Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары (страница 16)

Облыс жаңалықтары

БІРЕГЕЙ АНТИКРИЗИСТІК КАРТА ЖАСАЛДЫ

Түркістан облысында төтенше жағдайдың алдын алу бойынша Антикризистік карта жасалды. Бұл жоба республика бойынша алғаш рет Түркістан облысында жүзеге асуда. Облыс әкімдігі жанынан құрылған Ситуациялық орталық пен облыстық ТЖД бірлесе отырып жасаған картаға сәйкес, облыс аумағында 200-ден аса орын алуы ықтимал төтенше жағдай сипатталған. Антикризистік карта аясында мемлекеттік органдарға арнап жұмыс алгоритмі бекітілді. Аталған нұсқаулық облыстың барлық аудан, қала әкімдіктері ...

Толығырақ »

ДЕМАЛЫС ОРЫНДАРЫНА ТЕГІН ЖОЛДАМА БЕРІЛГЕН

Түркістан облысы Жетісай ауданындағы 7 мыңға жуық азамат мүмкіндігі шектеулі жандар санатында. Былтыр мүгедектігі бар 500-ден астам азаматқа «Сарыағаш» емдеу-оңалту кешеніне, «Асыл-Бұлақ» шипажайына, «Біркөлік», «Денсаулық» және «Таң-Нұры» санаторияларына денсаулығын түзетуге тегін жолдамалар берілген, , деп жазады облыстық Өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі. «Өзім I топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматпын. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы инватаксиді жиі ...

Толығырақ »

ЖАҢА ДЕМАЛЫС КЕШЕНДЕРІ САЛЫНАДЫ

Түркістан облысы Төлеби ауданында туризм саласын дамыту бағытында облыс әкімінің бастамасымен «Қасқасу туристік — рекреациялық кешенінің» жобасын жүзеге асыру жоспарлануда, деп жазады облыстық Өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі. Бұл мақсатта инфрақұрылым жүргізу үшін биыл облыстық бюджеттен 2 млрд 920 млн теңге қаржы қаралған. Жоба толық іске қосылса, шаңғы жолдарының ұзындығы 30 шақырымды құрап, бір мезгілде 11 мың ...

Толығырақ »

ЖЫР ЖИНАҒЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ

Түркістан облысы Сайрам ауданында жас ақындардың шығармашылығын қолдау мақсатында «Жастар жырлайды» атты жыр жинағының тұсаукесер рәсімі өтті, деп жазады DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі. Шараға аудан басшысы Ұласбек Сәдібеков арнайы қатысып, шайырлардың қуанышына ортақтасты. «Қоғамға қалтқысыз қызмет еткен Құрманбек Жандарбеков, Ошат Рахым, Ерсін Қойбағар, Тұрсынай Оразбаева сынды азаматтар ауданның тумасы екенін әрбір жас мақтан тұтуы керек. Бүгінде олардың ізін жалғап, туған жердің ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: САЛА БАСШЫЛАРЫНЫҢ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен аппарат отырысында бірқатар шенеунікке сөгіс жаряиланып, тәртіптік шара қолданылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында өңірлердегі кемшіліктерді атап, бірқатар сын-ескерту айтқан болатын. Айтылған мәселелер аппарат отырысында ортаға салынып, жауапты сала басшылары есеп берді. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020 жылғы қорытындылары мен алдағы жоспары талқыланған Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сатып алудағы жергілікті қамтуды ...

Толығырақ »

ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА

Мақтаарал ауданында мақта өнімдерін өндірумен қатар күріш өңдеу өнеркәсібі де қарқынды дамуда. Ауданда асфальт-бетон өнімдерін өндіру, май өндіру, тамақ өнеркәсібі, сусындар шығару бойынша кәсіпорындары артты. Нәтижесінде былтырғы жылы Мақтаарал ауданындағы өнеркәсіп өнімінің көлемі 16 млрд.теңгеге жеткен. 2019 жылы бұл көрсеткіш 10,7 млрд. теңгенің көлемінде болған. Өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемі де жоспардан асыра орындалып, 14 млрд. теңгеге жеткен. Шағын және микробизнес ...

Толығырақ »

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ КУБОГІ САРАПҚА САЛЫНДЫ

Аударыспақтан «Түркістан облысы әкімінің Кубогіне» арналған ашық республикалық турнир өтті. Ұлттық спорттың көшін бастаған спорт түрінен өктен жарысқа еліміздің ең таңдаулы деген балуандары қатысып, бақтарын сынады. Биылғы турнирдің ережелері өзгерген. Өткен жылы төрт салмақ дәрежесі бойынша балуандар жекелей күш сынасса, биыл сегіз салмақта командалық жеңімпаздарды анықтады. Ең бастысы ұлттық спортымызды өскелең ұрпаққа дәріптеу. Бұл сайысқа Түркістан облысының құрамасы жоғары деңгейде ...

Толығырақ »

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САНЫ АРТТЫ

Түркістан облысы, Созақ ауданында цифрлық форматта көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері артып келеді. Мемлекеттік мекемелер бойынша өткен жылы жалпы 16 мыңнан астам мемлекеттік қызметтер көрсетілген. Төрт мыңға жуық адам халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы, 700-ге жуық тұрғын электронды үкіметтің веб-порталы арқылы мәселесін шешкен. Электронды түрде ақпараттық жүйелер арқылы 10 мыңнан астам азаматқа қызмет көрсетілген. Осы бағытта қосымша аудан әкімдігі жанынан «Халықтық ...

Толығырақ »

ҮШ АУЫСЫМДЫҚ МЕКТЕП МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛМЕК

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында үш ауысымды мектептердің мәселесін болдырмау мақсатында өткен жылы 5 мектептің құрылысы басталған болатын. Бұл құрылыс нысандары 2021 жылға өтпелі. Мектеп ғимараттарын күрделі жөндеу жұмыстары былтыр екі мектепте жүргізілген болса, биыл екі мектептің күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Одан бөлек, былтыр жаңадан 4 мектеп салу үшін ЖСҚ-ы әзірленген болса, биыл тағы 2 жаңа мектептің құжаттары әзірленетін ...

Толығырақ »

ТҰРҒЫНДАРДЫ ТОЛҒАНТҚАН МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай «Nur Otan» партиясы Кентау қалалық филиалында болып, жеке және заңды тұлғалардың түйткілді мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдау барысында Мирас Асқарбайұлы қала және ауыл тұрғындарының арыз-шағымдарына құлақ түріп, азаматтардың талап-тілектерінің жедел шешілу жолдарын қарастырды. Арыз-шағымын арқалап келген Кентаулық тұрғындардың басым көпшілігі өздерін алаңдатқан тұрғын-үй,  жер,  ...

Толығырақ »

ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ АРЫС ҚАЛАСЫНДА

Түркістан облысы әкімі аппараты, Әдеп жөніндегі уәкілі Исаев Мақсат Шамансұрұлы Арыс қаласына жұмыс сапарымен келді. Іссапар барысында Мақсат Шамансұрұлы мемлекеттік қызметкерлермен Әдеп кодексінің нормаларын түсіндіру және оны бұзушылықтардың алдын алу бойынша жиын өткізді. Санитарлық нормаларды сақтай отырып өткен жиынға мемлекеттік мекемелердің басшылары, қала мен ауылдық округ аппаратының қызметкерлері, барлық мемлекеттік қызметкерлері қатысты. Жиында қала әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі ...

Толығырақ »

АЖЫРАСУ КӨРСЕТКІШІ АЗАЙҒАН

Түркістан облысында өткен жылы 61 186 сәби туылған. Бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда 9,6 пайызға көп. Яғни 1000 адамға шаққандағы туудың жалпы коэффициенті 29,72-ні құрады. Былтыр өңірде 13 463 отбасы неке құрса, оның ішінде 9 316 неке — ауылдық жерлерде, 4 147 неке — қалаларда тіркелген. Сонымен қатар, 2019 жылмен салыстырғанда 2020 жылы облыстағы ажырасу көрсеткіші 67,1 пайызға азайды. Бүгін ...

Толығырақ »

ТҰРҒЫН ҮЙ САЛУҒА НИЕТТІ АЗАМАТТАР НАЗАРЫНА!

Түркістан қаласы облыс орталығы болғалы шаһарға басқа өлкелерден көшіп келгендер, жаңа орталықта тұрғылықты қалуға ниетті азаматтар саны артты. Қазіргі таңда құрылысы қайнаған қаланың тұрғындар саны артып, тұрғын үйлер қатары көбеюде. Қаланың бас жоспарына сәйкес, осындай мақсатта салынып жатқан тұрғын үйлердің қабырғасын қалауында бірқатар ескерілуі қажет тәртіптер бар. Атап айтқанда, ҚР ЕЖ 3.01-102-2012 7 жағдайын қамтамасыз етуді ескере отырып, құрылыс салушы ...

Толығырақ »

ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕНІҢ ЖІТІ БАҚЫЛАУЫНДА

Жас ұрпаққа өнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы. Осыған орай, ағымдағы жылдың 9 ақпан күні Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының білім бөліміне қарасты мектептердің жоғары сынып оқушылары арасында пәндік олимпиаданың екінші күні өтті. Білім бәсекесі сарапқа түскен шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің жанынан құрылған «Түркістан — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ...

Толығырақ »

САНА ТҮЗЕЛМЕЙ, СЫБАЙЛАСТЫҚ СЕЙІЛМЕЙДІ

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған облыстық ақпараттық-ағартушылық Штабының төрағасы Ерұлан Тұңғышбаев қоғамда жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру мақсатында облысқа қарасты Түлкібас және Отырар ауданында үгіт-насихат жұмыстарын кездесті. Ағартушылық бағытта өрбіген келелі шараның негізгі мақсаты — парасаттылық құндылықтарын ел ішінде кең көлемде насихаттау арқылы ел азаматтарының бойына адалдық қасиеттерін дарыту және сыбайлас жемқорлық ...

Толығырақ »

ЖАТАҚХАНАЛАРҒА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің қызметкерлері мен «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджерлері және арнайы мониторингтік топ мүшелері студенттердің өмір сапасын жақсарту үшін жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жатақханаларына тұрақты негізде мониторинг жұмыстарын жүргізуде. Мониторинг жұмыстары Түркістан қаласында орналасқан Түркістан көпсалалы индустриялды- техникалық колледжінің және Түркістан жоғары медицина колледжінің, ...

Толығырақ »

ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІ ЖАҢАРАДЫ

Биыл Келес ауданына қарасты Ақтөбе ауылдық округінің 5 елді мекеніндегі электр желілері жаңартылатын болады. Бұл жұмыстарға 70-ке жуық азамат жұмыспен қамтылады. Олардың зейнет жарнасын төлеу мердігер мекемелерге міндеттеліп, әкімдік бақылауында болады. Түркістан облысы, Келес ауданында былтыр «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 100-ге жуық азамат жұмысқа орналасты. Бағдарлама төрт бағытты қамтиды. Жұмысқа орналасқан азаматтар көбіне құрылыс саласында еңбек етеді. Әлеуметтік-мәдени ...

Толығырақ »

ЖЕТІСАЙДА КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Көктем – күллі табиғаттың ұйқысынан оянып, жаңарып түлейтін, Жер ана бусанып, көк шығатын ерекше мезгіл. Тіршілік атаулыға жан бітіріп, жаңа өмірдің бастауы іспетті осы бір сәтті ерекше күтетін халық күннің көзі көрінісімен-ақ шаруашылық жұмыстарын бастап кетеді. Бірі жерін баптап, егін сепсе, енді бірі көшет егіп, тазалық жұмыстарына кіріседі. Осы орайда, Жетісай ауданының  әкімі Жамантай Қанайұлы бастама көтеріп, көктемі ерте келетін ...

Толығырақ »

ЖОЛДАР ЖӨНДЕЛДІ

Түркістан облысы, Созақ ауданында өткен жылы 25,5 шақырымды құрайтын аудан елді мекендерінің 20 ішкі көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 14 шақырымды құрайтын 7 көше жөнделді. 12 шақырым жол жергілікті бюджет есебінен жөнеуден өтті. Атап айтсақ, Шолаққорған ауылының 8 шақырымнан асатын 8 көшесіне асфальт төселген. Созақ ауылының 3 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальт төселді. ...

Толығырақ »

ШИПАЖАЙҒА КЕЛУШІЛЕР САНЫ АРТУДА

Шипалы суымен әлемге танымал Сарыағаш шипажайына келіп ем алушылардың саны жыл өткен сайын артып келеді. Былтыр Сарыағаш ауданына 85 мың турист келген. Ауданға келген туристерге 50-ден астам емдік сауықтыру шипажайлары, балалар шипажайы, балалар сауықтыру лагері, гольф клубы, 21 қонақ үй қызмет көрсетеді. Өткен жылы туризімді дамыту мақсатында жалпы құны 378 млн. теңге болатын төрт нысан іске қосылып, 60-қа жуық жаңа ...

Толығырақ »

БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫ АЛПЫС ЖАСТА

Биыл Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасына — 60 жыл. Жарты ағасырдан астам уақыт балаларға қызмет көрсетіп келген қарашаңырақтың мерейтойы аясында ауқымды шаралар ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен орайласқан Түркістан облыстық Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар кітапханасының 60 жылдығы Ордабасы ауданында аталып өтті. «Бала руханиятының алтын бесігі» тақырыбындағы апталықтың ашылуына аудан әкімінің орынбасары Азат Оралбаев пен аудандық мәслихаттың хатшысы Қасымбай ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА «ҚАУІПСІЗ ҚАЛА» ШАРАСЫ ӨТІП ЖАТЫР

Түркістанда тәртіп түзеліп келеді. Бұған «Түркістан — қауіпсіз қала» жобасының тигізер пайдасы мол. 1 қаңтардан бастап рухани шаһарда «Түркістан — қауіпсіз қала» жедел – профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Мақсат – айыппұл салу емес, қауіпсіздікті жандандыру. Түкрістан қаласында көлік қозғалысы мен аулалардағы қауіпсіздікті бақылайтын 50 –ге жуық «ақылды» бейнекамералар орнатылған. Жақын уақытта олардың санын көбейту көзделген. Түркістан қаласы Полиция басқарманың қызметкерлері ...

Толығырақ »

ШАРУАЛАР ЕГІСТІК АЛҚАБЫН КЕҢЕТПЕК

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында өткен жылы ауыл шаруашылығы саласында жасалған үш жақтама келісім бойынша бекітілген 26 көрсеткіштің 24-і орындалған. Ауданда былтыр өндірілген өнімдердің жалпы көлемі 86 млрд. теңгеге жоспарланып, жыл қорытындысымен орындалуы 92 млрд. теңгені құрады. Соның ішінде қарқынды жеміс бауы 100 га, жүзім бауы 110 гектарға артты. Сондай-ақ ауданда 40 бірлік шағын мал бордақылау алаңы, 9 бірлік жанұялық сүт ...

Толығырақ »

ӘДЕБИ-САЗДЫ КЕШІ ӨТТІ

Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен кәусар сезім мен тояттамас көңіл, буырқанған шабыт пен сағыныш сыйлаған мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған «Мұздама, жылы жүрегім» атты әдеби-сазды кеш өтті. Ақиық ақынның туған күніне орай өткен шарада жастар Мұқағали жырынан шашу шашып, лирикалық әндерін тарту етті. Бұдан бөлек сыршыл поэзиясымен мәңгі есте қалатын ақынның өлеңдерін жатқа оқып, облысымыздың атын республика ...

Толығырақ »

ПАНДУС МӘСЕЛЕСІ НЕГЕ ШЕШІЛМЕЙ КЕЛЕДІ?

Бүгін Түркістан өңірінде «Қолжетімді Қазақстан» жобасы шеңберінде облыс аумағында мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін елді мекендерде «кедергісіз орта» құруды қамтамасыз ету бағытында мақсатты жиын және қоғамдық бақылау жұмыстары өтті. Жиынға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары М.Қарғабай, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, «Қолжетімді Қазақстан» жобасының жетекшісі Г.Тәжібаева, Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар ...

Толығырақ »