Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Әлеумет (страница 60)

Әлеумет

ДЕПУТАТТАР ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТТІ

Түркістандық депутаттар Мақтаарал ауданына 11 млн. теңгеге гумантарлық көмек көрсетті, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Бүгін Түркістан облысының бір топ депутаттары «Nur Otan» партиясының республикалық «Біз біргеміз» акциясы аясында Мақтаарал ауданына жалпы құны 11 млн. теңгені құрайтын 11 жүк көлігіне тиелген гуманитарлық көмек әкелді. Оның ішінде азық-түлік, көрпе-төсек, киім кешек, гигиеналық заттар мен 2 тонна балық ...

Толығырақ »

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІ ЖҰМЫЛДЫРЫЛДЫ

Мақтаарал ауданында төтенше жағдайдың орын алуына байланысты көршілес аудандардан қосымша көмекке медицина қызметкерлері тартылды. Яғни, эвакуациялық орталықтардағы азаматтардың денсаулықтарын бақылау жұмыстарына Сарыағаш, Келес, Шардара, Жетісай аудандарының орталық ауруханасы және облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының ақ халаттылары атсалысуда. Бұл туралы онлайн режимде өткен брифингте облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов мәлімдеді, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме ...

Толығырақ »

100-ГЕ ЖУЫҚ КӨШЕГЕ ЖОЛ ТӨСЕЛЕДІ

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен қала әкімі Рашид Аюпов облыс орталықтарындағы құрылыс және жол жөндеу жұмыстарын тексерді. Түркістанда бүгінде 5, 7, 9 және 12 қабатты тұрғын үйлер салынуда. Еліміздегі төтенше жағдай мен карантин режиміне қарамастан қаланың құрылыс жұмыстары тоқтаған емес. Кестеге сай жүргізілуде. Дегенмен, жұмысшы күшінде әлі де тапшылық бар. Облыс әкімі Ө. Естайұлы қаланы дамыту, көркейту аясында салынып ...

Толығырақ »

ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

Жеңістің 75 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының ардагері Рысмет Жұмағұловқа Ленгір қаласының 1 мөлтек ауданында 2 бөлмелі үйдің кілті табысталды. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев, аудан әкімі Бауыржан Омарбеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев екінші дүниежүзілік соғыста Жеңіске үлес қосқан майдангерді жаңа баспанасымен құттықтап, арнайы сыйлықтарды табыстады, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. 75 ...

Толығырақ »

СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ

Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Ғани Ташқараев пен Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов Ұлы Жеңіс мейрамының қарсаңында 104 жастағы соғыс ардагері Нигмат Гареевті құттықтап, құрмет көрсетті. Нигмат Насибуллинұлы — қаладағы соғыс ардагерлерінің арасындағы жасы ең үлкені. Ол 1916 жылы туған. Соғыс ардагері елдің амандығын тілеп, болашақ ұрпаққа ақ батасын берді. Сондай-ақ осынау қиын-қыстау кезеңде халықтың бірлігі мен ырысты ынтымағы жеңетіндігін айтып берді. ...

Толығырақ »

ҰЛЫ ЖЕҢІС – ҰРПАҚТАР МАҚТАНЫШЫ!

Биыл Ұлы Жеңіске 75 жыл. Осы орайда, Шымкент қаласында айтулы мерекеге орай ардагерлерді құттықтау сәті басталып кетті. Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығы Аутрич NEET жас отбасылармен жұмыс жүргізу бөлімі «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі жанындағы «Келешек» жастар кеңесінің мүшелерімен бірлесе соғыс ардагерлеріне бүгінгі бейбіт күн үшін алғыстарын білдіріп, қарт майдангерлердің шаңырақтарына барып, сый-сияпат жасап, мерекелік көңіл сыйлады. Өз ...

Толығырақ »

АРДАГЕРЛЕРГЕ МЕРЕКЕЛІК ТОСЫНСЫЙ ЖАСАДЫ

Жеңістің 75 жылдығы құрметіне орай, Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат басқармасының ұйымдастыруымен шаһардағы соғыс және тыл ардагерлері тұратын үйлердің аулаларында арнайы мерекелік концерт ұйымдастырылды. Шымкенттік өнерпаздар 10 арнайы безендірілген автокөлікпен қаладағы 40-тан астам аулаға барып, әскери әндер шырқап, майдангерлер мен тыл еңбеккерлеріне көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Мәдениет мекемелерінің қызметкерлері карантин талаптарын сақтай отырып, 2-3 әншіден әр аулада 15-20 ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕН МАҚТААРАЛДЫҚТАРҒА КӨМЕК

Мақтааралдықтардың бүгінгі жай күйі шымкенттік кәсіпкерлерді де бей-жәй қалдырмады. Жомарт жандар Мырзашөл өңіріне қажетті киім-кешек пен гигиеналық заттар жіберді. Атап айтсақ, кәсіпкерлер тарапынан 4000 адамға аяқ-қиім мен спорттық киімдер, одан бөлек 200 дана жейде мен 150 дана әйелдерге арналған көйлек, шалбарлар жөнелтілді. «Апаттың айтып келмейтіні белгілі. Сондықтан Мақтаарал ауданына қиын сәтте қол үшін созып, төтенше жағдай зардаптарын жоюға бүкіл халық ...

Толығырақ »

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ

Ұлы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында Шымкент қаласындағы №7 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері Ұлы отан соғысының ардагері, Сайрам ауданының Құрметті азаматты, 1924 жылы туылған Қалтай Бектасовты айтулы мерекемен құттықтау үшін арнайы барды. Соғыс ардагері XX ғасырдың қатігез де қанды шайқасындағы кеңес әсерінің көрсеткен ерлігі мен батырлығы туралы еске алып, сұрапыл соғыс жылдары туралы шер төкті. 1942 жылы әкесі соғысқа атанады, артынша ...

Толығырақ »

ЖОМАРТ ЖАН

Өзбекстанның тумасы, миллиардер Алишер Усманов Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевке Сырдарияда болған апатқа байланысты жанашырлық хатын жолдады. «Құрметті Шавкат Миромонович! Балалығым мен жастық шағым өткен туған жерімдегі аға-інілерім және әпке-қарындастарыммен бірге қазіргі эпидемиологиялық қиыншылыққа серік болады екенмін, Сардоба су қоймасындағы апат туралы хабарды, сондай-ақ оны азаматтар үнжырғасы түспей батылдықпен қарсы алғанын жүрегіммен сезіндім. Қасиетті Рамазан айында Алланың өзі мені Отаныма ...

Толығырақ »

ЖАҢАДАН 500 ҮЙ БОЙ КӨТЕРЕДІ

Түркістан облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов пен Өзбекстан Республикасының Төтенше жағдай Министрінің бірінші орынбасары Абдулла Құлдашев және Түркістан облысы Төтенше жағдай департаментінің бастығы Нұрғали Жүнісов Мақтааралдағы су тасқынының салдарын жою бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде баспасөз брифингін өткізді, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz порталы. Брифинг барысында Мемлекеттік комиссия шешімімен жүзеге ...

Толығырақ »

ҚАЛА ӘКІМІ АРДАГЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Шымкент қаласындағы 40 майдангерге Ұлы Жеңістің 75 жылдығы арнайы медалі мен құттықтау хаты табысталды. Мереке қарсаңында қала әкімі Мұрат Әйтенов ҰОС ардагері Сәрсен Әбдінұровтың үйіне барып, арнайы медалін тапсырып, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді, деп жазады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «DIDARBEK.kz». Майдангер атамыз 1922 жылдың 22 желтоқсанында дүниеге келген. Соғыс ...

Толығырақ »

«JAS OTAN» ЖӘРДЕМ ЕТУДЕ

Түркістан облысы Мақтарал ауданында орын алған төтенше жағдайға байланысты «Біргеміз, Мақтарал» еріктілер штабында 150 жуық еріктілер зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру мен олардың қиын жағдайдағы жан — жақты қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. Қазіргі таңда Штаб жанынан облысымыздың өзге өңірлері мен аудандарындағы волонтер жастардың бастамаларымен ұйымдастырылған көмек керуендерін қарсы алып, қауіпсіз аймақтарға орналастырылған халыққа азық — түлік пен қажетті ...

Толығырақ »

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕТІНІ ҚУАНТАДЫ

Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев «Ардагерлер туралы» Заңға қол қойып, көңілімізді марқайтты. Бұл жаңалықты ардагерлерге деген үлкен құрмет деп қабылдадым. Қазақта «Қариясы бар үйдің — қазынасы бар» деген нақыл сөз бар. Қариялардың әлеуметтік жағдайын жақсарту бүгінгі күні өзекті болуына байланысты, аталған Заңда арнайы мемлекеттік жәрдемақы төлеу, ақшалай немесе заттай мәндегі әлеуметтік көмек, тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері ...

Толығырақ »

ЖАҢА ЗАҢНАН КҮТЕРІМІЗ МОЛ

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында «Ардагерлер туралы» Заңға қол қойды. Шынтуайтында, бұл жағымды жаңалық болды. Жаңа қабылданған Заңның жобасын қаланың ардагерлері өзара талқыға салып, ұсыныс-пікірлерімізді білдірген едік. Бұл Заңның басты мақсаты — соғыс ардагерлеріне деген әлеуметтік қолдау шараларын күшейту. Ұлы Отан соғысына қатысқан, басқа да әскери іс-қимылға қатысушы ардагерлерге, еңбек ардагерлеріне, сонымен қатар тиісті заңмен қамтылған адамдардың ...

Толығырақ »

БАТЫРЫН ҚАДІРЛЕГЕН ЕЛДІҢ МЕРЕЙІ ҮСТЕМ

Елімізде «Ардагерлер» туралы Заңның қабылдағанын естідім. Балаларым мен немерелерім Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оған теңестірілгендер, тыл еңбеккерлері, Ауған соғысына қатысқан азаматтарға да көптеген жеңілдіктердің жасалып жатқанын жеткізіп, қуантып қойды. Менің жасым 98-ге таяды. Ұлы Отан соғысына 19 жасымда аттандым. Бүгінде ардагерлер қатары сиреп барады. Бізден кейінде соғыстың зардабын тартқан ұрпақтар аз емес. Ауған жерінде болған соғыста қаншама боздақтардан айрылдық. Чернобыль ...

Толығырақ »

АРДАГЕРЛЕРІН АРДАҚТАҒАН ЕЛ АЙБЫНДЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Ардагерлер туралы» заңға қол қойды. Ардагерлерді әлеуметтік қолдауға бұған дейін де көңіліміз толатын. Енді санаты мен олар үшін арнайы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері тағайындалуы ҰОС қатысқан ардагерлерге, басқа мемлекеттер аумағындағы әскери іс-қимылға қатысушы ардагерлерге және Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген ардагерлерге, еңбек ардагерлеріне, сонымен қатар тиісті заңмен қамтылған адамдардың басқа санаттағы ардагерлеріне ...

Толығырақ »

АРДАГЕРЛЕРДІҢ АЛҒЫСЫ ШЕКСІЗ

Бақытжан Әшірбаев, Чернобыль ардагерлері Республикалық Одағы үйлестіретін кеңесінің төрағасы Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерекесінің қарсаңында Мемлекет басшысының «Ардагерлер туралы» арнайы заңға қол қоюы – еліміздегі барлық ардагерлер үшін зор қуаныш! Заң соғыс және еңбек ардагерлерінің ҚР Парламенті мен Үкіметіне жолдаған көптеген өтініштеріне байланысты әзірленді. Құжатта қолданыстағы заңнама бойынша ардагерлерге берілетін барлық жеңілдіктер мен кепілдіктер топтастырылған. Бұл заңның әзірленуі кезеңінен бастап, ...

Толығырақ »

АРДАГЕРЛЕРДІҢ ЕҢБЕГІНЕ БЕРІЛГЕН ӘДІЛ БАҒА

Қолданысқа енген ҚР «Ардагерлер туралы» Заңы ардагерлердің үмітін ақтайтынына сенімім мол. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев мерейлі мереке ҰОС жеңістің 75 жылдығы қарсаңында «Ардагерлер туралы» Заңға қол қойды. Бұл қуанышты хабар ардагерлер қауымын бір серпілтіп тастағаны шындық. Өйткені, мұндай заң ТМД елдерінің көпшілігінде бар. Заңның қабылдануы өте құптарлық дүние болды. Өйткені осындай бейбіт өмір сыйлаған ардагерлеріміз қандай құрметке болса да лайықты. ...

Толығырақ »

АРДАГЕРЛЕРГЕ ДЕГЕН НАҚТЫ ҚАМҚОРЛЫҚ

Исамуддин РЫСБАЙ, Шымкент қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы: АРДАГЕРЛЕРГЕ ДЕГЕН НАҚТЫ ҚАМҚОРЛЫҚТЫҢ КӨРІНІСІ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Ардагерлер туралы» заңға қол қойды. Жаңа заңда қазіргі заманның ағымына сай, көптеген өзгерістер енгізілген. Мәселен, қолданысқа енген заңның басты мақсаты — қатары күн санап азайып бара жатқан ардагерлерді әлеуметтік жағынан қорғау. Ардагерлердің әлеуметтік қорғалатын 5 санаты және олар үшін арнайы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері тағайындалған. Ұлы ...

Толығырақ »

КӨШЕЛЕРДІ ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

2020 жылы қаланың «Қайнарбұлақ», «Самал-3» шағын аудандарындағы 20-ға жуық көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бүгінде жұмысы ерте басталған кей жолдарға асфальт төселіп, халықтың игілігіне беруге дайын. Кеше Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов шаһардың шеткі шағынаудандарындағы жол құрылысы жұмыстарының барысын бақылап қайтты. Нақтырақ айтқанда, биыл Қайнарбұлақ шағынауданындағы Төлебай Құрсабек, Садовая секілді алты көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осы мақсатта қазынадан 997 милион ...

Толығырақ »

ЕРАСЫЛ КЕТТІ – ЕР КЕЛДІ!

«ШЫМКЕНТ – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІНІҢ БАСШЫСЫ – ӘКІМНІҢ ШТАТТАН ТЫС КЕҢЕСШІСІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ. «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы болып Жани Қамбар тағайындалды. Қамбар Жани Сайдуллаұлы Шымкент қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің түлегі. «Жастар ресурстық орталығы» КММ-де түрлі лауазымдарда қызмет атқарған. Жобалық кеңсе басшысы лауазымына тағайындалғанға дейін Жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары болған. Сонымен қатар, Ж.Қамбар ...

Толығырақ »

ЕЛ БОЛУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

«Біз қашан ел боламыз?» – Жуық арада! Ол үшін: 1) Зейнеткерлікке шығу жасын бұрынғы қалпына: яғни, ерлер үшін – 60 жасқа, әйелдер үшін – 55 жасқа, көпбалалы әйелдер үшін – 50 жасқа дейін түсіруді; 2) Айлық есептік көрсеткішін 100 АҚШ долларынан (42 мың 500 теңгеден) төмендетпеуді; 3) Ең төменгі жалақы деңгейін 10 АЕК (425 мың теңге) деңгейіне дейін көтеруді; 4) ...

Толығырақ »

ЕРАЛЫ ЖҰМАХАНБЕТОВ ҚОЛҒА АЛҒАН БАСТАМАЛАР

2020 жылдың 5 мамыр күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Ералы Жұмаханбетов полиция генерал-майоры шенін алды. ЕРАЛЫ МҰСАӘЛІҰЛЫ ЖУМАХАНБЕТОВ ҚОЛҒА АЛҒАН БАСТАМАЛАР МЕН ҚОҒАМДА ОҢ НӘТИЖЕСІН БЕРГЕН ТЫҢ ЖОБАЛАР #ЕралыЖумаханбетовтіңбастамасымен — Шымкент қаласы Полиция департаментінің негізін қалаушы. Өйткені, аталмыш департамент бұған дейін ОҚО ІІД Шымкент қаласы Ішкі істер басқармасы ретінде жұмыс жасаған болатын. #ЕралыЖумаханбетовтіңбастамасымен — қала аумағындағы ...

Толығырақ »

ӨЗБЕКСТАННАН МАҚТААРАЛҒА КӨМЕК ЖЕТТІ

Бүгін Мақтаарал ауданына техника және мамандарымен Өзбекстан Республикасынан арнайы топ келді, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпаратық агенттігі. Олардың қатарында 40-тан астам арнайы техника мен 200-ге жуық маман келген. Техникалардың арасында өрт сөндіруші көліктер, экскаваторлар, тракторлар, сусорғыш және жүк көліктері, тұрғындарды тасымалдайтын автобустар да бар. Көрші елден келген жасақ жайылған суды сору, арналарды бұру, бөгет ...

Толығырақ »