Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ордабасы » МҰРАЖАЙДЫҢ ҚҰНДЫ ЖӘДІГЕРЛЕРІ

МҰРАЖАЙДЫҢ ҚҰНДЫ ЖӘДІГЕРЛЕРІ

Қажымұқан Мұңайтпасов мұражайы.

Мұражайдың жоғары қабатында Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттарханов және де Бексейіт Түлкиев, Ермахан Ибраимов, Әлия Жүсіпова, Нұржан Сманов, Асқар Сәрсенбаев, Еркебұлан Шынәлиев, тағы басқа есімдері әлемге әйгілі саңлақ спортшылардың тұтынған заттары мен құралдары тарихи құнды жәдiгер болып тұр.

Тоғыз жолдың торабында орналасқан бұл мұражайға келушілердің қатары қалың. Жылына 11-12 мың қонақ келеді екен. Астанадан келген Бағлан Қайназаровты досы Болат мұражайға ертіп келіпті бүгін. “Мың рет естігеннен, бір рет көрген артық”, – дейді ғой. Қазақты айдай әлемге танытқан Қажымұқан атамыздың жетістіктерін, ұрпаққа қалдырған ізгі істерін көріп ерекше әсерлендім. Жолы түссе әрбір адам келіп, көріп, танысатын мұражай екен, – дейді Бағлан.

Қажымұқан атамыз өзі мініп барған түйені ең алғаш рет Парижде 1913 жылдары көтерген екен. Салмағы 450 кг болған.

Екінші дүние жүзілік соғысы жылдары палуан Қажымұқан атамыз мемлекеттік қорғаныс комитетіне жазған хатында өз өнерін көрсетіп, содан түскен 100 000 сом қаржыға ұшақ жасау туралы өтінішін білдірген. Ұшақ 1944 жылы күзде дайын болып, аға лейтенант Қ.Шалабаевқа тапсырылады. Ол соғыс барысында бұл ұшақпен 100-ден аса әскери тапсырма орындаған. 1945 жылы 24 маусымда Мәскеуде өткен жеңіс шеруінде Қажымұқан ұшағы әуеге тағы да көтерілген. Ұшақ жасауға қаржы берген Қажымұқанға Сталин өз атынан алғыс хат жолдаған, майдан даласынан жауынгерлік хаттар келген.

Біздер мен сіздерді Қажымұқан атамыз жайлы сан деректерге қанықтырып, ақпарат берген мұражай үйінің экскурсия жетекшісі – Гүлжаһан Тастемірқызы.

Оңтүстікке келсеңіз, міндетті түрде Қажымұқан атамыздың мұражайына соғыңыз.

Мекенжайы: Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Темірлан ауылы.

 

Өлкетану.

Пікір жазу