Бала — адам өмірінің жалғасы, артында із қалдыратын ұрпағы. Ата-ана үшін бөбегінің шат күлкісі мен баянды болашағынан қымбат дүние жоқ.
Осы орайда, бүгін Түлкібас ауданы әкімдігінің ұйытқы болуымен аудандық мәдениет үйінде «Сәбидің бәрі бақытты болу үшін жаралған» атты тақырыпта 1-маусым балаларды қорғау күніне арналған мерекелік шара өтті.
Аталған шараға Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуов арнайы қатысып бақытты өмірдің ұйытқысы болып отырған жандарды алдағы төл мерекелерімен құттықтады.
— Сендер өз елін, жерін сүйетін отаншыл азамат болып өсулеріңе тілектеспін! Біз еліміздің келешегі болатын балаларды қорғауға, оларды денсаулығы мықты, тәрбиелі, білімді азаматтар етіп тәрбиелеуге бір кісідей атсалысып, болашақ үшін аянбай еңбек етейік! Барлықтарыңызға амандық, зор денсаулық, отбасыларыңызға құт – береке тілеймін-деді, Нұржан Жақсылықұлы өз сөзінде.
Жиналған көпшілікке ауданымыздың өнерлі бүлдіршіндерімізбен ерекше зәрулігі бар балаларымыз өнерлерін сахналап, көрермендердің қошеметіне ие болды.
Концерттік бағдарлама соңында аудан басшысы өзінің өнерімен көпшіліктің жүрегін жаулаған, республикалық, облыстық байқаулардың жеңімпазы Еркеназ Ерғазықызын Алғыс хатпен марапаттап, мерекелік шарада өз өнерлерін ортаға салған барлық ерекше зәрулігі бар жандарға бағалы сыйлықтар табыстады.
Игі шарадан аудандық полиция бөлімі де қалыс қалмай мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндерімізге ойыншықтар табыс етті.