Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары (страница 8)

Ауыл жаңалықтары

ТҮРКІСТАН: МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНЕ 10 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ

Бүгін Түркістан қаласындағы “Конгресс холл” көпсалалы кешенінде Қазақстан Республикасының қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер органдарына 10 жыл толуына орай мерекелік шара өтті. Жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров, Мемлекеттік кірістер департаменті басшысы Мақсат Нұрахаев, Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков, AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев және бірқатар басқарма басшылары мен мемлекеттік қызметкерлер қатысты. Облыс әкімінің орынбасары салтанатты шарада ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАР САЛЫНАДЫ

Түркістан қаласы бүгінде қайта жаңарып, көптің қызығушылығын тудыруда. Құрылыс бастауға ниетті инвесторлар саны артып келеді. Әр ғимарат сәулетшілердің мақұлдауынан кейін ғана салынуы тиіс. Бұл мәселені облыс әкімі Дархан Сатыбалды бақылауда ұстап отыр. Сәулеттік жобалар талқыланған мәжілісте жаңа жобалар таныстырылды. – Жаңа жобаларды жүзеге асыру бастамаларын қолдаймыз. Түркістан қаласында салынатын жаңа ғимараттардан шығыс және ұлттық сәулет нақыштары көрініс табуы керек. Сондай-ақ ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаевтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Күн тәртібінде денсаулық саласы бойынша бірқатар мәселелер талқыланып, атқарылған жұмыстардың баяндамасы тыңдалды. Алдымен «МӘМС жүйесі» туралы әлеуметтік сақтандыру қоры КЕАҚ Түркістан облысы бойынша директоры Бақыт Исмаханбетов баяндады. — Түркістан қаласы тұрғындарының 83%-ы МӘМС жүйесінде сақтандырылған болса, медициналық сақтандырылмаған азаматтар 17%-ды құрап отыр. МӘМС жүйесінде сақтандырылғандар медициналық көмектің кеңейтілген спектріне ие ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ҚАЛАНЫҢ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Халықаралық Жастар күніне орай, Түркістан қаласының әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаевтың қатысуымен шаһардың белсенді жастарымен кездесу өтті. Кездесу барысында жастар көкейдегі сауалдарын қойып, түрлі тақырыптар талқыланып, ұсыныс-пікірлері тыңдалды. — Бүгін өздеріңізбен Жастар күні мерекесі аясында кездесіп отырмыз. Қазіргідей заманда жастарымыз тек еңбекпен, біліммен ғана жарқын жетістіктерге қол жеткізе алады. Бұл ретте, жаңарған Түркістан – жастар үшін жаңа мүмкіндіктер алаңы. Таяуда қаламызда ...

Толығырақ »

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ОРТАЛЫҚТАҒЫ ҚАРИЯЛАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ 

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Мәжілістегі “AMANAT” партиясы фракциясының мүшесі Ерлан Тұрсынбайұлы Абдиевпен бірге Түркістан қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев пен мәслихат депутаты Жамила Төреханқызы, Түркістан облыстық мәслихат депутаттары Арыстанов Сүлеймен және Инара Абдиғаппарқызы болып «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығында» арнайы барып, жұмыс барысымен танысып қайтты. 2021 жылы құрылған мүмкіндігі шектеулі және зейнет жасындағы азаматтарға арнаулы әлеуметтік және сүйемелдеу қызметтерді көрсететін орталық ...

Толығырақ »

ТҮЛКІБАСТЫҚ ШАРУАЛАР БИДАЙДАН ГЕКТАРЫНА 30 ЦЕНТНЕРГЕ ЖУЫҚ ӨНІМ АЛУДА

Түлкібас ауданының шаруалары астық жинау науқанын қарқынды жүргізуде. Түлкібастағы Жаскешу ауылында орналасқан «Серғазы» шаруа қожалығының төрағасы гектарына 30 центнерге жуық бидай өнімін алуда. Соның бірі Серғазиев Бақтияр «Серғазы» шаруа қожалығының төрағасы Жаскешу елді мекенінің маңындағы 12 гектар жерге(багара) күзгі бидай егіп, бүгінгі таңда әр гектарынан 30 центнерге жуық өнім алуда. Ал, Арыс ауылдық округіне қарасты «Сүйіндік» шаруа қожалығының қадамы аудан ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫС ӨНЕРПАЗДАРЫ V ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНЫНА АТСАЛЫСАДЫ

Биыл қыркүйек айында Астана қаласында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойыны өтеді. Аталған шараға спортшылардан бөлек, облыс өнерпаздары да атсалыспақ. Онда үздік қолөнер шеберлері өнімдерін ұсынып, ақындар айтысы, салт-дәстүрді насихаттайтын қойылымдар сахналады. Өңірдің туристік әлеуеті таныстырылады. Концерттік бағдарлама ұсынылады. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат мәжілісте баяндалды. Өңір басшысы жоспарлы іс-шаралардан бөлек, ерекше форматта тың серпіліс керектігін айтты. ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДЫҚ БЕЛСЕНДІ ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР ТАБИҒАТ АЯСЫНДА ДЕМАЛДЫ

Түркістан қалалық «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы мен Тең қоғам орталығының» қызмет алушылары Арыстан баб, Қожа Ахмет Ясауи кесенелеріне зиярат етіп, тарихи тұлғалардың рухына Құран бағыштады. «Керуен-Сарай» туристік кешенін қайықпен аралап, «Ұлы дала елі» орталығындағы мұражаймен, ондағы фольклорлық-этнографиялық эскпозициялармен танысты. Саяхат Отырар қалашығы мен табиғат аясында жалғасып, белсенді зейнеткерлер демалысты ұйымдастырған орталық мамандарына ризашылықтарын білдірді. Түркістандағы «Белсенді ұзақ өмір сүру ...

Толығырақ »

ТАЗАЛЫҚ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ САРАЛАНДЫ

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен өткен мәжілісте тазалыққа жауапты жеке кәсіпкерлер өзекті мәселелерін ортаға салды. Қазіргі таңда қаладағы 6 сектордың санитарлық тазалығына 7 жеке кәсіпкер жауапты. Олар шаһардағы 832 көшеден қатты тұрмыстық қалдықтарды қоқыс полигонына тасымалдайды. Қала әкімі сектор басшыларына қоқыс тасымалының төлемі бойынша тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуді ескертті. Ал, жеке кәсіпкерлерге қоқысты бекітілген кестеден кешіктірмей, тиянақтап ...

Толығырақ »

КӨЗБОЯУШЫЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРГЕНДЕРДІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ҚАРАЛАДЫ

Түркістан қаласының аумағындағы санитарлық тазалықты, атқарылған жұмыстарды қадағалау мен тексеру арнайы құрылған жұмысшы топқа жүктелді. Бұл бойынша қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен арнайы мәжіліс өтіп, жұмысшы топ міндеттері таныстырылды. — Жауаптылар бекітілді, аймақтар белгіленді. Аптасына бір рет жұмысшы топ жетекшісінің есебі тыңдалады. Жұмыстың бағасы Ұйымдастыру бөлімі тарапынан жүргізілетін кері тексеріс нәтижелерімен салыстыра отырып берілетінін ескертемін. Заң да, талап пен тәртіп ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДЫҚТАР АБАЙ ЕСКЕРТКІШІНЕ ГҮЛ ШОҚТАРЫН ҚОЙДЫ

Елімізде 2020 жылдан бастап Абай күні кеңінен аталып өтуде. Бүгін осыған орай Түркістан қаласында арнайы іс-шара ұйымдастырылды. Тағылымды жиынға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, зиялы қауым өкілдері мен өңір кітапханашылары, дарынды оқушылар қатысты. Алдымен келген қонақтар арнайы жасақталған кітап көрмесімен танысты. Содан соң облыс әкімінің орынбасары мен бір топ зиялы қауым өкілдері Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Жиында алғаш болып ...

Толығырақ »

САЙРАМ АУДАНДЫҚ БЮДЖЕТТІҢ КІРІС КӨЗДЕРІН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ КЕҢІНЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ

Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Мадияр Әліповтің төрағалығымен «Жергілікті бюджет түсімдерін ұлғайту және қосымша кіріс көздерін анықтау бойынша» жұмысшы топтың кезекті отырысы өтті. Жиынға ауылдық округ әкімдері, тиісті сала және дербес бөлім басшылары қатысты. Күн тәртібінде 2024 жылдың 6 айында өндірілген қосымша кіріс көздері және 2024 жылдың соңына дейін жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің күтілімді орындалуы, ауылдық округтегі мүлік және көлік салықтарының ...

Толығырақ »

САЙРАМ АУДАНДЫҚ МАНСАП ОРТАЛЫҒЫНДА «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР» КҮНІНЕ ОРАЙ БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Сайрам ауданы Мансап орталығы және Жастар реурстық орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірлесіп, «12 тамыз — Халықаралық Жастар Күніне» орай, аудан жастарына арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастырды. Аталған жәрмеңкеде «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Ә.Төлегенов пен Мансап орталығының директоры А.Казанкапов, аудандық мәслихаттың депутаты Д.Анартаев және Сайрам ауданының ауданаралық мәжбүрлетіп орындату аумақтық бөлімінің басшысы Е. Киргизов жұмысқа жүгінген жастарға ауданда 24 ...

Толығырақ »

Түркістанда орталықтандырылған кәріз жүйесіне 16 336 абонент қосылған

Кезекті аралауды Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков М.Әбенова көшесіндегі кәріз жүйесінің құрылысынан бастады. «Capital Construction Projects Kazakhstan» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жоба бойынша 1600 метрге темірбетон құбырларын жүргізуді қолға алып, 1200 метрде жұмысты соңына жеткізді. Қазіргі таңда құрылыс 400 метрде жалғасуда. Мердігер қажетті жабдықтардың жеткізілгенін, сапа талаптарының сақталып жатқанын баяндады. Нұрбол Әбдісаттарұлы техникалық қадағалаушы мекеме өкілінің де есебін тыңдап, нысанның өндірістік ...

Толығырақ »

ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫ – ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІҢ ӨЛШЕМІ

Түркістанда қала әкімінің бекіткен кестесіне сәйкес өткен кезекті сенбілікке 800-ге жуық белсенді азаматтар қатысып, 10 техника жұмылдырылды. Шаһардағы О.Жандосов, Ә.Жангелдин, Б.Майлин, Тынышқұлов көшелері мен Балтакөл тас жолы қоқыстар мен қураған шөптерден тазартылды. Тәуелсіздіктің 10 жылдығы көшесіндегі ретсіз жарнамалар түзетіліп, кәсіпкерлік нысандардың қасбетін ретке келтіру жұмыстары жүргізілді. Тазалық шарасына атсалысқан табиғат жанашырларының айтуынша, әрбір жеке тұлға тазалықты өз ауласынан бастауы қажет. ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАР СЕКТОРЫНДА ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ БОЛЫП ӨТТІ

Түркістан қалалық мәслихат төрағасының және мәслихат депутаттарының 2024 жылы жүзеге асырылған және асырылатын жобалар және сайлаушылардың өтініш, сауалдарын тыңдау бойынша Отырар тұрғындар алқабында кездесу болды. Кездесуге Түркістан қалалық мәслихаты төрағасы Ғаппар Сарсенбаев, қала әкімі орынбасары Талгат Тулегенов және қалалық мәслихат депутаттары Жамила Төреханқызы, Абусейтов Бегахмет, Мади Аманжол және де дербес бөлім басшылары да қатысты. Жиын барысында тұрғындар көп уақыттан бері ...

Толығырақ »

Түркістанда бірнеше ірі жобалар жүзеге асуда

Түркістан қаласында жол сапасын жақсарту мақсатында бірнеше ірі жобалар жүзеге асуда. Солардың бірі — Ә.Жангельдин көшесінің құрылысы. 3800 м ұзындықты құрайтын нысанның құрылысы соңына таяп келеді. Онда екі қабаттан тұратын асфальт жабындысы төселіп, жол жиегінде суағар науалар орнатылды. Жаяу жүргіншілер жолы мен веложол салынып, көше жарықшамдарымен қамтамасыз етілуде. Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков бүгін Ә.Жангелдин көшесіндегі жол құрылысының барысын тексерді. Қазіргі ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: БЕКЗАТ СЕКТОРЫНДА БОЙ КӨТЕРІП ЖАТҚАН ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫ БАҚЫЛАУДА

Түркістан қаласындағы Бекзат тұрғындар алабындағы құрылысы жүріп жатқан нысандар өз уақытында ел игілігіне берілуі тиіс. Қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев, қала әкімінің орынбасары Төлегенов Талғат және мәслихат депутаттары Арыстанов Жандос және Тағайбаев Жанбота бірқатар құрылыс нысандарын аралап, жұмыс барысын көрді. Жай-күйін бағдарлады. Ең бірінші кезекте халық қалаулылары Бекзат секторы Жарова көшесі бойында орналасқан жаңа саябақпен танысты. Жалпы жер аумағы -3 ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: БЕКЗАТ СЕКТОРЫНДА ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ БОЛЫП ӨТТІ

Түркістан қалалық мәслихат төрағасының және мәслихат депутаттарының 2024 жылы жүзеге асырылған және асырылатын жобалар және сайлаушылардың өтініш, сауалдарын тыңдау бойынша Бекзат тұрғындар алқабында кездесу болды. Кездесуге Түркістан қалалық мәслихаты төрағасы Ғаппар Сарсенбаев, қала әкімі орынбасары Талгат Тулегенов және қалалық мәслихат депутаттары Жандос Арыстанов, Жанбота Тағайбаев және де дербес бөлім басшылары да қатысты.  Бекзат секторында №31 Абай мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарының ...

Толығырақ »

ҚАЙНАРБҰЛАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ «АУЫЛ — ЕЛ БЕСІГІ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

2023 жылы республикалық бюджеттен «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында Сайрам ауданына қарасты Қайнарбұлақ ауылдық округіндегі 19 көшеге асфальт төсеу жұмыстарына қажетті қаржы қаралып, биыл шілде айында жөндеу жұмыстары басталды. Жол жөндеу жұмыстары 3 кезеңге бөлініп, бүгінде Әсіларық ауылындағы Көктем көшесіне жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта ағымдағы жылдың қазан айына дейін округтегі Көмешбұлақ, Парасат, Темірқазық, Мұсаев тұйық, Қ.Жұмабаев, Әлжанов, Қазыналы, Абай ...

Толығырақ »

ЖОЛ ҚИЫЛЫСЫНА ҚОСЫМША БАҒДАРШАМ ҚОЮ МӘСЕЛЕСІН ҚАРАСТЫРДЫ

Сайрам ауданының әкімі Арман Сабитовтің ауылдық округтерді аралау жөніндегі тапсырмасына сәйкес, аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев келесі кезекте аудандық маңызы бар КХSR-19 «Қарасу-Ақбастау-Шымкент қаласының шекарасы» автомобиль жолы мен Жібек жолы даңғылы қиылыстарына қосымша бағдаршам қою мәселесін қарастырды. Тиісті сала басшыларымен бірге аудан орталығынан келетін көліктер республикалық маңызы бар қалаларға қолайлы қозғалыс жасайтындай, көліктер бір-біріне кедергі келтірмейтіндей тиімді эскизді сызу мәселесі ...

Толығырақ »

САЙРАМ АУДАНЫ АУМАҒЫНДАҒЫ АРЕНДАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитовтің тапсырмасына сәйкес, аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев тиісті тұлғалармен бірге Сайрам ауданы, Әйтеке би ауылында орналасқан арендалық тұрғын үйдің (80 пәтердің) құрылысымен арнайы танысып қайтты. Аталған нысанның жобасын «Тұрғын үй-моммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында 2024 жылы жеке инвестор А.Абдусаламов жүзеге асырған болатын. Бүгінде жалпы 2-қабатты 3 дана арендалық тұрғын үйдің (80 пәтердің) ...

Толығырақ »

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ТҮРКІСТАНДА АЛТЫ ЖАСТАҒЫ БАЛАДАН АЛПЫСТАҒЫ ҚАРТҚА ДЕЙІН ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНА АТСАЛЫСУДА

Бүгін Түркістанда 400 адамның қатысуымен тазалық шарасы өтті. «Таза Қазақстан» эко-акциясы аясында өткен сенбілікке 13 техника жұмылдырылды. Әмір Темір, Төле би, С.Қожанов, О.Жандосов, С.Ерубаев көшелері мен Тәуке хан даңғылының бойындағы күл-қоқыстар шығарылып, қураған шөптер тазартылды. Ағаштарды әктеу, сырлау жұмыстары жүргізілді. Сенбілікке әжесімен бірге келген қаланың кішкентай 6 жасар тұрғыны Кәусар Әзизханқызы да тазалық жұмыстарына атсалысып, үлкендерге қолғабыс етті. Енді ғана ...

Толығырақ »

КИЕЛІ ШАҺАРДА БЕС СПОРТ КЕШЕНІ БОЙ КӨТЕРУДЕ

Салауатты өмір салтын қалыптастырып, Түркістан қаласында бұқаралық спортты дамыту мақсатында түрлі спорттық нысандар салынуда.Осы орайда жалпы М.Төлебаев көшесінде; Баянауыл аумағы мен Теріскей көшесінде және Мақатаев көшелерінде құрылысы басталған спорт кешендері бар. Спорт кешендерінің құрылыс жұмыстарының жүргізілу қарқыны мен жұмыс сапасын тексеру мақсатында Түркістан қалалық мәслихат төрағасы мен мәслихат депутаттары Дәурен Тәңірбергенов, Аюпов Данияр, Тұрманов Бақдаулет пен Мұсабеков Данияр және Мұсабек ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ САУРАН ЖӘНЕ БІРЛІК СЕКТОРЛАРЫНДА ХАЛЫҚПЕН ЖҮЗДЕСТІ

Бүгін Түркістан қалалық мәслихат төрағасының және мәслихат депутаттарының 2024 жылғы жүзеге асырылған және асырылатын жобалар және сайлаушылардың өтініш, сауалдарын тыңдау бойынша халықпен кездесу болып өтті. Аталған кездесуге Түркістан қаласы мәслихатының төрағасы Ғаппар Сарсенбаев, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Төлегенов Талғат, Сауран алқабына қарасты депутаттар Тажибек Мусаев , Бақдаулет Тұрманов,Данияр Мусабеков және Мұсабек Құлбатыр қатысты Өтемісұлы көшесі мен Нысанбаев көшелерінің қиылысында, Б.Майлин ...

Толығырақ »