Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен қалалық мәслихаттың келісімі бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Шымкент қаласының әкімі болып Нұрлан Сауранбаев тағайындалды,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. Бүгін облыс әкімі Ж.Түймебаев Шымкент қаласының әкімі лауазымына тағайындалған Нұрлан Ермекұлы Сауранбаевты қала активіне таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Шымкент қаласы Елбасының назарындағы экономикасы мен құрылысы қарқын алған еліміздегі үшінші қала екенін айтқан аймақ ...
Толығырақ »Әлеумет
24 МЫҢ ТОННА АЛМА ЖИНАДЫ
Кезінде алманың апорт сортын өсіріп, өңдеумен айналысқан Түлкібас ауданының бағбандары бұл істі қайта қолға алып отыр. Енді олар Түлкібастың брэнді болатын алма бау шаруашылығын дамыту мақсатындағы жұмыстарды ширатуда. Мәселен, ауданда соңғы 3 жылда шаруалардың алма егуге деген қызығушылықтары артқан, яғни, олар бос жатқан 814 га жерге алма бау егіп, мемлекеттен берілетін субсидияға қол жеткізген. Ал, биыл олар 355 га жерге ...
Толығырақ »ШАРТТЫ АҚШАЛАЙ КӨМЕК
Келер жылдан бастап шартты ақшалай көмек жұмысбасты азаматтарға да тағайындалады. Ол үшін ай сайынғы отбасылық табысы күнкөріс деңгейінен төмен болуы тиіс. 2018 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілетін жаңаша атаулы әлеуметтік көмек жүйесінде осындай өзгерістер енгізіліп отыр. Бүгінде осынау жаңалықтарды халыққа түсіндіру шараларына қызу кіріскен сала мамандары аудандарды аралап жүр. Сондай жиындардың бірі жуырда Шардара, Отырар аудандарында өтті. Сала мамандары осылайша, ...
Толығырақ »600 МЫҢ ТОННАҒА ЖУЫҚ
Оңтүстік Қазақстан облысында дәнді дақылдарды жинау жұмыстары толығымен аяқталды. Биыл облыс диқандары астық өсіруде озық технологияларды, оның ішінде терең қопсыту әдісін қолданудың арқасында мол өнімге қол жеткізді. Мәселен, облыс бойынша 258,8 мың гектар жерге егілген дәнді дақылдан шаруалар 589 мың тонна өнім алған. Мемлекеттің қолдауы мен шаруалардың еселі еңбегінің арқасында биыл қамбаға 400 мың тоннаға жуық астық құйылды. Оның ішінде ...
Толығырақ »АРНАЙЫ НАСИХАТ ТОБЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев латын әліпбиін насихаттау мақсатында келген арнайы топ мүшелерімен кездесті. Топ құрамында белгілі саясаткерлер: Ерлан Саиров, Әміржан Қосанов, Талғат Қалиев және ақын Ақберен Елгезек, блогер-журналист Руслан Желдібай бар. Кездесу барысында жаңа әліпби жайы сөз болды. Облыс басшысы латын әліпбиінің еліміз үшін маңыздылығына тоқталды. «Біздің ел 1929-1940 жылдары латын әліпбиін қолданып, бастан өткерді. Демек, біз латынға ...
Толығырақ »ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕР – СПОРТ АЛАҢЫНДА
Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Шымкент қаласындағы жеңіл атлетикалық спорт кешенінде өңіріміздегі этномәдени бірлестіктер арасында спартакиада өтті. Осымен 10-шы рет өтіп жатқан шараның ашылу салтанатына облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов қатысып, барша қатысушыларға сәттілік тіледі. Өңіріміздегі этностардың достығын, берекелі бірлігін одан әрі нығайтуда мұндай шаралардың маңызы зор екендігіне тоқталды. Облысымыздағы этномәдени бірлестіктердің және ОҚО әкімі ...
Толығырақ »ДЕПУТАТ МАНДАТЫН АЛДЫ
Алтыншы шақырылымдағы Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс 16-шы сессиясында бос орындарға сайланған 4 азаматқа депутат мандаты берілді. Яғни, бүгін облыстық мәслихаттың депутаты мандатын № 11 облыстық сайлау округінен сайланған «Ұлы Орда» ЖШС-нің президенті Қайрат Сүлейменов, № 35 сайлау округі округі бойынша «SAURAN group» ЖШС-нің кеңесшісі Әбдірашит Омаров, № 49 сайлау округі бойынша «Хамит» АӨК басқармасы төрағасы Бақытжан Серманиязов, № ...
Толығырақ »КӨШПЕЛІ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ
Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері 300 мыңнан астам тұрғыны бар әрі халқы тығыз қоныстанған Мақтарал ауданына келіп, Мырзашөл, Достық, Өркенді елді мекендерінде ауыл азаматтарын арнайы қабылдады. Көшпелі қабылдауға жиналған жергілікті тұрғындар ауыл-аймақтағы бірқатар өзекті мәселелерді кеңес мүшелерінің назарына жеткізді. Елді мекендерге фельдшерлік-акушерлік пункт пен мектеп салу және ауылдарға табиғи газ тарту, Мырзашөлдегі мәдениет үйін ...
Толығырақ »ЭЛЕКТР СТАНЦИЯНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ
Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданында күн сәулесінен электр энергиясын өндіретін станцияның құрылысы басталды. Сағатына 20 мВТ тоқ шығаратын заманауи нысанның іргетасы Жылға ауылдық округінде қаланып отыр. Құрылыстың салтанатты ашылу рәсіміне Сарыағаш ауданының әкімі Қайрат Абдуалиев, аудандық маслихат хатшысы Жәнібек Сүлейменов, «ЕкоПроТех-Астана» ЖШС директоры Назиржон Темиров және Жылға ауылының бір топ тұрғындары қатысты. Жалпы құны 14 млрд. теңгені құрайтын жобаны іске ...
Толығырақ »МАҚТАРАЛ ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Мақтарал ауданының жастарымен кездесті. Аудандық мәдениет үйінде өткен жиынға облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов, Мақтарал ауданы әкімінің орынбасары Мақсат Жолдасбеков, аудандық прокуратураның аға прокуроры Мақсат Ералиев, аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Әбдіғаппар Исаев және аудан әкімдігіне қарасты бөлімдердің басшылары мен этномәдени бірлестіктер жанындағы жастар қанаттарының мүшелері, аудан жастары қатысты. Еркін фарматта ...
Толығырақ »ҚАЛАНЫ ДАМЫТУ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен Шымкент қаласын аумақтық дамытудың өңіраралық жобасын әзірлеу мәселесі бойынша кеңейтілген мәжіліс өтті. Жиынға Бәйдібек, Қазығұрт, Ордабасы, Сарыағаш, Сайрам, Түлкібас және Төлеби аудандары мен Шымкент, Арыс қалаларының басшылары, сәулет және қала құрылысы, облыстық басқарма басшылары қатысты. Жиында сөз алған Республикалық мемлекеттік қала құрылысын жоспарлау және кадастр орталығының бас директоры Тұрлыбек Мұсабаев Шымкент агломерациясын аумақтық ...
Толығырақ »ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КИНО ФЕСТИВАЛІ
Оңтүстік Қазақстан облысында «Қазақстан балалары шексіз әлемде!» республикалық шығармашылық кино фестивалі басталды. ҚР Білім және Ғылым министрлігінің бастамасымен Оңтүстікте алғаш рет ұйымдастырылған шараға министрліктің қосымша білім беруді дамыту орталығының өкілдері мен облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібеков, еліміздің барлық аймақтарынан келген мектеп оқушылары және ұстаздар қатысты. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасының «Тәрбие және Білім» тармағындағы «Дарындылар елі» жобасы бойынша іске ...
Толығырақ »Ұ.СӘДІБЕКОВ «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ БОЙЫНША САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА БОЛДЫ
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалалық мақаласының ауданда орындалуы бойынша облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібеков бастаған арнайы топ Сарыағаш ауданында болды. Онда жұмысшы топ аудан активімен кездесіп, облыс әкімінің арнайы бекіткен кестесіне сай келіп отырғандарын жеткізді. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібековтің төрағалығымен өткен жиында Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген латын әліпбиі мен бағдарламалық мақалада айтылған өзге де міндеттемелерді жүзеге асыру ...
Толығырақ »Т.СӘРСЕМБАЕВ КЕНТАУДА БОЛДЫ
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Төлеген Сәрсембаев Елбасының тапсырған міндеттерінің аудан, қалада жүзеге асырылуын бақылау мақсатында бекітілген облыс әкімінің кестесіне сай Кентау қаласында жұмыс сапарымен болды. Ең алдымен аймақ басшысының орынбасары 15 мың тұрғыны бар Қарнақ ауылына барып, Кентау қаласы мен оның аумағындағы ауылдарды табиғи газбен қамтамасыз етіп отырған №14 АГТС құрылысымен танысты. Бұдан бөлек, қаланы толықтай жылумен қамтып отырған ...
Толығырақ »50 МЫҢ ШАБАҚ ЖІБЕРІЛДІ
Оңтүстік Қазақстан облысындағы Бәйдібек ауданында Шаян өзенінің жағасынан жасалған балық өсіру бұғатына 50 мың шабақ жіберілді. Шаян өзенінің жағасынан 5 гектар жер алған жеке кәсіпкер Е.Шынқожа онда үш балық өсіру бұғатын салыпты. Ал мұнда сазан мен тұқы балықтарының шабақтарын жіберу шарасына Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары Н.Айтбеков, ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, ауыл ардагерлері қатысты. Аталған үш ...
Толығырақ »КӨНЕ ОТЫРАР ЖЕРІНДЕ
Оңтү Қазақстан облысы әкімінің орынбасары жұмыс сапарымен қазақ тарихының көне жәдігерлері жатқан қасиетті Отырар ауданында болып, оның қазіргі жағдайымен жан-жақты танысып қайтты. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевтың арнайы бекіткен кестесіне сәйкес, облыс әкімінің барлық салалық орынбасарлары аудан, қалалардағы атқарылған жұмыстардың барысымен танысуда. Жансейіт Қансейітұлының осы тапсырмасына орай, облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр бастаған жұмысшы топ Отырар ауданында болып, бірқатар ...
Толығырақ »«НҰРЛЫ ЖЕР» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН
Оңтүстік Қазақстанға жасаған жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Шымкент қаласындағы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс жұмысымен танысты. Онда облыс әкімі Ж.Түймебаев биыл қаржыландырудың барлық көздері арқылы 279 тұрғын үйлердің құрылысы жүргізіліп жатқанын айтып, бүгінде 461,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілгенін жеткізді. Өңірде аталған бағдарламамен құрылысы жүріп жатқан жұмыстардың барысын ...
Толығырақ »ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин бастаған жұмысшы топ іссапармен Оңтүстік Қазақстан облысына келді. Делегация құрамында ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Айбатыр Жұмағұлов, Қазақстан темір Жолы» ҰК» АҚ Президенті Алпысбаев Қанат, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Ермек Қизатов, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Омарходжаев бар. Ең алдымен Асқар Мамин Шымкенттегі халықаралық әуежайының ...
Толығырақ »ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҒЫ 500 МЛРД.
Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың шоттарының саны ағымдағы жылдың 1-қазанында 1003 мыңды құрады. Облыс салымшаларының зейнетақы жинақтары жылдың басынан 13,4 пайызға өсіп, 501,6 млрд. теңгеге ұлғайды. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «ҚР ұлттық банкі» РММ ОҚ филиалының директоры Әнуар Ботанбеков мәлім етті. Әнуар Амангелдіұлының айтуынша, Оңтүстік Қазақстан облысының сыртқы сауда айналымы 2017 жылдың қаңтар-тамыз айларында 1,9 ...
Толығырақ »ЖОЛАУШЫЛАР ХАБЫН ДАМЫТУ – 02
Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин жұмысшы топпен бірге Шымкент қаласындағы халықаралық әуежайды қайта құру бойынша жиынға қатысты. Мәжілісте Қазақстан темір Жолы» ҰК» АҚ Президенті Қанат Алпысбаев «Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасында басымдықты миллион тұрғыны бар Алматы мен Шымкент қалалары дамыту хабы ретінде қарастырылғанын мәлімдеді. Осы қалалардың дамуы Алматы мен Шымкент агломерациясын дамытудың ұзақ мерзімді жоспарлары ...
Толығырақ »ЖОЛАУШЫЛАР ХАБЫН ДАМЫТУ – 01
Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин жұмысшы топпен бірге Шымкент қаласындағы халықаралық әуежайды қайта құру бойынша жиынға қатысты. Мәжіліске жұмысшы топтан бөлек, облыс әкімі Ж.Түймебаев қатысып, Шымкент әуежайы елдегі ең қарқынды дамып келе жатқан әуежайлардың бірі екенін айтты. Сонымен бірге әкім осы жылдың 9 айында мұндағы жолаушылар ағымы 600 мыңнан астам адамды құрап, өткен ...
Толығырақ »ҒАЛЫМДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мемлекет және қоғам қайраткері Нәзір Төреқұловтың 125 жылдық мерейтойына арналған «Алаштың асыл перзенті» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына келген ғалымдармен кездесті. Қонақтардың қатарында ҚР Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Жалғас Әбілдаев, Сауд Арабиясы елінен келген араб-орыс ақпарат орталығының директоры, профессор Маджид ибн Абдуль Азаз ат -Турки, ҚР ҰҒА-ның Құрметті академигі, халықаралық Н.Төреқұлов атындағы ...
Толығырақ »ТӘЖІРИБЕ АЛМАСЫП ҚАЙТТЫ
Ордабасы ауданының кәсіпкерлері бәсекеге қабілеттілікті арттыру халықаралық бағдарламасы аясында Түркия елінен іскерлік тәжірибе алмасып қайтты. Түркияның экономика министрлігі ұйымдастырған шара «Мал шаруашылығын экспорттау, қарқынды бауды дамыту, жеміс-жидекті сақтау және қайта өңдеу» тақырыбында өткізілді. Іс-сапар барысында оңтүстікқазақстандық кәсіпкерлер Нигде қаласындағы «Алма-ата» фирмасының 1000 гектарлық қарқынды бауы мен мал бордақылау алаңының жұмысымен танысты. «Алма-ата» серіктестігінің төрағасы Атилла Капланның мәлімдеуінше, бүгінде бұл фирма ...
Толығырақ »ҚЫЛМЫС САНЫ ТӨМЕНДЕГЕН
Түстік өңірде облыстық жергілікті полиция қызметі қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында бірқатар іс-шараларды жүзеге асырды. Нәтижесінде жалпы қылмыстың саны 2017 жылдың 9 айында 13,6 пайызға төмендеп отыр. Бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жергілікті полиция қызметінің бастығы Әбдіғани Сейдуалиев мәлім етті. Әбдіғани Тойшыұлының айтуынша, ағымдағы жылдың 9 айында 190 мың 641 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, оларға ...
Толығырақ »ТҮРІК ФИЛЬМДЕРІНІҢ АПТАЛЫҒЫ
Оңтүстік Қазақстан облысында «Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылына орай түрік фильмдерінің апталығы басталды. Түркия Республикасы Мәдениет Министрлігі мен ОҚО әкімдігінің ұйымдастыруымен 1-5 қараша аралығында Шымкент қаласындағы «Shymkent plaza» ойын-сауық орталығының кино залында тарихи, драма бағытындағы фильмдер күнгей көрермендерінің назарына ұсынылатын болады. Түрік фильмдері апталығының салтанатты ашылу рәсіміне Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, Түркия мемлекетінен келген қонақтар – ...
Толығырақ »