Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Әлеумет (страница 65)

Әлеумет

ИНДИКАТОРЛАРДЫ ТОЛЫҚ ОРЫНДАУ

Оңтүстік Қазақстан облысында жалпы өңірлік өнім көлемі жыл сайын артып келеді. Биылғы жылдың бірінші жарты жылдығында облыста жалпы өңірлік өнім көлемі 1 340,5 млрд. теңгені құрап, 2,7 пайызға артты. Бүгін бұл туралы облыс әкімдігінің кезекті мәжілісінде облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Арман Сәбитов мәлім етті. Басқарма басшысы жыл соңында жалпы өңірлік өнім көлемі 3 014,5 млрд. теңгені құрайтындығын ...

Толығырақ »

ӘЛЕУМЕТТІК САЛАҒА БАҒЫТТАЛҒАН

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың кезекті 15-ші сессиясында облыстың осы жылғы бюджеті 511,4 млрд. теңге болып нақтыланды. Сессия отырысында сөз алған облыс әкімі Ж.Түймебаев облыстың бюджет көлемі өткен жылмен салыстырғанда 25,7 млрд. теңгеге өсіп, бөлінген қаржының басым бөлігі әлеуметтік салаға бағытталғанын атап өтті. «Бөлінген қаржылар есебінен биыл 20 медициналық пункттердің мәселесі шешілетін болады. «Өрлеу» жобасы аясында 58 546 аз қамтылған азаматтарды ...

Толығырақ »

ІСКЕ ҚОСЫЛҒАН ГИДРОЭЛЕКТРСТАНЦИЯ

ОҚО Қазығұрт ауданында жылына 63,2 млн кВт электр энергиясын өндіретін шағын гидро электр станциясы бүгінде сәтті жұмыс істеп келеді. Бүгінгі таңда кәсіпорын Қызылқия, Қақпақ ауыл әкімдігіне қарасты төрт елді мекендерге электр қуатын шығаруды бастап, сынақ мерзімін өткізу жұмыстарын жүргізуде. Электр станциясы өндірілген өнімді Қызылсенгір елді мекенінің электр желісіне қосу үшін «Оңтүстік жарық» мекемесіне 1кВт 16,71 теңгеден электр қуатын өткізуде. «Salem ...

Толығырақ »

ӘЛЕУМЕТТІК ДҮКЕН АШЫЛДЫ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында халқымыздың ұлттық құндылықтарын құрметтеуге, туған жерді көркейтуге, қоғам үшін игі іс жасауға шақырып, атсалысуға үндеді. Осы мақсатта Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылында аз қамтамасыз етілген отбасылардың тұтынушыларына арналған әлеуметтік дүкен ашылды. Дүкенде үй тұрмысына қажетті барлық тауарлар базар бағасынан 20-30 пайыз төмен бағада сатылатын болады. Сондай-ақ дүкенде жағдайы төмен отбасыларына арналған киімдер ...

Толығырақ »

ӘКІМ АҚЫН ШАХАНОВПЕН КЕЗДЕСТІ

Биыл ақын, аудармашы, қоғам қайраткері Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шаханов 75 жасқа толып отыр. Осы даталы мерекеге орай Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев ақынмен арнайы кездесіп, мерейлі мерекесімен құттықтап, сый-сияпат көрсетті. Кездесу барысында өңір басшысы халық жазушысының қазақ әдебиетіне қосқан сүбелі үлесін ерекше атап өтті. «Сізді өткен ғасырдан жақсы танимыз. Біз сіздің өлеңдеріңізді оқып өстік. Әлі есімде 1986 жылы ...

Толығырақ »

ТӨРТ БАСҚАРМА ҚАЙТА ҚҰРЫЛАДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысында алдағы уақытта басқару схемасын жүйелендіру мақсатында төрт басқарма қайта құрылатын болады. Бұл туралы бүгінгі өткен алтыншы шақырылымдағы Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс он бесінші сессиясында мәлім болды. Яғни, өңірдегі туризмді тиянақты дамыту және облысқа тартылатын сыртқы инвестицияның көлемін арттыру мақсатында «Туризм және сыртқы байланыстар», Елбасының әлеуметтік-экономикалық дамуды цифрландыруға көшіру бастамасын орындау және халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтің ...

Толығырақ »

ОДАН ӘРІ БЕКИ ТҮСЕДІ…

Қазақ пен қырғызға Алатауы мен Ыстық көлі ортақ. Қырғыздың Манасы мен қазақтың Абайы туыс, қырғыздың Шыңғысы мен қазақтың Мұхтар Шахановы бауыр, дос. Әдебиеті егіз, мәдениеті төл, өнері тең екі елдің біртуған бауырлас халық екенін қайталаудың өзі артық. Бұл байланыс тағы бір сатыға көтерілді. Ағымдағы жылдың 19 қазан күні Қазақстан мен Қырғызстан үкіметтері екі ел шекарасынан өтудің тәртіптерін белгіледі. Келіссөзге Қырғызстан ...

Толығырақ »

ҚАЙТА ӨҢДЕУ ІСІН ЖАНДАНДЫРА

Сарыағаш ауданында мал шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Бүгінде мұнда сүт өндірумен айналысатын бірнеше шаруа қожалығы қайта өңдеу саласына мән беріп отыр. Солардың бірі – Дарбаза ауылдық округінде орналасқан «Фирма Сакен» ЖШС-гі. Сүт өндірумен айналысатын серіктестіктің негізі 2000 жылы қаланған. Сарыағаш ауданына жасаған жұмыс сапары барысында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев серіктестіктің қоражайын аралап көріп, жұмысына оң баға берді. «Сарыағаш ауданында жайылым ...

Толығырақ »

5,5 ПАЙЫЗДЫҚ МӨЛШЕРЛЕМЕМЕН

Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Ырыс» микро қаржы ұйымы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында 5,5 пайызбен 108 жобаға қолдау көрсетті. Бұған дейін де қаржы ұйымы кәсібін дөңгелетемін деген шаруаға төменгі 7-9 пайыздық мөлшерлемемен несие беріп келген болса, биылдан бастап, бағдарлама шеңберінде ең аз мөлшерлемемен қаржы беруде. Бұл өңірдегі кәсібін жаңадан ашуға ниет білдірген адамға үлкен ...

Толығырақ »

ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

«Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіруді бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін тереңірек түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық». Н.НАЗАРБАЕВ. Латын қарпіне көшу бүгінгі заман талабы. Келешек ұрпаққа керек қажеттілік. Айналамыздағы көптеген мемлекеттер латын графикасын қолданады. Түркі мемлекеттерінің бірқатары осы жазу түріне ауысқан. «Біз үшін латынға ауысыз көптеген артықшылықтар мен мүмкіндіктер әкеледі. ...

Толығырақ »

300 МЫҢ АДАМДЫ ҚАМТИДЫ

Келер жылы жұмсалатын қаржы көлемі үш есеге өсіп, 18 млрд теңгені құрамақ. Өңірде әлеуметтік көмектің жаңа сипатына көшу үшін тиісті шаралар барынша атқарылуда. Бұл Оңтүстік Қазақстан облыстық жұмыспен қамту басқармасы мамандарының жергілікті халықпен кездесуде айтатын басты тақырыбы болып отыр. Жобаны жергілікті халыққа түсіндіруде ақпараттық-насихат жұмыстары жүргізіліп, оған арнайы 36 мобильді топ құрылды. Бүгінге дейін 700-ден астам елдімекенде тұрғылықты халықпен кездесулер ...

Толығырақ »

ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап енгізілетін базалық зейнетақыны тағайындаудың жаңа тәсілін түсіндіру тұрғысында белсенді жұмыс атқаруда. «Қазіргі уақытта базалық зейнетақы зейнет жасына жеткендерге бәріне бірдей еңбек өтілін және зейнетақы жинағын қалыптастыруға қатысуды ескерусіз тағайындалады. Келесі жылдан базалық зейнетақы жүйеге қатысу өтіліне қарай берілетіні көзделуде. Осы орайда 1998 жылдан кейінгі жинақтаушы зейнетақы жүйесіне зейнетақы жарналарының ...

Толығырақ »

ЖАҢА СИПАТТАҒЫ КӨМЕК

2017 жылдың 1 қазанындағы жағдайға сәйкес, аталған жобаға қатысушылар саны 161,7 мыңға жетті, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,3 есеге артық. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына 32,5 мың адам тартылды. Атап өткен жөн, есептік мезгілде 24 861 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, 4 697 азамат қоғамдық жұмыстер мен әлеуметтік жұмыс орындарына орналыстырылды. Сондай-ақ, 2 276 маман біліктілікті көтеру бойынша қайта ...

Толығырақ »

ҚЫЗМЕТ САПАСЫ КҮШЕЙЕДІ

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (әрі қарай – Еңбекмині) жаңа замандағы әлеуметтік қызмет көрсетуді әрі қарай ұйымдастыру мәселесінде мемлекет пен отбасының және азаматтың ынтымақтаса қимылдауын көздеп отыр. Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатына қатысқан ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова, қызмет көрсетудің атаулы сипатын күшейтуде мұқтаж тараптың өтініш беруін тоспай-ақ, оны анықтайтын жұмыс тәсіліне ...

Толығырақ »

БІЛІМ – ӘЛЕМДІК, ТӘРБИЕ – ҰЛТТЫҚ!

Латын әліпбиінің ыңғайлы нұсқасын таңдауда әрбір ел азаматының пікірі ескеріледі. Яғни, әрбір тіл жанашыры мемлекеттік тілді латын қаріпіне көшіру ісіне өз үлесін қоса алады. Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінде өткен «Латын әліпбиі: білім – әлемдік, тәрбие – ұлттық» дөңгелек үстелінде студент жастарға латын әліпбиінің Елбасыға ұсынылған жаңа нұсқасы таныстырылды. – Соңғы нұсқада көрсетілгендей, кей дыбыстар дәйекше арқылы берілген. Бұл нұсқа оқуға ...

Толығырақ »

ТҮБІ БІР ТУЫСТАР

Бүгінде қазақ-қырғыз тек туған-туыс ғана емес, болашақтың бағытын бірге бағдарлап, бір мақсатқа қол созған мүдделес екі мемлекет. Екі халықтың арасындағы қарым-қатынастар – саяси, экономикалық сауда және руханият саласында болсын – өте жоғары деңгейде дамуда. Енді, осы бағыттағы жұмысты жалғастыру ісі саясат сахнасындағы жаңа кейіпкер Сооронбай Жээнбековке артылған сенім. Демек, мемлекет басшысы ішкі тұрақтылық пен басқа мемлекеттермен сыртқы байланысты реттеу мәселесінде ...

Толығырақ »

БАУ КӨЛЕМІ АРТЫП КЕЛЕДІ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев арнайы жұмыс сапарымен Сарыағаш ауданына барды. Өңір басшысы алдымен Жемісті ауылдық округіндегі «Ынтымақ Бес-Арыс» ЖШС-де болып, шаруашылықтың қарқынды бауын аралап көрді. 2009 жылы құрылған серіктестік 2015 жылдан бастап қарқынды бау егумен айналысып келеді. Бүгінде қожалық иелігіндегі 36 гектар жерге тамшылатып суару әдісімен алмай бау егілген. Мұнда алманың Жерси Мак, Жанжир Голд, Вилямс Прайд, Гала, Голден ...

Толығырақ »

ҚАЗАҚ РОМАНСИАДАСЫНА 20 ЖЫЛ

Түстік өңірден бастау алған Қазақ романсиадасы байқауына биыл 20 жыл толып отыр. Осы даталы мерекеге орай Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков байқау қонақтары мен қазылар алқасы мүшелерімен кездесіп, мерейлі мерекемен құттықтады. Кездесуде сөз алған Ұласбек Сәдібекұлы байқаудың 20 жылдық ғұмырына баға беріп, романсиадаға атсалып жүрген шығармашылық ұжымдарға табыс тіледі. Облыс әкімінің орынбасары кездесу барысында байқаудың мерейтойына орай қазылар ...

Толығырақ »

ОҚО АССАМБЛЕЯ КЕҢЕСІ

Шымкентте Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кезекті отырысы өтті. «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында өткен жиынға облысымыздағы бірқатар басқармалардың өкілдері, облыстық этномәдени бірлестіктер мен діни конфессиялардың жетекшілері, облыстық ассамблея жанындағы құрылымдардың жетекшілері және БАҚ өкілдері қатысты. Кеңес отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздің саяси, экономикалық және рухани жаңғыруы бойынша алға қойған міндеттерін іске асыруда ассамблея алдында тұрған жұмыстар сараланды. «Облыстық ...

Толығырақ »

24 МЫҢ ТОННА ЖЕМІС ЖИНАДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысындағы қазығұрттық шаруалар жемістің әр гектарынан 20 тонна өнім алды. Бұл туралы аудан әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы БАҚ өкілдеріне арнайы ұйымдастырылған пресс-тур барысында айтты. Оның айтуынша, ауданда жалпы көп жылдық екпелер 2300-ден астам гектарды құрайды, оның ішінде 600 гектарға жуығы жүзім болып отыр. Ал биылғы жылы өнім берген 1200 гектар жеміс ағаштарынан орташа есеппен 24 мың тонна ...

Толығырақ »

АРТЫҚ САЛМАҚТАН ЗАРДАП ШЕГЕДІ

Қазақстанда әрбір бесінші бала артық салмақтан зардап шегеді. Бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақ тағамтану академиясының нутрициолог маманы А.Чуенбекова мен Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы А.Иманалина баяндады. «Қазақтың жаңа табағы» ұранымен дұрыс тамақтануды насихаттаушылар отандастарымызды майсыз етті тұтынуға, қорегіміздің құрамындағы қант мөлшерін шектеуге шақырып, көкөністер мен жеміс-жидектердің үлесін арттыруға үндеді. Елімізде салауатты өмір салты орталығының ...

Толығырақ »

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКТІҢ ЖАҢА ТӘСІЛІ

Келер жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек форматы өзгереді. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері осынау жаңалықты халыққа түсіндіру жұмыстарын бастап кетті. Қазірдің өзінде Сайрам, Төлеби аудандарының салаға жауапты қызметкерлері оқыту семинарынан өткен. Енді олар атаулы әлеуметтік көмек көрсету тәртібінің өзгерістерін халыққа жан-жақты түсіндіріп беретін болады. Жаңаша атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаудағы басты мақсат — халықты жалқаулықтан арылтып, жәрдемге ...

Толығырақ »

КӨШ БАСТАДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысы кооператив құру бойынша республикада көш бастады. Қазірдің өзінде өңірде кооператив саны 158-ге жетті. Бүгін бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен бринфингте облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Тұрбеков мәлім етті. Биыл облысымызда агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік қолдаудың арқасында ауыл шаруашылығы саласында үлкен жетістіктерге қол жеткізіліп отыр. Басқарма басшысының айтуынша, ағымдағы жылдың 9 айында өңір шаруалары 376,5 млрд. теңгенің ...

Толығырақ »

МОДУЛЬДІ СҮТ ҚАБЫЛДАУ БЕКЕТІ

Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданында мал сою, сүт қабылдау бекеттері мен қарқынды бау өсіру және жеміс жидек қабылдау бекеттері сынды жалпы 40 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылған. Оның 19 өткен жылы құрылса, ал биыл 21 кооператив құрылған. Бүгін аталған кооперативтердің жұмысымен БАҚ өкілдері облыс әкімінің баспасөз қызметі ұйымдастырған пресс-тур кезінде танысып қайтты. Сондай кооперативтердің бірі Шарапхана ауылдық округіне қарасты Махамбет ...

Толығырақ »

«ЖАНАРСЫЗ ДА ӨМІРІМ ЖАЛҒАСАДЫ…»

Ордабасы ауданында Қазақ зағиптар қоғамына 80 жыл толуына орай салтанатты жиын өтті. Шараны аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Омарбеков ашып, жанарынан айырылса да, қайсарлығымен, өмірге құштарлығымен өзгелерге үлгі болып жүрген азаматтарға сый-сияпат табыс етті. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Гүлжан Досова мемлекет тарапынан берілетін көмек түрлері мен оларды алу тәртібін түсіндіріп, ілгеріде де аталмыш қоғаммен тығыз байланыста жұмыс ...

Толығырақ »