Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Түлкібас » ТҮЛКІБАС АУДАН ӘКІМДІГІНЕН ЖЫЛЖЫМАЛЫ КІТАПХАНА АШЫЛДЫ

ТҮЛКІБАС АУДАН ӘКІМДІГІНЕН ЖЫЛЖЫМАЛЫ КІТАПХАНА АШЫЛДЫ

«Ашық әкімдіктегі — ашық кітапхана» жобасы бойынша Түлкібас аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіндегі жылжымалы кітапхана пункті өз жұмысын бастады.
Жылжымалы кітап пункті аудандық әкімшіліктің халықтық кеңсе ғимараты аймағындағы бір бөлмесіне орналастырылды. Кітапханаға оқырмандар қызыға оқитын көркем әдебиеттермен қатар, сала бойынша әдебиеттер орналастырылды. Қазақ әдебиеті классиктерінің шығармалары, көркем әдебиет, поэзия, тарих, ұлттық салт-дәстүр т.б кітаптармен және мерзімді басылымдармен толықтырылды. Кітапхана мемлекеттік қызметкерлер үшін күнделікті оқырман қабылдауға дайын.
Кітапхананың ашылу салтанатына Түлкібас ауданы әкімдігінің аппарат басшысы Ф.Байтуғанов, Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары Е.Орманов, Түлкібас АПБ-нің бастығының бірінші орынбасары, полиция майоры Н. Елшібаев, Түлкібас аудандық маслихатының депутаты Ә. Қалдыбеков және Түлкібас ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Е. Сейфуллаев қатысты.

Пікір жазу