Оңтүстік Қазақстан облысынан Өзбекстанға жол тартқан «Достық керуені» жобасына қатысушылар бүгін елге оралды. Құрамына зиялы қауым өкілдері, еңбек ардагерлері, этно-мәдени бірлестіктердің төрағалары мен БАҚ өкілдері енген керуенді Өзбекстандағы Қазақ ұлттық мәдени орталығының басшылығы күтіп алып, көршілес елдің тарихи-мәдени орындарымен таныстырды. Бауырлас елдер арасында достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында ұйымдастырылған сапар аясында қазақстандықтар алдымен Ташкенттегі Төле баба кесенесіне зиярат етті. Самарқандағы әйгілі ...
Толығырақ »Қазақстан жаңалықтары
ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев 1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай ұйымдастырылған «Алтын жас – Золотой возраст» атты мерекелік шараға қатысты. Онда өңір басшысы қазыналы қарияларды мерекемен құттықтап, бірқатар ардагерлерді марапаттады. Орталық саябақта денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен өткен іс-шарада облыстың білікті дәрігерлері қарт кісілерді тегін диагностикалық тексеруден өткізіп, кеңестерін берді. Ардагерлерді сауықтыру ісіне де ерекше мән беріліп келетінін ...
Толығырақ »ЭЛЕКТРОНДЫ ДЕНСАУЛЫҚ ПАСПОРТЫ
Оңтүстік Қазақстан облысында кешенді медициналық ақпараттық жүйе қолданысқа енгізілуде. Бұл жүйені іске асыру үшін 8582 компьютерлік техника сатып алынып, жыл соңына дейін облыстың барлық медициналық ұйымдары компьютермен 100 пайыз жабдықталатын болады. Яғни, мамандар медициналық ұйымдардан науқас туралы электронды ақпарат алмасу үшін бірыңғай сервер арқылы байланысады. Ол ақпарат автоматты түрде жергілікті атқарушы органдардағы ситуациялық орталыққа түсіп отыратын болады. Бұл туралы облыстық ...
Толығырақ »«ДОСТЫҚ КЕРУЕНІ»
Оңтүстік Қазақстан облысынан Өзбекстан Республикасына жол тартқан «Достық керуені» жобасына қатысушылар бүгін Ташкентке жетті. Құрамына зиялы қауым өкілдері, еңбек ардагерлері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен БАҚ өкілдері енген керуенді Өзбекстан Республикасындағы Қазақ ұлттық мәдени орталығының басшылығы күтіп алды. Делегацияны бастап барған Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов іс-шара Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын қолдау әрі бауырлас ...
Толығырақ »ҚАЛА КҮНІ МЕРЕКЕСІ
Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкентте қала күні мерекесін атап өту басталып кетті. Іс-шара алдымен оқушылардың шеруімен басталды. Әл Фараби алаңында өткен ерекше шеруді Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев, Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдіраxымов және елағалары мен шаһар тұрғындары тамашалады. Алаңға жинаған өнер мектебінің шәкірттері, музыка және хореография ұжымдары мен жас спортшылар мерекелік шерумен жүріп өтті. 1500-ден астам оқушы қатысып, сап түзеген ...
Толығырақ »ОҢТҮСТІКТІҢ ДАМУЫ
Өңір басшысы облыста «Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың» мемлекеттік бағдарламасының талаптарына сәйкес келетін 158 кооператив ашылғанын хабарлады. Ауыл шаруашылығы саласына бағытталған инвестиция көлемі 21,8 млрд теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,5 есеге артқан. Аймақ басшысы осы саладағы ілкімді істердің бірі — биыл Шымкент механикалық зауытының базасында модульдік сүт қабылдау бекеттерін жинау өндірісі басталғанын айтты. Бүгінгі таңда 15 модульдік сүт қабылдау ...
Толығырақ »ЖИЫН ӨТКІЗДІ…
Премьер-министр Оңтүстіктен Солтүстік аймаққа көшу мәселесіне де тоқталды. Бұл бағытта жүйелі жұмыстардың атқарылу барысын сөз еткен Бақытжан Сағынтаев көшіп барған азаматтарға жер беру, оларды тұрақты жұмыспен, баспанамен қамту қажеттігін атап өтті. Әсіресе, іскерлік қабілеті жоғары шаруалар мен кәсіпкерлерді жіберу қажеттігін айтты. Бұдан бөлек, жиында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев туризм және кәсіпкерлік салаларында атқарылған жұмыстар жайын баяндады. Мемлекет басшысының ...
Толығырақ »ӘЛЕУЕТТІ БАҒЫТТАРЫ БОЙЫНША
Шымкенттегі «Көрме» орталығында Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен туризм және кәсіпкерлік салаларының даму мәселелері мен жұмыспен қамту, еңбек ресурстары бойынша жиын өтті. Отырысқа еліміздің бірқатар министрлері мен солтүстік облыстары әкімдерінің орынбасарлары, аудан-қала әкімдері, басқарма басшылары мен кәсіпкерлер қатысты. Мәжіліске қатысушыларды күн тәртібімен таныстырған Үкімет басшысы Елбасының тапсырмасымен Оңтүстік Қазақстанға жасаған жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар өндіріс орындарын аралап, жұмысымен ...
Толығырақ »ОҚО-ДАҒЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЙЫМДАРЫ
Жаңа жүйе қоланысқа енсе, қағаз түріндегі құжат айналымы азайып, науқастардың медициналық ұйымдары арасында бостан-бос жүруін едәуір қысқартады. Сондай-ақ, облыс халқы республикада алғашқылардың бірі болып, электрондық денсаулық паспорттарына қол жеткізбек. Биыл облысымызда модульдік яғни құрамалы медициналық пункттерді сатып алу жоба іске қосылды. Жыл соңына дейін 20 модульдік медициналық пунктер ел игіліне берілмек. Осындай бір пункттің құны жергілікті бюджет үшін құрылыс салуға ...
Толығырақ »ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕТІН БОЛАДЫ
Алдағы қазан айында Оңтүстік Қазақстан облысындағы жедел медициналық көмек қызметін халықаралық стандарттарға сәйкестендіру мақсатында бірыңғай Call-орталығымен планшет арқылы байланыспен жабдықталған 74 бірлік санитарлық автокөлік жұмысын бастайтын болады. Аталған жаңа жүйе әрбір медициналық көмек бригадасына науқасқа жету уақытында онлайн режимде пациент туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Бұл туралы қаладағы №4 облыстық перинаталды орталығында Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев бастаған жұмысшы топ алдында баяндама ...
Толығырақ »ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНА БАРДЫ
Елбасы тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Оңтүстік Қазақстан облысына барды. Онда «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының, сондай-ақ АӨК дамыту және «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламаларының, «Нұрлы Жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының, өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының іске асырылу барысымен танысады. Бақытжан Сағынтаевтың ОҚО-дағы жұмыс сапары Түркістан қаласынан бастау алды, онда Премьер-Министр өнімдері облыстың барлық аудандарына жеткізілетін ...
Толығырақ »ШОБ-ТІ ДАМЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің мүшелерімен кездесу өткізді, онда өңірде шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері қаралды. Кеңес барысында қатысушылар мемлекеттік сатып алулардағы жергілікті қамту үлесін арттыру, Шымкент қаласында халықаралық әуежайдың жаңа жолаушылар терминалын жаңғырту және салу, сумен қамту жүйесін қалпына келтіру, өсімдік шаруашылығын субсидиялау, отандық тауарларды экспорттау кезінде кездесетін ...
Толығырақ »АВИАОТЫНДЫ ӨНДІРУДІ 1,5 ЕСЕГЕ ҰЛҒАЙТАДЫ
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Шымкенттегі бірқатар нысандарды аралады. Үкімет басшысы алдымен «Петро Қазақстан Ойл Продактс» ЖШС-де болып, Шымкент мұнай өңдеу зауытындағы жаңғырту және қайта құрастыру жобасының іске асу барысымен танысты. Нысандарды аралау кезінде Премьер-министр пайдалануға берілген шикізатты алдын ала гидротазалау блогы бар жеңіл бензин фракцияларын изомерлеу қондырғысынның жұмысын көріп шықты. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ...
Толығырақ »ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫН АРАЛАДЫ
Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» индустриалды аймағында орналасқан кәсіпорындарды аралап көрді. Жұмысшы топ шыны бұйымдар шығаратын «Еврокристалл» зауыты болып, өндірістік процесспен және дайын өнім түрлерімен танысты. Айта кетейік, кәсіпорында түрлі қалыпта, сыйымдылығы 200 мл-ден 3 литрге дейінгі түссіз және жасыл түсті бөтелкелер мен құтылар әзірленеді. Осынау өнімдерге Қазақстанның барлық аймағы мен Қырғызстаннан тапсырыстар келіп түсуде. Жылына 200 млн ...
Толығырақ »ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАНКТІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӨКІЛІ
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Ато Браунмен кездесті. Екіжақты кездесу барысында Оңтүстік Қазақстан мен Дүниежүзілік банк арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Өз кезегінде өңір басшысы Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті 30 елінің қатарына кіру бойынша облыста шағын кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау және жаңадан жұмысын бастаған бизнес субъектілерінің бастамаларына қаржылық қолдау көрсету шаралары бағытында тиісті жұмыстар жүргізіліп ...
Толығырақ »ӨЗБЕКСТАНДЫҚ ИНВЕСТОРЛАР ЦЕХТЫ ІСКЕ ҚОСТЫ
Өзбекстан мен Қазақстан Республикасының сауда-экономикалық ынтымақтастығы алғашқы нәтижелерін бере бастады. Таяуда ғана Мемлекет басшысының Ташкентке жасаған ресми сапарында да жаңа келісімдерге қол жеткізілді. Енді екі ел арасындағы байланыстардың тереңдеуінің арқасында Оңтүстік Қазақстан облысында тұрмыстық техника яғни газ плитасын шағаратын цех іске қосылды. «Бадам» индустириалды аймағындағы жаңа кәсіпорынды Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев пен Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы төтенше және өкілетті ...
Толығырақ »ЕНГІЗУГЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТТЫ
Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлері ЭКСПО – 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінде қойылған 105 озық технологияларды өндіріске енгізуге қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы обыс әкімі Жансейіт Түймебаев халықаралық мамандандырылған көрмесінде ұсынылған жаңа технологияларды өңірде қолдану мәселелері бойынша өткен жиында мәлім етті. Әкімнің айтуынша, қазіргі уақытта кәсіпорындарда озық технологиялар қарастырылған 27 жобаны енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, «Шымкентмай» АҚ-ы каталитикалық деаэроциондық қондырғыны өндіріс ...
Толығырақ »«САМҒАУ – 2017» КИНОФЕСТИВАЛІ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Оңтүстік Қазақстан облыстық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен мамыр айында бастау алған жас режиссерлар байқауы ақтық мәреге жетіп, үздіктердің арасынан өз жеңімпаздарын анықтады. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жастар арасында насихаттай отырып, Оңтүстіктің дарынды жастарын қолдап, ой салар туындыларды жарыққа шығару мақсатында өткен фестивальге 100-ден аса шығарма ұсынылып, ақтық мәреге 17 туынды жолдама алған болатын. ...
Толығырақ »«ЯСАУИТАНУ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫ
«Түркістан түркі әлемінің мәдени астанасы» жылына орай ҚР Мəдениет және спорт министрлігі, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен Түркі əлемінің жалпы білім беретін оқу орындарының 6-11 сынып оқушылары арасында «Ясауитану» Халықаралық байқауы өтті. Түркістан қаласы, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Мәдениет сарайында өткізілген шараға Қазақстан, Түркия, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен үздік 42 оқушы қатысып білімдерін сарапқа салды. Білім және өнер ...
Толығырақ »АФРИКА ЕЛДЕРІНІҢ КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕСІ
Оңтүстік Қазақстан облысында «ЭКСПО – 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіндегі Африка елдерінің көрме-жәрмеңкесі ашылды. Шымкент қаласының «Көрме» орталығында 10-шы қазанға дейін өтетін шара екі ел арасындағы туризмді дамыту, инвестициялық мүмкіндіктерге жол ашу, іскерлік қатынастарды жақсарту мақсатында облыс әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Көрменің ашылу салтанатына қатысқан Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев Африка елі қонақтарына қош келдіңіздер дей отырып, олардың алып келген өнімдерін ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТІҢ ЖАСЫЛ БЕЛДЕУІ ҰЛҒАЙТЫЛМАҚ
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен құрылған арнайы жұмысшы топ Астана қаласы маңындағы жасыл аймақтың жұмысымен танысып, тәжірибе алмасуда. Топ жетекшісі облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Ильяс Құрамысов бастаған топ елордадағы Жасыл белдеудегі орман тұқымбағында қолданылып жатқан озық технологиялардың жұмысымен танысты. Мұнда тамшылатып суғару әдісімен жыл сайын 10 млн түп ағаш көшеттері өсірілуде. Яғни жасыл белдеудің көлемі ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТЕ ТҰҢҒЫШ РЕТ
Айта кетейік, еліміздегі кредиттік серіктестіктердің даму тарихы сонау 2001 жылдан бастау алады. Кредиттік серіктестік институты құрылғалы бері, 16 жыл ішінде олардың саны 187-ге жетті. Алғаш құрылған кезде қатысушылардың саны 800-ден аспаған болса, қазіргі таңда кредиттік серіктестік қатысушыларының саны 15 600-ді құрап отыр. Осы уақытқа дейін несие серіктестіктері арқылы шаруаларға 241 миллиард теңгенің 40 мыңнан астам займы берілген. Форум аясында «Кредиттік ...
Толығырақ »НЕСИЕЛІК СЕРІКТЕСТІКТЕРДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫ
Шымкентте «Кредиттік кооперация. Ерекшелігін біл!» атты тақырыпта еліміздегі кредиттік серіктестіктердің халықаралық І-форумы өтті. Шараны еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігі, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ мен Агроөнеркәсіп кешеніндегі кредиттік серіктестіктер қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырды. Форум жұмысын ашып берген Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев бүгінгі шараның маңыздылығына тоқталды. «Мемлекет басшысы халыққа арнаған жолдауында өзара кредиттеу түріндегі қаржы мен несие қызметтерін ұсыну ...
Толығырақ »ОҢТҮСТІКТЕГІ ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІ
«Тіл – кез келген ұлттың болмыс-бітімін даралайтын асыл қазынасы және ұлттық ерекшелігін көрсететін ең маңызды құндылық. Қазақстанда тұратын этностардың тілдеріне құрмет көрсету, олардың ана тілі мен төл мәдениетін дамытуына жағдай жасау – мемлекетіміздің маңызды стратегиялық міндеттерінің бірі. Республика бойынша халық саны жағынан да, түрлі этностың басым шоғырлануымен де бірінші тұратын және тілі мен салт-дәстүрдің сақталуымен ерекшеленетін өлкенің бірі де осы ...
Толығырақ »ЭТНОСТАРДЫҢ БІРЛІГІН ПАШ ЕТТІ
Оңтүстік Қазақстан облысында Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Мемлекеттік тіл – Мәңгілік елдің мәңгілік тілі» атты мерекелік шара өтті. Іс-шара аясында облыстық этномәдени бірлестіктердің ұлттық тағамдары мен қолөнер бұйымдарының және облыс аумағында әрекет ететін тілдерді оқыту орталықтарының көрмесі ұйымдастырылды. «Тілдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қабылданғанына 20 жыл толуына орай биыл өңірдегі этномәдени бірлестіктер тілі мен мәдениеті және салт-дәстүрі күнін берекелі ...
Толығырақ »