Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Саясат (страница 12)

Саясат

ЛАТЫН ӘЛІПБИІНІҢ ҮЛГІСІН ТАЛҚЫЛАДЫ

ОҚО ғалымдары латын әліпбиіне көшу әдістемесін жасауға қатысады. Жаһандық білім беру жүйесінде латын алфавитінің алар орыны басым екенін ескерген Оңтүстік ғалымдары латын қаріпін кеңінен талқылауға кірісті. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының ғимаратында Оңтүстіктің ғалым, профессор ұстаздары және қоғам белсенділері бас қосты. Басты тақырып кеше ғана Ақордада ұсынылған жаңа латын әліпбидің үлгісі. Осы орайда, өңір ғалымдары тарапынан жалпыхалықтық талдаудан өткен әліпбидің ...

Толығырақ »

ОҢТҮСТІКТЕ ӨТКЕН ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде облыстық Қоғамдық Кеңестің отырысы өтті. Отырыста Жергілікті полиция қызметінің есебі, мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жайы мен облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бюджеттік бағдарлама жобалары және көші-қон процестерін реттеу Қағидалары сынды 13 мәселе қаралды. Кеңес отырысына облыс әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысы және облыстық қоғамдық кеңес мүшелері, басқарма басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты. Күн тәртібіндегі ...

Толығырақ »

«PHOENIX GLOBAL» КОМПАНИЯСЫ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Phoenix Global» компаниясының ТМД және Орта Азия елдері бойынша аймақтық директоры Ашил Каул бастаған делегациямен кездесті. Кездесу барысында тараптар ауыл шаруашалығы саласын дамыту бағытында әңгіме өрбітті. Кездесуде сөз алған Ашил Каул мырза өңір басшысына компанияның ауыл шаруашылығын дамыту бағытындағы атқарып отырған жұмыстарын баяндап берді. «Біздің компания алдағы уақытта жеміс-жидек және көкөніс кластерін дамытуға ерекше ...

Толығырақ »

ҰСТАЗДЫҢ ҰСТАНЫМЫ – 03

ОҚО ұстаздары қазақ тілінің латын қарпіне негізделген бірыңғай стандартының жобасына қатысты пікірлерін білдіруде. Отырар ауданы, Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясының директоры Хадиша ҚЫЛЫШБАЕВА: – Күні кеше Елбасы мемлекеттік тілді латын қарпіне көшіру жөніндегі жобаны іске асыру үшін құрылған жұмыс тобының мүшелерімен кездесті. Кездесуде Мемлекет басшысына қоғамдық талқылаулар барысында келіп түскен ұсыныстарды ескере отырып әзірленген қазақ тілінің латын қарпіне негізделген бірыңғай стандартының жобасы ...

Толығырақ »

ҚАЗАҚ ДЕГЕН АТЫМ БОЛСЫН, ӘЛІПБИІМ ЛАТЫН БОЛСЫН!

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Отырар кітапханасында» «Рухани жаңғыру – кемел келешек кепілі» атты семинар-кеңес өткізілді. Оған облыстық Мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғалия Шарафиева, облыстық Мемлекеттік архивінің басшысы Айдын Исатаева, «Қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі ОҚО бойынша жобалық кеңесінің кіші бағдарламалар менеджері Сейілхан Кендірбаев, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі ...

Толығырақ »

ҮЗДІК ДИПЛОМАТ-ЕЛШІ

Түркістан қаласындағы өткен «Түркі әлемі және ақпараттық кеңістік» атты халықаралық журналистер форумында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «2016 жылғы үздік дипломат-елші» атағымен марапатталды. Әлем журналистері ұйымының шешімімен берілген бұл сыйлықты ұйым басшысының орынбасары, белгілі журналист Орxан Селен мырза табыс етті. Ал, осы ретте, аймақ басшысы түркі елдерінің рухани байлығын молайтуға қосқан елеулі үлесі үшін халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан ...

Толығырақ »

ТҮЙМЕБАЕВ ТҮЙІНДЕГЕН ОЙ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағыт: рухани жаңғыру» мақаласы туралы сөз қозғап, ондағы идеялардың мәңгілік ел мұратына жетудегі нақты, айқын қадамдары екенін айшықтады. «Президент мақаланың кіріспе бөлімінде қазақстандықтарға осы жылдың басында мемлекеттің үшінші жаңғыруының басталғанын еске салды. Жаңғырудың мақсаты – Қазақстанның алғашқы 30 дамыған мемлекеттердің қатарына кіруі. Елбасының айтуынша, аталған мақсатқа қол жеткізу үшін ...

Толығырақ »

Мәжілістегі «Үкімет сағатында»

1. Қазақстанда ағымдағы жылы азаматтардың өтініштері бойынша жоспардан тыс 5 мың тексеру ұйымдастырылды. Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жаңа Еңбек кодексінің іске асырылу қорытындылары туралы баяндама жасады. Салалық ведомствоның мәліметіне сүйенсек, ағымдағы жылы азаматтардың өтініштері бойынша жоспардан тыс 5 136 тексеру ұйымдастырылған. Өтініштердің көбісі жалдау және жұмыстан босату мәселелеріне қатысты, олар бойынша ...

Толығырақ »

ЕЛ ЕСІНДЕ НЕСІМЕН ҚАЛДЫ?

Біздің ауылдан 2 шақырымдай қашықтықта Жамбыл ауылы бар. Колхоздағылар ол бөлімшені «Тоқболат ауылы» деп те атап кеткен. Себебі, түсінікті шығар? Ондағы тұрғындардың 90 пайызы Қоңыраттың Тоқболат ұрпағынан тарағандар. Соңғы жылдары Мырзашөліме барған сайын, ауылда «Тоқболаттағы пәленше «тойота камри – 50» деген қымбат мәшине алыпты. Ал, оның ағасы су жаңа «Беларусь – 80» тракторын мінді. Оның бергі бетіндегі көршісі түгенше үйін ...

Толығырақ »

Жансейіт Түймебаев Таразға барды

  Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев  бастаған делегация жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды. Делегация мүшелерін Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев шекаралас аймақтан күтіп алып,  бірнеше ірі өндірістік және әлеуметтік жобалармен таныстырды. Оңтүстікқазақстандық делегация ең алдымен күн көзінен қуат алатын «Бурное Солар-1» станциясында болды. Жобаға салынған жалпы инвестиция құны 122 млн. АҚШ долларын құрайды. Орталық Азиядағы ең ірі станция құрылысын «Самұрық-Қазына ...

Толығырақ »

ТҮЙМЕБАЕВ ЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫСТЫ ТҮЙІНДЕДІ

Министр, елші, әкім. Қызметтік қолтаңбаның кімге қатысты екенін аңғарған боларсыз. Өзгеге үйретіп те, өзгеден үйреніп те көрген Түймебаев тұрғындар алдында алғаш рет есеп берді. Түркиядан туған жерге оралғанына 134 күн болған басшы тындырылған тірліктің сұрауына, алда атқарылар жұмыс жоспарына талдау жасады. Қызметке келгеніне жыл толмаса да 2016-ны қорытындылау бұйырған Түймебаевтың тұрғындар алдындағы алғашқы есебі бұл. Баяндамасында жылдық жұмысқа емес, жоспарға ...

Толығырақ »

Жансейіт Түймебаев туралы ел не біледі?

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев қазақы ортадан шыққан, қарапайым ауыл баласы. Бұл туралы «Жас алаш» газеті жазды. Жансейіт Түймебаев көп балалы отбасында дүниеге келген. Әкесі Қансейіт пен анасы Ұлмекен 13 ұл-қыз тәрбиелеп өсірген. 13 ұл-қыз дегеніңіз, етегінен бала саулаған, Батыр аналары көп Шаян өңірі үшін таңқаларлық дүние емес. Әкесі Қансейіт марқұм  уақтысында Бәйдібек, Созақ аудандарында басшылық жұмыстарды атқарған. ...

Толығырақ »

ОРДАБАСЫ – БІРЛІК, БЕРЕКЕ БЕСІГІНДЕЙ!..

Жерлесіміз, «Алтын алқа» баспасының бас директоры Әсет Әссандидің бастамасымен бірқатар республикалық, облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы латын әліпбиіне көшу жөніндегі бағдарламасын қолдап, Үндеу қабылдау мақсатында ауданымызға іссапармен келді. Қонақтар ең әуелі «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорығына бағыт бұрды. Онда арнайы жайылған дастарханнан дәм татты. «Ордабасы» триосы домбыра, баянымен халқымыздың әсем әндерін әуелете орындады. Мұражайда қорықтың ...

Толығырақ »

ЖАҢА СЕРПІЛІСТЕРГЕ ЖЕТЕЛЕЙТІН ҚАДАМ

Қазақстан Республикасы өз тарихында тұңғыш рет қолданыстағы әліпбиін жоғары жақтың нұсқауымен емес, өз еркімен, өз қалауымен, өз таңдауымен, өз ыңғайына қарай ауыстыруға бет алғаны – құптарлық іс екенін сезіне: елімізді экономикалық дағдарыстан қиындықтарға ұрындырмай алып шығудың сара жолын ұсынған; аласапыран кезеңде халықты ауыртпалықтан құтқарып қана қоймай, әрі қарай өсуді, реформалауды, дамуды көздеген; барша қазақстандықтарды жұдырықтай жұмылдырып, Отанымыздың гүлденуіне үлес қосуға ...

Толығырақ »

ТУТӨБЕДЕ БАС ҚОСҚАН ЖУРНАЛИСТЕР ҮНДЕУІ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы ұстанымдарды толығымен қолдайтынымызды білдіре отырып, Қазақстан Республикасы өз тарихында тұңғыш рет қолданыстағы әліпбиін жоғары жақтың нұсқауымен емес, өз еркімен, өз қалауымен, өз таңдауымен, өз ыңғайына қарай ауыстыруға бет алғаны – құптарлық іс екенін сезіне, біз: «Алтын алқа» баспасының бас директоры Әсет Әссанди; «Егемен Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі ...

Толығырақ »

ТУТӨБЕДЕГІ ТАРИХИ ТІРЛІК

Бар қазақты бауырына екі жиған қасиетті Ордабасы тауы тағы бір игілікті бастаманың куәсі болды. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» стратегиялық мақаласында латын әліпбиіне өтудің еліміз үшін маңыздылығы атап өтілген-ді. Осыған орай Оңтүстік өңіріне белгілі қаламгерлер Серік Жанəбіл, Мұхтар Мұхамбетжан, Бақтияр Тайжан, Ерсултан Əмірбек, Әсет Әссанди, Ғалымжан Зиябек бастаған азаматтар Ордабасы тауында бас қосып, бұл бастамаға қолдау білдірді. ...

Толығырақ »

КЕЛГЕН ДЕЛЕГАЦИЯНЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Иран Ислам Республикасының Хорасан Разави провинциясының губернаторы Алирез Рашидиан бастаған делегацияны қабылдады. Аймақ басшысы шетелдік қонақтарды Оңтүстіктің инвестициялық әлеуетімен, ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктерімен таныстырды. Сондай-ақ, әкім Оңтүстік пен Иран провинциялары арасында, оның ішінде Хорасан Разави аймағымен өзара тиімді сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланысты арттырудың мол мүмкіндігі бар екенін атап өтті. «Сізбен кездесіп отырғаныма және ...

Толығырақ »

ЖҮЗ ЖАҢА ЕСІМ: ӘСЕЛХАН ҚАЛЫБЕКОВА

Талантты ақын Түркиядағы, Ташкенттегі халықаралық ақындар айтысына қатысып, жеңімпаз атанған. Арқалы ақынның «Алладан пәрмен сұраған» (1999), «Басыңды тікпей бақ қайда?» (2001), «Әселхан әлемі» (2008), «Сырттап кеткен тамырлар» (2004) кітаптары жарық көрген. Әселхан Әлішерқызы 22-cәуір 1950 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданының Көксарай ауылында дүниеге келген. «Сыр бойының сүлейі» атанған Ергөбек Құттыбайұлының немересі. Әселхан ұзақ жыл Шәуілдір ауылындағы метеорология станциясының метеорологы ...

Толығырақ »

ЖҮЗ ЖАҢА ЕСІМ: ТӨРЕБЕК БАЙТАСОВ

Төребек Төрекелдіұлының облыстық, республикалық газеттерге мақалалары жиі шығып тұрады. Әсіресе мәдени, рухани бағытта жиі қалам тербейді. Телехабарлары да осы бағытта. Поэзияға қызығады, бір топ өлеңдері жинақталған. Төребек Төрекелдіұлы 1987 жылы 27 тамызда ОҚО, Шымкент қаласында туған. 2004 жылы Шымкент қаласындағы техникалық лицейді тәмамдайды. 2005-2009 жылдары Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-ң «журналистика» факультетін оқиды, 2009-2011 жылдары Абай атындағы ҚазҰПУ-ң «филология» факультетінің магистрі ...

Толығырақ »

ДЕПУТАТТАР САЙЛАУЫ ӨТЕДІ

Оңтүстік Қазақстан облысында жергілікті түрлі деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлауына дайындық жұмыстары Конституциялық заңның талаптарына сай кезең-кезеңімен атқарылуда. Облыстық сайлау комиссиясы тағайындаған саяси іс-шара 2017 жылғы 29 қазан күні өтеді. Бұл туралы бүгін ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ә.Өмірәлиев мәлімдеді. Төрағаның айтуынша, мәслихат депутаттығына барлығы 42 үміткер ұсынылған, оның ішінде 38 үміткер тіркеліп отыр. Қалған 4 ...

Толығырақ »

ТАТУЛЫҚ ПЕН КЕЛІСІМ ҮЛГІСІ

Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ-ның ұйымдастыруымен Түркістан қаласында қазақстандық татулық пен келісім үлгісін ілгерілету бойынша өңірлік үш күндік семинар басталды. Семинарға Қазақстан халқы Ассамблеясы мен бірқатар министрліктердің, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ-ның, «Нұр Отан» партиясының өкілдері, ғалымдар, республикалық қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, облыстық басқармалар мен ауыл әкімдіктерінің қызметкерлері және жастар қатысуда. Семинардың ашылу салтанатына Оңтүстік ...

Толығырақ »

ЖҮЗ ЖАҢА ЕСІМ: ҚАЙРАТ МОЛДАСЕЙІТОВ

Молдасейітов Қайрат Құсейінұлы 1967 жылдың 18 қаңтарында Жамбыл облысы, Қордай ауданына қарасты Қаракемер ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1991 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтында «орман шаруашылығы инженерін», ал 2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетінде «заңгер» мамандықтарын бітірген.  Бүгінгі күнде «Отау Групп» компаниясын басқаруда. Қайрат Құсейінұлының жалпы еңбек өтілі – 25 жыл. Мемлекеттік қызмет өтілі 4 жылдан астам. Еңбек жолын 1992 ...

Толығырақ »

ЖҮЗ ЖАҢА ЕСІМ: БЕЙБІТ БЕРТАЕВ

Суретші-кескіндемеші, фотосуретші — Бертаев Бейбіт Нарынбекұлы Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара қаласында 1987 жылдың 1-мамыр айында қарапайым отбасында дүниеге келген. Балалық шағын ОҚО Түлкібас ауданының Шақпақ баба елді мекенінде өткізді. Тылсым табиғаттың сұлулығына қызыққан оқушы кезінде болашақта суретші болуға бел байлаған. Аңсаған арманына жету үшін тау-тасты қағаз бетіне бейнелеп, сабақ үстінде мұғалімнің портреттік бейнесінде салуға қызықты. 2004 жылы Тараз Мемлекеттік Педагогикалық Институтының «Бейнелеу ...

Толығырақ »

ЖҮЗ ЖАҢА ЕСІМ: БАҚЫТЖАН АЛДИЯР

Бақытжан Алдияр – ақын. Халықтық, қазақы ұлттық көркемдік уыздың қайнарларынан бастау алатын Бақытжандық тіл, Алдиярлық діл – ақынның айрықшылығы. Мархабат Байғұт: «Ең алдымен, Бақытжан – бәріміздің үнемі бір бүйіріміз бұрып тұратын кәдімгі нағыз қазақы ауылдың жыршысы. Оның ауылға деген сағынышы, махаббаты, балғын балалығына деген аңсары «Ауылға жазған арзулар» топтамасындағы жырларының әрбір шумағынан айқын сезіліп тұрады», – деп Бақытжан ақынның шығармашылығы ...

Толығырақ »

ЖҮЗ ЖАҢА ЕСІМ: АБАЙ ҚАЛШАБЕК

Абай Батырұлы Қалшабек – ақын, аудармашы. Хикметтік проза жазумен, орыс-батыс классиктерін аударумен айналысады. Абай Батырұлы Қалшабек 1980 жылы 1 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Рабат аулында дүниеге келген. 2003 жылы «Қайнар» университетін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша үздік дипломмен бітіріп шықты. 2001 жылы қараша айында өткен Республикалық жас ақын-жазушылардың кеңесіне қатысты. Өлеңдері облыстық «Оңтүстік Қазақстан», «Шымкент келбеті», республикалық ...

Толығырақ »