Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Түлкібас » Түлкібаста этно-мәдени бірлестіктер мен аудан ақсақалдарына түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Түлкібаста этно-мәдени бірлестіктер мен аудан ақсақалдарына түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Елімізде барлық этностарының мәдениетін, тілін, дәстүрін дамыту үшін қажетті жағдайдың бәрі жасалған. Ассамблея қызметі Қазақстанның этносаралық қатынастар мәселелерін тиімді шешетін ел ретіндегі халықаралық беделін арттыруға ықпал етеді.
Осы орайда, бүгін Түлкібас аудандық мәдениет үйінде Түркістан облысы Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ақпараттық-насихаттық топ келіп, “Ауыл аманаты” бағдарламасы этно-мәдени бірлестіктер мен аудан ақсақалдарына түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Қазіргі таңда атқарылып жатқан жұмыстар туралы Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін несиелендіруді ұйымдастыру бөлімінің бас маманы М.Мамытов баяндама жасады. Сонымен қатар, аудандағы этносаралық тұрақтылық жөнінде жергілікті полиция бөлімінің басшысы Б.Амиров, ал оларға қызмет көрсету, жұмыспен қамту, ерекше зәрулігі бар жандарға қолдау көрсету мәселесі бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы Түлкібас аудандық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Р.Қалдарбеков баяндады.
Аталған жиынға аудан әкімінің орынбасары Е.Орманов, Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы С.Әбдіқұлов пен Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы “Қоғамдық келісім” КММ-нің басшысы Э.Жанғазиева қатысты.
С.Әбдіқұловтың төрағалығымен өткен бұл жиында тағы Түлкібас аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің Жасақтау бөлімшесінің бастығы, аға лейтенант Н.Құрбан ауданымызда қорғаныс саласында атқарылып жатқан жұмыстар мен әскерге шақыру науқаны туралы баяндады. Жиын соңында, күн тәртібіндегі мәселелер талқыланып, “Ұлтаралық және қоғамдық келісім”, “Тең қоғам” ұйымдары туралы сөз қозғалды. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға спикерлер жауап беріп, тиісті мәселелерді облыстық деңгейде шешу жолдарын қарастыратынын жеткізді.

Пікір жазу