Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары (страница 64)

Қазақстан жаңалықтары

МАРХАББАТ БАЙҒҰТ 75 ЖАСТА

Күні кеше жазушы, «Құрмет», «Парасат» ордендері мен Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның құрметті журналисі Мархабат Байғұт 75 жасқа толды. Осыған орай, Қоғамдық даму басқармасының басшысы Дамир Жүнісов жазушының шаңырағына арнайы барып, Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің құттықтауын жеткізді. Дүниені дүрліктірген пандемия салдарынан бұл мерейтойды өз шаңырағында ғана атап өтіп жатқан Мархаббат Байғұт облыс басшысының ықыласына ризашылығын білдірді. «Қалың көпшілік сізді ...

Толығырақ »

КАЛА ӘКІМІ НЕ АЙТТЫ?

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов БАҚ өкілдеріне онлайн-брифинг беріп, оның барысында карантиннің ұзартылуына байланысты бірқатар мәселелерге тоқталды, деп хабарлайды Шымкент ақпараттық коммуникациялық орталығына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық порталының тілшісі. ШЫМКЕНТТЕ КАРАНТИН МЕРЗІМІ ҰЗАРТЫЛДЫ Шымкент қаласында бүгінгі эпидемиологиялық ахуалға байланысты бас санитарлық дәрігердің қаулысымен карантиндік шектеулер 8 маусымға дейін ұзартылды. Бұл туралы бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов журналистермен болған баспасөз конференциясында ...

Толығырақ »

ДЕМАЛЫС АЙМАҒЫНДА ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты Шымкент қаласындағы бірқатар нысандарда дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, Әл-Фараби алаңы, Орыс драма театрының маңайы және «Арбат» демалыс аймағында сақтық шаралары күшейтілді. Жалпы, қалада медицина мамандары коронавирустың алдын алу мақсатында күшейтілген жұмыс режимде жұмыс істеуде. Дәрігерлер қаладағы ХҚКО-ның 11 бөлімшесінде кезекшілікке түсіп, орталыққа келген азаматтарға медициналық көмек көрсетуде. Мұнда санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қызмет талабына сай жүргізілуде. ...

Толығырақ »

12 АРНАЙЫ БЛОК БЕКЕТІ ҚОЙЫЛДЫ

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты Шымкентте сақтық шаралары күшейтілуде. Бұл бағытта Шымкент қаласына кіретін-шығатын автожолдарда 12 блок бекеті қойылды. Қазіргі таңда Шымкенттегі полиция мен медицина қызметкерлері күшейтілген режимге көшті. Коронавирус індетіне қарсы мамандар әрбір көлікті тоқтатып, арнайы құрылғымен азаматтардың дене қызуын өлшеп, тексерістен өткізіп жатыр. Блок бекеттерге тоқталсақ, олар: Ақжар, Жылан бұзған, Абдулабат, Өтеміс шапырашты, Қызылсу, Мәртөбе, Сиқым ауылы (А-2 айналма ...

Толығырақ »

КАРАНТИН 8 МАУСЫМҒА ДЕЙІН ҰЗАРТЫЛДЫ

Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Шымкент қаласының аумағында карантин және шектеу шараларын ұзарту туралы Қаулысы жарияланды. Шымкент қаласының аумағында 2020 жылдың 25 мамыры сағат 07.00-ден бастап 2020 жылдың 8 маусымы сағат 00.00-ге дейін карантин шаралары ұзартылады. Қоғамдық орындарда, қоғамдық көлікте және қызметі рұқсат етілген объектілерге барғанда бетперде, қолғап, антисептиктер пайдалану міндеттеледі. Көпшілік іс-шаралар (мерекелік, спорттық — көпшілік, ойын — ...

Толығырақ »

20 ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға арналған Мырзакенттегі жаңа шағын ауданнан белгілі меценат Болат Назарбаевтың «Салиқалы ұрпақ» қоры 20 үйдің құрылысын бастап кетті. Бүгінде құрылыс алаңында дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Жуырда іргетасы қаланып, үйдің қабырғасы көтеріледі, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. «Салиқалы ұрпақ» қорының ресми өкілі Нұрлан Байымбетовтің айтуынша, 20 үйдің құрылысы ағымдағы жылдың ...

Толығырақ »

ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАУ – ҚАЙЫРЫМДЫ ҚОҒАМНЫҢ ҚАҒИДАСЫ

ҚР Кәсіподақтар Федерациясы жанындағы «KEA» (Kazakhstan En’bek adamy) корпоративтік қорының ұйымдастыруымен «Транстелеком» АҚ демеушілігімен және «Keleshek» жастар кеңесінің қолдауымен «QAMQOR QAZAQSTAN» әлеуметтік жобасы бастау алды. Аталған жоба аясында Шымкент қаласының «Keleshek» жастары және «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің қызметкерлері қаламыздағы 12 отбасыға азық-түлік үлестіріп берді. Акция аясында көп балалы отбасылардың, жалғыз ілікті аналардың тізімі жасақталып, мұқтаж жандарға бірінші ...

Толығырақ »

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ТҰРҒЫНДАР ҮШІН ТЕГІН ТАСЫМАЛ ЖАСАЙДЫ

Түркістандағы қоғамдық көліктер Ораза айттың алғашқы күнінде жолаушыларды діттеген жеріне тегін жеткізбек. Қалалық әкімдік қолдауымен «Жолаушы» ЖШС жасағалы отырған қайырымдылық іс карантин режиміне байланысты таңертең және кешкі уақыттарда көрсетіледі. Яғни, таңғы 7.30-9.30 және кешкі 18.00-20.00 аралығында 125 қоғамдық көлік қатынас жасайды. Жалпы, мұндай қайырымдылық шара мекеме тарапынан алғаш рет қолға алынып отыр. Басшылық елдегі жағдайды ескере отыра, халыққа демеу ретінде, ...

Толығырақ »

ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ

Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы балабақша, монша мен апатты жағдайдағы жатақханада тұрған 28 отбасына жаңа ықшам ауданнан баспана салынатын болды. Бұл туралы Үкімет Басшысы Асқар Мамин бүгін су алған ауылдарға келген жұмыс сапары барысында мәлімдеді, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпарат агенттігі. Бос тұрған ғимараттарды еш құжатсыз пана қылып келген жандар енді жаңа баспанаға ие болады. ...

Толығырақ »

МАМИН МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Түркістан облысына жұмыс сапары аясында Мақтаарал ауданындағы қалпына келтіру жұмыстарының барысын, сондай-ақ Түркістан қаласында инфрақұрылымның салынуын тексерді, деп жазады Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Мақтаарал ауданында Үкімет басшысы тұрғындармен кездесулер өткізіп, Нұрлыжол және Өргебас ауылдарындағы қираған тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстарының барысымен, сондай-ақ Мырзакент ауылында су тасқыны салдарынан зардап шеккен Жеңіс, Жаңатұрмыс, Достық ...

Толығырақ »

ОРАЗА АЙТ МЕЙРАМЫНА ҚАТЫСТЫ ҚМДБ МӘЛІМДЕМЕСІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының биылғы төтенше жағдайға байланысты ораза айт мейрамын өткізу туралы МӘЛІМДЕМЕСІ  Аса Рақымды ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймыз! Құрметті отандастар, қадірменді жамағат! Мұсылман қауымының ұлық мерекесі Ораза айт мейрамымен баршаңызды шын жүректен құттықтаймыз. Ораза айт мерекесі – бір ай бойы шынайы ықыласпен ораза ұстап, әр күнін жақсылық жасаумен өткізген адамның құрметке, марапатқа ие болатын кезі. Алла Тағала ...

Толығырақ »

БАЗАРЛАРДАҒЫ КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ

Шымкентте карантин талаптары жеңілдегенімен карантиндік режим алынған жоқ. Мұндай жағдайда қоғамдық орындар мен кәсіпкерлік нысандарында санитарлық нормалар қатаң сақталуы тиіс. Алайда, мұны қала тұрғындарының көбі дұрыс түсінбепті. Бұл Абай ауданында жүргізілген маниторинг кезінде базар басшыларының айтқан сөзі. Коронавирустың етек жайып, кеңінен таралмауын қамтамасыз ету үшін енді олар тәртіпті қатаңдатып, жағдайды жіті назарда ұстап отыр, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Н.Мұхамеджанның ...

Толығырақ »

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ МӘСЕЛЕСІ

Бүгін «ANTIKOR.LIVE» жобасы аясында тікелей эфирде  Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті ректорының міндетін атқарушы Сүгірбаева Гүлжан Дәулетбекқызы онлайн сұхбат берді. Гүлжан Дәулетбекқызы 16-наурыздан бастап ОҚМПУ қашықтықтан оқыту жүйесіне өткендігін хабарлады. Бұл жүйемен білім ордасы бұрында да қолданатындығын айта келе, қазіргі жүйеге біршама өзгерістер енгізілгенін мәлімдеді. Қашықтықтан оқуға жалпы 4000-нан астам студенттер өткен. Лекция, семинар сабақтары онлайн жүйесі бойынша zoom бағдарламасымен ...

Толығырақ »

САРБАЗДАР ЖҰМЫСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

 Түркістан қаласында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес арнаулы жиынға шақырылған әскери міндеттілер жұмысы аяқталды. Естеріңізде болса, бұл шараға облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов та қатысқан болатын. Қиын сәтте елмен, халықпен бірге екендіктерін көрсеткен әскерилер блок-бекеттерде тәртіпті күшейтіп, залалсыздандыру жұмыстарына атсалысты. Қалалық полиция өкілдерімен бірге мөлтек аудандарда патрульдік қызмет атқарды. Осы орайда, арнайы жиынның аяқталуымен облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов ...

Толығырақ »

ШЫҒЫС МОНШАСЫ АШЫЛДЫ

Түркістанда бой көтерген тарихи сәулет үлгісіндегі шығыс моншасы ашылды. Былтыр іргетасы қаланған нысан – Қызылорда облысының Түркістанға тартуы. Тарихи қаланың келбетіне көрік беретін шығыс моншасының жалпы аумағы 3000 шаршы метрден асады, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Түркістан қаласында үздіксіз жүріп жатқан көріктендіру, абаттандыру, құрылыс жұмыстары облыс басшысы Өмірзақ Шөкеевтің тікелей бақылауында. Аймақ басшысы бүгін шаһардағы ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫ ҚАШАН АШЫЛАДЫ?

Шымкентте тамақтану орындары әзірге ашылмайды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов әлеуметтік парақшасында мәлім етті. – Кейбір әлеуметтік желілерде 18 мамырдан бастап қоғамдық тамақтану орындары (асхана, кафе, мейрамхана, барлар) және спорт залдар ашылады деген хабарлама тарап, тіпті кейбір кәсіпкерлеріміз дайындыққа кірісіп кетіпті. Әкімдік тарапынан әзірге ондай қаулы қабылданып, шешім шықпады. Өздеріңізге белгілі, мемлекет басшысы нысандарды ретімен іске қосуға ...

Толығырақ »

БАЛАЛАРЫҢЫЗҒА САҚ БОЛЫҢЫЗ!

Соңғы кездері Шымкенттегі көпқабатты үйлердің терезелерінен ата-анасының қарауынсыз қалған балалардың құлап кетуі жиі орын алып жүр. Соған байланысты тұрғындардың кездейсоқ, жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында Төтенше жағдай департаменті тұрғындардың назарына ұсынады. 1. Баланың терезе алдына шыға алмайтындай етіп, жиһаздардың барлық түрлерін терезеден алыс қою керек. 2. Шыбын-шіркейден қорғайтын тор перделері қайғылы оқиғаға бірден-бір себеп, өйткені, бала өзін қауіпсіздікте санап, терезеге ...

Толығырақ »

ҮКІМЕТТІК КОМИССИЯ МАҚТААРАЛҒА КЕЗЕКТІ РЕТ КЕЛДІ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр жұмыс сапарымен Мақтаарал ауданына келді. Ең алдымен Роман Скляр Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевпен бірге Өргебас ауылына ат басын бұрып, ондағы үйлерді судан тазарту жұмыстарының барысымен танысты, Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Естеріңізге сала кетейік, таяуда Мақтаарал ауданындағы орын алған төтенше жағдайға байланысты арнайы үкіметтік комиссия құрылған болатын. Оны бүгінде премьер-министрдің орынбасары ...

Толығырақ »

ЖЕУГЕ ЖАРАМСЫЗ

Сардоба су қоймасынан Мақтаарал ауданы аумағына ағып келген топан судағы балықтар жеуге жарамсыз. Бұл туралы ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертханасы» мамандары жасаған қорытындыға сай мәлім болып отыр. Зертхана мамандарының айтуынша, топан судағы балықтардың ішкі ағзаларынан бактериялардың бірнеше түрі бар екені анықталған. «Біз 12 мамыр күні су басқан елдімекендердегі балықтардың жарамдылығын анықтау мақсатында 4 дана балықты ...

Толығырақ »

ЕР ҚАРУЫ – БЕС ҚАРУ

18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи–мәдени қорық–музейінде «Ер қаруы — бес қару» тақырыбында онлайн-көрме өтті. Онлайн-көрменің мақсаты – сан ғасырлар бойы металл өндіру ісін дамытып, олардың жедел технологиялық ілгерілеуіне жол ашқан ата-бабамыздың ерекше өнері мен дала өркениетін насихаттау. Ұлан-ғайыр жері мен елінің біртұтастығын қорғап, бостандығын сақтап қалуда қазақ халқы астындағы атына, білегінің күшіне, жүрегінің түгіне, ...

Толығырақ »

9579 АДАМ БЕЛСЕНДІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға арналған «Еңбек»бағдарламасы аясында Мақтаарал ауданының 9579 тұрғыны белсенді жұмыспен қамту шараларымен қамтылады. Оның ішінде 70 адамға шағын несие беру, 590 мемлекеттік грант беруді ұйымдастыру мен 3710 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда. Бұған қоса ауыл әйелдеріне бизнес-кейс (бал өсіру, құс өсіру, өсімдік шаруашылығы, жылыжай, саңырауқұлақ өсіру және т.б.), ақпараттық материалдарды ұсынумен блиц-тренингтер өткізіледі. Ал,жұмыспен қамту жол картасы аясында ...

Толығырақ »

1210 ОҚУШЫ ЛАГЕРЬГЕ БАРАДЫ

Мақтаарал ауданындағы техногендік апат салдарынан су астында қалған елдімекеннің мектеп жасындағы 1210 оқушысы жазғы каникулды тиімді өткізбек. Атап айтқанда, Алматы облысы, Қапшағай қаласындағы оқу-сауықтыру лагеріне 15 күндік демалысқа үш кезеңмен 706 оқушы барса, Түркістан облысының Төлеби ауданында орналасқан лагерьге 504 оқушы жазғы демалыстарын өткізеді. Бүгін мақтааралдық 250 оқушы Алматы облысы, Қапшағай қаласындағы «Балдәурен – Қапшағай» оқу-сауықтыру орталығына жолға шықты. Бұл ...

Толығырақ »

АЛҒЫСПЕН ЖАУАП ҚАТУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗ

Түркістан облысы Мақтаарал ауданының кәсіпкерлері су тасқыны орын алған аймаққа гуманитарлық көмек әкелушілерге 600 тонна қырықабатты тегін таратуда, деп жазады облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі. Мақтаарал ауданында су тасқыны салдарынан зардап шеккен азаматтарды бірінші қажеттіліктегі тауарлармен қамтамасыз ету үшін аудан аумағында бүгінгі күнге дейін 600 тоннадан астам гуманитарлық көмек жинақталды. Оның басым бөлігі азық-түлік, гигиеналық, медициналық, ...

Толығырақ »

ҚР ПАРЛАМЕНТ ДЕПУТАТТАРЫ МАҚТААРАЛДЫҚТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

ҚР Парламенті сенатының депутаттары Әли Бектаев, Әлімжан Құртаев және мәжіліс депутаты Ержан Құдайберген Түркістан облысына арнайы жұмыс сапарымен келді. Халық қалаулылары Мақтаарал ауданындағы топан судан зардап шеккен ауылдарды аралап, жергілікті тұрғындардың қазіргі жағдайымен танысты, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Сенаторлар алдымен төтенше жағдайға байланысты облыстық штабтың орталықтандырылған қоймасына ат басын бұрды. Ондағы атқарылып жатқан жұмыстармен ...

Толығырақ »

БАСПАНА КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

Бүгін Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан облысына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапары барысында топан судан зардап шеккен мақтааралдық тұрғындармен кездесіп, олардың қазіргі жай-күйіне қанықты. Қонақты күтіп алған «Nur Otan» партиясы облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев су алған ауылдар мен эвакуациялық бекеттерде жүргізіліп жатқан жұмыстарымен таныстырды, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне ...

Толығырақ »