Бүгін Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы латын әліпбиіне көшу идеясын ілгерілету, “Рухани жаңғыру” бағдарламасын іске асыру, Президенттің №569 жарлығымен бекітілген, 2018 жылғы 19 ақпандағы №637 жарлығымен өзгертілген латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу, әр сала мамандарына әдістемелік көмек беру мақсатында “Жаңғыру – жазудан басталады” атты аудандық семинар өткізілді.
Шара барысында қатысушыларға әрі таныстыру әрі қолдануға жол ашу үшін диктант алынды. Сонымен қатар, «Кім жылдам?», «Адасқан әріптер», «Кім шапшаң?», «Жалғыз әріп» сынды тренингтер жасалып, соңында кері байланыс сәтінде әрбір қатысушы бүгінгі шарадан алған әсерімен бөлісті. Семинарды қорытындылаған тілдерді оқыту және дамыту орталығының директоры Биғондиева Гүлдана Шерниязқызы жазу арқылы халықтың ой-санасы дамып, өркениетке аяқ басады.
Сондықтан латын графикасына негізделген қазақ әліпбиіне ауысқанда, қазіргі кезеңді ғана ойламай, болашақ ұрпақтың сауатты жазуына, әлемдік деңгейде бәсекелесе алатындай дәрежеде болуына мән берген жөн. Ал жалпы халықты үйретіп, дағдыландыру үшін осындай шаралар көптеп ұйымдастырылу керектігіне тоқталды.