Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Түлкібас » ӘЖЕЛЕР АЛҚАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 10 ЖЫЛ ТОЛДЫ

ӘЖЕЛЕР АЛҚАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 10 ЖЫЛ ТОЛДЫ

Түлкібас ауданында Қарттар күніне және аудандық әжелер алқасының құрылғанына 10 жыл толуына орай ауқымды іс-шара ұйымдастырылды.
Облыстық ардагерлер кеңесі мен әжелер алқасының мүшелері 10 жылдықпен құттықтауға арнайы ауданымызға ат басын тіреп, ең алдымен Батыс Қытай – Батыс Европа дәлізінде орналасқан қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Келесі кезекте, қонақтарымыз Кәсіпкерлік мектебі ғимаратында орналасқан ауданымыздың ардагерлер кеңесі мен әжелер алқасының жұмыс орнына барып, атқарылып жатқан жұмыстарымен танысып, оң бағаларын берді.
Мерекелік шара аудандық мәдениет үйінде жалғасын тапты. Бұл жерде ауданымыздың мақтанышы, ғалым, Мекемтас Мырзахметұлы бастаған зиялы қауым өкілдері мен ауданымыздағы 13 округ пен 2 кенттен әжелер алқасы мен ардагерлер кеңесі шақырылып, концертік бағдарлама қойылды. Концерттік бағдарлама барысында, зейнет жасына жетсе де, аудан игілігі үшін жастарды тәрбиелеп, оларға бағыт бағдар беру жолында қызмет етіп жүрген ардагерлер мен әжелер алқасының мүшелерін аудан әкімінің орынбасары Ербол Орманов құттықтап, Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуовтың алғыс хатымен марапаттады.
-Күні бүгінге дейін орасан зор еңбегімен қоғамда белсенділік танытып келе жатқан қарияларымызға шынайы алғыс білдіремін. Абыз аналарымызға бас иемін. Жер бетінің жұмағына айналған асыл аналарымыз аман болсын. Арнайы келіп, қуанышымызды бөлісіп жатқан Байғұт Нышан ағамыз бастап келген қонақтарымызға ризашылығымды білдіремін. Аман болыңыздар- деді аудан әкімінің орынбасары Е. Орманов.
Аталған шара “Алтын ғасыр” мейрамханасында жалғасын тауып, қазыналы қарттарымызға ақ дастархан жайылып, құрмет көрсетілді. Аудандық мәслихат төрағасы Хамит Байысбаев ардагерлер кеңесі мен әжелер алқасы мүшелерін Түлкібас Ауданының Мәслихатының алғыс хатымен марапаттап, ауданымыздың мәртебесін асқақтатып жүрген қарттарымызға алғыс білдірді. мерекелік шарада сөз алған Түлкібас аудандық мәслихаттың төрағасы Хамит Байысбаев: -Түлкібастың төріне құт болып келіп жатқан барша қонақтарымызға шынайы алғыс білдіремін. Ана біз үшін ең құнды, ең асыл қазына екенін ұмытпайық. Анадай асыл жандарға қашанда қарыздармыз. Амандықта саулықта тілеуімізді тілеп, әдемі болып, жүре беріңіздер. Мереке құтты болсын,- деп ізгі тілегін жеткізді.

Пікір жазу