Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы (страница 7)

Қала тынысы

АБАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ

Абай ауданының әкімі Бухарбай Парманов ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша 1 тоқсанында атқарылған жұмыстарды баяндады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Абай Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жалпы Абай ауданы аумағында 27 елді мекен бар. Бүгінгі таңда ауыз сумен — 100%, электр жарығымен — 100% қамтылған. Табиғи газбен 23 елді мекен қамтылған, ол 85,2% құрайды. Сондай-ақ, 7 елді мекен кәріз жүйесімен ...

Толығырақ »

АУДАН АУМАҒЫН АРАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ

Еңбекші ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері аудандық полиция басқармасының инспекторларымен бірлесе аудандағы заңсыз құрылыс материалдарын сататын орындарға, заңсыз орналасқан дүңгіршектер мен ретсіз сауда орындарына аралау жұмыстарын жүргізіп, меншік иелеріне заң аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Еңбекші Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Нәтижесінде, заң талаптарын бұзып, рұқсат етілмеген орындарда сауда жасаған азаматтарға ӘҚБтК — 204 бабына сәйкес ...

Толығырақ »

АҚТАС ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕГІ КАНАЛ ТАЗАЛАНУДА

Тұран ауданына қарасты Ақтас елді мекенінде демеушілер есебінен каналдарды толықтай механикалық тазалау және арнасын кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстан аудан әкімінің бақылауында, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Тұран Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. © Didarbek.kz

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ ПОЛИЦЕЙЛЕР ОҚУШЫЛАРҒА ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ ҚАҒИДАЛАРЫН ТҮСІНДІРУДЕ

«Абайлаңыз – балалар» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Абай АПБ ювеналды полиция инспекторы Хурсан Атажанов №125 мектептің оқушыларына жол жүру ережелері бойынша дәріс өткізді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Шымкент Қаласының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Балаларға жолда қайғылы жағдай болмауы үшін қауіпсіз қозғалысының қарапайым ережелерін сақтауы қажеттігі туралы түсіндірілді. Яғни, жақын келе жатқан көліктің алдында жолды кесіп өтпеу, ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТІҢ БАС ПОЛИЦЕЙІ ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Жиында аудандық полиция басқармасының №34 учаскелік полиция пунктінің жауапты учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Қанат Жорабеков әкімшілік аумағында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы тұрғындардың алдында есеп берді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Еңбекші Аудандық Полиция Басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Полиция департаментінің бастығы Думан Таев төрағалық еткен кездесуге қалалық маслихат депутаты Муратали Калмуратов, аудан әкімінің орынбасары ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТІҢ ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫНА 1 МЛРД. 750 МЛН. АҚШ ДОЛЛАРЫ КӨЛЕМІНДЕ ТІКЕЛЕЙ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛАДЫ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков пен «Fujian Hengwang Investment Co., Ltd» компаниясының басқарма төрағасы Лю Юнмин қалада металлургиялық зауыт салу туралы меморандумға қол қойды. Меморандум алдыңғы кездесудің қорытындысы бойынша қол жеткізілген келісімдер аясында жасалды. Өткен аптада мегаполис басшысы инвесторларды аумағында зауыт салу жоспарланып отырған «Темір» индустриялық аймағымен таныстырды. Айта кету керек, жобаны жүзеге асыру барысында компания қала экономикасына 1 миллиард ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ V СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Бүгін Шымкентте қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының V сессиясы «Тірегіміз – тәуелсіздік, байлығымыз – бірлік, мақсатымыз – өрлеу» тақырыбымен өтті. Жиынға қала әкімі, қалалық ҚХА төрағасы Ғабит Сыздықбеков, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов арнайы қатысып, Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді жергілікті жерде жүйелі іске асыруды тапсырды. ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ГҮЛЗАР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Мегаполистің микроклиматын қалыптастырып, жасыл желекті көбейту мәселелері қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің тікелей бақылауында, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгін қала басшысы тұрғындармен бірге аллеяның ашылуына қатысты. Желтоқсан көшесінде демеушілер есебінен салынған демалыс аймағының жалпы ауданы шамамен төрт мың шаршы метрді құрайды. Халыққа ыңғайлы болу үшін жаяу жүргіншілер жолының бойында заманауи жарықтандыру шамдары, орындықтар, ...

Толығырақ »

АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫН МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

Тұран ауданы әкімінің орынбасары А.Жанаев Amanat партиясының Шымкент қалалық филиалында аудан тұрғындарын мәселелері бойынша қабылдады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Тұран Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қабылдау барысында ауданның инфрақұрылымдық дамуы сондай-ақ әлеуметтік көмек мәселелері талқыланды. Тұрғындардың ұсыныстары мен шағымдары кезең-кезеңімен күрделілігіне қарай шешімін табатын болады. © Didarbek.kz

Толығырақ »

АНЫҚТАУШЫЛАР ЖЕДЕЛ КЕҢЕС ӨТКІЗДІ

Шымкент қаласы ПД анықтау басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі И.Құралбаевтың төрағалығымен Еңбекші ауданы полиция басқармасының мәжіліс залында тергеушілер, анықтаушылар мен жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторларының қатысуымен жедел кеңес өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Шымкент Қаласының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аталған жиында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ 76 ЖАСТАҒЫ ҚАРИЯНЫҢ ЖҮРЕГІНЕ АШЫҚ ОТА ЖАСАЛДЫ

Шымкент жүрек орталығының дәрігерлері 76 жастағы қарияның жүрегіне жасанды жүрек аппаратын қолдану арқылы ашық ота жасап, аман алып қалды. Адам өміріне аса маңызды жүрек қан тамырлары зақымдалған зейнеткер Бахадыр Исановқа құны 2 миллион 900 мың теңге тұратын күрделі ота МӘМС есебінен жасалған. Ақ желенділер мұндай ота түрлерімен жылына 500-ден астам науқастың өміріне араша болуда. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: ШАХМАТ ТУРНИРІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

2024 жылғы 19 мамыр күні Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында «Senat open» шахмат турнирінің іріктеу кезеңі өтті, деп жазады қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Турнир Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бастамасы бойынша Қазақстан шахмат федерациясының қолдауымен Шымкент қаласы мәслихаты ұйымдастырылып өтуде. Іріктеу турниріне қатысуға Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары (бұрынғы шақырылымдағы депутаттарды қоса алғанда), Қоғамдық кеңес мүшелері, ардагерлер, қоғам ...

Толығырақ »

ШАХМАТ ТУРНИРІ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бастамасымен Қазақстан шахмат федерациясы, Шымкент қаласы мәслихатының ұйымдастыруымен әуесқойлар арасында шахмат турнирі бастау алған болатын. Іріктеу турниріне қатысуға Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары Қоғамдық кеңес мүшелері, ардагерлер, қоғам белсенділері мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінен 120 дан аса өтінім келіп түскен. Шахматшыларды іріктеу барысында 7 мүшеден құрылған төрешілер алқасы ойыншыларды қадағалады, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне ...

Толығырақ »

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ- ҚОҒАМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕСІ

Абай ауданы әкімі аппаратының басшысы Ш.Кенестің төрағалығымен әлеуметтік қорғау, мәдени даму және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында жиналыс өткізілді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Абай Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сыбайлас жемқорлық — бұл үнемі мұқият зерделеуді, жүйелі көзқарасты, кешенді және жедел қарсылықты қажет ететін қазіргі қоғамның жағымсыз құбылысы. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ...

Толығырақ »

АЗАМАТТАРДЫҢ АМАНДЫҒЫ ҮШІН: ШЫМКЕНТТЕ ПОЛИЦЕЙЛЕР ӨМІРЛЕРІН ҚАТЕРГЕ ТІГІП, КҮДІКТІНІ ҚҰРЫҚТАДЫ

Әлеуметтік желілерде Шымкент қаласы патрульдік полициясының қызметтік автокөлігінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасының бейнежазбасы тарады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Шымкент Қаласының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жайт 9 мамырда орын алған. Масаң хәлдегі ер адам Түркістан облысында біреудің көлігін ұрлап әкетіп, жолда авариялық жағдай туғызған. Оқыс оқиғаны болдырмау үшін патрульдік полиция инспекторлары Асыл Кеңес пен Бағлан Дүйсебай оның жолын ...

Толығырақ »

«ANTI-FRAUD» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ БАСТАЛДЫ

“Anti-fraud” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу аясында полиция қызметкерлері ақпараттық жүйені қолдана отырып, интернет-алаяқтық және ұрлық фактілері бойынша бұрын жасалған қылмыстық істерді ашу бойынша шаралар қабылдауда, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Еңбекші Аудандық Полиция Басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, 2024 жылдың 14-16 мамыр аралығында аудан аумағында «Anti-fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Іс-шараның мақсаты – ...

Толығырақ »

БАДАМ ӨЗЕНІНІҢ АУМАҒЫ ТАЗАЛАНДЫ

“Мөлдір бұлақ” апталығы аясында Бадам өзені аумағы тазаланды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Тұран Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Тұран ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен өзен бойы және көшелер, аяқжолдар, ирригациялық арықтар қоқыстардан тазартылды. Аталған жұмысқа барлығы 300-ге жуық адам қатысып, 20 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 130 м3 қоқыс шығарылды. © Didarbek.kz

Толығырақ »

БАЛАЛАР ТЕМІР ЖОЛЫНЫҢ БОЙЫ ЖАҢА СЕРУЕН АЙМАҒЫНА АЙНАЛАДЫ

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков журналистермен бірге А.Асқаров атындағы дендробақтан бастау алған балалар темір жолы бойын аралап, жаңа серуен аймағының тұжырымдамасын таныстырды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шымкенттіктер демеушілер тарапынан жүзеге асырылып жатқан көптеген жобалардың игілігін көруде. Қаладағы балалар пойыз жолының бойы да бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жаңғыртылады. Жобаға сәйкес веложол, жүгіру жолдары, бірнеше ...

Толығырақ »

БОЛАШАҚ МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫ НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУДАҒЫ ЖҰМЫСТАРДЫ ҚОЛДАЙДЫ

Полиция қызметкерлері мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен Шымкент қаласының барлық аумағында есірткіні қолдану мен нашақорлықтың алдын алу бағытында түрлі профилактикалық жұмыстар жүргізіп келеді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Шымкент Қаласының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Осы орайда, оқу жылы барысында қаламыздың барлық білім беру мекемелерінде, оның ішінде мектептерде, орта арнаулы және жоғарғы оқу орындарында жасөспірімдер мен жастар арасында арнайы ақпараттық-түсіндірмелік ...

Толығырақ »

КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРҒА «АЛТЫН АЛҚА» ЖӘНЕ «КҮМІС АЛҚА» ТАБЫСТАЛДЫ

12 мамыр – Аналар күніне орай, бүгін Тұран ауданындағы батыр аналарымызға «Күміс алқа» және «Алтын алқа» табысталды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 22 сәуіріндегі № 524 Жарлығына сәйкес 18 алтын және 52 күміс алқасымен көп балалы аналар марапатталды. Барша аналарымызды келе жатқан мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!   © Didarbek.kz

Толығырақ »

«ӘКЕ- АСҚАР ТАУ», «АНА- ӨМІРДІҢ БАСТАУЫ»

Биыл алғаш рет атап өтілейін деп жатқан «Аналар күні» қарсаңында Абай ауданындағы мектеп оқушылары мен бала-бақша тәрбиеленушілері арасында көркемсурет байқауы өткізіліп, балалар өздерінің өнерлерін көрсетті. Байқау соңында балалардың еңбектеріне баға беріліп, марапаттау рәсімі барысында балаларға тәттілер мен сертификаттар табыс етілді.   © Didarbek.kz

Толығырақ »

АБАЙ АУДАНЫ: АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНАЛАР ТӨСБЕЛГІЛЕРМЕН МАРАТТАЛДЫ

Ана — асыл жан! Ана барда — әлем құлпырады. Шымкент қаласында “Аналар” күні қарсаңында, алтын құрсақты аналар құрметке бөленді. Абай ауданының әкімдігі Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылдың 22 сәуір күнгі №524 Жарлығына сәйкес, 26 ана — “Алтын алқа” және 101 ана — “Күміс алқа” төсбелгісімен марапатталды. Айта кетейік, қазіргі таңда Абай ауданында 1 068 ана — “Алтын алқа”, 3 874 ...

Толығырақ »

АБАЙ АУДАНЫ: АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНАЛАР ТӨСБЕЛГІЛЕРМЕН МАРАТТАЛДЫ

Ана — асыл жан! Ана барда — әлем құлпырады. Бүгін Шымкент қаласында “Аналар” күні қарсаңында, алтын құрсақты аналар құрметке бөленді. Абай ауданының әкімдігі Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылдың 22 сәуір күнгі №524 Жарлығына сәйкес, 26 ана — “Алтын алқа” және 101 ана — “Күміс алқа” төсбелгісімен марапатталды. Айта кетейік, қазіргі таңда Абай ауданында 1 068 ана — “Алтын алқа”, 3 ...

Толығырақ »

«Әке- асқар тау», «Ана- өмірдің бастауы»

Биыл алғаш рет атап өтілейін деп жатқан «Аналар күні» қарсаңында Абай ауданындағы мектеп оқушылары мен бала-бақша тәрбиеленушілері арасында көркемсурет байқауы өткізіліп, балалар өздерінің өнерлерін көрсетті. Байқау соңында балалардың еңбектеріне баға беріліп, марапаттау рәсімі барысында балаларға тәттілер мен сертификаттар табыс етілді.

Толығырақ »

ЖЕҢІС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ШЫМКЕНТТІК ПОЛИЦЕЙЛЕР АРДАГЕРДІҢ РИЗАШЫЛЫҒЫНА БӨЛЕНДІ

Әл-Фараби ауданы полиция басқармасының қызметкерлері Ұлы отан соғысының ардагеріне теңестірілген 93 жастағы отставкадағы милиция майоры Кашлакова Нина Витальевнаның үйіне барды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Шымкент Қаласының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Тәртіп сақшылары ардагердің еңбектерін елеп, мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Нина Кашлаковаға алғыс хат пен арнайы сый-сияпаттар табысталды. Оған қоса, офицерлер оның ауласын ретке келтіріп, тазалық жұмыстарын ...

Толығырақ »