Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Түлкібас » ГІР ТАСЫН КӨТЕРУДЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТҮЛКІБАТЫҚТАР 6 МЕДАЛЬ ЕНШІЛЕДІ

ГІР ТАСЫН КӨТЕРУДЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТҮЛКІБАТЫҚТАР 6 МЕДАЛЬ ЕНШІЛЕДІ

Өзбекстанның Хиуа қаласында гір көтеру спортынан әлем чемпионаты өтті. Әлемдік додаға 50-ге тарта елдің спортшылары қатысып, жеңімпаздарды анықтады. Тартысқа толы өткен бәсекеде еліміздің намысын қорғаған сайыпқырандар арасында жерлестеріміз жоғары нәтижеге қол жеткізді.
Олар 3 алтын, 1 күміс және 2 қола медальді иеленіп, еліміздің мерейін үстем етті. Чемпион атанып, жеңіс тұғырынан көрінген жерлестеріміздің қатарында Мұхамеджан Жәнәділ, Нұртас Сағынғали, Диас Ташен бар. Сондай-ақ Уайс Рамазан күміс жүлдегер атанса, Мөлдір Амангелді, Сәрсенқұл Мамырбектер қолаға қол созды.
Спортшыларымызға алдағы әлемдік додаларда жеңіс тұғырынан көріне беруiне тiлектеспiз!

Пікір жазу