Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары (страница 132)

Ауыл жаңалықтары

ЖАҢА 12 ТРАКТОРҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Мақтарал ауданы Қазыбек би ауылдық округіндегі «Береке-мақта» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативі биыл толағай табыстарға кенеліп отыр. Олай деуге негіз де жоқ емес. Биылдың өзінде кооператив 5740 гектарға мақта егіп, әр гектарынан 24-25 центнерден өнім алуда. Мақтаның алғашқы қол терім жұмыстарын қыздырып жатқан кооперативте бүгінде 100-ге жуық адам мезгілдік жұмыстарға жұмылдырылыпты. Терімшілерге мақтаның әр келісіне 25 теңгеден төленуде. «Қол терім жұмыстарын жүргізген ...

Толығырақ »

«ӨРЛЕУ» ЖОБАСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Оңтүстік Қазақстан облысында «Өрлеу» бағдарламасын іске асыру жұмыстары қарқын алды. Бір ғана Мақтарал ауданында биыл аталған жоба аясында республикалық бюджеттен 963 миллион теңге, жергілікті бюджеттен 600 миллион теңге қаржы бөлінген. Нәтижесінде 1439 отбасы, яғни 15493 адам өз кәсіптерін ашып, тірлігін дөңгелетіп отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникация орталығы ұйымдастырған пресс тур барысында Мақтарал ауданының әкімінің орынбасары Мақсат Жолдасбеков мәлім етті. «Өрлеу» ...

Толығырақ »

63,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕР ҚАЙТАРЫЛДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының бастамасымен ауыл шаруашылық жерлерін ұтымды пайдалану және пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекетке қайтару мақсатында «Оңтүстік жерлерін ұтымды пайдалану» жобасы іске асырылуда. Жоба аясында тиісті іс-шаралар жоспары бекітілді және негізгі орындаушылар айқындалды (облыстық жер қатынастары, жер инспекциясы, ауыл шаруашылық басқармалары мен қала және аудан әкімдері). Жүргізілген түгендеу жұмыстарының нәтижесінде, жалпы алаңы 63,7 мың гектарды құрайтын 467 ауыл шаруашылық ...

Толығырақ »

700 ТОННАДАН АСТАМ СҮТ ӨНІМДЕРІ

Тамақ өнеркәсібі ауданның тұрақты экономикалық дамуында аса маңызды орын алады. Азық-түлік өнімдерінің өндірісі өңдеу өнеркәсібінің ең қарқынды дамып отырған секторы болып табылады. Осыны ескерген Сайрам ауданының әкімдігі тамақ өнеркәсібін дамыту мақсатында жүйелі жұмыстар атқарды. Нәтижесінде 2017 жылдың қаңтар-шілде айларында 9559,4 млн. теңгеге тамақ өнімдері өндірілген. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 18,2 пайызды құраған. Салада табиғи түрде 725 тонна ...

Толығырақ »

400 МЫҢ ТОННА АРПА-БИДАЙ

Үкімет отырысында еліміздегі күзгі астық жинау жұмыстарын жүргізу барысы талқыланды. Елімізде 12 қыркүйектегі жағдай бойынша 11,6 млн гектар астық орылған. Әзірдің өзінде орташа 12,6 центнер түсімділікпен 14,7 млн тонна астық бастырылыпты. Астық жинау қарқыны өткен жылдың деңгейінен 2,5 млн гектарға артық. Соның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысында  бүгінгі таңда 219,5 мың гектар егіс көлемінің  84,7 пайызы жиналды. Бидай мен арпа ору ...

Толығырақ »

ФЕСТИВАЛЬДЕ ӨНЕР КӨРСЕТТІ

Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған «Туған жер – алтын бесігім» облыстық фестивалі аясында Түлкібас ауданының Шымкент қаласындағы күндері өтті. Оңтүстіктің шығыс қақпасы саналатын Түлкібас өңірі бір күн бойы Шырайлы Шымкент халқына өз өнерлерін паш етті. Фестивальде ауылшаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылып, аудан шаруалары 45 тонна жеміс және бау шаруашылығы бойынша өнімдерін ұсынды. Оның ...

Толығырақ »

ЕТ ЖӘНЕ СҮТ ҚАБЫЛДАУ БЕКЕТТЕРІ

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылында ет және сүт қабылдау бекеттері ашылды. Атап айтқанда, «АгроНұрИнвест» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативі мал бордақылау мен сою бекеттерін іске қосып, жұмысты жаңа бағытта іске асыруға кірісті. Аталған пункт 40 мыңнан аса халқы бар Қарабұлақ ауылдық округінде орналасқан. Субсидияландыру бойынша мемлекеттен қолдау алған бұл жобаның құны 9 млн. теңгені құрайды. Биылғы жылдың 22 ақпанында құрылған ...

Толығырақ »

ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру жұмысы қарқынды түрде жүргізілуде. Осы мақсатта облыс әкімі Ж.Түймебаевтың тапсырмасымен жыл басынан бері ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шаралары мен кооперативтердің артықшылықтары туралы облыстың барлық аудан-қалаларында мамандандырылған көшпелі семинар-кеңестер ұйымдастырылып келеді. Дәл осындай кезекті семинар Шымкент қаласында ұйымдастырылды. Бұл жолғы шара өңірдегі сүт кластерін дамытуға арналып отыр. Жиынға облысымыздың барлық аудандарынан ауыл шаруашылығы ...

Толығырақ »

ӘК ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ САЛМАҚ

Түлкібас ауданында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев әрбір ауылға инвестиция тарту, кәсіпкерлік саласын дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Осы мақсатта аудан әкімі Н.Тұрашбеков Қытай елінен келген кәсіпкер Лоджы Дунг пен оның бизнестегі серіктесі Яци Мин мырзамен кездесті. Кездесу барысында әктас өндіруде тәжірибесі мол кәсіпорын Түлкібас ауданынан әлемдік стандартқа сай әк зауытын салуға ниетті екенін айтып, жобаға 10 млн АҚШ ...

Толығырақ »

МАҚТА ТЕРІМІ БАСТАЛДЫ

Еліміздегі ақ мақтаны өсіретін жалғыз өңір болып табылатын Оңтүстік Қазақстан облысында мақта терімі басталды. Қазіргі таңда ақ алтынды жинауды Мақтарал ауданындағы Атамакен, Ш.Ділдәбеков, Мақталы, Қызылқұм, Жамбыл және Қарақой ауылдарындағы ұсақ шаруа қожалықтары бастап кетті. Биыл облыста 134,6 мың гектар жерге мақта шиті себілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 25 мың гектарға артық. 2016 жылы шаруалар әр гектарына орташа есеппен 26,2 центнерден ...

Толығырақ »

КҮЗГІ-ҚЫСҚЫ МАУСЫМДАРҒА 100 ПАЙЫЗ ДАЙЫН

Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданындағы білім ұяларының материалдық-техникалық базасы жылдан-жылға жақсарып келеді. Биыл облыстық бюджет есебінен Алғабас, Бірінші Мамыр, Әл-Фараби жалпы орта мектептерінде оқу блогы, асхана, еңбек шеберханасы, спорт, акт зал, кітапхана құрылыстарына қаржы бөлінген. Сондай-ақ жаңа оқу жылында алғабас орта мектебінің құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілді. Алдағы жылы ауданда Бірінші мамыр, Әл-Фараби жалпы орта мектептерінің құрылысын аяқтап, пайдалануға тапсыру ...

Толығырақ »

ӘЖИДИН ҚАРАБЕКОВ ТУРАЛЫ

Бұл кісінің еңбек өтіліне кей адамның ғұмыры да жеткіліксіз. Көптеген игілікті істерді атқара жүріп, қарапайымдылығын сақтап қалған Әжидин Қарабеков тоқсанға толған торқалы тойын жасап үлгергенімен, көп ұзамай денсаулығы сыр бере бастаған-ды. Бар ғұмырын кеңес шаруашылығы мен кәсіподақтар жүйесінің нығаюына арнаған ақсақалды ауыл тұрғындары оның гүл өсіруге деген құштарлығынан жақсы таниды. Бүкіл Темірланды жайнатып, түрлі әсем гүлдерге алғаш көмкерген де осы Әжекең ...

Толығырақ »

107 АУЫЛ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

Бұл туралы ОҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конфеернциясында ОҚО Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Әлібек Өмірәлиев хабарлады. Айтуынша, 2017 жылдың 7-24 тамыз аралығында өткен ауыл округтерінің әкімдерін сайлау науқанына 95 округ бойынша 320 үміткер тіркелсе, оның 302-і ер, 18-і әйел. Тіркелгендердің 264-і «Нұр Отан» партиясының мүшелері. Ал, қалғандары партиялылығын көрсетпеген. Биыл додаға түскендердің басым көпшілігінің жасы елуден асқандар екен. «Сайлаудың ...

Толығырақ »

2766 ТОННА ЖЕМІС ПЕН ЖҮЗІМ

Мақтарал ауданында қазіргі таңда жеміс-жидек пісіп жетіліп, диқандар өнім жинау кезеңін бастап кетті. Олар жалпы көлемі 1005 гектар жерге егілген жеміс-жидек пен жүзімнен  бүгіннің өзінде 2766 тонна өнім жинады.  Диқандар отандық нарықты қамтамасыз етумен қатар жеміс-жидектерді шетелдерге экспорттауда. Осындай ірі жеміс-жидек өндірушілердің бірі «Арсенал сад» өндірістік кооперативі. Жер аумағы 350 гектарды құрайтын бақта жемістердің барлық түрі өсіріледі. Мәселен, бақтың 110 ...

Толығырақ »

КӨШ ІЛГЕРІ

Жаппай кәсіпкерлікті  дамыту  шеңберінде  жеке  ісін  ұйымдастыру  және  кеңейту  арқылы халықты  жаппай  кәсіпкерлікке  ынталандыруда  экономикалық  белсенділікті  арттыру мақсатында  берілген  микрокредиттерді алу бойынша Сайрам ауданы ілгері жұмыс жасауда. Яғни, бағдарламаның  басты  мақсатын түсінген бұл аудан, халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту бағытында жергілікті тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізу арқылы  оң нәтижеге қол жеткізген. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті ...

Толығырақ »

5 ЖОБА ІСКЕ АСҚАН

Қазығұрт ауданында өткен жылы жалпы өңірлік өнім көлемі 28,5% артып, 91 млрд. теңгені құраса, осы жылдың алты  айында 33,2 млрд теңгені құраған. Бұл туралы бүгін ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қазығұрт ауданының әкімі Төлеген Телғараев мәлім етті. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын баяндаған аудан басшысы өткен жылы «Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасы» бағдарламасына енген  жалпы құны 2,6 млрд. теңге болатын ...

Толығырақ »

СУ ТАПШЫЛЫҒЫ ЖОЙЫЛДЫ

Мырзашөл өңірін ең ірі мақта өсіретін аймаққа айналдырған «Достық» каналының арнасынан биыл су кеткен жоқ. Бастауын Өзбекстаннан алатын каналдан келетін су бұған дейін жаз ортасында мақтаралдық диқандарға жетпей, шаруалар шаш етектен шығынға батып, төккен терлері текке кететін. Мақтаарал ауданында 136 мың гектар суармалы жер бар. Биыл ақ алтын алқабының көлемі біршама ұлғайтылып 94 мың гектар жерге мақта егілген. Аудан әкімі ...

Толығырақ »

ӨСІМДІК МАЙЫН ӨНДІРУДЕ

Кәсіпкерлік саласымен түрленіп, кәсіпкерлікті дамытуды жолға қойған Сайрам ауданы ендігі кезекте өсімдік майын өндіруді қолға алған. Бұл өңір өнеркәсіптің екі бағытын да дамытуда. Атап айтқанда, аудан өнеркәсібінің 84%-н өңдеу өнеркәсібі құрайтындықтан жаңа кәсіпорындар ашу есебінен өнім көлемі артты. Және бар резервтерді пайдалану есебінен аудан экономикасы көтеріліп, белсенді кәсіпкерлік субъектілердің саны 13977 бірлікке жетсе, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері өндірген өнім ...

Толығырақ »

6 АЙДА 139,1 МЛРД. ТЕҢГЕ

Оңтүстік Қазақстан облысында ағымдағы жылдың 6 айында өнеркәсіп өнімінің көлемі 371,5 млрд. теңгені құрады. Ал өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі 250,4 млрд. теңгеге жеткен. Сондай-ақ облыс шаруалары 139,1 млрд. теңгені құрайтын ауыл шаруашылығы өнімін өндірген. Бүгін бұл туралы өңірлік коммуникация орталығында өткен баспасөз мәслихатында облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Арман Сәбитов мәлім етті. Облыс экономикасының дамуына серпін беретін жалпы ...

Толығырақ »

ТАЗА АУЫЗ СУ ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ

Таза ауасының өзі жанға шипа Түлкібас ауданы, Күмісбастау ауылында жаңа технологиямен қамтамасыз етілген «АQUA SEREBRO» табиғи бұлақ суы зауыты іске қосылды. Зауыттың жұмысына жалпы құны 250 млн қаржы жұмсалған. Жаңадан 26 адам жұмыспен қамтылып отыр. Зауыттың қуаттылығы сағатына 1000 дана 5 литрлік және 5000 дана 1 литрлік құтыдағы ауыз суы шығарылады. Зауытты «А-СПЕКТР» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асыруда. Жаңа цехтағы ...

Толығырақ »

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Бүгін облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Ордабасы  ауданының активіне  ҚР Президенті Әкімшілігі  мен аудандық мәслихаттың келісімімен  тағайындалған жаңа əкімді таныстырды. Оңтүстік Қазақстан облысы əкімінің өкімімен Ордабасы ауданының әкімі болып Рашид Үсіпханұлы Қайыпжанов  тағайындалды. Жаңа басшыны таныстыруда өңір басшысы лауазым иесінің жұмысына табыс тілеп, Ордабасы ауданының  әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын көтеруде Елбасы тапсырмаларын мерзімді әрі нәтижелі орындап, сенім үдесінен шығуды тапсырды. Сонымен бірге, аудан ...

Толығырақ »

САЙРАМ АУДАНЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Сайрам  ауданының активіне  ҚР Президенті Әкімшілігі  мен аудандық мәслихаттың келісімімен  тағайындалған жаңа əкімді таныстырды. Оңтүстік Қазақстан облысы əкімінің өкімімен Сайрам ауданының әкімі болып Бақтияр Сапарәліұлы Мамаев тағайындалды. Жаңа басшыны таныстыру сәтінде өңір басшысы лауазым иесінің жұмысына табыс тілеп, Сайрам ауданындағы халықтың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын көтерудегі басшылықта Елбасы тапсырмаларын мерзімді әрі нәтижелі орындауды тапсырды. Сонымен бірге, ...

Толығырақ »

ОРДАБАСЫДА ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» пилоттық жобасы аясында Ордабасы ауданында әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу орталығы ашылды. Бастаманы қолға алудағы мақсат — отбасы, ошаққасында болатын жанжалдарға тосқауыл қою, шаңырақ ынтымағын сақтау. Орталықта ерінен зәбір көріп, зорлық-зомбылық тауқыметін тартқандар мен ішімдік пен есірткіге салынып кеткендерге психологиялық қолдау көрсетілетін болады. Орталықтың салтанатты ашылуына аудан әкімі А.Мамытбеков, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының аға көмекшісі С.Тұрсынбекова, ...

Толығырақ »

ХІІ ҒАСЫРҒА ЖАТАТЫН БАЛБАЛТАС

Созақ ауданындағы Келіншектау етегінде орналасқан Абай елді мекенінде XII ғасырға тән екі балбал тас табылды. Көне тас ескерткішті жергілікті тұрғындар Қаратау жазығындағы Арпа өзені бойынан байқаған. Ер мен әйелдің сұлбасы қашалып бейнеленген тас, орта ғасырдағы тарихтан сыр шертеді. Абай елді мекенінен 3 шақырым қашықтықта орналасқан Арпа өзенен ерекше тасты байқаған ауыл азаматтары жерден қазып алған. Көне ескерткіш шығысқа қарап орнатылған. ...

Толығырақ »

ТЫҢ ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНА БАСТАДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданында жергілікті әкімдік пен облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының ұйымдастыруымен «Мақтарал ауданының жағдайында мақта баптаудың инновациялық әдістерін қолдану» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Жиынға аудан әкімі Ғалым Исмаилов, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Тұрбеков, Шардара, Ордабасы аудандары мен Түркістан қаласы әкімдерінің салалық орынбасарлары және ауыл шаруашылығы бөлімдерінің басшылары, сондай-ақ Алматы мен Жамбыл облыстарынан келген ғалымдар, жергілікті шаруалар қатысып, ...

Толығырақ »