Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Түлкібас » ТҮЛКІБАС: АРДАГЕРЛЕР КИЕЛІ ЖЕРЛЕРДІ АРАЛАП ҚАЙТТЫ

ТҮЛКІБАС: АРДАГЕРЛЕР КИЕЛІ ЖЕРЛЕРДІ АРАЛАП ҚАЙТТЫ

1-қазан Халықаралық қарттар күніне орай, Састөбе кенті әкімшілігінің ұйымдастыруымен кенттің дамуына үлес қосып, сан түрлі салада тұрақты қызмет еткен еңбек ардагерлері тобы киелі Түркістан қаласына саяхаттап келді.
Топта Ардагерлер кеңесі мүшелері мен тыл ардагерлерінен құралған 58 ардагер болды.
Облыс орталығы болғалы көркейіп, әсем құрылыстар жүргізіп жатқан, танымастай өзгерген, әсем шаһарға айналған Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне зиярат етіп, танымал орталық «Керуен-сарай» көпфункционалды туристік кешенін де аралады.
Ардагерлер саяхат барысында ұмытылмастай әсер алғандықтарын айта келе, кент әкімшілігіне өз ризашылықтарын білдіріп, баталарын берді.

Пікір жазу