Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев селекторлық жиында елді мекеннен қызметтік тұрғын салу туралы айтып, тиісті сала басшыларына тез арада қолға алуды тапсырды Өңір басшысы тұрғын үй салу арқылы аудан әкімдерінің индикаторлық көрсеткішін бағалайтынында атап өтті. Жиында сөз алған облыстық білім басқармасының басшысы Исатай Сағындықов өңірдегі 15 аудан, қала әкімдіктерінен және салалық басқармалардан 87 мамандық бойынша 14374 орынға сұраныс келіп түскенін мәлім ...
Толығырақ »Болашақ
КАДР ТАПШЫЛЫҒЫН ЖОЮ ҮШІН
Облыста кадр тапшылығын шешу үшін әрбір аудан, қаладағы елді мекеннен қызметтік тұрғын салу қажет. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев селекторлық жиында айтып, тиісті сала басшыларына тез арада қолға алуды тапсырды. Аудан, қала әкімдері мен басқарма басшыларының қатысуымен өткен мәжілісте шалғай елді мекендерде өмір сүріп, мемлекеттік және бюджеттік салада орын алатын кадр жетіспеушілігі мәселесі мен оның шешу жолдары қаралды. ...
Толығырақ »ТӨРТ МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ТАБЫС ЕТТІ
Шымкент қаласында өткен «Денсаулық – 2017» фестивальі аясында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев Германияның Гамбург қаласында өткен Әлем чемпионатының алтын жүлдегері Қайрат Ералиев пен қола медаль иегері Жомарт Ержанды жеңістерімен құттықтап, сый-құрмет көрсетті. Неміс жерінде өткен дүбірлі додада еліміздің қоржынына жалғыз алтынды алып беріп, көк туымызды көкке желбіреткен әлем чемпионы Қайрат Ералиевке облыс әкімі 4 миллион теңгенің сертификатын табыс етті. ...
Толығырақ »«ЖАЙДАРМАН» ОЙЫНЫ ӨТТІ
Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевтың жүлдесіне арналған дәстүрлі республикалық «Жайдарман» ойыны өтті. Ондағы мақсат – Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жастар арасында кеңінен насихаттап, таланатты жастарға қолдау білдіру. Әдемі әзіл мен тапқырлықтың тың үлгісін көрсеткен ойынға Алматы, Талдықорған, Қызылорда, Арқалық қалалары мен Оңтүстік Қазақстан облысының үздік командалары қатысты. Көрмендерді күлкіге көміп, қазылар ...
Толығырақ »ЖАҢА ЦЕХ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
«Химфарм» АҚ-да қатты пероральды дәрі шығаратын жаңа цех іске қосылды. Жылына 200 миллион таблетка шығаруға қауқарлы жаңа цехтың жобасы Polpharma (польфарма) тобы мамандарының қолдауымен жүзеге асырылып отыр. SANTO зауытының 135 жылдығы аясында іске қосылған цехтың ашылу салтанатына Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, ҚР ИДМ Инвестициялар комитетінің төрағасы болып Сапарбек Тұяқбаев, Польша мемлекетінің Экономикалық даму вице-министрі Тадеуш Костинский, ҚР Денсаулық ...
Толығырақ »ИНВЕСТОРЛАРДЫ ТАРТУ БОЙЫНША
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаевтың төрағалығымен өңірдегі инвестициялық жағдайды жақсарту мен инвесторларды тарту бойынша аймақтық кеңестің отырысы өтті. Облысқа инвестиция тарту және бүгінгі жағдайды талқылау мақсатында ұйымдастырылған басқосуға аймақтық кеңестің мүшелері, жұмыс істеп тұрған және әлеуетті инвесторлар мен өңірдің ірі кәсіпкерлері қатысты. Өңірге инвестиция жұмылдыру бойынша жыл басынан бері шетелдік инвесторлармен 40-тан аса іскерлік кездесу ұйымдастырылғанын айтқан аймақ басшысы жыл ...
Толығырақ »ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ДӘРІПТЕЛДІ
Елімізде қыркүйек айының екінші жексенбісі — Отбасы күні болып белгіленген. Мереке қарсаңында «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында түрлі этнос өкілдерінің қатысуымен отбасы құндылықтарын насихаттауға арналған фестиваль өтті. Мерекелік шараға өңіріміздегі этномәдени бірлестіктердің атынан 11 жас отбасы қатысып, қазақ халқының отбасылық дәстүрлерін қаншалықты меңгергенін жұртшылыққа көрсетті. Алғашқы айналымда әр жұп «ашамайға мінгізу», «тұсау кесу», «бесікке салу», «қыз ұзату», «келін түсіру» секілді халқымыздың ...
Толығырақ »КӨШ БАСТАП ТҰР
Елбасымыз Қазақстан халқына арналған Жолдауында мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту мәселесіне көңіл аудару қажеттілігін атап өткен болатын. Осыған орай Оңтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік-жекешелік әріптестігі аясында жалпы құны 9,3 млрд теіңгені құрайтын 13 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бүгін бұл туралы өңіріміздегі меллекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынып жатқан нысандарға ұйымдастырылған пресс тур барысында облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқарамасының басшысы Арман Сәбитов мәлім етті. ...
Толығырақ »ЕЛІМІЗДЕГІ ҮЗДІК ОНДЫҚҚА ЕНДІ
Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданындағы Жамбыл Қаппаров атындағы №5 мамандандырылған физика-математикалық мектеп интернаты өткен оқу жылының қорытындысы бойынша еліміздегі үздік 10 мектептің қатарына енді. Себебі, аталған білім ұясын бітіріп шыққан түлектердің 98 пайызы Ұлттық бірыңғай тестілеуде жоғары нәтижеге қол жеткізіп, мемлекеттік грант иелері атанып отыр. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып отырған 10 жыл ішінде озат мектептер ондығына ену — бұл білім ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАНДА ЕКІ БІЛІМ ҰЯСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Түркістан қаласының орталығындағы «Сауран» ықшам ауданында 1933 жылы салынған бүгінде Н.Төреқұлов атымен аталатын мектеп жанынан типтік үлгідегі 200 орындық жаңа ғимарат пайдалануға берілді. Осы игілікті шараға қатысқан облыс әкімі Ж.Түймебаев мектеп ұжымы мен барша оқушыларға сәттілік тілеп, жаңа оқу ғимаратынан заман талабына сай саналы ұрпақтың тәрбиеленуіне тілектестігін жеткізді. 2016 жылы құрылысы басталған оқу ғимаратында 10 сынып бөлмесі, асхана, спорт залы ...
Толығырақ »ОҢТҮСТІК ТҰРҒЫНДАРЫН ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсеке қабілеттілік» атты Жолдауында еңбек нарығын жаңғыртуды өз еркімен жүзеге асыруды айтып, еңбек күші мол аймақтан жұмыс қолының тапшылығы сезілетін өңірге қоныстандырып еңбек нарығының тепе- теңдігін сақтауды міндеттеді. Бұл ретте ОҚО әкімдігі тарапынан өңірдің халқы тығыз орналасқан аудан, қалаларынан Ақмола облысына қоныс аудару жөнінде ынтымақтастық туралы меморондумға қол қойылған. Осы ретте Ақмола облысы, Көкшетау ...
Толығырақ »КҮЗГІ-ҚЫСҚЫ МАУСЫМДАРҒА 100 ПАЙЫЗ ДАЙЫН
Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданындағы білім ұяларының материалдық-техникалық базасы жылдан-жылға жақсарып келеді. Биыл облыстық бюджет есебінен Алғабас, Бірінші Мамыр, Әл-Фараби жалпы орта мектептерінде оқу блогы, асхана, еңбек шеберханасы, спорт, акт зал, кітапхана құрылыстарына қаржы бөлінген. Сондай-ақ жаңа оқу жылында алғабас орта мектебінің құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілді. Алдағы жылы ауданда Бірінші мамыр, Әл-Фараби жалпы орта мектептерінің құрылысын аяқтап, пайдалануға тапсыру ...
Толығырақ »ЭКСПО – 2017: Жүлдегерлерді марапаттау
«ЭКСПО – 2017» Халықаралық көрмесіне кірген бойда алғашқы танысу нысаны Қазақстанның «Нұр әлем» павильоны болды. Ондағы озық технологиялар мен заманауи құрылғылар келушілерді таң тамаша етті. Мұнан кейін, автокеруен мүшелері Оңтүстік Қазақстан облысының Астана қаласындағы күндері аясында «Этноауылда» ұйымдастырылған шаралар мен «Қазанат» атшабарында ұлттық ат спорты түрлерінен ұйымдастырылған жарысты тамашалады. Атшабарға жиналған қауым аударыспақ, қыз қуу, жамбы ату, теңге ілу, құсбегілік ...
Толығырақ »ЭКСПО – 2017: Астанаға жетті
«Астана ЭКСПО – 2017» Халықаралық көрмесі мен Елбасының «Туған жер – құтты мекенім!» жобасы аясындағы «Ұлы дала автокеруені» Отырар ауданына да аялдады. Еліміздегі киелі жерлерінің бірі Арыстан баб кесенесі – Алаш жұртының зиярат ететін қасиетті мекені. Сондықтан, Киелі мекендегі Арыстан баб кесенесіне арнайы барған автокеруен мүшелері кесене жанындағы емдік қасиеті бар құдықтан су ішіп, баба рухына құран бағыштады. Түркістан қаласындағы ...
Толығырақ »ЭКСПО – 2017: Жолға шықты
1 қыркүйек күні Құрбан айт намазынан кейін Шымкент қаласындағы Тәуелсіздік саябағынан жолға шығатын «Ұлы дала автокеруені» делегациясын салтанатты шығарып салу рәсіміне Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы Қайрат Балабиев, ОҚО Ішкі саясат басқармасының басшысы Болат Төлеген, аудандық әкімдіктердің бөлім басшылары қатысып, ақжол тіледі. Мұнан кейін 6 автокөлікке отырған азаматтар Шымкент көшелерімен жүріп отырып, шаһардың негізгі қақпаларының бірі саналатын Бозарық айналма жолы ...
Толығырақ »ЭКСПО – 2017: Ұлы дала автокеруені
Үстіміздегі жылдың 29 тамызы мен 3 қыркүйек аралығында «Астана ЭКСПО – 2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінде Оңтүстік Қазақстан облысының күндері өтті. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында көрсетілген «Туған жер» бағдарламасын кеңінен насихаттау мақсатында «Айғақ» телеарнасы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың қолдауымен еліміздің бас қаласына «Ұлы дала автокеруенін» ұйымдастырып жолға шыққан еді. Жоба жетекшісі және делегация басшысы ОҚО ...
Толығырақ »ЭКСПО – 2017: Астана аспанын сазды әуенге бөледі
Елорда төрінде «Ән мен күй әлдилейді Астананы!» Оңтүстік Қазақстан облысынан шыққан эстрада жұлдыздарының Гала-концерті өтті. «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет күндері аясында Астана тұрғындары мен қонақтарына Қайрат Нұртас, Жұбаныш Жексенұлы, Алтынай Жорабаева, Нұрлан Өнербаев, Заттыбек Көпбосынұлы, Маржан Арапбаева, Ибрагим Ескендір, А.Жайлаубаева сынды елімізге танымал эстрада жұлдыздары әннен шашу шашты. EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің амфитеатрында өткен шараға ...
Толығырақ »ЭКСПО – 2017: Ат спорты түрлерінен жарыс
Оңтүстік Қазақстан облысының Астана қаласындағы күндері аясында «Қазанат» атшабарында ұлттық ат спорты түрлерінен жарыс ұйымдастырылды. Атшабарға жиналған қауым аударыспақ, қыз қуу, жамбы ату, теңге ілу, құсбегілік және ат үстінде жігіттердің өнерін тамашалады. Шараның ашылу салтанатына ҚР Мəдениет жəне спорт вице-министрі Сəкен Мұсайбеков, жазғы олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл, ҚР Парламентінің депутаты, даңқты боксшы Серік Сəпиев сынды еліміздің белгілі спорт ...
Толығырақ »ЭКСПО – 2017: Қосыла шырқап әндерді…
«ЭКСПО – 2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі және Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын насихаттауға арналған Оңтүстік Қазақстан облысының Астана қаласындағы күндері күнгей өлкенің эстрада және дәстүрлі әншілері, ұлттық аспапта орындаушыларының қатысуымен сазды-әуенді шеруімен жалғасты. Арнайы жасақталған автобус бағыты «Думан» ойын-сауық орталығынан бастау алып, «Мәңгілік ел» қақпасы және «Хан шатыр», «Mega Silk Way» ойын-сауық орталығы ...
Толығырақ »Елбасы ЭКСПО туралы…
«ЭКСПО – 2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінің тұңғыш рет Қазақстанда өтуі және оның жұмысына бүкіл әлемнің көптеген елдері асқан қызығушылық танытуы – тікелей Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың дүние жүзі мемлекеттері мен халықаралық ұйымдары басшылары арасындағы жоғары абыройының көрсеткіші. Осынау көрмеге дайындық барысында қызу өтіп жатқан кезінде Елбасының айтқан бірқатар сөздерін жазып алып, қалың оқырмандарымызға ұсынып отырмыз. «ЭКСПО көрмесі – бұл мәні жағынан бүкіләлемдік ...
Толығырақ »Облыс әкімі ЭКСПО жөнінде…
«ЭКСПО – 2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық барысында және Оңтүстік Қазақстан облысының Астана қаласындағы күндері өтіп жатқан кезде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев та тынымсыз еңбектің үлгісін көрсетті. Осы бір маңызды шара туралы әкіміміздің айтқан бірқатар сөздерін жазып алған жағдайымыз бар. Соларды оқырмандарымызға қуана-қуана ұсынамыз. «Биыл елімізде шын мәніндегі ғажайып оқиға – «Астана ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесі өтуде. Бұл техникалық және технологиялық жетістіктерді ...
Толығырақ »ЭКСПО – 2017: Жарқыраған жәрмеңке!
Құрметті Астана қаласының тұрғындары және қала қонақтары! Осымен «ЭКСПО – 2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында өтіп жатқан ұлысымның ұйытқысы атанған Оңтүстік Қазақстан облысының Астана қаласындағы күндері өз мәресіне жетіп отыр. Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын насихаттау және ақпараттық ілгерілету арқылы қоғамдық сана-сезімді жаңғыртуға үлес қосу мақсатында «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Астана қаласында 2017 жылғы ...
Толығырақ »ЭКСПО – 2017: Таңғажайып гала-концерт
Құрметті Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары! Астана қаласындағы Оңтүстік Қазақстан облысының мәдени күндері аясында өтетін думанды кешке шақырамыз!!! Бүгін кешкісін «ЭКСПО» қалашығының Амфитеатрында басталатын Оңтүстіктің таланттары – эстрада жұлдыздары қатысатын қорытынды мәдени шараға келіп, керемет кештің куәгері болыңыздар! Апта бойы астаналық жұршылықты мерекелік думанға бөлеген күнгей өлкенің Астанадағы күндері 3 қыркүйек күні, сағат 21:30-да «ЭКСПО» қалашығының Амфитеатрында өтетін «Əн мен күй əлдилейді ...
Толығырақ »ЭКСПО – 2017: Шанин театры ұсынады
Елордада өтіп жатқан «ЭКСПО – 2017» Халықаралық мамандандырылған көрменің дүбірлі додасына Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театры өз үлесін қосып келеді. Қыркүйек айының 3 жұлдызында сағат 11.00-де Астана қаласындағы Жастар театрында, талғамы биік көрерменмен қауышуға бет алған шығармашылық ұжым өзінің жаңа қойылымдарының бірін сахна төріне шығарады. Қазақстан театрлар Ассоциациясының 2017 жылдың 2-8 қыркүйек аралығында Астана қаласында «ЭКСПО – 2017» Халықаралық мамандандырылған ...
Толығырақ »ЭКСПО – 2017: Соңғы сәттер
Құрметті Астана қаласының тұрғындары және қала қонақтары! Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын насихаттау және ақпараттық ілгерілету арқылы қоғамдық сана-сезімді жаңғыртуға үлес қосу мақсатында «ЭКСПО – 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында бес күнге созылған Астана қаласындағы киелі өлкенің тарихынан сыр шертіп, ерекшелігін айшықтаған Оңтүстік Қазақстан облысының күндері, өкінішке орай, бүгін кешкісін өз шымылдығын жапқалы ...
Толығырақ »