Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Түлкібас » ТҮЛКІБАСТА ШАХМАТТАН ЖАРЫС ӨТТІ

ТҮЛКІБАСТА ШАХМАТТАН ЖАРЫС ӨТТІ

Шахмат ойыны — адамның ой-өрісін кеңейтетін, ойды қажет ететін елімізде енді дамып келе жатқан спорттың бір түрі. Бұл ойын түрі адамды сабырлы болуға үйретеді. Түлкібас ауданында да шахматқа құмарлар көптеп саналады. Осындай жарыс түрлері жастарымызды салауатты өмір салтына қарай бұрылуына септігін тигізері сөзсіз. Осыған орай апта басында аудандық «Жас талап» спорт клубында Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай шахматтан ересектер арасындағы ашық біріншілігі өтті. Жалпы шахмат жарысының өткізілген мақсаты ауданымызда бұл спорт түрін дамытып, білім ошақтарында ұлттық ойындарымыздың бұл түрін кеңінен насихаттау. Орталық 2018 жылы 1-сәуір күні ашылып, спортқа бейім, шахмат, тенниске қызығатын жас өрендердің қызығушылығын арттырып келеді.
Дәстүрлі екі айда бір рет өткізілетін жарысқа Төлеби, Қарабұлақ, Манкент, Жуалы,Түлкібас ауданынан, сондай-ақ Шымкент қаласынан 30 ойыншы бақ сынады. Жарысқа ауданның ең мықты шахматшылары қатысып, тартысты ойын көрсетті. Жарысты ашып берген «Жас талап» спорт клубының басшысы Керімбай Тұрсымбеков өзі қорытындылап, жарыс жеңімпаздары мен үздік ойын көрсеткендерге ақшалай сыйлықпен марапаттады. Сонымен 1 – орын Қарабұлақ ауылының тумасы Сұлтанов Исламға бұйырды, 2 – орын Майтөбе ауылының ойыншысы Абдыкаримов Абдуғаппардың еншісіне кетті. Ал, 3-орын Сайрам ауданынан, А.Лесбек ие болды. Үздік ардагер шахматист Қалтаев және үздік шахматист Турмұратов Құдайберген. Осындай тартысты ойынның бас төрешісі Алпамысов Нұрлан.
Жеңімпаздармен жүлдегерлерге мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі және демеушілер есебінен дипломдармен сыйлықтары берілді.Жарыс қызықты және тартысты өтті. Жарысқа қатысып, бақ сынап, жеңімпаз болған спортшыларды жеңістерімен құттықтаймыз. Әрқашан биіктен көріне беріңіздер!

Пікір жазу