Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков жұмыс жоспарына сәйкес мәжіліс өткізіп, атқарылған жұмыстарды саралады. Отырар мөлтек ауданындағы көпқабатты 36 үйді табиғи газбен қамтамасыз ету мәселесін түбегейлі шешу және сол үйлердің аулалары мен сыртқы жарықшамдарын ретке келтіру бойынша берілген тапсырманың орындалуын әкімнің салаға жетекшілік ететін орынбасары Байдулла Оразбеков баяндады. Жобада көзделгендей, қазіргі таңда 2136 пәтерде газбен жабдықтау құрылыс монтаж жұмыстары толықтай аяқталған ...
Толығырақ »Ауыл жаңалықтары
ЕГІСТІКТІ СУҒАРУҒА ҚАЖЕТТІ 8 ШАҚЫРЫМҒА ЖУЫҚ КАНАЛДАР АРНАСЫ ТАЗАЛАНДЫ
Ауылдық округ, кент тұрғындарының өтінішіне сәйкес Түлкібас ауданы аумағындағы егін алқаптарына су келетін канал, арықтарды тазалау жұмыстары қарқынды іске асуда. «Казсушар» мекемесінің аудандық филиалы және аудан әкімдігі тарапынан сәуір-мамыр айларында 7,85 шақырым каналдар арнасы механикалық тазалаудан өткен. Тарқатып айтатын болсақ, Тентек бұлақ каналының 2 шқ, Жоғарғы каналының 1,5 шқ, Теріскей-3 каналының 1,65 шқ, Шәулемес каналының 2,7 шқ механикалық тазалау жұмыстары ...
Толығырақ »Түркістан қаласында үй жануарларын чиптеу жұмыстары жүйелі жалғасуда
Түркістан қаласында үй жануарларын чиптеу жұмыстары жүйелі жалғасуда Бұл жайында Түркістан қалалық Ветеринария қызмет филиалы басшысының м.у.а Бақтияр Иманов мәлімдеді. Бақтияр Берікбайұлының мәлімдеуінше, шаһарда жыл басынан бері 1200 үй жануары чиптелген. Мекеме қызметкерлері 1310 жедел байланыс орталығына түскен өтініштер бойынша жедел әрекет етіп иесіз жүрген, агрессивті мінез танытқан 627 ит-мысықты жойды. Одан бөлек, үй жануарларын қараусыз қалдырған 32 тұрғынға айыппұл ...
Толығырақ »ҚАЗЫҒҰРТТА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРА ЖҮРГІЗІЛДІ
Түркістан облысы Полиция департаменті Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері шомылу маусымының басталуына байланысты мектеп оқушылары арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Шара барысында оқушыларға белгіленбеген су арналарының жағалауында суға шомылуға қатаң тыйым салынатынын хабарлай келе, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау жөнінде ескертілді. Бұл профилактикалық шара адамдардың белгіленбеген орындарда суға шомылуының алдын алу, суға түсу барысында қауіпсіздік ережелерін сақтауға бағытталып, алдағы уақытта да жалғасатын ...
Толығырақ »БАРЛЫҚ МӘСЕЛЕ БОЙЫНША ЗАҢ АЯСЫНДА ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНАДЫ
Бүгін Мемлекет басшысы белгілеген «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында, бекітілген кестеге сай, аудан әкімі Төлеген Телғараев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша «Ашық әкімдік» кеңсесінде қабылдады. Аудан басшысы қабылдауға келген әр азаматтың өтінішін, ұсынысын тыңдап, көтерілген әрбір мәселені сала мамандарымен бірге талқылап отырып, шешу жолдарын қарастырды. Қабылдауға келген Көксәйек елді мекенінің тұрғыны Керімхан Ережепов әкесі ҰОС –ның ардагері ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАНДА 80 СУБҰРҚАҚ ІСТЕП ТҰР
Облыс орталығында субұрқақтар маусымы ашылды. Бүгінде 80 субұрқақ шаһардағы Гүлдер саябағы, Рәміздер алаңы, Түркі бағы мен желелік саябақта, сондай-ақ, Әкімшілік- іскерлік орталық, мәдени-рухани орталық, аумақтарында таңғы 10:00-ден кешкі 00:00-ге дейін жұмыс жасауда. Айта кетейік, субұрқақтар аптасына екі рет тазаланып, тексерістен өткізіледі.
Толығырақ »Түркістанда «Мамандығым – болашағым» өңірлік жобалық кеңсесінің ашылу салтанаты өтті
Бүгін Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Түркістан облысы бойынша «Мамандығым – болашағым» өңірлік жобалық кеңсесінің ашылу салтанаты өтті. «Мамандығым – болашағым» жобасы – Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен қабылданған «Халық табысын арттырудың 2029 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында жүзеге асырылуда. Оның негізгі мақсаты – аймақтың еңбек нарығындағы өзгерістерін болжау және оқушыларға ерте кәсіптік бағдар беру. Кеңсенің тұсаукесеріне Қазақстан Республикасының Ғылым ...
Толығырақ »Түлкібас: Машат асуындағы жолда кері бұрылыс іске қосылды
«Ауыл – ел бесігі» жобасының басты мақсаты – ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту, ауылдарды тұрақты дамыту. Жоба шеңберінде ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту, ауыл халқының әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету және жалпы жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру бойынша бірқатар міндеттерді шешу көзделген. Сәуір айында Түлкібас аудандық партия филиалының жұмыс жоспарына сәйкес ...
Толығырақ »ТӨЛЕБИ: КЕЗЕКТІ ОН ҮШІНШІ СЕССИЯ ӨТТІ
Төлеби аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымдағы кезекті он үшінші сессиясы өтті. Сессияға аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров төрағалық етіп, оған аудан әкімінің орынбасарлары Сержан Дүйсебаев, Бақберген Құралбаев, қала, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім, мекеме басшылары қатысты. Сессияның күн тәртібінде 3 мәселе қаралып, ол бойынша тиісті шешімдер қабылданды. Ең бірінші аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №9/51-VIII «2024-2026 жылдарға арналған қала, ауылдық ...
Толығырақ »БЕРІЛГЕН ТАПСЫРМАЛАР ҚОЙЫЛҒАН ТАЛАПТАРҒА СӘЙКЕС ТОЛЫҚ ЖӘНЕ САПАЛЫ ОРЫНДАЛУЫ ҚАЖЕТ
Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараевтың төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Мәжіліс күн тәртібінде екі мәселе қаралып, атқарылған жұмыстар барысы бойынша сала басшылары баяндама жасап, орындалу нәтижесі талқыланды. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 2024 жылдың 3 ай қорытындысы негізінде аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Мансұр Ашрапов баяндама жасады. Баяндамада көрсетілгендей, 2024 жылдың 3 айының кіріс бөлігі нақты 1 млрд 268 млн теңгені ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИЛІК ТҰРҒЫН ОЮ-ӨРНЕК ТРАФАРЕТІН ЖАСАЙТЫН ЦЕХ АШҚАН
Бүгінде Түркістан облысында «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында тиісті жұмыстар жүзеге асырылып жатыр. Осы ретте Төлеби ауданы, Леңгір қаласында тұратын Индира Ахаева жобаға қатысып, мемлекеттік грантты жеңіп алған. Нәтижесінде жеке тұрғын үйінен ою трафаретін жасайтын цех ашып, кәсібін дөңгелетіп отыр. «Осы салаға қызығушылық танытып, білім алдым. Бүгінде өте күрделі оюларды кесу арқылы өз кәсібімді дамытып отырмын. ...
Толығырақ »ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ТҮЛКІБАС АУДАНЫНА ІССАПАРМЕН КЕЛДІ
Іссапары барысында Қазақстан Республикасы су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов «Казсушар» РМК Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Қазыбек Бедебаев және аудан әкімі Нұржан Ізтілеуовпен бірге аудан аумағындағы құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан су нысандарын аралап, бүгінгі жағдайын бақылады. Соңғы жылдары ауданда өзекті болып келген ағын су мәселесін түбегейлі шешу мақсатында салаға жауапты вице-министр тиісті мекеме басшысы мен мердігерге халықты ағын ...
Толығырақ »Қазығұрт: Учаскелік полицейлер мектеп бітіруші түлектермен кездесу өткізді
Қазығұрт аудандық білім бөліміне қарасты «Қызылтаң» жалпы білім беретін мектепте «Мектеп бітірушілерге тауға шығуға, таулы аймақтарға демалысқа шығуға және автокөліктер жалдап, бітіру кештерін жасауға болмайтыны жайлы алдын алу» тақырыбында 11 сынып оқушыларымен жиын өтті. Жиынға Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің ЖПК учаскелік инспекторы Құралов Ержан, АПБ ЖПК учаскелік инспекторы Ақатаев Бекмурат, ДТІЖО Ғ. Үсенов және сынып жеткшілер мен 11 сынып оқушылары қатысты. ...
Толығырақ »СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҒИМАРАТЫ БЕЛГІЛЕНГЕН МЕРЗІМДЕ ТАПСЫРЫЛУЫ ТИІС
Спорт кешенін салу — Мемлекет басшысының өңірде заманауи спорт инфрақұрылымын құру жөніндегі тікелей тапсырмасы. Ос ыорайда, Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев Көксәйек елді мекеніндегі спорт кешенінің құрылысымен танысып, атқарылып жатқан жұмыс сапасын бақылады. Спорт кешенінің құны – 836 млн теңге, аяқталу мерзімі 2024 жылдың желтоқсан айы. Мердігер мекеме – «Корпорация Алем Құрылыс» ЖШС. Көксәйек елді мекеніндегі спорт кешенінің құрылысын аяқтауға ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАНДА ЖЕҢІС КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ
Түркістан қаласындағы «Жеңіс» саябағында Жеңістің 79 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өтті. Оған облыс әкімі Дархан Сатыбалды, соғыс және тыл ардагерлері, әскерилер, жастар және қала тұрғындары қатысты. Саябақтағы мемориалдық кешені тақырыпқа сай безендіріліп, келушілерге Отан қорғаушылар мен Жеңіс күніне арналған көрме ұсынылды. Арнайы әскери оркестр сүймелдеуінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалған соң жиынға қатысушылар Ұлы Отан соғысында қаза тапқан ерлерді, ел ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАНДА 900-ГЕ ЖУЫҚ КӨШЕНІҢ ТАЗАЛЫҒЫ КҮНДЕЛІКТІ ЖҮРГІЗІЛЕДІ
5 маусым – Бүкіләлемдік экологтар және қоршаған ортаны қорғау күні. Түркістан облысында қоршаған ортаны қорғау бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр. «Таза Қазақстан» акциясы аясында Түркістан қаласында 79 сенбілік өтті. Бос жатқан 17 гектар аймаққа 30 мың ағаш отырғызылып, «Тұран» тыным бағына айналды. Сонымен қатар тұрғындардың өтінішімен 8,5 гектар бос жер тазаланып, «Руханият» саябағы салынды. Мұнда 8 мың тал егіліп, 6 га ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН: «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» ОРТАЛЫҒЫНДА ХІХ ҒАСЫР КӨЛІГІ БАР
ХІХ ғасырдың көлігі «Пәуескені» енді «Ұлы Дала Елі» Орталығында тамашалай аласыздар. Бұл жәдігерді 2011 жылы Түркістан қаласынан ашылған Тарихи-мәдени этнографиялық орталық қорына Кентау қаласының тұрғыны Жанұзақұлы Сағымбай сыйға берген болатын. Пәуеске (Тарантас) – ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қолданыста болған көлік түрі. Пәуеске – жабық төрт доңғалақты ат арба. Ол әдетте ұзақ сапарларда қолданылды, арнайы бойлық бекітпелер арқылы ...
Толығырақ »«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА 12 МЫҢНАН АСТАМ КӨШЕТ ЕГІЛІП, 13 МЫҢҒА ЖУЫҚ АҒАШ ӘКТЕЛДІ
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ой тастауымен бастау алған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы облыс аумағында жалғасын тауып жатыр. Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Төлеби ауданына арнайы іссапармен барды. Аудан әкімі Төлеген Телғараевпен бірге тазалық шарасын жүргізетін коммуналдық мекемелердің жұмысы мен арнайы техникалардың жай-күйін көрді. Сондай-ақ «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы барысында атқарылған жұмыстарға талдау жасады. Аудан әкімінің орынбасары ...
Толығырақ »«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 100-ДЕН АСТАМ БҰЛАҚ КӨЗДЕРІ ТАЗАЛАНДЫ
«Су анасы – бұлақ» дейді дана халқымыз. Өзендердің өзі бастауын бұлақтан алады. Бұлақ көрсең – көзін ашудың өзектілігі де осында. Осы орайда, Түркістан облысы, Түлкібас ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» акциясының «Мөлдір бұлақ» апталығы қарсаңында аудан аумағындағы бұлақ көздерін ашу және айналасын күл-қоқыстан тазарту мақсатында сенбіліктер өтіп жатыр. Сауапты шара барысында елді мекен маңдарындағы 100-ден аса бұлақ көздері аудан және ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАНДА «ЖАС КӘСІПКЕРЛЕР КЛУБЫ» ҚҰРЫЛДЫ
Түркістанда жас кәсіпкерлерден құралған «Жас кәсіпкерлер клубы» атты ұйым өз жұмысын бастады. Клубтың алғашқы отырысына облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Ербол Әуелбеков, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев және рухани астананың белсенді кәсіпкерлері қатысты. Клубтың негізгі мақсаты – кәсіпкерлік бастамасы бар жастармен кездесу, жастар арасында кәсіпкерлікті насихаттау және қолдау, мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың өзара әрекетін үйлестіру. Кеңес мүшелеріне бір жағадан ...
Толығырақ »ЫСТАМБҰЛ – ТҮРКІСТАН АРАСЫНДА ЖҮК ҰШАҒЫ ҚАТЫНАЙ БАСТАДЫ
Ыстамбұл мен Түркістан қалалары арасында енді жүк ұшағы қатынайды. Қос шаһар арасындағы байланыстың нығаюына «Turkish Cargo» әуекомпаниясы қызығушылық танытып отыр. Алғашқы «Airbus 330-200» бортымен 37 тонна жүк келген. Жүктің басым бөлігі киім-кешек. Жүк ұшағы Италияның Рим қаласынан ұшып, Түркия арқылы Түркістанға жеткен. Енді Түркістаннан ұшаққа азық-түлік артылып, Қытай еліне қарай аттанады. Еуропаға тікелей жүк тасымалдауға қолайлы ұшақ аптасына екі рет, ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН: ӘУЕЖАЙДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ПОШТА АЛМАСУ ОРНЫ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы, оның ішінде Түркістан қаласы тек еліміз емес, әлем таныған аймақтар қатарына жатады. Сондықтан логистикалық HUB-тарды орналастыруға да қолайлы. Мысалы, өткен жылы Қазақстан арқылы 8 миллион сәлемдеме өткізілсе, биыл соның 2 миллионы осы өңір арқылы өтеді. Бүгін Түркістан халықаралық әуежайында Халықаралық пошта алмасу орны ашылды. Салтанатты шараға облыс әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, құттықтау сөз сөйледі. – Бүгін тарихи оқиғаға ...
Толығырақ »«ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ»: «ОҢТҮСТІКФИЛЬМ» ҰЖЫМЫ ЖАЛҒЫЗБАСТЫ ҚАРИЯНЫ ҚУАНТТЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Өнегелі ұрпақ» апталығы өтіп жатыр Апталық барысында «Оңтүстікфильм» ұжымы «Өнегелі ұрпақ – ұлт болашағы» ұранымен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «Әлеуметтік көмек көрсету секторынан» жалғызбасты қарт ананың үйіне арнайы барып тазалық жұмыстарын жүргізді. үй маңындағы ағаштарды әктеді. Төңіректі арамшөптен тазартты, қоқыстар шығарылды. Үйдің ішкі және сыртқы бөлігіне ...
Толығырақ »Түркістан: мекеме қызметкерлерінің қатысуымен семинар-мәжіліс өтті
Бүгін Түркістан қаласы әкімі аппаратының басшысы Талғат Қыдырбаевтың төрағалығымен қала әкімдігіне түскен хаттардың қаралуы бойынша дербес бөлімдер мен коммуналдық мекеме қызметкерлерінің қатысуымен семинар-мәжіліс өтті. Мәжілісте қала әкімі аппаратының Өтініштерді қарауды бақылау және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің басшысы Мадина Байғұт 4 айдың қорытындысымен «E-otinish» ақпараттық жүйесіндегі жолданымдардың орындалу барысын баяндады. Ал, Заң бөлімінің басшысы Сабыржан Садуақас Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодекстің талаптарына ...
Толығырақ »ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАРҒА КЕЗЕКТІ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
Тұрғындардың мемлекеттік қызметтерді алуын, заңды құқықтарын түсіндіру мақсатында Халықтық кеңседе кезекті «Қызмет алушылар күні» өтті. Шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің қатысуымен ұйымдастырылды. Іс-шараға облыстық медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті, облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары қатысты. Жиында қызмет алушы тұрғындарға медициналық көмек, емханаға тіркелу т.б салалар бойынша қызмет көрсетушілер тарапынан кеңес берілді.
Толығырақ »