Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары (страница 96)

Ауыл жаңалықтары

БИЫЛ АЛМА БАУ КӨЛЕМІ 100 ГЕКТАРҒА АРТАДЫ

Түркістан облысы, Түлкібас ауданында биыл алма бау көлемі 100 гектарға артады, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Түлкібас ауданында алма бау көлемін арттыру жылдан жылға қарқын алып келеді. Дәмі тіл үйіріп, талайдың таңдайынан кетпеген алма бүгінде осы өңірдің брендіне айналды. Биыл ауданда жеміс — жидектің көлемі 3335 гектарды құрап отыр. Мемлекетік бағдарламаға сәйкес, 2001-2019 ...

Толығырақ »

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ ЭКСПОРТЫ ҰЛҒАЙЫП КЕЛЕДІ

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының дихандары көршілес елдерге және еліміздің бірнеше өңірлеріне бүгінгі таңға 866 тонна ауыл шаруашылығы өнімдерін жөнелтіп үлгерді.Оның ішінде ауданның тауар өндірушілері Ресейге 90 тонна азық-түлік өнімдерін экспорттады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Атап айтқанда, аудандағы жылыжайдың отаны деуге болатын Жартытөбе ауылдық округінің шаруалары бүгінгі таңға 52 тонна қырыққабат, 18 ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙЛЫҚ ЖАС КӘСІПКЕРЛЕР ЖОМАРТТЫҚ ЖАСАДЫ

Жетісайлық кәсіпкерлер жомарттық жасады, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz. Қытайдан бастау алған COVID-19 індеті біздің елімізге де жетіп, төтенше жағдай жарияланды. Бірқатар ірі қалалар мен облыстар, мегаполистер карантиндік режимге жабылып, індеттің таралмауының алдын алу жұмыстары барынша күшейтілген. Елдегі төтенше жағдай кезінде жетісайлық кәсіпкерлер де шама-шарқынша елге қол ұшын созуда. Бірі – аз қамтамасыз етілген, көпбалалы ...

Толығырақ »

БАСТЫ ТАЛАП — САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ ПЕН БАҒА ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

Түркістан облысы аумағында қосымша 25 дезинфекциялық өткел орнатылды, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Халық көп шоғырланатын жерлерде қойылған қорғаныс бекеттерін облыстың барлық аудан, қалаларында орнату көзделіп отыр. Қытай елінен шыққан қауіпті індетпен күресте Түркістан обылысының барлық аумақтарында шектеу шаралары күшейтілген. Жалпы, облыс бойынша жағдай тұрақты және сақтық шаралары қатаң бақылауда. Тапшылық болмас үшін ...

Толығырақ »

700 ТОННА ЕТ ЭКСПОРТТАЛДЫ

Түркістан облысы Сайрам ауданында жыл басынан бері 700 тонна ет экспортталды, ждеп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Түркістан облысының Сайрам ауданы ет өндіруде еліміз бойынша алдыңғы қатарлы аудандардың бірі саналады. Індетке байланысты жарияланған төтенше жағдайға қарамастан мұндағы мал өсіріп,ет өнімін өндіретін шаруа қожалықтары жұмысын тоқтатқан жоқ. Нәтижесінде Сайрам ауданынан 2020 жылдың I тоқсанында Өзбекстан, ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: МАМАНДАР САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫН БҰЗБАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Түркістан облысында жыл басынан бері 5 адам суға кетіп қаза болды. Оның 2-еуі Мақтарал ауданында, ал Жетісай, Ордабасы аудандарында және Арыс қаласында 1 жағдайдан тіркелген. Бұл туралы Түркістан облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары подполковник Ерік Сарыбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Оның сөзінше, жазатайым ...

Толығырақ »

КӘСІПКЕР ҚОС ТЫНЫС АЛУ АППАРАТЫН СЫЙЛАДЫ

Еліміздегі Төтенше жағдай кезеңінде Мақтаарал ауданының кәсіпкерлері белсенділік танытып, ел үшін көптеген игі істерді атқаруда. Жергілікті кәсіпкер «Астана Строй-Проект» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры аудандық «Мырзакент» және «Атакент» ауруханаларына жедел медициналық қызмет көрсетуге арналған құны 1 миллион теңге тұратын 2 жасанды тыныс алу аппаратын сыйлады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. «Коронавирус инфекциясы асқынған ...

Толығырақ »

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ БАРЫНША КҮШЕЙТІЛДІ

Түркістан облысы, Жетісай ауданында адам көп шоғырланатын орындарды сақтық шаралары барыншка күшейтілді. Соңғы мәліметтер бойынша Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтар саны 47-ге жетті. Соның ішінде Жетісай ауданы, Ш.Ділдабеков ауылдық округінің 1970 жылғытұрғыны және Ш. Ділдабеков ауылдық округі, Достық ауылының 1971 жылғы, осы ауданның Ынтымақ ауылдық округі, Өркенді ауылының 1994 жылғы тұрғындарында коронавирус инфекциясы расталып отыр. Аталған азаматтың үшеуі де ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДЫҚ ЕРІКТІЛЕР ЕРЛЕУДЕ

Елдегі төтенше жағдайға орай, түркістандықеріктілер бірқатар жобаларға атсалысуда. «Жастар ресурстық орталығы» көрсетілетін қызметтерді қашықтықтан жүзеге асыруда. Жастардың үздіксіз дамуын әрі бос уақытын тиімді пайдаланып, қашықтықтан оқуға дағды қалыптастыру мақсатында бірқатар жобалар қолға алынды. Атап айтқанда, әлеуметтік желі арқылы «Жастар online» жобасы аясында видео-байқауы өткізілді. Қашықтықтан оқытатын «Қолжетімді ағылшын» жобасына 500-ге жуық жас, онлайн тіркеліп, ағылшын тілін ақысыз оқу курсы іске ...

Толығырақ »

108 ШАҚЫРЫМДЫ ҚҰРАЙТЫН КАНАЛДАР ТАЗАЛАУДАН ӨТУДЕ

Түркістан облысы Түлкібас ауданында демеушілер есебінен 108 шақырымды құрайтын каналдар тазалаудан өтуде, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Түлкібас ауданы әкімінің өткен жылды қорытындылау мақсатында елді мекен тұрғындарымен кездесуінде тұрғындардың басым көпшілігінің көтерген мәселесі үй іргелік аумаққа ағынды су келуін қамтамасыз ету болатын. Бұл бағытта бүгінгі таңда аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен бірқатар жұмыстар іске ...

Толығырақ »

ЗЕЙНЕТАҚЫЛАРЫ ҮЙЛЕРІНЕ ЖЕТКІЗІЛДІ

Түркістан облысында 4525 зейнеткердің зейнетақысы үйлеріне жеткізілді. Оның 2361-і Түркістан қаласына тиесілі. Бұл төтенше жағдай кезінде мекеме ғимараттарына адамдардың көп шоғырлануын болдырмау мақсатында қолға алынған шара. Бұл туралы «Қазпошта» АҚ Түркістан облыстық филиалының директоры Бақытжан Ысқақ мәлімдеді, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Ол зейнеткерлерге қызмет көрсету барысында мамандардың санитарлық тазалықты тиісті деңгейде сақтап, ...

Толығырақ »

70 ОТБАСЫҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Түркістан облысы Төлеби ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларды қолдау мақсатында қайырымдылық шаралары жалғасып жатыр. Елім деген жанашыр азаматтар аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасыларға түрлі көмектер көрсетуде. Солардың бірі –«Бейбарс и К» ЖШС мен Қуаныш Ешенқұлов жеке қоры Ленгір қаласы мен ауылдық округтерде тұратын 30 отбасыға «Қамқорлық» бағдарламасы аясында20 мың теңге көлемінде қаржылай көмек үлестірді. Бұл туралы Түркістан облысы ...

Толығырақ »

БАСТЫ ТАЛАП — САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ ПЕН БАҒА ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

Бүгін Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков орталықтағы «Сайрам» базары мен «Әділ» сауда үйін аралады. Ондағы мақсат — сауда-саттық барысында санитарлық талаптардың сақталуы мен азық-түлік бағаларының шектік бағадан аспауына көз жеткізу. Бұл туралы Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Жұмыс барысында бірқатар кемшіліктер анықталды. Атап айтқанда, бетпердесіз сатушы, нан өнімдерін қаптамасыз сату, бағаны негізсіз өсіру жағдайлары белгілі болды. ...

Толығырақ »

«ҚЫЗЫЛ КІТАПҚА» ЕНГЕН ҚҰС КАФЕДЕН ТАБЫЛДЫ

Түркістан облысы Сайрам АПБ-ның Табиғатты қорғау полиция тобының инспекторы полиция аға лейтенанты М.Ботабек және Әкімшілік полиция бөлімінің инспекторы полиция аға лейтенанты М.Қуандықов экологиялық қылмыстардың алдын алу жөніндегі жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізу барысында Манкент ауылында орналасқан кафелердің бірінің ауласынан асырауға тыйым салынған үлкен «Үкі» құсын анықтады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 339-бабы «Сирек кездесетін ...

Толығырақ »

КОРОНАВИРУСТЫҢ АЛДЫН АЛУҒА ҮЛЕС ҚОСТЫ

Бүгінгі қоғамда індеттен қорғанатын құралдар жеткіліксіз. Бетперделер, антисептиктер — дәріханалардың өзінен табыла бермейді. Осыны ескерген Түркістан облыстық жол активтері ұлттық сапа орталығы залалсыздандырғыш құралды өз зертханадарында жасап шығарды. Сондай ақ орталық қызметкерлері өз қолдарымен бетперде тігіп, қоғамдық көлік жүргізушілеріне тарту етті, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі М.Әсембектің материалына сілтеме жасаған «DIDARBEK.kz». Індеттен қорғайтын негізгі құрал- антисептик. Мекеме мамандары оны орталық ...

Толығырақ »

ОТЫРАРЛЫҚ ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР БЕТПЕРДЕ ТІГІП, ТЕГІН ТАРАТУДА

Түркістан облысы Отырар аудандық «Іскер әйелдер» қауымдастығы мен «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы бастамасымен қолға алынған челлендж жалғасын табуда. Ұйым мүшелері яғни, қолынан іс келетін қыз-келіншектер қиын сәтте халыққа қол ұшын беруде. Медициналық бетперде тігіп, халыққа тегін таратып жатыр, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Г.Қалмырзақызының материалына сілтеме жасаған «DIDARBEK.kz». Аудандағы «Іскер әйелдер қауымдастығы қолға алған игі іске кәсіпкер келіншектер ерекше ...

Толығырақ »

2000-ҒА ЖУЫҚ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІНЕ ҮСТЕМАҚЫ ТӨЛЕНДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен, коронавируспен күресіп жатқан облысымыздағы 1994 дәрігер үстемақы алды. Қазіргі таңда мамандар 3 топқа бөлініп, COVID-19 инфекциясын алдын алу бағытында аянбай қызмет етіп жатыр. Өңірімізде жұмыс қауіптілігіне қарамастан қызмет көрсеткен мамандардың саны қанша? Үстемақы алуға кімдер лайық? Бұл туралы «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі М.Әсембектің материалына сілтеме жасаған «DIDARBEK.kz» хабарлайды. Елімізде төтенше жағдай жарияланғалы ақ халатты абзал жандардың ...

Толығырақ »

БЛОК-БЕКЕТТЕГІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ

Түркістан облыстық Полиция департаментінің психологтары, еріктілермен бірге блок-бекеттегі қызметкерлерге арнайы тренинг өткізді, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz. Төтенше жағдайға байланысты Түркістан облысы полицейлері күшейтілген жұмысқа көшкені баршаңызға белгілі. Облысымызда коронавирус індетінің таралмауына, алдын алуға бағытталған іс-шараларға сәйкес, құрамында полицейлер мен медицина қызметкерлері, әскерилер қамтылған блок-бекеттер орналастырылды. 1 айдан астам уақыт күні-түні кезекшілікпен қызмет атқарып жатқан осы ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ӨЛКЕСІНДЕГІ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі тікелей көрсетілімдегі өз жұмысын бастады. Алғашқы онлайн кездесу қорық-музейдің ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты, археолог Тұяқбаев Марат Қымызұлының «Түркістан өлкесіндегі археологиялық зерттеулер» бойынша жүргізілген тарихи шолуынан бастау алды. «Түркістан қаласы мен алқабы археологиялық тұрғыдан 1893 жылдан бері зерттеліп келеді. Археологтар бұл уақыт аралығын — Ресей ғалымдары, Кеңес Одағы ғалымдары және ...

Толығырақ »

ОРДАБАСЫЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР АКЦИЯҒА ҮЛЕСТЕРІН ҚОСТЫ

Елімізде төтенше жағдай жарияланғалы бері Түркістан облысында түрлі жобалар мен акцияларды қолдап, қайырымдылық көрсетіп жатқан жомарт жандар саны күн санап артып келеді. Жақсылыққа жаны құмар осындай азаматтар аудан, қалаларда тұратын аз қамтылған, тұрмысы төмен отбасыларға қолдау білдіріп, азық- түлік себеттерін үлестіруде. Рамазан айындағы игілікті істен Ордабасы аудандық полиция басқармасы да шет қалған жоқ. Олар Елбасының бастамасымен қолға алынған «Біз біргеміз!» ...

Толығырақ »

Келестік еріктілер көне жерлерге саяхат жасады

Келес ауданы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің және аудандық «Jas-Keles Eriktileri» ұйымының волонтерларымен біргелікте ұйымдастыруымен еріктілікті дамытудың 7 бағыты аясында 5 «Асыл мұра» бағытын жандандыру мақсатында және Елбасының «Болашаққа бағдар Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында көне жерлерге саяхат ұйымдастырылды. Келес ауданы, Ақтөбе ауылдық округіне қарасты «Мыңтөбе, Ақтөбе, Күлтөбе, Қаратөбе, Жуантөбе» деп аталатын үлкен ауылдар бар. Бұлар Төбе деп аталуының себебі-ауылдың дәл ...

Толығырақ »

Түркістан қаласының әкімі қаланы аралады

Түркістан қаласы басшылығының бүгінгі қаланы аралау жұмыстары орталық «Азиз» базарымен аяқталды. Бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде жауын-шашын зардабынан көлшік пайда болып, ары-бері өтуге тұрғындар тарапынан қолайсыздығы жазылған еді. Осы мәселені назарына алған Р. Абатұлы бүгін арнайы барып, базар маңындағы қоқыстар мен қоқысқа, лайға, суға толған арықшаларды «Түркістан жарық-тазалық» мекемесі қызметкерлері үздіксіз тазалап тұруын қатаң ескертті. ⠀ «Тазалық жинаған жерде емес, ...

Толығырақ »

БИЫЛ 15 НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Түркістанда биыл 15 мәдени-әлеуметтік нысан салынып,ел игілігіне беріледі. Олардың 8-і жаңа әкімшілік іскерлік орталықта орналасқан болса, қалғаны рухани-мәдени аймақта бой тіктейді. Нысандар ішінде басқармалар үйі, Конгресс холл, драмма театр, 8 мың орындық стадион мен Атракционды саябақ бар. Бүгінде барлық ғимаратта құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл туралы журналистермен болған баспасөз мәслихатында облысымыздың сәулетшілері мәлімдеді, деп жазады «OŃTÚSTIK арнасы» телеарнасының тілшісі М.Жарылқасынның материалына ...

Толығырақ »

Келесте «Өзге тілдің бәрін біл-өз тіліңді құрметте» шарасы өтті

Келес ауданы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Қошқарата ауылдық округі Мәдениет үйінде 2020 жыл «Волонтер жылы» аясында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Өзге тілдің бәрін біл-өз тіліңді құрметте» атты өзге ұлт өкілдері жастары арасында Абай өлеңдерін жатқа оқу сайысы өтті. Аталмыш сайыста 14 өзге ұлт өкілдері қатысып 5 кезең бойынша бақ сынасты.Нәтижесінде №43 Болашақ жапы орта мектебінің оқушысы Тұрғанбекова Сапаркүл ...

Толығырақ »

ҰСТАЗДАР ҰЛЫ АҚЫНДЫ ДӘРІПТЕДІ

Түркістан қалалық адами капиталды дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен №22 жалпы орта мектебінде балабақша тәрбиешілері «Дархан халықтың дана Абайы» атты қойылымын сахналады. Ақынның өмір жолын бейнелеген тәрбиешілер сахналық шеберліктерін жоғары дәрежеде жеткізе білді, деп жазады «Түркістан» газетінің тілшісі А.Мейрамханқызының материалына сілтеме жасаған didarbek.kz. Елбасымыз Н. Назарбаев «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы ...

Толығырақ »