Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Түлкібас » МЕРУЕРТ ИГЕНБАЙ -РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ

МЕРУЕРТ ИГЕНБАЙ -РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ

Балалар шығармашылық орталығы қосымша білім беру мектебінің оқушысы Игенбай Меруерт Шымкент қаласында өткен Республикалық “Атадан-мұра” өнер байқауына “Аспапта ойнау” номинациясы бойынша қатысып бас жүлдені жеңіп алды.
Сондай-ақ Тараз қаласында өткен “Атадан мұра” Республикалық байқауда Алматыда өткен “Turen FEST” Халықаралық байқауда 1 орын игері атанды.Үміткерлердің өнерін бағалау кезінде төрешілер орындаушылық шеберлігіне, шығарманың күрделілігіне, сахна мәдениетімен ұлттық киіміне баса назар аударды. Осылайша біздің Меруерт жүзден жүйрік шыққан талант иесі.
Ауданның атағын республикалық деңгейде асқақтатып жүреген жас өнерпаздардың өз ата-аналарына және кішкентай қызымыздың өнерін шыңдап, ұлтжандылық рухын сіңіріп тағылымды тәлімін беріп жүрген ауданымызға танымал ұлағатты ұстаз – Назира Тұрғынбаеваға айтар алғысымыз шексіз. Өнерлі жастардың қанаттары талмай, алдағы уақытта жеңіс тұғырынан көріне берсін демекпіз!

Пікір жазу