Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Түлкібас » ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ПРОБАЦИЯ ЕСЕБІНДЕ ТҰРҒАН АЗАМАТТАР АРАСЫНДА СПОРТТЫҚ САЙЫС ӨТТІ

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ПРОБАЦИЯ ЕСЕБІНДЕ ТҰРҒАН АЗАМАТТАР АРАСЫНДА СПОРТТЫҚ САЙЫС ӨТТІ

Бүгін Түлкібас ауданы прокуратурасының бастамасымен аудан әкімдігі, аудандық пробация бөлімінің ұйымдастыруымен “спорт – денсаулық кепілі” атты ұранымен ауданда пробация есебінде тұрған азаматтар арасында өзара спорттық сайыс өтті.
Спорттық шараны салтанатты түрде аудандық прокуратураның пракуроры Р.Ермаханов ашып, аудан әкімінің орынбасары Е.Орманов спорттық сайысқа қатысушы азаматтарға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, Түлкібас аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы, әділет майоры А.Даулетов сөз сөйлеп, азаматтарға жеңіс тұғыранан көрініп, жүлделі орын алатындарына сенім білдірді.
Аталған шарада футбол, нысана көздеу, арқан тартыс спорт түрлерінен түрлі жүлделер сарапқа салынып, пробация есебінде тұрған азаматтардан құралған төрт команда өзара бақ сынасты. Ең бірінші футболдан бәсекеге түскен Састөбе командасы жеңіс тұғырынан көрінсе, Бүркіт командасы екінші, Барыс командасы жүлелі үшінші орынды иеленді. Нысана көздеу сайысында әр командадан 3 азамат шығып, жүлдеге таласты. Ал арқан тарту сайысында, Састөбе командасы тағы да жүлделі бірінші орынды иеленді.
Сайыс соңында аудан әкімінің орынбасары Е.Орманов пен аудандық прокуратура бөлімінің прокуроры Р. Ермаханов жеңіспаздарды құттықтап, арнайы жүлделер мен марапаттау қағаздарын табыстады.

Пікір жазу