Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Түлкібас » Ұлттық спорттың төресі – қазақ күресінен аудан біріншілігі өтті

Ұлттық спорттың төресі – қазақ күресінен аудан біріншілігі өтті

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында халықты салауатты өмір салтына баулу, қазақ күресін дамыту және халық арасында кеңінен насихаттау мақсатында 24 қыркүйек күні Т.Рысқұлов ауылы №1 БЖСМ спорт залында қазақ күресінен 10 салмақ дәрежесі бойынша 2012-2014 жылы туылған жасөспірім ұлдар арасында Түлкібас ауданының ашық біріншілігі өткізілді.
Біріншілікке Шымкент қаласынан, Жамбыл облысы, Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылынан және Түлкібас ауданының жас балуандары келді.
Жарысқа барлығы 7 команда қатысып, 100-ден аса жас балуандарымыз бақ сынады.
Төрешілердін шешімі бойынша сайысқа қатысып, жеңіске жеткен жас балуандар диплом және медальдармен марапаталды.
Ұлттық спорт түрлері жастарды күшті де қарулы, шымыр, дене қуаты сымбатты, әрі, рухани жағынан да мығым болып қалыптасуына әсер етеді.
Спортты серік еткен жас балуандарға Қазақ елінің даңқын әлемдік бәсекелерде, Олимпиада ойындарда танытатын спортшы атануына тілектеспіз!

Пікір жазу