Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың « Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын кеңінен насихаттау және Астана қаласының 20 жылдығы аясында Отырар аудандық Мәдениет сарайында «Отырар таланттары -2018» VІІ халық өнер фестивалі өтуде. Фестивальде отырарлық таланттар 15 жанр бойынша өнерлерін ортаға салуда. Алғашқы іріктеу кезеңіне 500-ден аса өнерпаз қатысса, ақтық кезеңде 200-ге жуық өнерпаз бақ сынауда. Ауданның дәстүрге айналған төл шарасынан қаншама ...
Толығырақ »ОҚО жаңалықтары
ОБЛЫС ӘКІМІ КИНОРЕЖИССЕР СЕРГЕЙ ДВОРЦЕВОЙМЕН КЕЗДЕСТІ
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Канн кинофестивалінде «Үздік әйел рөлі» номинациясының жеңімпазы атанған қазақстандық актриса Самал Еслямова түскен «Айка» фильмінің режиссері Сергей Дворцевоймен кездесті. Өңір басшысы жерлестерінің атынан еліміздің кинематография саласын дамытуға үлесін қосып жүрген және оның әлемдік деңгейде танымал болуына қосқан үлесі үшін кинорежиссер Сергей Дворцевойға шынайы алғысын білдіріп, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапаттады. Сондай-ақ, Қазақстан мен ...
Толығырақ »САРЫАҒАШТА ШИПАЖАЙ САНЫ КӨБЕЙЕТІН БОЛДЫ
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Сарыағаш ауданындағы сапары кезінде әуелі Көктерек кентіндегі шипажайлар аумағында орналасқан «Асем-Ай» минералды сусын өндіретін зауыттың жұмысымен танысты. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Қазіргі таңда кәсіпорын сағатына 20 мың дана өнім өндіреді. 8 гектар аумақта орналасқан зауытта бүгінде 80-ге жуық адам жұмыс істейді. Ауданның өндірістік қуаты мен туристік әлеуетін таныстырған аймақ басшысы Қайрат ...
Толығырақ »ЖАҢА ЖҰЛДЫЗДАРДЫҢ ЖАРҚЫЛЫ немесе МИЛЛИОН КІМГЕ БҰЙЫРДЫ
Оңтүстік Қазақстан облысында арада 23 жыл өткенде «Мырзашөл жұлдыздары» атты жас әншілердің өнер байқауы өз мәресіне жетті. Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында қолға алынған облыстық өнер байқауы Астана қаласының 20 жылдығы мен Мақтарал ауданының 90 жылдық мерейтойына орай өткізіліп отыр. Шараға Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, ақын-сазгер Исарил Сапарбай, Қазақстанның эстрада жұлдызы Жұбаныш Жексенұлы мен аудан әкімі ...
Толығырақ »МАҚТАРАЛДА МАҚТАНАРЛЫҚ МӘСЕЛЕ МОЛ
Мақталы елдің – мақтаулы елдің мерейін асыратын ауқымды істердің бірі қайта жаңғырып, қалың бұқараға қайтарылды. Ол – 1993 жылы сол кездегі аудан басшысы Ибадулла Үмбетаевтың бастамасымен тұсауы кесіліп, 1995 жылға дейін көптің қуанышына айналған «Мырзашөл жұлдыздары» ән байқауы. Байқау араға 23 жыл салып қайта жаңғырып отыр. 1993 жылы бастау алған байқау ел ішінде танылмай жүрген көптеген таланттарды жарыққа шығарды. Алғашқы ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАНДА АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚАЗБА ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейі «Түркістан археологиялық экспедициясы» жобасы аясында Түркістан қаласындағы Бабайқорған ауылдық округінің Мерген төбе жерінде археологиялық қазба жұмыстарын бастады. Аталған қазба орны Түркістан қаласынан солтүстік-батысқа қарай 33 км-дей жерде, Жаңақорған өзенінің жағалауында орналасқан. Бүгін аталған орынға «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің директоры Нұрболат Ахметжанов арнайы барып, жасалған жұмыстармен танысты. Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында киелі жерлердің Қазақстан ...
Толығырақ »ӘЛЕУЕТІ АРТҚАН САЯЛЫ САРЫАҒАШ
Елбасы міндеттеген тапсырмалар мен мемлекеттік бағдарламалардың ауданда жүзеге асырылу барысымен танысу мақсатында іс-сапармен келген аймақ басшысы ең алдымен Азаттық елді мекеніндегі «Қанат» шаруа қожалығының жұмысын аралап көрді. Қожалықтың жұмысымен таныстырған серіктестік иесі Марат Мырзахметов бүгінде мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдаудың нәтижесінде кәсібін дөңгелетіп отырғанын айтады. Оның айтуынша, өткен жылы 1 гектар жылыжайдан 75 тонна қызанақ, 3,5 гектар жерден 125 тонна ...
Толығырақ »ҚАЗАҚСТАН – ӨЗБЕКСТАН БИЗНЕС-ФОРУМЫ
Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент қаласында өткен Қазақстан-Өзбекстан бизнес-форумында 62 млн. АҚШ долларынан астам сомадағы 8 құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі. Атап айтқанда, ОҚО әкімдігі өзбекстандық «Alliance textile» кәсіпорнымен Оңтүстіктегі тоқыма өнеркәсібіне инвестиция салу бойынша, ал «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағындағы тоқыма кәсіпорындарын оңалту үшін «Оңтүстік» АЭА-ғы көрші елдің «Казтехинпекс» ЖШС-мен, сонымен бірге медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіруге ...
Толығырақ »ОҢТҮСТІКТЕ ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ ЖАЛПЫ ОБЛЫСТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ
Оңтүстік Қазақстанда демалыс күндері жалпы облыстық сенбілік өтті. Оған 45 мыңнан астам адам қатысты. Тазалық шарасы барысында 22 мың гектар аумақ тазартылып, 54 мыңға жуық ағаш әктелді, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі. Облыс аумағында өткен сенбілік серпінді өтті. Ерікті жастар мен елді мекен тұрғындары және мемлекеттік органның қызметкерлері бұл күні аулалар мен демалыс орындарын және көше бойларын қоқыстан тазартып, ...
Толығырақ »ҚАЗАҚСТАН – ӨЗБЕКСТАН БИЗНЕС-ФОРУМЫ
Оңтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен Шымкент қаласындағы RIXOS KHADISHA SHYMKENT қонақ үйінің мәжіліс залында іскерлік қарым-қатынасты дамыту мақсатында Қазақстан – Өзбекстан бизнес-форумы өтті. Форум барысында тараптар бірлескен бизнес жобалар мен инвестициялық ұсыныстар жайында ынтымақтастықты дамытуды сөз етіп, экспорт пен импорт бойынша үшінші елдерге кіру жайын талқылады. Форум жұмысына екі елдің елшілері Ерік Өтембаев пен Саидикрам Ниязходжаев, ҚР инвестициялар және ...
Толығырақ »ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ДАМИ ТҮСПЕК…
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Қазақстан – Өзбекстан бизнес форумы аясында Өзбекстан Республикасының сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Адхам Икрамов пен Өзбекстан Республикасының сыртқы сауда министрінің орынбасары Сохиб Сайфназаров бастаған делегацияны қабылдады. Өзбек делегациясымен болған екі жақты кездесуде сауда-экономикалық қарым-қатынасты одан әрі дамытып, тауар айналымын арттыруға бағытталған бірлескен жүйелі жұмыстарды атқару жайы қарастырылды. Өз кезінде Өзбекстан Республикасының сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Адхам ...
Толығырақ »ШАРДАРАДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ НӘТИЖЕЛІ
Шардара ауданында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» жұмыссыздықты жоюда оң нәтиже беруде. Бағдарламаны іске асыру мақсатында өткен жылы 2952 адам қатыстырылды. Оның ішінде 984 жұмыссыз болса, 1234-і өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, ал 734 жұмыс іздеушілер. Жалпы бағдарламаға қатысушылардың 32 пайызы табысы аз азаматтар. Ал 2018 жылдың 1 мамырына аталған бағдарламаға 958 адам қатыстырылса, жыл соңына ...
Толығырақ »ОҚО-ДА САРЫМСАҚ ӨСІРУ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ
2016 жылы Тасарық ауылдық округіндегі тастақ жерді техниканың күшімен игеріп, жүзімбақ еккен жеке кәсіпкер Сабыржан Танабаев ауданда үлкен көлемде сарымсақ егуді бірінші болып қолға алды. Бұл туралы Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі жазады. Бастапқыда 10 гектарға жаңа технологиямен жүзім еккен шаруа өткен жылы қосымша он гектар жерге 16 мың түп көшет отырғызып, былтырғы жылы алғашқы жемісін жинап алды. Еңбегіне қолдау ...
Толығырақ »МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ҚЫМБАТ ҚҰНДЫЛЫҚ!
Қазақстан өзбектері этномәдени бірлестіктерінің «Дустлик» қауымдастығы және Оңтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен мемлекеттік тіл – қазақ тілінің мәртебесін арттыру, оны өзге ұлт өкілдерінің жан-жақты игеруіне ықпал ету мақсатында Сайрамдағы өзбек драма театрында «Мемлекеттік тілді білу – парызым!» атты республикалық конкурс өтті. Үш кезеңнен тұрған конкурсқа Қазақстан Республикасындағы өзбек мектептерінің аудан, қалалардан іріктеліп шыққан 2018 жылғы бітіруші 17 оқушы қатысты. ...
Толығырақ »МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНДАРЫНЫҢ МЕРЕЙІ
Түлкібас ауданындағы «Ақ шатыр» демалыс орталығында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев мәдениет және өнер қызметкерлерімен кездесті. Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған басқосуда облыс басшысы өнер азаматтарын кәсіби мерекемен құттықтап, облыстың рухани дамуы мен мәдени гүлденуіне айтулы үлес қосып жүрген азаматтарға алғысын білдірді. Шара барысында жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мархабат Байғұт, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Жұмат ...
Толығырақ »МАҚТАРАЛДЫҢ МЫҚТЫ МЕЖЕЛЕРІ
Мақтарал ауданының индустриалды аймағында 6 жоба іске асырылып, 380 адам жаңа жұмыс орнымен қамтылады деп жоспарлануда. Биыл аудандағы өнеркәсіп өнімін 13666,4 миллион теңгеге жеткізу межеленіп отыр. Қазіргі таңда ауданның индустриалды аймағынан жер бөлініп, құрылысы басталған «Soldatos» ЖШС-ның асфальт-бетон зауытын салуға 300 млн. теңге жұмсалатын болады. Жоба бойынша 30 адам жұмыспен қамтылып, сағатына 300 тонна асфальт-бетон өнімдері өндірілетін болады. Сондай-ақ, «Раджапов» ...
Толығырақ »«Бір өлең – бір сурет» жас суретшілер байқау-көрмеcі мәресіне жетті
Бүгін ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының ОҚО Бейнелеу өнері музейі және облыстық жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен Елордамыз-Астана қаласының 20 жылдық мерекесіне орай «Бір өлең – бір сурет» жас суретшілер байқау-көрмеcі өтті. Үміткерлер ақын, Физули атындағы халықаралық сыйлықтың иегері Құрал Көмектің «Қазақ елі», «Астанаға нұр шашу» туындыларына сүйене отырып, өлеңдердің мазмұнына ...
Толығырақ »ОРДАБАСЫ ТАУЫ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫНА АЙНАЛМАҚ
Оңтүстік Қазақстан облысында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бірліктің бастауы болған Ордабасыдағы тариxи қорықты туризм орталығына айналдыру жұмыстары басталды. Бүгінде құрылыс жұмыстары қарқын алған аталған жобаның жұмысымен облыс әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы барып танысып қайтты. Бұл туралы ОҚО әкімнің баспасөз қызметі хабарлайды. Аймақ басшысының бастамасымен қолға алынған жоба аясында келушілер үшін жаяу жүргіншілер және автомобиль жолдары мен жобаның ...
Толығырақ »НИДЕРЛАНД КОРОЛЬДІГІНІҢ ЕЛШІСІ ОҢТҮСТІКТЕ
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев Нидерланд Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ян Коп Дирк, Алматы қаласындағы Елшілік кеңсесінің сауда-саттық жөніндегі маманы З.Садыкджанқызымен кездесті. Басқосуда тараптар екі ел арасындағы экономикалық байланысты нығайту, бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру жайын ақылдасты. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Кездесу барысында аймақ басшысы қонақтарды өңірімізге келуімен құттықтап, облыстың экономикалық әлеуетімен және кәсіпкерлерге ...
Толығырақ »АҚЫН ЖҮРЕК МҰҢАЙМАЙДЫ, ЖЫЛАҒАНДЫ БІЛМЕЙДІ!
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Отырар ауданындағы жас суретші, қолөнер шебері, ақын қазақтың қайсар қызы атанып кеткен Тұрсынай Қайратқызының «Тұманды жарған Ай» кітабының тұсаукесері мен «Мен бақытты екенмін» атты шығармашылық кеші өтті. Сағыныш пен мұңнан, тазалық пен сұлулықтан тұратын Тұрсынайдың өлеңдері көңіл толқынын тербеп, адам баласының жандүниесін бірде мұңға, бірде шыңға сүйреп беймаза күйге бөлейтіні ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТІҢ ӨЗ АРБАТЫ БАР
Шымкент қаласындағы Бекет батыр көшесінен отбасымен демалатын алғашқы «Арбат» ел игілігіне берілді. Жаңа демалыс аймағының ашылу рәсіміне Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, қала әкімі Нұрлан Сауранбаев пен облыстық және қалалық мәслихаттың депутаттары, қала тұрғындары қатысты. Шымкенттік Арбаттың ұзындығы бір шақырым шамасында. Сондай-ақ, облыс басшысы Жансейіт Түймебаев облыстық және қалалық мәслихаттың депутаттарына «Ескі қаланы жаңғырту» жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстарды ...
Толығырақ »ТАРИХ ТҮТІНІ ТҮП-ТҮЗУ
Сан ғасырлық мұралардың киелі ордасына айналған Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Астананың 20 жылдығына орай 18-мамыр Халықаралық музей күніне арналған аудан көлеміндегі қолөнер шеберлері мен суретшілер жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкенің мақсаты жергілікті қолөнершілер мен суретшілердің қолынан шыққан туындыларын көпшілік назарына ұсына отырып, өңірімізге келетін туристердің халқымыздың қолөнеріне деген қызығушылығы мен сұранысын тудыру болып табылады. Жыл ...
Толығырақ »ОҚО-ДА БИЫЛ 20 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ТАЗА АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Оңтүстік Қазақстанда өңір халқын сапалы ауыз сумен жабдықтау бойынша жоспарлы жұмыстар тұрақты атқарылуда. Облыстың даму жоспарына сәйкес, үш жылда 84 елді мекенді, яғни, 209,7 мың адамды орталықтандырылған ауыз сумен қамту жоспарланып отыр. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Оның ішінде биылғы жылы ауыз су саласына 9,6 млрд. теңге бөлініп, 76 нысанның құрылысы іске асырылуда. Аталған нысандардың 20-сы биыл пайдалануға ...
Толығырақ »АЛАҚАЙ! БӘЙГЕ БАСТАЛДЫ!
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған бағдарламаларды іске асыруда «Қазақстан» Теле Радио Корпарациясы» АҚ атадан балаға мирас болған ұлт өнерін ұрпаққа насихаттау үшін республикалық «Мен – қазақпын» атты дәстүрлі әнші, термешілер және күйшілер арасындағы байқауын жариялады. Оңтүстіктен іріктеліп шыққан үш өнерпаз республикалық деңгейде өңір намысын қорғайтын болады. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Ontustik» ...
Толығырақ »«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІНДЕ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел жұмысына ЮНЕСКО/ИКОМОС консультативтік миссиясының бағдарламасы аясында келген ресейлік сарапшы Наталья Душкина, Мәдениет және спорт министрлігінің тарихи-мәдени мұра басқармасының бас сарапшысы Әлібек Күзербаев, «Әзірет Сұлтан» қорық-музейі директорының орынбасары Серік Үркімбаев, «Қазқайтажаңғырту» бас директорының орынбасары Еркеболат Тоқмағамбетов, «Қазқайтажаңғырту» ғылыми-зерттеу және жобалау филиалының директоры Садуақас Агитаев, «Қазқайтажаңғырту» ...
Толығырақ »