«Ауыл – ел бесігі» жобасының басты мақсаты – ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту, ауылдарды тұрақты дамыту. Жоба шеңберінде ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту, ауыл халқының әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету және жалпы жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру бойынша бірқатар міндеттерді шешу көзделген.
Сәуір айында Түлкібас аудандық партия филиалының жұмыс жоспарына сәйкес Келтемашат ауылдық округінде көшпелі қоғамдық қабылдау өткізілген болатын. Аудандағы атқарушы органдар басшылары қатысқан қоғамдық қабылдауда Кершетас ауылының Ш.Рахманқұлов бастаған тұрғындары “Батыс Қытай- Батыс Европа” тас жолы бойындағы кері айналым жолының (разворот) жабылып, шаруашылықты жүргізу қиындағанын айтып шағымданған болатын. Жоғарыда аталған мәселе бойынша құзырлы мекемелермен келісілгеннен кейін оң шешімін тауып, өткен аптада кері айналуға мүмкіндік беретін жол ашылып, тиісті жол белгісі орнатылды.
«Ауыл – Ел бесігі» жобасы: ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады.
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың биылғы жылғы 27 ақпандағы «Nur Otan» партиясының XVIII съезінде сөйлеген сөзінде еліміздегі 7,5 миллион ауыл тұрғынының әл-ауқатын жақсарту мақсатында перспективалы ауылдарды іріктеп, сол ауылдарда әлеуметтік саланы дамытуды, тұрғын үйлер мен жолдар салып, коммуникациялар жүргізуді қарастыратын «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыруды тапсырған болатын. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биыл 15 қазанда өткен жиналыста осы мәселе бойынша нақты жұмысты ұйымдастыру керектігін атап өтті.
«Ауыл – Ел бесігі» жобасының басты мақсаты – ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту, ауылдарды тұрақты дамыту.
Жоба шеңберінде ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту, ауыл халқының әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету және жалпы жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру бойынша бірқатар міндеттерді шешу көзделген. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы бойынша қанша жұмыс орны құрылады, қанша мектеп пен аурухана, қанша шақырым жол салынады, ауылдық елді мекендер газбен, сумен қаншалықты қамтылады, жоба аясында ауыл шаруашылығы саласында орта және шағын бизнесті дамыту үшін қандай шаралар қолға алынады.
Жобаны іске асыру тетіктері: Жалпы, еліміз бойынша 6,5 мыңға жуық ауылдық елді мекенде 7,7 млн-нан астам адам немесе ел тұрғындарының 42%-ға жуығы тұрады.
Қазіргі таңда ауылдық жерлерде шешімін табуды талап ететін бірқатар мәселелер бар. Мәселен, еліміздегі ауылдардың жартысынан астамында көшелер, білім беру және денсаулық сақтау нысандары жөндеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді, инженерлік желілері тым тозған. Осы мақсатта бірінші кезекте қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар мен «Ауыл – Ел бесігі» жобасы есебінен ауыл инфрақұрылымын жаңғырту жүргізілетін болады, сонымен бірге Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, «Бизнестің жол картасы — 2020», «Еңбек» және басқа да қолданыстағы бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлікті қолдау жүзеге асырылады.
2025 жылға дейін елімізде 5,5 млн-нан астам адам тұратын 1,8 мың ауылдық елді мекен жаңғыртылатын болады. Бұл ретте, «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыру тетіктері келесі шараларды қамтиды. Бірінші кезекте тірек ауылдық елді мекендер іріктелді, бұл ретте олардың даму әлеуетіне және қазіргі экономикалық жағдайына талдау жасау негізінде, осы ауылдарда іске асырылатын жобалар қоса қамтылатын болады. Екіншіден, әрбір жоба және елді мекен бойынша көзделген мақсатқа жету жөніндегі, өңірлік стандарттарға сай келетін Жол картасын жасау қолға алынды. Үшінші кезекте, Жобаларды іске асыру және бақылау мүдделі мемлекеттік органдарды және «Nur Otan» партиясын тарта отырып жүзеге асырылатын болады. Сондай-ақ жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесі туралы тұрғындарға тұрақты түрде ақпарат беріліп отырады.
Тірек ауылдарды іріктеу кезінде 4 блок: экономикалық, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымдары, экологиялық ахуалы есепке алынды. Бұл ретте көрсеткіштердің 50%-ы экономикалық блокқа тиесілі болды (мәселен, жұмыс орындарының ашылу әлеуеті). Бұдан басқа, ауылдардың өткізу нарығына (темір жол тораптарына, автомагистралдарға) және ірі қалаларға жақындығы, сонымен қатар Өңірлік стандарттар жүйесіндегі көрсеткіштер санының көп болуы ескерілді. Өңірлік стандарттарға ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасының көрсеткіші, олар үшін әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі бойынша нақты критерийлер тізімі, сондай-ақ ауылдық жерлерде өмір сүру үшін қажетті инфрақұрылымдармен қамтамасыз етілу деңгейі кіреді.
Мәселен, тірек ауылдарда кемінде салалық нормативтерге сәйкес келетін 19 (ауылдық округ орталықтарында) және 26 (ауыл аудан орталықтарында) нысандар мен қызметтердің болуы көзделеді. Осыған байланысты, қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде ауылдарда инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру кезінде «бюджеттік сүзгі» (басымдықпен қаржыландыру) қамтамасыз етіле отырып, тірек ауылдарды дамытуда кешенді тәсіл қолданылады.
Жобаны тиімді іске асыру үшін Жобалық кеңсе, сондай-ақ облыстарда өңірлік кеңселер құрылды. Жобаны үйлестіруді және әкімшілендіруді Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі жүзеге асырады. Сонымен қатар, Парламент және мәслихат депутаттарының, қоғам, үкіметтік емес ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен Жобаға қоғамдық мониторинг ұйымдастырылады.
Жобаны қаржыландыру көздері: «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыруға 2019-2021 жылдары республикалық бюджеттен 90 млрд теңге бөлу көзделген, оның ішінде 2019 жылға 30 млрд теңге бөлінді.
Республикалық бюджеттен өңірлер бойынша қаражат бөлу даму әлеуеті жоғары ауылдық елді мекендерде тұратын ауыл тұрғындарының санының негізінде жүзеге асырылды.
Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық даму әлеуетін айқындау әдістемесі өзектендіріліп, оның аясында 6,6 млн адам немесе ауыл тұрғындарының 85%-ы тұратын 3 477 ауылдық елді мекен іріктеп алынды.
2019 жылы 53 ауылдық елді мекенде жалпы сомасы 30 млрд теңгеге 452 жоба іске асырылып жатыр. 2020 жылы 250 ауылда жалпы сомасы 80 млрд теңге болатын 1641 жобаны жүзеге асыру жоспарланған, оның ішінде 2019 жылдан келесі жылға ауысатын 22 жоба бар.
«Ауыл – Ел бесігі» жобасы шеңберінде әрбір ауылды қаржыландыру көлемі мен көздері анықталады. Ауылдарды дамытудың 2027 жылға дейінгі кестесі жасалады, ауыл экономикасын Дамыту картасы әзірленеді.
Еліміздің барлық өңірлерінде ауыл инфрақұрылымын кең ауқымды жаңғырту басталады. Көзделген 30 млрд теңгеге қосымша, 2020 жылы 50 млрд теңге бөлінетін болады. Жалпы бөлінетін қаражатқа 250 ауылда 1641 жобаны іске асыру жоспарлануда.
Ірі елді мекендерге айрықша назар аударылып, тұрғындарының саны көп аудан орталықтарындағы қордаланған өзекті инфрақұрылымдық проблемаларды шешуге басымдық берілуде. 1 аудан орталығын қаржыландырудың көлемі орта есеппен алғанда 670 млн теңгеге жуық. Бөлінген қаражаттың едәуір бөлігі Алматы облысына – 6 млрд теңге, Түркістан облысына – 3,7 млрд теңге, Ақмола және Жамбыл облыстарына 2,8 млрд теңгеден бағытталды.
Өңірлердегі әкімдіктерге жобаларды кемінде 30%-ға қоса қаржыландыру ұсынылды. Қазіргі уақытта жобаларды іске асыруға жергілікті бюджеттен 4,7 млрд теңге бағытталды. Бұл орайда, қоса қаржыландырудың көп үлесі Атырау облысына – 84%, Қарағанды облысына – 32%, Ақтөбе облысына – 20%, Алматы облысына – 16% тиесілі.