Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары (страница 64)

Облыс жаңалықтары

ҰСТАЗДАР АЛЛЕЯСЫ ПАЙДА БОЛМАҚ

Түркістан облысы, Кентау қаласында ұстаздар аллеясы пайда болмақ, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Кентау қаласы күннен — күнге ажарланып, көркейіп келеді. Көктем шығысымен шағын шаһардың шырайы кіріп, көше бойларында көркі көз тартар бірнеше гүлзарлар орналастырылған. Орталық көше күрделі жөндеуден өтіп, ішкі орам жолдар да қалыпқа келтірілуде. Алдағы уақытта қала тағы бір нысанмен толықпақ. ...

Толығырақ »

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК АЛАТЫНДАР ЖАҢА САНАТПЕН ТОЛЫҚТЫ

Коронавирус пандемиясына байланысты төтенше жағдай кезінде ҚР Үкіметі тарапынан халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік-тұрмыстық жиынтықтармен қамтамасыз ету үшін арнайы заң жобасы қабылданды. Аса мұқтаж азаматтар қатарына көп балалы отбасылар, жұмыссыздар, мүгедектер, әлеуметтік аз қамтылған отбасылар кіреді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру ...

Толығырақ »

САЙРАМ-ӨГЕМ

Сайрам-Өгем МҰТП-і Батыс Тянь-Шанның солтүстік — шығыс бөлігіндегі Өгем, Қаржантау, Қазығұрт және Боралдай тау жоталарында орналасқан. Парк Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 қаңтардағы №52 қаулысына сәйкес Түлкібас, Төлеби, Өгем орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелердің қосылу жолымен ұйымдастырылған. Парктің жалпы көлемі 149 037,1 гектар. Соның ішінде: — Өгем филиалында — 76 573 га; — Төлеби филиалында – ...

Толығырақ »

ЖАҢБЫРЛАТЫП СУАРУ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Түркістан облысында жаңбырлатып суару жүйесі іске қосылды. Жаңа өндірістік кәсіпорын Ауыл шаруашылығы дақылдарын ирригациялық жүйелерді қолдана отырып өсіруге арналған, деп жазады Түркістан облысының АӨК сілтеме жасаған DIDARBEK.kz . Түркістан облысы үшін басым бағыттардың бірі – облыс орталығын толық көлемде және тиісті сапада азық-түлікпен қамтамасыз ету болып табылады. Осыған байланысты Түркістанды азық-түлікпен қамтамасыз етуге ықпал ететін бірқатар ірі жобаларды қамтитын қала ...

Толығырақ »

ПОЛИЦЕЙЛЕР ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН САҚТАУҒА ШАҚЫРДЫ

Түркістан қаласының полицейлері азаматтарды бетперде тағып, төтенше жағдай режимі кезінде бекітілген барлық қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz . Төтенше жағдайдың алдын алуға байланысты Түркістан облысының полицейлері қала тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың Жарлығына сәйкес елімізде ТЖ режимі ағымдағы жылдың сәуір ...

Толығырақ »

ЖЕТІСАЙЛЫҚ ШАРУАЛАР МАҚТА ЕГУДІ БАСТАП КЕТТІ

Түркістан облысы Жетісай ауданы үшін көктем нағыз қарбалас шақ. Күн ысып жер қыза салысымен дихандар мақта және өзге дәнді дақылдарды егуді бастайды. Күн райы жылынғаны сол еді Шаблан Ділдәбеков ауылдық округінің дихандары ауданда алғаш болып мақта егуді бастады, деп жазады Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Ауыл диханы Аппазов Оңалхан өзінің иелігіндегі 4.5 га аумаққа жоғары ...

Толығырақ »

КӘСІПКЕР ЖЕРЛЕСТЕРІНЕ 200 ҚАП ҰН ТАРАТТЫ

Түркістан облысы Жетісай ауданында жеке кәсіпкер жерлестеріне 200 қап ұн таратты, деп жазады облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты Жетісай ауданында «BizBirgemiz» акциясы аясында жеке кәсіпкер аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасыларға 200 қап ұн таратып берді. Жетісай ауданы Қазыбек би ауылдық округіне қарасты Ә. Оспанов ауылының тумасы карантин мезгілінде қиындыққа тап болған ...

Толығырақ »

ӨНЕР БАЙҚАУЛАРЫ ОНЛАЙН ТҮРДЕ ӨТУДЕ

«Наурыз, Наурыз – күн игі» көркемсөз оқу бейне-байқауына Түркістан облысы мен Шымкент қаласынан 70-ке жуық үміткер қатысты. Қатысушылар шығармаларын әлеуметтік желіге жүктеп, ақтық мәреге жолдама алған.Жастар жарысы жинаған лүпіл санымен қорытындыланды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Барлық байқаулар Turkistan_jastary парақшасына жарияланады. Сайыста Байдібек ауданы мен Түркістан қаласының жастары топ жарды. Жүлделі орындарды ...

Толығырақ »

ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ӨТКЕН «ЖОЛДА ҚАБЫЛДАУ» АКЦИЯСЫ

Онлайн режимде, тікелей эфир арқылы жалғасқан «Жолда қабылдау» акциясы өтті, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz. Басталғанына тура 1 жыл болған «Жолда қабылдау» республикалық акциясы бұл жолы ерекше форматта өткізілуде. Елімізде енгізілген төтенше жағдайға байланысты азаматтарды қабылдау онлайн режимде яғни, Түркістан облысы Полиция департаментінің ресми «Фейсбук» парақшасы арқылы тікелей эфирде ұйымдастырылуда. Осы бойынша алдын ала тұрғындарға әлеуметтік ...

Толығырақ »

ПОЛИЦЕЙЛЕР АЛАЯҚТЫҚ ЖАСАҒАН ЖІГІТТІ ҰСТАДЫ

Түркістан облысы полицейлері әлеуметтік желі арқылы алаяқтық жолмен ақша аудартып отырған жігітті ұстады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz. Сарыағаш АПБ-не жергілікті тұрғын арызданады. Жәбірленушінің айтуынша белгісіз тұлға оның инстаграм әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы «ОҢАЙ АҚША ТАБУ» атты ойынға қатысуға шақырған. Ойынның шартын түсіндіре отырып, сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен алдымен 35 000 теңге салдыртып, екі еселеп көбейтіп ...

Толығырақ »

ПОЛИЦЕЙЛЕР ЕСІРТКІ ЕГІЛГЕН АУЛАНЫ ТАПТЫ

Түркістан облысы полицейлері есірткі егілген ауланы тауып, күдіктіні құрықтады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасына жергілікті тұрғын арызданып, Жетісай ауданында бір азамат есірткі затын үйінде өсіруі мүмкін екендігі жөнінде хабарлама түсірген. Осы бойынша Жетісай АПБ-не аталған қылмысты ашуға тапсырма берілді. Аталған жайт СДТТБТ-не енгізіліп, ҚР ҚК 300-бабы ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫС КАРАНТИН РЕЖИМІНЕ КӨШЕДІ

Түркістан облысында COVID-19инфекциясын жұқтырғандар саны 50-ден асты. Азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау, халық арасында коронавирустық инфекцияның кеңінен таралуының алдын алу мақсатында, 2020 жылғы 18-ші сәуір күні түнгі сағат 24.00-ден бастап, облыс аумағында карантин режимі енгізіледі. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Бұл ретте төтенше жағдай кезінде қандай шектеулер мен шаралар жүзеге асатыны туралы ...

Толығырақ »

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: ЖАҢА ҚҰРЫЛЫСТАР — НАЗАРДА

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев облыс орталығындағы бірқатар әлеуметтік инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асу барысын бақылады. Құрылыс алаңдарындағы жұмысты көзбен көріп, әр нысанның сапалы, әрі тиісті архитектуралық талапқа сай салынуы қажеттігін қадап айтты. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Барлық құрылыс басында коронавурис індетіне қарсы сақтық шаралары ұйымдастырылып, құрылыс жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілуде. Барлық ...

Толығырақ »

ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ БАРЫСЫН БАҚЫЛАДЫ

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістанның тарихи-мәдени орталығын қайта жаңғыртуға байланысты «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің даму жоспары бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысын пысықтап, жауаптыларға тиісті нұсқаулар берді. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты «Хан мешіті», «Хан ордасы» және Күлтөбе қалашығы мен «Жеті ата», «Дарбаза», «Мүсәлла», «Тәкия» қақпаларын аралады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ ТҰРАҚТАНУДА

Түркістан облысынрда «BIZBIRGEMIZ» акциясы аясында азық-түлік бағасы тұрақтануда, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz. Аз қамтылған отбасыларды қолдау және ұн бағасын тұрақтандыру мақсатында Келес ауданы орталығы Абай ауылындағы «ӘУЕС» ЖШС-інің базары маңынан «Әлеуметтік дүкен» ашылып, 1 қап ұн бағасы 6500 теңгеден, 1 келі картоп 80 теңгеден және пияз 95 теңгеден сатылуда. Игі іс «Nur Otan» партиясы ...

Толығырақ »

БІРЕГЕЙ ШЫҒЫС ПРОМЕНАДЫ БОЙ КӨТЕРЕДІ

Сәні мен салтанаты келіскен шығыс променады, яғни, серуен алқабы ұлттық ерекшелік пен заманауи мәдениеттің көркем келбетін ұштастырады. Келушілер мен демалушыларға қолайлы болу үшін ландшафтық сәулет, фонтандар, ашық айвандар және басқа да нысандар орналасады. Кәдесыйлар сататын дүңгіршектер салынады. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев «Әзірет Сұлтан» кешенін дамыту бойынша жоспарға сәйкес жасалып жатқан жұмыстарды бақылап қайтты. Жаңа жобаға бірқатар өзгертулер енгізіп, қала ...

Толығырақ »

САҚТЫҚТА ҚОРЛЫҚ ЖОҚ

Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдайға байланысты Республикамыздың балалары жоспардан тыс демалыста. Балалардың қараусыз қалуы қайғылы оқиғаға әкеліп соқтыруы мүмкін. Осы жылдың 3 сәуірінде Нұр- Сұлтан қаласында баланың терезеден құлап кету қайғылы оқиғасы орын алды. Сондықтан Түркістан, Арыс, Ленгер, Сарыағаш, Кентау, жетісай, т.б., секілді көпқабатты үйлер орналасқан қалаларда төтенше жағдайлар бөлімдерінің мамандары ата — аналарға: балалармен жазатайым оқиғалардың ықтималдығын болдырмау үшін ...

Толығырақ »

ОБЛЫСТА 5 АДАМ СУҒА КЕТТІ

Облысымызда жыл басынан бері 5 адам суға кетіп, қаза тапқан. Оның 2-еуі Мақтарал ауданында, ал Арыс қаласы мен Жетісай, Ордабасы аудандарында 1 жағдайдан тіркелген. Сондай-ақ, 14 тілсіз жаудың дерегі анықталып, өткен жылдармен салыстырғанда дала өрті өршіген. Бұл туралы баспасөз брифингінде Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Ерік Сарыбаев мәлімдеді, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі М.Әсембектің материалына сілтеме жасаған «DIDARBEK.kz». ...

Толығырақ »

154 МЫҢ ТҰРҒЫН ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Облысымызда осы уақытқа дейін мүлдем су құбыры жүрмеген, табиғи газ тартылмаған аймақтар бар. Енді биылдан бастап 154 мың тұрғын табиғи газбен қамтылып, 19 елді-мекенге жаңа ауыз су жүйелері жүретін болады. Сондай-ақ, өңірге қарасты 5 ауылдың тозығы жеткен су құбырлары қайта жаңартылады. Бұл туралы баспасөз брифингінде облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Игорь Алексеев айтты, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасының ...

Толығырақ »

ОНЛАЙН ТАПСЫРЫС БЕРУ КӨБЕЙДІ

Елімізде төтенше жағдай жарияланғалы сақтық шаралары қатаңдатылды. Ірі сауда орындары мен дәмханалар үйге дейін жеткізіп беруді қолға алған. Енді халық үйден шықпай-ақ, онлайн тапсырыспен өз қалауын орындай алады. Бұл өз кезегінде жұмысы уақытша тоқтаған кәсіпкерлер үшін тиімді. Бұл туралы «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі М.Әсембектің материалына сілтеме жасаған «DIDARBEK.kz» хабарлайды. Әлемде қауіпті індет таралғалы — тұрғындар дүкен аралап, мейрамханаларда отырып емін-еркін ас ...

Толығырақ »

ДИҚАНДАР ЕНДІ ӨНІМДЕРІН ЭКСПОРТҚА ШЫҒАРА АЛАДЫ

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында 61 мың гектарға жуық егістік жер бар. Биыл 51602 гектар жерге қысқы сор шаю жұмыстары жүріп, мақтааралдық диқандар көктемгі дала жұмыстарын бастауға сақадай сай тұр. Ол үшін мемлекет тарапынан жеңілдетілген бағада наурыз айына 1160 тонна, сәуір айына 1190 тонна, мамыр айына 715 тонна жанар жағармай бөлінген. Бұл туралы Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ...

Толығырақ »

80 МЫҢ АЗАМАТҚА ОНЛАЙН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Түркістан облысында 1414 Call-орталығының мамандары мемлекеттік қызметтің 80%-дан астамын электрондық үкімет порталы арқылы көрсетіп келеді. Статистика бойынша төтенше жағдай жарияланғалы облыста 80576 азаматқа онлайн түрде көмек берілген. Оның 51450-іне телефон қоңырау арқылы қызмет көрсетілсе, қалғанына бейнебайланыс арқылы түсіндірілген. Жалпы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ құрған Call-орталықтарда 2366 маман қызмет көрсетеді. Оның 128-і Түркістан облысындағы 1414 біріңғай байланыс орталығының ...

Толығырақ »

ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР МҰҚТАЖ ЖАНДАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТТІ

Түркістан облысының іскер әйелдері #BizBirgemiz акциясын барынша қолдап, көмекке мұқтаж жанұяларға көмек көрсетуде. «Nur Otan» партиясы өкілдерінің ұйытқы болуымен Сайрам ауданында орналасқан «AYKAN» ЖШС бір миллион теңгеге жергілікті 115 отбасыға азық-түлік пен өздері өндіретін ірімшік, сүт өнімдерін таратты. Үйлеріне жеткізіп, тұрғындардың еңсесін көтерді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. «Эмир» сауда белгісімен сүт ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: РАМАЗАН АЙЫНДА АУЫЗАШАР ӨТКІЗІЛМЕЙДІ

Биыл Түркістан облысында Рамазан айында ауызашар өткізілмейді және мешіттерде тарауих намазы оқылмайды. Елде жарияланған төтенше жағдай кезіндегі діни жорағылар жасаудың жаңа үлгісі енгізілген. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркістан облысы бойынша Бас имамы Мұсабек Ақтамберді Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына сілтеме жасай отырып, осылай мәлімдеді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық ...

Толығырақ »

МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ОНЛАЙН КОНЦЕРТ ӨТКІЗУДЕ

Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты барша Түркістан облысының тұрғындары сақтық шараларын ұстанып, үйлерінде отыр. Осы жайтты ескерген Түркістан облыстық мәдениет басқармасы өзіне қарасты театрлар және мәдениет үйлері мен шығармашылық орталықтардың қызметкерлерін жұмылдырып, #BizBirgemiz акциясы аясында онлайн концерттер ұйымдастырып жүр. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Бұдан бөлек, Түркістан облыстық мәдениет және халық шығармашылығы ...

Толығырақ »