын 16 секторға бөліп, оған жауапты ретінде облыстың аудан, қалалары мен басқармалары, жергілікті әкімдіктің дербес бөлімдері бекітілген болатын. Қаланы секторларға бөлудегі басты мақсат — қала аумағының инфрақұрылымын дамытып, абаттандыру, көгалдандыру және суландыру жұмыстарын жандандыру. Түркістан қаласындағы 16 — сектор бойынша атқарылатын шараларға Келес ауданы әкімдігі, Түркістан облысының Денсаулық сақтау басқармасы және Түркістан қаласы әкімдігінің ...
Толығырақ »ШАРУАЛАРДЫҢ ДАЛА СЕМИНАРЫ
Кезінде жүгері өнімін өндіруде алдына жан салмаған отырарлық шаруалардың даңқы жер-жерді шарлап, ауданымыз «жүгерінің отаны» аталып кеткен еді. Әрине, сол жылдары егіннен ең көп өнім алған еңбек адамдары үлкен құрметке ие болып жататын. Араға жылдар салып отырарлық шаруалар жүгері дақылын егуді қайта қолға ала бастады. Мұның себебі ауданымызда сорланған, тұзданған жерлерді игеруде жаңа инновациялық технологияны қолданудың тиімділігінде жатыр. Осыдан екі ...
Толығырақ »