Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Түлкібас » ТҮЛКІБАС: АУДАН СПОРТШЫЛАРЫ ЕЛ МАҚТАНЫШЫ!

ТҮЛКІБАС: АУДАН СПОРТШЫЛАРЫ ЕЛ МАҚТАНЫШЫ!

Бүгін Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуов жуырда еліміздің, облысымыздың және ауданымыздың мерейін әлем, Азия біріншіліктерінде және еліміздің ішкі чемпионаттарында үстем еткен бір топ спортшыларды қабылдап, құрмет көрсетті.
«Тәуелсіз еліміздің әлемдік, ішкі спорттық додаларында биіктен көрінуіне Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданының спортшылары да өздерінің өлшеусіз үлестерін қосып келеді. Бұған дәлел Сіздерсіздер. Түлкібастықтар Сіздердей перзенттерімен әрқашанда мақтанып, марқайып жүреді»-деп, құттықтауын жеткізген Нұржан Жақсылықұлы спортшылардың алдағы спорттық мансаптарында одан әрі табыстар мен жаңа жеңістер тіледі.
Шара барысында әр спортшыға аудан әкімінің Алғыс хаты мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
Айта кетейік, бүгінгі аудан әкімінің қабылдауында жуырда Румыния елінде өткен асық атудан әлем кубогының жеңімпаздары Қарабаев Алмас, Мұхамеджан Нұрланұлы. Еркін күрестен жасөспірім қыздар арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері Назарбаева Меруерт. Көкпардан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионы Қарабек Нұрдаулет. Жағажай волейболынан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионы Афиржан Бехруз, Төрағали Алтынбек және «Спорт күніне» орай, спорт қызметкерлері арасында кіші футбол мен волейболдан өткен облыстық спартакиаданың жеңімпаздары болды.

Пікір жазу