Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов діни конфессиялардың басшыларын қабылдады, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz. Мәжіліс барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы, «Ақмешіт» орталық мешітінің бас имамы Бақтыбай Бейсенбаев 18 қазан — Рухани келісім күні деп атаудың өзі дін өкілдеріне деген үлкен құрмет екенін айтып, мемлекетіміздің салиқалы саясатын жүргізуге, тұрақты діни ахуал, ...
Толығырақ »Қала тынысы
Шымкентте аллергияны қайда емдейді?
Шымкентте аллергияны тек Шымкент қалалық №2 ауруханасында ғана емдеуге болады, деп жазады «Отырар» телеарнасына сілтеме жасаған «didarbek.kz». Аллергия маусымы басталды. Түшкірініп, пысқырынатын уақыт келді. Көз қышып, мұрын бітеледі. Мазасы кетіп, дем жетпей жүргендерді жиі көруге болады. Және де жас талғамайды. Түшкірсе болды, кейбіреу өзін «аллергиямын» дейді. Диагноз қоюмен шектелсе жақсы ғой. Өз бетінше ем-шараға кіріседі. Ауырған адам не қолданбайды дейсіз. ...
Толығырақ »Шымкент қаласының штаттан тыс бас маман дәрігерлерінің басым бөлігі №2 ауруханасында жұмыс істейді
Шымкент қаласының штаттан тыс бас маман дәрігерлерінің басым бөлігі Шымкент қалалық №2 ауруханасында жұмыс жасайды, деп жазады «Отырар» телеарнасына сілтеме жасаған «didarbek.kz». Атап айтқанда қаланың бас нейрохирургі Сәрсен Маханбетұлы, бас аллерголог Сауғабаева Сарсенкүл Қалмахановна, бас пульмонолог Байташов Оразгелді Такешұлы, бас ревмотолог Тен Светлана Владимировна. Бұл аталған 4 дәрігерде №2 аурухана дәрігерлері. Олардың міндеттеріне науқастарды жүргізу тактикасын әзірлеу бойынша жүгінген кезде ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТ: Көші-қон саласындағы құжаттарды үйде отырып алуға болады
Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары назарына! Азаматтарға арналған үкіметтің www.egov.kz, www.con.gov.kz, www.mvd.gov.kz сайттарында үйден шықпай мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі бар, деп хабарлайды «ernur.kz» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасаған «didarbek.kz». Атап айтсақ, www.egov.kz порталында көші-қон қызметі саласы бойынша 8 мемлекеттік қызмет түрін үйде отырып-ақ пайдалануға болады. Олар: Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру; Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру; Қазақстан Республикасының халқын ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТЕ «МИЗАМ» ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНДЫ
Шымкенттік этно-мәдени бірлестік мүшелері ұмыт қалған «Мизам» ұлттық мерекесін тойлады. Бұл туралы «Ońtústik арнасы» телеарнасының тілшісі П.Биназарқызының материалына сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Атадан балаға мирас болған салт-дәстүрді дәріптеп, ен даланың рухани байлығын қайта жаңғыртты. Бұл күні «Этностар күні мен мерекесі» аясында «Тілге құрмет – елге құрмет» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Онда қазақ елін мекен еткен өзге ұлт өкілдерінің қазақ тіліне ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТ: ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
Әкім уәдесінде тұрды! Шымкенттегі Тұран мөлтекауданының тұрғындары осылай деп, қуанып отыр. Осыдан небәрі екі күн бұрын Ерлан Айтаханов тұрғындармен кездесіп, осы маңға қоғамдық көлік жүргізіп беруге уағдаласқан екен. Қала басшысы сөзінде тұрып, бүгін 171-ші бағыттағы автобус жолаушы тасымалдауды бастап кетті. Бұл туралы «Ońtústik арнасы» телеарнасының тілшісі П.Биназарқызының материалына сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Тұран мөлтекауданындағы «Әдия» тұрғынүй кешеніне жұрт өткен жылдың ...
Толығырақ »Шымкент – Қайырымды қала!
Қадірлі ағайын, құрметті жерлестер, ғасырлар бойы тіршілігі үзілмеген, заңғары биік, аңғары көркем ғажайып асқар Алатау сілемдерінің күнгейіндегі Шымкент қаласының тарихын танытып, өзіндік бет-бейнесі мен болмысын байқататын уақыт жетті ғой деп ойлаймын. Өздеріңіз тарихтан білесіздер, қазақтың мәуелі, сауда-саттығы дамыған көне қалалары шоғырланған оңтүстік өңір үшін қаншама кескілескен шайқастар өтті. Бұл өңірлерге табан тіреп қалу үшін біздің елден өзге де жұрттар да ...
Толығырақ »Шымкентте құтқарушылар күні салтанатты түрде атап өтілді
18 қазан — Құтқарушылар күні қарсаңында «Көрме» орталығында салтанатты іс-шара өтті. Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар, іс-шара қонақтары мен ардагерлері қаза тапқан әріптестерін бір минут үнсіздікпен еске алды. Мерекелік жиынға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қ.Нұртай, Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Г.Құрманбекова, Nur Otan партиясының қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Нарымбетов қатысып, төтеншеліктерді төл мерекелерімен құттықтады. Олардың қажырлы еңбегін, батылдығын және батырлығын ...
Толығырақ »ДИСПАНСЕРЛІК ЕСЕПТЕГІ 6285 НАУҚАС ҚАЖЕТТІ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛГЕН
Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы қазіргі таңда барлық онкопрепараттармен қамтамасыз етілген. Бұл туралы Шымкент қалалық әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде айтылды, деп жазады Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық орталығына сілтеме жасаған didarbek.kz. Брифингке ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков, Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев, «СК-Фармация» ЖШС ...
Толығырақ »Шымкенттік өнерпаздар Ресейде өнер көрсетті
Шымкент қаласы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айгүл Қалыбайқызы «Самғау» дуэтін қабылдады. Көз жанарлары жақсы көрмейтін «Үміт» мектеп интернатының 12 «А» сынып оқушысы Орынбек Рысдаулет пен 11 «Б» оқушысы Исаханова Назима сынды жас өнерпаздарымыз Ресей әншісі Диана Гурцкаяның шақыртуымен «Белая трость» Халықаралық фестивалінің Х жылдық атаулы мерейтойына шақырту алған болатын. Аталған фестиваль Ресей федерациясының Мәскеу қаласында болып өтті. Фестивальде әншілеріміз «МузТВ» ...
Толығырақ »«Коммуникативтік менеджмент» тақырыбында оқыту семинар-тренингі өткізілді
Development Day аясында ағымдағы жылдың 18 қазанында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалында Шымкент қалалық Полиция департаментінің Көші-қон қызметі және Жергілікті полиция қызметі басқармасы қызметкерлеріне «Коммуникативтік менеджмент» тақырыбында оқыту семинар-тренингі өткізілді. Бұл туралы Шымкент қалалық Полиция департаментінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Тренинг полиция қызметкерлерінің қоғаммен өзара іс-қимыл кезіндегі коммуникативтік құзыреттілігін арттыру ...
Толығырақ »Шымкентте көлік құралын басқару кезінде телефонды пайдаланған 296 автобус жүргізушілеріне айыппұл салынды
Шымкентте көлік құралын басқару кезінде телефонды пайдаланған 296 автобус жүргізушілеріне айыппұл салынды. Бұл туралы Шымкент қалалық Полиция департаментінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері ағымдағы жылдың 10-17 қазан аралығында «Автобус» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Аталған іс-шараның 8 күнінің қорытындысы бойынша тәртіп сақшылары қоғамдық көлік жүргізушілері жасаған 1438 тәртіп бұзушылықты анықтады. Олар: • ҚР ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТІК САРБАЗДАР ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
«Ел тірегі-2019» республикалық күзгі әскерге шақыру науқаны аясында Шымкенттік 45 жас әскерге аттанды. Медициналық және психологиялық тексеруден сүрінбей өткен сарбаздар Отан алдындағы борышын ҚР Қарулы Күштері әскери бөлімдерінде өтейтін болады. Жас сарбаздарды әскерге шығарып салу үшін жинақтау бекетіне Шымкент қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшылық құрамы, ҚР Қарулы Күштері ардагерлері мен сарбаздардың ата-аналары жиналды. — «Бүгін өмірлеріңіздегі ең маңызды күн, ...
Толығырақ »Түркістандық тұрғын Шымкенттік полицейлерге алғысын білдірді
Түркістан облысының тұрғыны жоғалған әмиянын тауып берген Шымкенттік полицейлерге алғысын білдірді. Бұл туралы Шымкент қалалық Полиция департаментінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Жуырда Шымкент қалалық полиция департаментінің Абай ауданының полиция басқармасына Түркістан облысының 52 жасар тұрғыны сол күні сағат 12:00-де «Жібек Жолы» базарынан «Бекжан» базарына барып, кіре берісінде шамамен 50 мың теңге ақша, жеке басын куәландыратын құжаттар ...
Толығырақ »АКЦИЯ: АВТОКӨЛІКТЕГІ ӨРТ…
Біз автокөлікте өрттің алдын алуға болатындығы туралы қаншалықты білеміз? Осы және басқа да мәселелер автомобильдегі өрттерге байланысты сұрақтар бүгіндері әрбір жүргізушіні толғандырады. Және бұл күтпеген статистика. Көліктегі өрттер бүгінгі күні өз жиілігі бойынша тұрғын үйлерден кейін пайда болу себебі бойынша екінші орында тұр. «Автобус» жедел — алдын алу іс-шарасы аясында ТЖ департаментінің қызметкерлері барлық жерде алдын алу іс-шараларын жүргізеді. Олардың ...
Толығырақ »БІРЛІК ТҮБІ — ТІРЛІК
Бүгін «Өңіраралық бос жұмыс орындары» төртінші күні. Қала тұрғындары тарапынан бағдарламаға қызығушылық танытып, қажетті сағлұматтармен танысқысы келетіндердің қарасы аз емес, дейді Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz. Шымкент қаласының Еңбекші ауданы аппаратында аудан тұрғындарымен еркін форматтағы сұхбаттасу жиыны өтуде. Жиында «Еңбек» бағдарламасы «Өңіраралық жұмыспен қамту» жобасы аясында Солтүстік Қазақстан аймағынан келген әлеуметтік саласының ...
Толығырақ »Е.АЙТАХАНОВ «АЙҚЫН» ГАЗЕТІНІҢ БАС РЕДАКТОРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов республикалық «Айқын» қоғамдық- саяси газетінің бас редакторы Нұрмұхамед Байғараны қабылдады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Жүздесуде тараптар мемлекет саясатын жүзеге асыру, елдегі орын алып жатқан маңызды оқиғаларды оқырмандарға дер кезінде дұрыс жеткізу жайында сөз қозғады. Сондай-ақ, Ерлан Қуанышұлы бүгінде ақпараттық технологияның дамыған заманында да газеттің тәрбиелік ...
Толығырақ »Е.АЙТАХАНОВ: «МҰҒАЛІМДЕР ЕСЕП БЕРУМЕН ЕМЕС, ТӘРБИЕ, БІЛІМ БЕРУМЕН АЙНАЛЫСУЫ КЕРЕК»
Бүгін Шымкентте «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде орта білім беру саласын цифрландыру жұмыстары бойынша қала әкімі Е.Айтахановтың қатысуымен мәжіліс өтті, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі сілтеме жасаған didarbek.kz. Жиынға «Инновациялық интелектуалдық технология академиясы» ЖШС бас директоры Н.Құдайберген мен қаладағы бірқатар мектептердің директорлары және ұстаздар қатысты. Цифрландыру бүгінгі күн тәртібінде тұрған маңызды мәселе екенін жеткізген шаһар басшысы ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЖИЫН ӨТТІ
Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының мәжілісі өтті, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі сілтеме жасаған didarbek.kz. Мәжіліске шаһар басшысы Ерлан Айтаханов пен құқық қорғау органдарының өкілдері және әкімдіктің басқарма басшылары қатысты. Жиында Ерлан Қуанышұлы бүгінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл жүйесі қалыптасқанын айтты. «Мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру мақсатында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді, олардың ...
Толығырақ »Шымкентте садақ атудан Қ. Спатаев атындағы халықаралық турнир басталды
Шымкентте садақ атудан Қ. Спатаев атындағы халықаралық турнир басталды, деп хабарлайды «Отырар» телеарнасына сілтеме жасаған «didarbek.kz». Осымен 44 — рет ұйымдастырылған жарысқа биыл 11 команда жиналған. Олардың 3 – і Грузия, Тәжікстан және Өзбекстаннан келсе, қалғандары Қазақстанның әр аймағынан бас қосты. Басты мақсат — ел құрамасына лайықтыларды іріктеу. Виталий Ворабьев, жарыстың бас төрешісі: «Қ. Спатаевты еске алуға арналған турнир спортшылар ...
Толығырақ »Хоккейден Шымкентте өткен Қазақстан чемпионатының алғашқы кезеңі өз мәресіне жетті
Хоккейден Шымкентте өткен Қазақстан чемпионатының алғашқы кезеңі өз мәресіне жетті, «Отырар» телеарнасының тілшісі Н.Үкібасованың материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі. 4 күн бұрын басталған жарысқа еліміздің әр аймағынан 8 команда келген болатын. 10 жастағы жасөспірімдер арасында Шымкент намысын «Тұран» командасы қорғады. Еске сала кетейік, жерлестеріміз өткен жылы чемпион атанып, ел үздігі болған еді. Бақытжан Зиябеков, №8 қысқы спорт мектебінің директоры: ...
Толығырақ »Шымкентте көркем гимнастикадан республикалық жарыс басталды
Шымкентте көркем гимнастикадан республикалық жарыс басталды, деп хабарлайды «Отырар» телеарнасының тілшісі С.Алдабергенованың материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz». Көркем гимнастикадан Шымкентте республикалық екі жарыс басталды. Қазақстанның әр аймағынан жиналған спортшылар ел кубогы мен Қазақстан біріншілігінде бақ сынамақ. Ал, топ жарғандар ұлттық құрама сапында ел намысын қорғайтын болады. Еліміздің барлық өңірінен жиналған көркем гимнасттар үшін Шымкенттегі жарыс өте жауапты. Себебі бәсеке нәтижесінде ендігі ...
Толығырақ »МОНША ҒИМАРАТЫНДА БІЛІМ БЕРУ ЖАЛҒАСАДЫ
Шымкенттегі «Балалар моншада білім алып жатыр» деген мәселеге нүкте қойылды. Қазір ғимарат лабараториялық тексеруден өтіп, санитарлық талапқа сай, деп танылды. Даулы мәселеге Жергілікті «NUR OTAN» партиясының араласуымен оңды шешім шығарылған. Енді екінші тоқсаннан бастап оқушылар сол ғимаратта білім алуды жалғастырады. Бұл туралы «Ońtústik арнасы» телеарнасының тілшісі П.Биназарқызының материалына сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Бұл жолғы даудың басы қаладығ №80-ші мектепте сынып жетіспеушілігінен ...
Толығырақ »Қалалық «Маусымашар — 2019» фестивалі
«Шырайлы Шымқала – жастардың көзімен». Дәл осы тақырыпта «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ, «Шымкент қаласы, Түркістан облысы Жайдарман» филиалдарының және Шымкент қаласы отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «JAIDARMAN» ойындарының Шымкент қаласындағы кезекті маусымы бастау алды. Фестивальге 28 жайдарман тобы тіркеліп, іріктеуден 18 команда өтті. Ал маусымның басты ойынына 13 топ жіберілді. Жалпы «Маусымашар – 2019» фестивалі 150 жайдарманшының ...
Толығырақ »ӘЗІРБАЙЖАН ЭТНО-МӘДЕНИ БІРЛЕСТІГІ «БАТАМЕН ЕЛ КӨГЕРЕР» ІС-ШАРАСЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» жобасы аясында Ұлы Даланың дәстүрлеріне негізделген қайырымдылық іс-шаралар өткізуді шымкенттік этно-мәдени бірлестіктер биылғы қаңтар айында бастаған. Ай сайын «Сарқыт», «Сыбаға», «Қамқор», «Асар», «Тоқымқағар» тақырыптарында ұйымдастырылып келе жатқан игі шаралар қазан айында «Бата» атауымен жалғасуда. Осыған орай қалалық әзірбайжан этно-мәдени бірлестігі ұйымдастырған «Батамен ел көгерер» іс-шарасына қазақ және әзірбайжан ақсақалдары, ақ жаулықты аналар мен жастар қатысты. ...
Толығырақ »