Түркістан қаласы басшылығының бүгінгі қаланы аралау жұмыстары орталық «Азиз» базарымен аяқталды. Бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде жауын-шашын зардабынан көлшік пайда болып, ары-бері өтуге тұрғындар тарапынан қолайсыздығы жазылған еді. Осы мәселені назарына алған Р. Абатұлы бүгін арнайы барып, базар маңындағы қоқыстар мен қоқысқа, лайға, суға толған арықшаларды «Түркістан жарық-тазалық» мекемесі қызметкерлері үздіксіз тазалап тұруын қатаң ескертті. ⠀ «Тазалық жинаған жерде емес, ...
Толығырақ »Ауыл жаңалықтары
БИЫЛ 15 НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Түркістанда биыл 15 мәдени-әлеуметтік нысан салынып,ел игілігіне беріледі. Олардың 8-і жаңа әкімшілік іскерлік орталықта орналасқан болса, қалғаны рухани-мәдени аймақта бой тіктейді. Нысандар ішінде басқармалар үйі, Конгресс холл, драмма театр, 8 мың орындық стадион мен Атракционды саябақ бар. Бүгінде барлық ғимаратта құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл туралы журналистермен болған баспасөз мәслихатында облысымыздың сәулетшілері мәлімдеді, деп жазады «OŃTÚSTIK арнасы» телеарнасының тілшісі М.Жарылқасынның материалына ...
Толығырақ »Келесте «Өзге тілдің бәрін біл-өз тіліңді құрметте» шарасы өтті
Келес ауданы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Қошқарата ауылдық округі Мәдениет үйінде 2020 жыл «Волонтер жылы» аясында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Өзге тілдің бәрін біл-өз тіліңді құрметте» атты өзге ұлт өкілдері жастары арасында Абай өлеңдерін жатқа оқу сайысы өтті. Аталмыш сайыста 14 өзге ұлт өкілдері қатысып 5 кезең бойынша бақ сынасты.Нәтижесінде №43 Болашақ жапы орта мектебінің оқушысы Тұрғанбекова Сапаркүл ...
Толығырақ »ҰСТАЗДАР ҰЛЫ АҚЫНДЫ ДӘРІПТЕДІ
Түркістан қалалық адами капиталды дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен №22 жалпы орта мектебінде балабақша тәрбиешілері «Дархан халықтың дана Абайы» атты қойылымын сахналады. Ақынның өмір жолын бейнелеген тәрбиешілер сахналық шеберліктерін жоғары дәрежеде жеткізе білді, деп жазады «Түркістан» газетінің тілшісі А.Мейрамханқызының материалына сілтеме жасаған didarbek.kz. Елбасымыз Н. Назарбаев «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы ...
Толығырақ »ТІЛСІЗ ЖАУМЕН КҮРЕС
Өртті алдын-ала болжап білу мүмкін емес. Күнделікті өмірде өрттен жарақат алған немесе газдан уланған не қаза болғандарды естіп, алаңдайтынымыз рас. Міне, сондықтан өрт қауіпсіздігі мен улы газдан уланудың алдын — алу мақсатында аудан көлемінде «Сенбілік» іс-шарасы өтті. Оған департаменттің эілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының бас маманы азаматтық қорғау аға лейтенанты С.Досанұлы, ерікті студенттер, «ҚазТрансГазАймақ», жергілікті полиция ...
Толығырақ »Бас ақын өлеңдері насихатталды
Президентіміз Қасым – Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы аясында Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебінде «Абайды білмек керек, ойлы жасқа» атты тақырыбында әдеби кеш өтті. Кеште алдымен Ұлы ақын Абай Құнанбаевқа арналған бұрыш ашылып, Абай мен әжесі Зеренің арасындағы диалогтан көрініс қойылды. Буккроссинг бұрышы таныстырылды. Әдеби-сазды кеш шымылдығын тіл маманы Майра Жақыпова Абайдың «Татьянаның Онегинге хаты» ...
Толығырақ »АБАЙ ӘНДЕРІ ШЫРҚАЛДЫ
Биыл Бас ақын Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орй, еліміздің барлық өңірлерінде түрлі шаралар өткізіліп, ақын мұралары кеінен насихатталуда. Жамбыл атындағы жалпы орта мектепте «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ халқының Ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толу қарсаңына «Абайды білмек керек, ойлы жасқа » тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің аралығында онкүндік іс-шара өткізілді. Онкүндік барысында «Асыл ...
Толығырақ »СОFЫСТЫҢ ОТ-ЖАЛЫНЫ ШАРПЫFАН
«Темірлан» орта мектебінде Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 31 жылдығына арналған ашық тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: оқушыларға ауған соғысы жәйлі кеңінен мәлімет беру, патриоттық рухы жоғары жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету, сол қырғында опат болғандардың рухына тағзым ету. Ауған соғысы ардагерлері аудандық ұйымының төрағасы Е.Бектаев сол бір қасіретті күндер жөніндегі естеліктерімен бөлісті. Келесі кезекте аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Әбдіқайымұлы, Қажымұқан ауыл ...
Толығырақ »ҚАҒАЗСЫЗ ҚҰЖАТ АЙНАЛЫМЫНА ӨТУ
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары А.Жұмағұловтың бастамасымен 2017 жылдың 7 қыркүйегіндегі өткен үкіметтік ақпараттандыру бойынша №01-8/05-1757 хаттамасының 3 тармағына сәйкес орталық және жергілікті мемлекеттік басқару органдарына 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қағазсыз құжат айналымына өту үшін ұйымдастырушылық және техникалық шараларды қабылдау тапсырылған. Түркістан облыстық Әділет департаменті барлық қала, ауыл округтері, кент әкімдері аппаратының нормативтік-құқықтық актілерін электронды құжат айналымы арқылы әділет органдарында ...
Толығырақ »ТҮЛКІБАС: «Қамқорлық» жобасына қатысып жатқан 93 отбасыға жан-жақты қолдаулар көрсетілуде
«Көш жүре түзеледі»- деген дана халқымыз, қандай да мәселені шешу үшін уақыт қажет екендігін меңзеген. Бүгінде өңірімізде халық игілігі үшін көптеген жобалар іске асуда. Соның бірі, «Қамқорлық» жобасы. Жоба аясында, Түркістан облысының басқа аудандарымен қатар, Түлкібас ауданында да белгілі бір себептермен қиын сәттерді басынан өткеріп жүрген отбасыларға жан-жақты қамқорлық көрсету арқылы кедейшілік шегінен шығару шаралары жүйелі түрде іске асуда. Бұл ...
Толығырақ »ТҮЛКІБАСТА «АЛ,ҚАНЕКИ ЖАСТАР!» ӘСКЕРИ — СПОРТТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ
«АЛ,ҚАНЕКИ ЖАСТАР!» АТТЫ ӘСКЕРИ — СПОРТТЫҚ БАЙҚАУЫ. Түлкібас ауданы «Ломоносов» МГ. ұйымдастыруымен «Ал, қанекей жастар!» атты әскери – спорттық байқауы өткізілді. Іс-шара барысында: Ауған соғысының ардагерлері В.Коробейников және Архабаев Қуанғали ағаларымыз жастардың бойындағы патриоттық сезімдерін оятып, алдағы байқауға сәттілік тіледі. Байқауға қатысушы командалар келесі турлар бойынша сайысқа түсті: 1.Саптық жүріс; 2.Әскери ән орындау; 3.Газтұмылдырғын кию; 4.Білтемірге тартылу; 5.Оқжатарды оқтау; 6.АК ...
Толығырақ »ӨМІРІМ СЕНІ СҮЙЕМІН, БАСЫМДЫ САҒАН ИЕМІН
Жетісай қаласы №9 Д.Қонаев атындағы ІТ лицейінде Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі секторының ұйымдастыруымен оқушылардың бір-біріне сыйластығын, сенімін арттыру мақсатында «Өмірім сені сүйемін, басымды саған иемін» атты семинар -тренинг өтті. Іс-шараны психологтар Г.Султанова, А.Ерубай жүргізіп, оқушыларға топтық жұмыстар және түрлі психологиялық жаттығулар жасатты. Оқушыларға жақсы мен жаманның, дұрыс пен бұрыстың аражігін ажыратып, ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАНДА ТҮНГІ РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр. Бүгінде өрімдей жастардың қылмыс жасауы көз үйренген көрініске айналып, елді елең қылып отыр. Тәртібі қиын бала есейген сайын қылмыстың ауыр түрлерін жасауға бейімі арта беретінін ескерсек, бұл аса ...
Толығырақ »«ҚАМҚОРЛЫҚ» ЖОБАСЫМЕН ОТЫРАРЛЫҚ ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Түркістан облыстық «Nur Otan» партиясының «Қамқорлық» акциясына отырарлықтар белсенді түрде атсалысып, үн қосуда. Бұған дейін бірнеше қамқорлық шараларын ұйымдастырып, аз қамтылған, көмекке мұқтаж екі отбасыға тұрғын үй алып берген ауыл азаматтары қамқорлық жасауды өзара жарысқа айналдырған секілді. Бүгін осы игі шара аясында ауданымыздағы тағы да бір отбасы баспаналы болды. Шәуілдір ауылында 18 жылдан астам уақыт бойы пәтер жалдап келген Бейсенбиев Пернебайдың ...
Толығырақ »Келесте «Жігіт сұлтаны» атты байқауы өтті
Келес ауданы Ақтөбе ауылдық округіне қарасты Қызыләскер ауылдық мәдениет үйінде «А.Құнанбайұлының 175 жылдығына» орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жігіт сұлтаны» атты байқауы өткізілді. Сайдың тасындай сап түзеген сайыпқырандар сайыстың шарты бойынша бар өнерлерін көрсетіп, бұла күштерін сынады.Сайыстың басты мақсаты — ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру әрі әрбір баланың бойындағы қабілеттерін ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға ...
Толығырақ »ЖЕТІ ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Түркістан облысы Кентау қаласында орналасқан «Кентау» индустриалды аймағында 2022 жылға дейін жалпы құны 1 млрд. 371,2 млн. теңге болатын 7 жоба жүзеге асырылады, деп жазады «Отырар» телеарнасына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық порталы. Жоспар жүзеге асқанда 150-ден астам жаңа жұмыс орны пайда болады. Қазіргі таңда онда құны 1,7 млрд. теңгені құрайтын 3 жоба жұмыс істеп келеді. Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған ақпараттық ...
Толығырақ »Әже – ұлттық тәрбиенің ұлағатты бастауы
Тамыры тереңге тартқан 2000 жылдық тарихы бар Қарашық ауылдық округіне қарасты 3 елді мекен бар, бұл он мыңнан аса тұрғыны бар Қарашық, Құмтиін, Қаратөбе ауылдары. Аталған ауылдардың әжелер алқасының төрайымы Мукарам Кулжанова әжеміздің арнайы шақыруын қабыл алып, Кентау қаласына қарасты барлық қала және ауылдық округтердің әжелер алқасының төрайымдары Қарашық ауылдық округінде бүгін бас қосуына «Әже – ұлттық тәрбиенің ұлағатты бастауы» атты іс-шараға Кентау қалалық әжелер алқасының төрайымы Салтанат Атабек бастап келді. ...
Толығырақ »МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ МЫРЗАКЕНТ КЕНТІНДЕ ТҰРАТЫН ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫ ТӨМЕН ОТБАСЫЛАРМЕН ТАНЫСТЫ
Мақтаарал ауданында «Қамқорлық» бағдарламасына енген отбасылардың жалпы саны 115-ке жетіп отыр. Ал, аудан орталығы Мырзакент кентінде өмірлік қиын жағдайға тап болған және әлеуметтік жағдайлары өте төмен 12 отбасы аталған бағдарламаға енген. Бүгін аудан әкімі Бақыт Асанов Мырзакент кентіндегі бағдарламға енген отбасылардың үйлерін арнайы аралап, жағдайларымен танысты, деп жазады Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz. Жалпы Мырзакент кентінде «Қамқорлық» ...
Толығырақ »МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ БАСШЫСЫ ЕРІКТІ ЖАСТАРМЕН БІРГЕ ЕЛ АРАЛАДЫ
Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов ерікті жастармен бірігіп ел аралады. Ең алдымен өңір басшысы аудандық «Мырзакент» ауруханасында емделіп жатқан көп балалы ана, І топтың мүгедегі Перизат Қарабаеваның ахуалынан хабар алды, деп жазады Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz. Бұған дейін Бақыт Насырханұлы Достық ауылдық округінде тұратын Қарабаевтар отбасына барып, отанасының жағдайымен танысқан болатын. П.Қарабаева осыдан 3 жыл бұрын ...
Толығырақ »МАҚТААРАЛДА СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША АРНАЙЫ ТАКТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ
Мақтаарал ауданында су тасқынының алдын алу бойынша практикалық түрде атқарылатын арнайы тактикалық жаттығу іс-шарасы өтті, деп жазады Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz. Жаттығу шарасында «Достық» каналында төтенше жағдай туындағанда азаматтық қорғау күштерінің іс-әрекеті нақтыланды. Іс-әрекеттің алгоритіміне сәйкес, ең алдымен сағат 09:25-те түскен хабарлама бойынша Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығына, кезекші бөлімге және аудан көлеміндегі тиісті мекемелерге хабарлама ...
Толығырақ »МАҚТААРАЛДА ЖЫЛЫЖАЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА ЛИМОН ӨСІРІЛУДЕ
Негізгі экономикасын ауыл шаруашылығы құрайтын Мақтаарал ауданында 33,1 гектар жылыжай бар. Қазіргі таңда облыс әкімінің тапсырмасында көрсетілген жылына 2-3 рет өнім алу технологиясы осы жылыжайларда кеңінен қолданылуда. Бұл туралы аудандағы жылыжай шаруашылықтарын аралап жүрген ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ғалым Дүйсенбеков хабарлады. Ғалым Мырзаханұлы типтік үлгіде салынған «Хамро ата» шаруа қожалығына тиесілі жылыжай шаруашылығына барды. Аумағы 7 гектарды құрайтын жылыжайдың 1 ...
Толығырақ »ЖЕТІСАЙДА «ROBOTURKISTAN» АЙМАҚТЫҚ АШЫҚ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ
«ROBOTECH – 2020» технологиясы негізінде Жетісай аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен Түркістан облысы әдістемелік кабинетінің, Жетісай аудандық білім бөлімі мен «ROBOTURKISTAN» Түркістан облысы білім беру және спорттық робототехника федерациясының ұйымдастыруымен аймақтық ашық чемпионаты болып өтті деп жазады Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz. Сызық бойымен жүру, робосумо-интеллектуалды ойыны, робосумо, кегельринг-квадро және бәйге сынды сынды 5 санаттан тұрған ...
Толығырақ »«ЖҰЛДЫЗ БОЛҒЫМ КЕЛЕДІ» БАЛАЛАР БАЙҚАУЫ
Қазығұрт аудандық мәдениет сарайында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында аудандық «Жұлдыз болғым келеді» атты балаларға арналған ән байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұлттық кодты насихаттай отырып, дарынды балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығына қолдау көрсету, оларды отансүйгіштікке баулу, ұлттық рухта тәрбиелеу және эстрадалық ән орындау өнерін дамыту, жаңа эстрадалық әндерді халық ...
Толығырақ »Төлебиде машина жасау зауыты іске қосылмақ
Түркістан облысы, Төлеби ауданында тындырымды тірлік көп. Таулы ауданның тұрғындары негізінен мал және егін шаруашылығымен шаруаларын дөңгелетіп отыр. Шыбық шаншысаң шынар болып шығатын таулы ауданда тағы да жағымды жаңалық. Жуырда Төлеби ауданы, Леңгір қаласында машина жасау зауыты іске қосылмақ. Бұл туралы «Отырар» телеарнасының тілшісі Шынар Оразованың материалына сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков Леңгір машина жасау зауытын ...
Толығырақ »Төлеби ауданында жеміс-жидектерді өңдеу цехы іске қосылмақ
Соңғы кездері өңіріміздің табиғаты шұрайлы ауданның бірі Төлеби ауданында атқарылып жатқан біршама игі істерді көріп жүрміз. Соның бірі, Төлеби ауданындағы жеміс-жидектерді өңдеу цехының іске қосылуы. Бұл туралы «Отырар» телеарнасының тілшісі Ш.Оразованың материалына сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Төлеби ауданындағы Кемеқалған ауылдық округіндегі «Қазығұрт бақтары» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі жеміс өнімдерін өңдеу цехының құрылысын бастап кетті. Жобаны жүзеге асыру мақсатында 500 ...
Толығырақ »