Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары (страница 44)

Қазақстан жаңалықтары

МОНИТОРИНГТІК ТОП АЗЫҚ-ТҮЛІК ПЕН ЖАНАРМАЙ БАҒАСЫН ТЕКСЕРДІ

Ауыл шаруашылығы басқармасы мен табиғи монополияларды реттеу, сондай-ақ бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменттерінің мамандары қаладағы бірнеше сауда нысандары мен жанар-жағармай құю бекеттеріндегі баға тұрақтылығын бақылап көрді. Көкөніс пен жеміс-жидекті көтерме бағамен саудалайтын «Барыс» базарында баға тұрақты. Мәселен, картоп 140-200 теңге, пияз 70 теңге, сәбіз 150-170 теіге аралығында сатылуда. Саудагерлер тауарға 10-15 пайыз үстемеден артық қоспайтынын жеткізді. Ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары ...

Толығырақ »

ҚАРАБАСТАУ ТҰРҒЫН АЛАБЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есілбек Қарабастау тұрғын алабы жаңақұрылыс аумағының тұрғындарымен кездесіп, мәселелерін тыңдады. Тұрғындар аудан әкіміне негізінен абаттандыру, инфақұрылым жүйелерімен қамту бойынша өз шағымдарын айтты. Қазіргі таңда жаңақұрылыс аумағына ауыз су құбырын тарту үшін жобалау-сметалық құжаттары әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынған. Ендігі кезекте құрылыс жұмыстарына қаржы бөлуге бюджеттік өтінім беріледі. Сонымен қатар, аталған тұрғын алапта балаларға заманауи ...

Толығырақ »

ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ШАҚЫРУШЫЛАР САНЫ АРТЫП ОТЫР

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Covid-19 індетімен күрес жұмыстары барысын пысықтау мақсатында жедел жәрдем станциясының жұмысын аралап көрді. Станцияның жұмысымен таныстырған бас дәрігер Гүлнәр Құрманбекова қазіргі эпидемиялогиялық жағдайға байланысты жедел жәрдем шақыртушылар саны артып отырғанын мәлімдеді. Дәрігердің айтуынша, 103 қызметіне орташа есеппен күніне 1900- 2000 қоңырау келіп түсуде. Жедел жәрдем көмегіне жүгінгендердің басым бөлігі ЖРВИ инфекциясымен ауырғандар. Қала әкімі ең ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР ГОСПИТАЛІНЕ БАРДЫ

Бүгінде Шымкент қаласындағы эпидахуалдың күрделі екені белгілі. Шаһар басшысы Мұрат Әйтенов «Ақжайық» шағынауданында орналасқан жұқпалы аурулар госпиталінің жұмысы мен қызмет сапасын арнайы барып, тексеріп шықты. Инфекциялық орталықтың бас дәрігері Ережепов Бақтығалы түскен науқастарға ем-шара тиісті деңгейде көрсетіліп жатқандығын баяндады. Оның айтуынша, төсек-орындардың барлығы оттегі нүктесімен қамтылған және екі айға жететін дәрілік қоры дайындалған. Сондай-ақ, жасанды тыныс алу аппараты, КТ, цифрлы ...

Толығырақ »

ДӘРІ-ДӘРМЕК ҚОРЫ ЖЕТКІЛІКТІ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов сауда-логистикалық орталығында орналасқан «Химфарм» АҚ-ның дәрілік қоймасы мен «НПО Зерде» ЖШС-нің жаңадан ашылған екінші дәріхана қоймасында болып, ондағы дәрі-дәрмектердің қажетті қорын бақылап шықты. Шаһар басшысы пандемияның өткен толқындар кезіндегі тәжірибені ескере отырып, COVID-19 індетін емдеу бойынша препараттар тапшылығын болдырмау мақсатында тиісті шаралар қабылдауды, дәрі-дәрмектердің екі айлық қоры болсада қажетті ыстық түсіретін дәрілердің көлемін арттыруды ...

Толығырақ »

ҚАЛА ӘКІМІ ДӘРІ-ДӘРМЕК ҚОЙМАЛАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫН АРАЛАП КӨРДІ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы бірқатар дәрі-дәрмек қоймалары мен медициналық бұйым шығаратын мекемелерді аралады. Шаһар басшысы «НПО Зерде» және «Медсервис Плюс» ЖШС-нің көтерме қоймаларын тексеріп, жоспарланған дәрілік заттарды жеткізу және жинақтау бойынша резервтік қорлармен қамтамасыз етілуіне көз жеткізді. НПО «Зерде» ЖШС-нің №1 дәрілік қоймасы қалыпты жұмыс істеуде. Қойма басшылары дәрілер болмаған жағдайда дәріхана ұйымдары қорларын толықтырып жатқанын жеткізді. Қойманың ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ

Шымкент қаласы әкімінің төрағалығымен барлық қарулы күштердің басшылары біріктірілген жедел штаб күшейтілген режимде жұмыс жасауда. Бүгінде Шымкент қаласындағы жағдай тұрақты. Полиция қызметкерлері әскери бөлімдердің күштерімен бірге қала аумағында қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. Бүгінгі күнге дейін «коменданттық сағатты» бұзғаны үшін 258 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қала шекараларында қойылған 7 блокбекет жұмысын жалғастыруда, онда полицейлер мен әскерилер қызмет атқаруда. ...

Толығырақ »

БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАЛАРЫ ҚАЛЫПҚА КЕЛТІРІЛУДЕ

Шымкент қаласындағы әлеуметтік нысандарда және жол бойында жалпы 14 684 бейнебақылау камерасы орнатылған. Былтырғы жылдың өзінде қала көшелеріне 3177 заманауи камера қойылды. Соның көмегімен мегаполисте орын алған жаппай тәртіпсіздікті дер кезінде тоқтатуға, бүлікшілерге тосқауыл қоюға мүмкіндік туды. Камера арқылы азаматтардың түр-тұлғасын анықтап, күдіктілерді қолға түсірді. Бұзақылық орын алған сәтте бейнебақылау жүйесінің 189 «сергек» камерасы вандализмге ұшырады. Оның ішінде маңызды саналатын ...

Толығырақ »

ЖЕДЕЛ ШТАБТЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновтың төрағалығымен жедел штаб отырысы өтті. Қала әкімі дағдарыстық жағдайдың тұрақталғанын, дегенмен қауіп толық сейілгенше мемлекеттік және стратегиялық маңызы бар нысандар, тұрғындардың тұрмыс-тіршілігіне қажетті нысандардың күзетілуіне аса назар аудару керегін айтты. Қаланың Бас прокуроры мен Полиция департаментінің бастығы қаладағы жағдайды, орын алған құқық бұзушылықтар мен қоғамдық тәртіпті сақтау туралы баяндады. Коменданттық сағатты бұзғаны үшін 204 азамат ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ ЭПИДАХУАЛ КҮРДЕЛІ

Шымкентте 13 қаңтар күні 370 адамнан КВИ анықталды (белгілері бар – 225, белгілері жоқ – 145). 34 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 336 адам үй бақылауына алынды. Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 403 орын бар, төсек орын толымдығы 51%-ды құрайды, 194 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 209 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 72 төсек орын бар, 14 науқас ем қабылдауда. ...

Толығырақ »

ҚАЛА ӘКІМІ «ДИСПЕТЧЕРЛІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ» ЖҰМЫС БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының «Диспетчерлік қызмет орталығының» жұмыс барысын тексерді. 2020 жылғы құрылған «Диспетчерлік қызмет орталығы» автобустардың, шағын автобустардың қозғалысын реттеу және қадағалау, кестенің сақталуын үздіксіз бақылау және тасымалдау көліктерінің жұмыстары туралы мәліметтерді жинақтау және күнделікті талдау жүргізуді жүзеге асырады. Диспетчерлік бақылау жұмыстары толық автоматты басқару жүйесіне көшкен. Операторлар қоғамдық көліктерде орнатылған ...

Толығырақ »

МӘСЛИХАТ ХАТШЫСЫ РЕВАКЦИНАЦИЯ ЖАСАДЫ

Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның үшінші компонентін салдырды. Халық қалаулысы ревакцинацияны қалалық №5 емханада жасатты. Екпе алған соң көпшілікті денсаулығын күтуге шақырды. – Бүгін ревакцинацияға келдім. Бұған дейін «Спутник-V» вакцинасының екі компонентін салдырған едім. Қазір «QazVac» екпесін алдым. Мамандардың да кеңесі сол – егер алдыңғы екпелер басқа вакцина болса, ревакцинацияны басқа препаратпен жасау керек. Жалпы, ...

Толығырақ »

ВАКЦИНА ҚАБЫЛДАУ АДАМЗАТТЫ ҚҰТҚАРҒАНМЕН БІРДЕЙ

Абдулхамид Қаттани мешітінде Шымкент қаласының бас имамы Бағдәулет Абдрахманов дін қызметкерлерімен мәжіліс өткізіп, алдағы уақытта имамдар түгел ревакцинациядан өтетінін және барша шымкенттіктерді індет қатерінен қорғану үшін қосымша екпе алуға шақырды. — Шаһарда 88 мешіт бар, онда 259 имам діни қызмет көрсетеді. Бүгінгі таңда Шымкент қаласының мемлекеттік бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес мегаполистегі мешіттер бес уақыт намаз бен жұма намаздар үшін ...

Толығырақ »

ПРЕЗИДЕНТ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА БОЛДЫ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Алматы қаласында жедел штаб отырысы өтті. Онда Үкіметтік комиссияның төрағасы, премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев және ішкі істер, қорғаныс, төтенше жағдайлар министрлері баяндама жасады. Президентке Алматы қаласына қосымша күштер, соның ішінде ҰҚШҰ бітімгерлік контингентінің күштерін жұмылдыруға қатысты берген тапсырмасының нәтижесінде қала лаңкестерден толық тазартылғаны ...

Толығырақ »

ЗАЛАЛ КЕЛГЕН НЫСАНДАР АШЫЛА БАСТАДЫ

Шымкентте болған жаппай тәртіпсіздіктер кезінде бүлініп, шығындалған кәсіпкерлік нысандарының жұмысы жандана түсті. Қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының өкілдері бүгін БАҚ өкілдеріне осындай нысандардың жұмысымен таныстырды. Солардың бірі – METRO сауда орталығы. Күдіктілер тонап кеткен сауда орталығының өкілдері ғимаратты қалпына келтіріп, қайта қызмет көрсетуді бастап кетті. – Жаппай тәртіпсіздік кезінде сауда орталығына едәуір шығын келді. Тонаушылар ғимараттың кіреберісін толық бұзып, ...

Толығырақ »

ҚАЛАЛЫҚ №5 ЕМХАНАНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Шымкентте эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына, коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың күрт көбеюіне байланысты емханалар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Осыған орай, қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан №5 қалалық емханаға барып, дәрігерлердің жұмысымен танысты. —Қазір Қазақстан бойынша эпидемиологиялық ахуал нашарлап кетті. Бір тәулікте 9 122 адам коронавирус жұқтырған. Оның ішінде Шымкент қаласының 320 тұрғыны бар. Қалада 1 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатса, ...

Толығырақ »

ПАРТИЯ БЕЛСЕНДІЛЕРІ МЕН МҮШЕЛЕРІ — ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ

Елдегі орын алған жаппай тәртіпсіздік пен лаңкестік әрекеттерден соң «Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалы жағдайды тұрақтандыру жұмыстарына кірісіп кетті. Шымкент қалалық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы фракциясы мүшелері тәртіпсіздік кезінде өртенген Партия филиалының ғимаратына өздерінің жеке есептерінен ғимаратты жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын қолға алды. Олардың қатарында «Жастарды қолдау» аймақтық қоғамдық кеңес төрағасы, «Отау строй» ЖШС бас директоры Аслан Алимбек, ...

Толығырақ »

БИЗНЕС СУБЪЕКТІЛЕР САНЫ 30 ПАЙЫЗҒА АРТАДЫ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қолдау көрсету бойынша берген тапсырмасына сәйкес Шымкентте 1500-ге жуық кәсіпкерге көмек көрсетіледі. Мәселен, 1 мыңнан астам кәсіпкерге «Бизнестің жол картасы-2025» «Қарапайым заттар экономикасы» және «Жұмыспен қамту жол картасы» сынды мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде 8,7 млрд. теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсету жоспарлануда. Одан бөлек мемлекеттік бағдарламалардан тыс жергілікті деңгейде «Мен кәсіпкер боламын» және «Іскер қала» ...

Толығырақ »

ХАЛЫҚТЫҢ ТАБЫСЫ АРТАДЫ

Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасының Парламент мәжілісінде берген тапсырмаларының бірі – халық табысын арттыру. Бұл мақсатта Үкіметпен арнайы бағдарлама әзірленеді. Оның ішінде, инфляция, халықты жұмыспен қамту, жекелеген топтағы азаматтардың жалақысын өсіру мәселелері қамтылмақ. Осыған байланысты Шымкент тұрғындарының әл-ауқатын көтеру бойынша маңызды ұсыныстар ҚР Ұлттық экономика министрлігіне жолданды. Азаматтық қызметшілердің (білім, денсаулық сақтау, мәдениет т.б.) жалақысын жыл сайынғы 20 пайыздық өсіммен қамтамасыз ...

Толығырақ »

100-ГЕ ЖУЫҚ ИНДУСТРИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

Мемлекет басшысының экономиканы әртараптандыру және импорт алмастыру жөніндегі тапсырмасын орындаудың бірден бір шарты – ол өңірде өндірістің дамуына қолайлы жағдай жасау және индустриалдық аймақтарды дамыту. Бүгінде қалада жаңадан «Жұлдыз», «Бозарық», «Стандарт» индустриалды аймақтардың, өнеркәсіптік жылыжай кешендерінің құрылыс жұмыстары мен «Тассай» индустриалды аймақты кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде, «Жұлдыз», «Бозарық», «Тассай» индустриалды аймақтардың инфрақұрылымына бюджеттен биыл 3,9 млрд.теңге қаржы бөлінген. Өңдеу ...

Толығырақ »

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ БАЯНДАЛДЫ

Шымкентте қала әкімінің төрағалығымен өткен онлайн-жиналыста ҚР Президентінің 11 қаңтарда еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен саяси тұрақтылығын сақтау бойынша берген тапсырмаларын жүзеге асыру барысы талқыланды. Қала әкімі әрбір берілген тапсырманы жүзеге асыру мақсатында жұмыс жоспары мен жүйелі индикаторлар әзірленіп, сапалы және барынша жылдам орындалу қажеттігін айтты. Еліміздің жаңа экономикалық тұғырын қалыптастыру бағытында өңірде атқарылатын жұмыстар туралы басқарма басшылары баяндады. Алдымен экономика ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ

Төтенше жағдай режимі енгізілгелі Шымкент қаласында жағдай тұрақты. Барлық кәсіпкерлік және әлеуметтік нысандар штаттық режимде жұмыс істеуде. Қала аумағында түнгі 23.00-ден таңғы 7.00-ге дейін «коменданттық сағат» жүзеге асырылуда, стратегиялық нысандарды күзету күшейтілген. Қаладағы қоғамдық саяси жағдай тұрақты бақылауда. Қалада жаппай тәртіпсіздік сәтінен бастап полицияға 3 мың 568 адам жеткізілді. Бүгінге дейін 442 құқық бұзушылық анықталды. Оның 298-і бойынша қамауға алу, ...

Толығырақ »

АРДАГЕРЛЕР ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУДЕ

Елімізде орын алған қиын жағдайдан соң Мемлекет басшысының тікелей бастамасымен жүргізілген жүйелі жұмыстар нәтижесінде еліміздің барлық өңірлерінде тұрақты жағдай қалыптасып келеді. Осы орайда Қаратау ауданының ардагерлер кеңесі мүшелері, белсенді ардагерлері аудан аумағындағы саябақтар мен алаңдарға «халық сақшысы» ретінде шығып, аудан жастарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ардагерлер жастарға халқымызды арандатуға және тұғырлы Тәуелсіздігімізге жасалған мұндай шабуыл кезеңінде біздің басты мақсатымыз – бірлік ...

Толығырақ »

366 АЗАМАТ ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ

Мемлекет басшысының дер кезінде қабылдаған шешімдері арқасында өңірлердегі ахуал тұрақталып келеді. Оның ішінде бүгінде Шымкентте жағдай тұрақты және қауіпсіздік толығымен бақылауда. Барлық кәсіпкерлік және әлеуметтік нысандар штаттық режимде жұмыс істеуде. Дегенмен, республикада контртеррор іс-шарасы әлі де жалғасуда. 19 қаңтарға дейін республика көлемінде төтенше жағдай режимі енгізілді. Түнгі 23.00-ден таңғы 7.00-ге дейін комменданттық сағат орнауда. Шымкентте жаппай тәртіпсіздік сәтінен бастап полицияға ...

Толығырақ »

МОБИЛЬДІ ТОПТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Шымкент қаласы коронавирус инфекциясының таралуы бойынша қызыл аймаққа өтуіне байланысты қаладағы мобильді топтардың жұмысы күшейтілді. Абай ауданының әкімі Б.Парманов аудандағы адамдар көп шоғырланатын базарларға мобильдік топпен бірге мониторинг жұмыстарын жүргізді. Мониторинг кезінде санитарлық талаптардың сақталуын қадағалап, азаматтарды ревакцинация алуға шақырды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес базардағы бағалардың негізсіз өсуіне жол бермеу керек екенін жеткізді. Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары, ...

Толығырақ »