Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары (страница 126)

Ауыл жаңалықтары

Бәйдібекте мерекеде туылған сәбиге күйші Дәулеткерей есімі берілді

«1 шілде — Ұлттық домбыра күні» мерекесінде туылған ең алғашқы сәбиге Бәйдібек ауданы әкімдігі тарапынан домбыра сыйға тартылды. Сәби мен анасын аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев мерекемен құттықтап, арнайы «Алғыс хатпен» марапаттаса, аудандық әжелер алқасының төрайымы Қарашаш Есенбекқызы сәбидің анасына орамал жапты. Ал, Қазақстанның құрметті журналисі, ауданның «Құрметті азаматы» Серікбай Дәулетбайұлы сәбиге домбыраны сыйға тартып, сәбидің есімін атақты күшідей болсын ...

Толығырақ »

Бәйдібекте «Ұлттық домбыра күні» мерекесі кеңінен аталып өтті

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен қоғамда ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде одан әрі топтастыру мақсатында алғаш рет ұйымдастырылып отырған, «Ұлттық домбыра күні» мерекесі Бәйдібек ауданында аталып өтті. Мерекелік іс-шараны аудан әкімі Танагузов Бахтбек Төленұлы ашып беріп, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында белгіленіп отырған Ұлттық домбыра күніне байланысты ұлтымыздың асыл ...

Толығырақ »

ҚОҢЫР ҮНДІ ДОМБЫРА

Ұлттық домбыра күнінің белгіленуі қазақ халқын ерекше қуантып отыр. Домбыра күнінің мерекеге айналуы — көнеден жеткен асыл қазынамызға, ұлттық мұрамызға берілген лайықты баға. Ұлттық домбыра күнін тұңғыш рет лайықты түрде атап өту үшін ауданның белсенді жастары «Шәміл-Дүр» жастар саябағына жиналды. Қазақ мұңайса мұңайып, қуанса шаттанып ұлттың жеңісінде рух көтеріп, делебе қоздырып қан ойнатқан алтын тиекті тәлім құралын ұлықтау шарасында өнерлі ...

Толығырақ »

Е.Айтаханов, Отырар ауданының әкімі: Домбыра — қазақ үшін тұтастай әлем, оның бүкіл өмірі

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Республикамызда тұңғыш рет шілденің алғашқы жексенбісі «Ұлттық домбыра күні» болып белгіленді. Осыған орай бүгін қазақтың жаны болып табылатын халықтық аспаптың құрметіне арналған айтулы мереке еліміздің түкпір-түкпірінде аталып өтуде. «Домбыраның пернесінде ән ғажап, домбыраның шанағында зарлы азап. Қазақ болып қалды мәңгі домбыра, домбыра боп қалса екен-ау әр қазақ» — деп жерлесіміз, ақын Серік Сейітман жырлаған қасиетті домбыра ...

Толығырақ »

Түркістан облысында «Мәдениет қамқоршысы – ауыл әкімі» атты семинар-кеңес өтті

Түркістан облысының Созақ ауданында облыстық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, облыстық Мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен  тұңғыш рет мәдениет үйлері мен ауыл әкімдерінің байланысын арттыруға арналған «Мәдениет қамқоршысы – ауыл әкімі» атты семинар-кеңес өтті. Семинар-кеңестің мақсаты- жергілікті әкімдік пен мәдениет үйлері және ауылдық клубтар арасындағы байланысты нығайту, бірлесе еңбек етуіне жол ашу, әріптестік қарым-қатынасты арттыру болып табылады. Елбасы Нұрсұлтан ...

Толығырақ »

Мәдениет қамқоршысы – ауыл әкімі

Созақ ауданындағы Созақ ауылында Түркістан облысының Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, Түркістан облысының Мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен тұңғыш рет мәдениет үйлері мен ауыл әкімдерінің байланысын арттыруға арналған «Мәдениет қамқоршысы – ауыл әкімі» атты семинар-кеңес өтті. Шараға облыстың аудан, қалаларындағы ауыл әкімдері мен ауылдық мәдениет қызметкерлері, клуб меңгерушілері қатысуда. Семинар-кеңестің мақсаты- жергілікті әкімдік пен мәдениет үйлері және ауылдық клубтар арасындағы ...

Толығырақ »

МЕРЕЙІМІЗ ТАСЫҒАН МЕЗЕТТЕР

28 маусым — Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні мерекесіне орай, Түркістан облысы Төлеби ауданындағы «ИзумиТау» демалыс аймағында мерекелік кеш өтті. БАҚ өкілдерінің басын қосқан іс-шарада Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев сөз сөйлеп, билік пен халықтың арасында алтын көпір болып жүрген журналистердің қызметі мен еңбегіне үлкен баға берді. Сондай-ақ, облыс басшысы БАҚ саласында еңбегі сіңген ардагерлерді «Облысқа сіңірген Еңбегі үшін» медалімен, ...

Толығырақ »

Жаңғыру — жазудан басталады

Бүгін Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы латын әліпбиіне көшу идеясын ілгерілету, “Рухани жаңғыру” бағдарламасын іске асыру, Президенттің №569 жарлығымен бекітілген, 2018 жылғы 19 ақпандағы №637 жарлығымен өзгертілген латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу, әр сала мамандарына әдістемелік көмек беру мақсатында ...

Толығырақ »

ҚАСИЕТТІ ҚАЗЫҒҰРТТЫҢ ҚАЛАМГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТІ

Маусым айының соңына қарай өңіріміздің барлық аймақтарында тілшілерімізге құрмет көрсетілді.  Қазығұрт ауданының әкімі Төлеген Телғараев 28-маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай Түркістан облысындағы қаламы жүйрік журналистерді қабылдап, БАҚ өкілдерін алда келе жатқан кәсіби мерекелерімен құттықтай келе, аудан халқы атынан алғысын білдіріп, сый-құрметін көрсетті. Осы мерекемен тұспа-тұс келе жатқан Қазығұрт ауданының 90 жылдық мерейтойына арналып шығарылған «Қазығұрт ауданына – ...

Толығырақ »

Домбырашылар бас қосты

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен Елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы және Ұлттық домбыра күні мерекесіне орай «Ұлы Дала шежіресі –домбыра» атты лекция – концерт өтті. Шараға елімізге белгілі айтыскер ақындар мен домбырашы өнерпаздар, ұлттық-мәдени орталық жетекшілері мен зиялы қауым өкілдері және БАҚ өкілдері қатысты. Домбырашылар басқосуында Түркістан қалалық «Өнер» мектебінің жас өнерпаздары «Домбыраның шаттық үні», «Ерке сылқым» күйлері ...

Толығырақ »

ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТӨРТІНШІ БИЛІК ӨКІЛДЕРІН МАРАПАТТАДЫ

 Бүгін Отырар ауданының әкімі Айтаханов Ерлан Қуанышұлы Түркістан облысы өңірінде еңбек етіп жатқан бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін қабылдап, кәсіби мерекемен құттықтады. Халықтың тіршілігінен, әлеуметтік әл-ауқаты мен руханияты және қоғам тынысынан хабар таратып, халық пен билік арасында алтын көпірге айналған қалам иелерімен кездесуде аудан басшысы: «Журналистер — қоғамның қозғаушы күші. Нағыз қаламгер сын жазса да тек шындықты жазу керек. Кемшілікті түзеуге ықпал ...

Толығырақ »

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНЫҢ ДАМУ КОНЦЕПЦИЯСЫ

Түркістан облысы, Төлеби ауданының әкімі Бұхарбай Парманов ауданның «2018-2025 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму концепциясы – аудан өмірінің барлық салаларында орнықтылыққа қол жеткізу қағидаттарының көрінісін, мақсаттарын, міндеттері мен негізгі тетіктерін айқындайдығын жеткізді. Оның айтуынша, дамудың экономикалық, әлеуметтік және саяси факторлары ықпалдасуы және аудан жұртшылығының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар біртұтас ретінде қарастырылады. Бұл жөнінде Төлеби ауданының әкімі Бұхарбай Парманов өңір тілшілеріне ...

Толығырақ »

МУЗЕЙГЕ 150-ДЕН АСА ОҚУШЫДАН ҚҰРАЛҒАН КЕРУЕН-ШЕРУШІЛЕР КЕЛДІ

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Түркістан облысының мектеп оқушыларынан құралған «Облыс тарихы-2018» атты керуен-шеруі облыс орталығы Түркістан қаласына келді. Бұл туралы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі хабарлайды. Аталған керуен-шеруіне Түркістан облысының әр ауданынан үлгілі оқитын көп балалы, әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған отбасыларынан шыққан және тұл жетім 10 мектеп оқушыларынан құралған 150-ден аса бала қатысты. ...

Толығырақ »

«ON START» ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҮШ КҮНДІК ЛАГЕРІ

Түркістан облыстық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 20-22 маусым күндері аралығында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Сенің жаңа қырың» атты челенджін жастар арасында насихаттау, жастар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбилеу, бұқаралық спортты дамыту, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, жастарды жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту мақсатында «ON START» спорт ойындарының 3 күндік лагері ...

Толығырақ »

Түймебаев түсірілім алаңын аралады

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Төле би ауданына жасаған жұмыс сапарының соңында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында түсіріліп жатқан «Төле би» атты 10 сериялы көркем фильмінің түсірілім алаңын аралады.  Облыс әкімдігінің қолдауымен «Сақ» киностудиясы қолға алған бұл фильм жастарды отансүйгіштікке тәрбиелейді. Фильмде Төле би және өзге де би-шешендеріміздің қайраткерлігі көрсетілмек. Өңір басшысы ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ, ТӨЛЕ БИ АУДАНЫНДА ТҮЙМЕБАЕВ

Түркістан облысының жаңа әкімі Жансейіт Түймебаев жұмыс сапарымен Төле би ауданында болып, Елбасының тапсырмасы мен мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысын пысықтады. Ең алдымен облыс басшысы Көксәйек ауылдық округіндегі «Гала», «Голден делишес», «Айдаред», «Ред делишес» атты алма сұрыптарының 87500 түп ағашы бар, Озықбай Абзал Мейрамбекұлы басқарып отырған «Keremet agro Group» ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің жұмысымен танысты. Ары қарай облыс әкімі Тасарық ауылында орналасқан ...

Толығырақ »

Мақтаралдың еңбекқор диқандары

Мақтарал ауданының еңбекқор диқандары қауын-қарбызбен қатар көкөніс өнімдерін де Ресей елінің нарығына шығара бастады. Қазіргі таңда ауданда ерте егілген 350 гектар көкөніс дақылдары пісіп жетіліп, егістік алқаптарында терім жұмыстары қыза түскен. Бүгінде шаруалар болгар бұрышы мен баклажан өнімінің 60 тоннадан астамын Ресейге жөнелткен. Бұл туралы Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті. Ең бастысы – егістіктен алынған өнім дер кезінде ...

Толығырақ »

КӘСІПКЕРДІҢ ҚОЛҰШЫ

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын іске асыру мақсатында Отырар ауданындағы Ақтөбе ауылында туған жерге деген тартулардың бірін жеке кәсіпкер Есбол Қамбаров жасады. Бұл – заманауи талапқа сай 240 орындық Әуесбек Қамбаров атындағы спорт кешені елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерейлі жылы аясында және қасиетті Рамазан айында пайдалануға берілді.     Спорттық нысанның салтанатты ашылуына ...

Толығырақ »

ОТЫРАР ТАЛАНТТАРЫ ТАУСЫЛАР ЕМЕС

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында және Астана қаласының 20 жылдығына орай Отырар ауданында «Отырар таланттары – 2018» VII халық өнер фестивалі өтті. Бұл фестивальде ауданның 15 ауыл округінен 15 жанр бойынша өнерлері мен туындыларын ортаға салуға 200-ге жуық іріктеліп шыққан өнерпаз қатысты.   Фестивальдің мәні мен маңыздылығына тоқталған аудан әкімі Ерлан Айтаханов өнерпаздарға сәттілік тіледі. ...

Толығырақ »

КҮШ АТАСЫН ТАНЫМАСА ДА…

Оңтүстік Қазақстан облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Ордабасы ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Ордабасы ауданы, Темірлан елді мекеніндегі Қажымұқан атындағы орталық стадионда Қажымұқан Мұңайтпасұлының 147 жылдығына арналған қазақ күресінен дәстүрлі халықаралық турнир бастау алды.    Қазақ халқының маңдайына біткен орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбын ардақтап өткізген бұл дода қызықты әрі тартысты өтті. Батыр бабаларының ...

Толығырақ »

СИҚЫРЛЫ СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ

Отырар ауданындағы Шәмші Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясында мектеп түлектерінің құрметіне соңғы қоңырау соғылды.  Жиынға Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтаханов, зиялы қауым өкілдері қатысты. Бұл шара Отырар жерінен түлеп ұшқан Ләззат Жабатаеваның демеушілігімен салынған «Достық» аллеясының лентасын қиып, салтанатты ашылуымен басталды. Аллея «Қазақ вальсінің королі атанған» Ұлы сазгер Шәмші Қалдаяқов пен ұлағатты ұстаз Келдебек Жабатайұлы достығының құрметіне бой көтерді. Салтанатты шарада сөз ...

Толығырақ »

ТҮЛЕКТЕР «БІРЛІК» МОНУМЕНТІНДЕ БАС ҚОСТЫ

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында үш жүздің басын қосқан Ордабасыда алғаш рет «Туған жерге тағзым!» атты мектеп бітірушілердің салтанатты жиыны өтті. Аталған шара түркі тілдес үш елдің, яғни Қазақстан, Өзбекстан және Қырғыз Республикасының Президенттері басшыларының бас қосқандарына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Салтанатты шараға Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, облыстық мәслихат хатшысы Қайрат Балабиев, ...

Толығырақ »

ОТЫРАР ЖЕРІНДЕ «КЕЙКІ МЕРГЕН» АТТЫ ТАРИХИ ТЕЛЕХИКАЯ ТҮСІРІЛУДЕ

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының тапсырысымен «Projects House» компаниясы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің белсенді ұйымдастырушысы, батыр, құралайды көзге атқан Кейкі батыр жайында Мұрат Бидосовтың режиссерлігімен «Кейкі Мерген» атты тарихи телехикая түсіру жұмысын бастады. Ұлы қазақ даласындағы азаттық үшін күреске шыққан батырлардың тарихымыздағы орындарын ұрпақ санасында жаңғырту, туған жерінің бүтіндігін армандаған батырларды ел тарихының белестерінде ...

Толығырақ »

ОТЫРАРДА «ОТЫРАР ТАЛАНТТАРЫ-2018» VII ХАЛЫҚ ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың « Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын кеңінен насихаттау және Астана қаласының 20 жылдығы аясында Отырар аудандық Мәдениет сарайында «Отырар таланттары -2018» VІІ халық өнер фестивалі өтуде. Фестивальде отырарлық таланттар 15 жанр бойынша өнерлерін ортаға салуда. Алғашқы іріктеу кезеңіне 500-ден аса өнерпаз қатысса, ақтық кезеңде 200-ге жуық өнерпаз бақ сынауда. Ауданның дәстүрге айналған төл шарасынан қаншама ...

Толығырақ »

САРЫАҒАШТА ШИПАЖАЙ САНЫ КӨБЕЙЕТІН БОЛДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Сарыағаш ауданындағы сапары кезінде әуелі Көктерек кентіндегі шипажайлар аумағында орналасқан «Асем-Ай» минералды сусын өндіретін зауыттың жұмысымен танысты. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі  хабарлады. Қазіргі таңда кәсіпорын сағатына 20 мың дана өнім өндіреді. 8 гектар аумақта орналасқан зауытта бүгінде 80-ге жуық адам жұмыс істейді. Ауданның өндірістік қуаты мен туристік әлеуетін таныстырған аймақ басшысы Қайрат ...

Толығырақ »