Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » 2023 » Июнь (страница 5)

Месячные архивы: Июнь 2023

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАР МЕРЕКЕСІН ТОЙЛАДЫ

Мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамның әрбір мүшесінің қолдауы мен қорғауына алынуы тиіс жандар. Олардың көңілі мен пейілі өзгелер үшін алғы орындарда тұруы тиіс. Ондай бүлдіршіндерді қуантудың өзі бөлек бақыт деп білеміз. Осындай масатта «Медеу» мүгедектер қоғамы қоғамдық бірлестігінің төрайымы Сарыбаева Күләш Көктеубайқызы үлкен мерекелік іс-шара өткізді. Аталмыш жиын Түлкібас ауданының орталығында орналасқан ең таңдаулы мейрамханалардың бірі «Ақ сұңқарда» өтті. Оған мейрамхана ...

Толығырақ »

ЕРКЕБҰЛАН ШЫНАЛИЕВТІҢ СПОРТ ЗАЛЫ АШЫЛДЫ

Бүгін «1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесі аясында Еңбекші ауданында елімізге танымал боксшы, Олимпиада жүлдегері Еркебұлан Шыналиевтің спорт залының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Спорттық нысанның ашылуына бокстан Қазақстан Республикасы құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов, бокстан әлем чемпиондары Махмұт Сабырхан, Сәкен Бибосынов, Қайрат Ералиев және т.б. белгілі спортшылар қатысты. Даңқты спортшылар жергілікті тұрғындарды жаңа спорт нысанының ашылуымен құттықтап, болашақ ...

Толығырақ »

БАЛАЛАР МЕРЕКЕСІНДЕ ТӨРТ ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

Тұран ауданында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай төрт балалар ойын алаңшасы ашылды. Аудан әкімі Боранбай Нығметұлы көпқабатты тұрғын үйлердің ауласына арнайы келіп, ойын алаңшасының лентасын қиды. Ауданда биыл «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 13 балалар ойын алаңшасы салыну жоспарланған. Бүгін соның ішінде Бәйдібек би көшесіндегі №246 тұрғын үй және Құрсай, Отырар, Ақтас шағынаудандарында ойын алаңшаларының құрылысы аяқталып, ...

Толығырақ »

ЖАҢҒЫРТУДАН ӨТКЕН ЖҮЗУ БАССЕЙНІНДЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

М.Әуезов атындағы ОҚУ «Денсаулық» спорт кешенінің жүзу бассейні күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. Бүгінгі балаларды қорғау күніне орай жаңа бассейнде суға жүзуден жасөспірімдер арасында республикалық турнир басталды. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов балаларды бүгінгі мерекемен құттықтап, шаһарда бұқаралық спортты дамытуға барлық жағдай жасалатынын айтты. – Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, шаһарда бұқаралық спортқа қолайлы жағдай жасалып келеді. Бүгінде қалада 1000-нан аса ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТІКТЕР «BALASHYM» ФЕСТИВАЛІНДЕ ТАЛАНТТЫ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ТАМАШАЛАДЫ

Шымкентте 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шаралар жалғасып жатыр. Қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен «BalaShym» өнер фестивалі ерекше форматта өтіп жатыр. Өнер фестиваліне қаладағы қосымша білім беру ұйымдарының жас өнерпаздары жиналып, 5 бағыт бойынша өнерлерін көпшілік назарына ұсынды. Эстрадалық вокал, хореография, қолөнер, сурет салу бағыттары бойынша көрермендер балалардың шығармашылығын тамашалады. –Бүгінгі фестивалге 530-дан ...

Толығырақ »

ӨНЕРТАПҚЫШ БАЛАЛАРДЫҢ КӨРМЕСІ ӨТТІ

Шымкентте «1 маусым – Халықаралық балалалар күні» мерекесі Достық үйінде қосымша білім беру ұйымдарындағы өнертапқыш оқушылардың көрмесімен басталды. Жиынға қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов қатысып, балаларды айтулы мерекемен құттықтап, талантты да дарынды балалардың жетістіктері үшін алғыс білдірді. Көрмеге 19 қосымша білім беру мекемесі қатысып, өз жетістіктерін паш етті. Мемлекеттің қолдауымен балаларға тегін қосымша білім беріп отырған ұйымдарда робототехникаға деген қызығушылықтың ...

Толығырақ »